«6М050600 Экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушіге «6М 050600 Экономика»



жүктеу 190,6 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі190,6 Kb.
#1783
түріБағдарламасы

«6М050600 - Экономика» мамандығы бойынша

магистратураға түсушіге
«6М 050600 - Экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсуге арналған емтихан бағдарламасы мемлекеттік білім беру стандарты талабы негізінде жасалынды және «5В050600 - Экономика» мамандығының бакалавр дайындау деңгейінің шағындалған мазмұны еңгізілді:

Бағдарлама экономика мамандығының пәндерінің негізгі бакалавриат біліктілік деңгейіне сәйкес келетін бөлімі еңгізілді және бұл болашақта магистр бағдарламасы пәндерін меңгеруге қажеттілігі ескерілген.

Емтихан тапсыу процессінде оқуға түсуші магистратурада оқуды жалғастыруға және шығармашылық іс-қызметтерге дайындығын, талдау қабылетін, ықпалды мүмкіндігін көрсетуі қажет.

Бағдарлама оқу жоспары шеңберінде оқитын базалық экономикалық және басқару пәндерін нақты негізін білуі, сонымен қатар бұл білім мен басты әдістемелерді теориялық және қолданбалы басқару міндеттерді шешуде қолданылыуын ескереді.



Магистратураға түсуші экономика мамандығына қажетті базалық және кәсіби пәндерді (экономикалық теория, кәсіпорын экономикасы, халықаралық экономика) және бакалавр дәрежесіне сәйкес болатын білім көлемін, шеберлік және дағдыны игеру қажет:

  • Әр түрлі экономикалық жүйелерде қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму заңдылықтарын, экономикалық құбылыстарды түсіну;

  • Шектеулі ресурстар жағдайында нарықтың өзін-өзі реттеу механизімін білу;

  • Экономиканы мемлекеттік реттеу принциптерін білу;

  • Жаhандық жағдайында ҚР әлеуметтік экономикалық дамуындағы ұлттық мүдделер мен стратегиялық серіктестікті білу;

  • Кәсіпорын қызмет атқаруы тиімділігі принциптері шаруашылық субьектілері негізгі ресурстарды (негізгі және айналмалы қорлар, еңбек ресурстары, ҒТП, инвестициялар) тиімді пайдалану жолдары;

  • Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық іс-қызметтерін талдауға, бизнеске нақты мақсат қоюға, экономикалық дәлелденген шешім қабылдауға іскерлігі;

  • Қазіргі кезеңдегі халықаралық экономиканың тарихы мен құрылымын, негізгі қызметтерінің принциптерін; халықаралық өндіріс факторлары қозғалысы мағынасы мен ерекшіліктерін, халықаралық қаржы нарығын, валюта курсы мен төлем балансын білу қажет;

  • Мекемелердің сыртқы іс-қызметтерінің қалыптасуы мен жетілдірілуін, сыртқы сауда саясатын, халықаралық экономикалық байланыстарды, валюталық қаржылық қатынастарды, халықаралық экономикалық теорияны білуі қажет;

  • Халықаралық және экономиканың аймақтық сферасындағы орын алып отырған жағдайларды, халықаралық байланыстардағы өзгерістердің әсерін, оның экономикалық тиімділігін, экономикалық қатынастар өзгерістеріне талдау жасау;

  • Әлеуметтік – экономикалық проблемаларды нарықтық экономикаға әлеуметтік бағытталған Қазақстан ерекшелігін ескере отырып шешетін міндетті жолдарын іздеу, талдау дағдыларын ойластыру;

  • Оқуға қабылдау емтиханы экономикалық мамандыққа базалық және кәсіби пәндерден өткізіледі (экономикалық теория, кәсіпорын экономикасы, халықаралық экономика) және екі ауызша тапсыпрма мен прагма-кәсіби есеп пен жаттығудан тұрады. Ауызша тапсырма қазіргі нарықтық экономика қалыптасуының және дамуының сұрақтарынан тұрады. Ұлттық экономиканың алғашқы звеносындағы экономикалық заңдар әрекетінің ерекшеліктері сонымен қатар әлемдік экономиканың жаhандану жағдайында халықаралық экономика сферасынан тұрады;

  • Прагма – кәсіби есептер және жаттығулар болашақ магистранттардың экономиканың нақты секторындағы жағдайлар мен проблемаларды талдауда магистранттың қабілеті мен дағдыларын анықтауды ескеріп жасалынды.

Емтихан билет бойынша қабылданады. Әрбір билет үш сұрақтан тұрады:

  1. Қазіргі нарық экономикасының теориялық аспектісін қарастырады.

  2. Халықаралық экономика сферасындағы ұлттық экономиканың алғашқы звеносында орын алатын экономикалық процестерді қарастырады.

  3. Типтік прагма- кәсіби есептер мен жаттығулар.

Экономикалық теория сұрақтары экономикалық ілімнің қазіргі кезең талаптары ескеріліп дайындалды. Курс тақырыптары экономикалық проблемалардың ғылыми және теориялық аспектілерінен және экономикалық теория сұрақтарын қамтиды.

Экономикалық теория

1 тақырып. Меншік қатынастары және оның экономикалық рөлі

Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны «Иемдену-мүмкіндік алу» қатынастары. Меншіктің объектілері және субъектілері. Меншік формалары.

Қоғамдық меншік формаларының көпжақтылығының объективті қажеттілгі. ҚР меншік қатынастарының қайта құрылуы. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру кезеңдері, формалары, әдістері, проблемалары.

2 тақырып. Қоғамдық шаруашылық формалары.

Қоғамдық өндірістің тауарлы болуын ұйымдастыру «Қоғамдық шаруашылық формасы» түсінігінің сипаттамасы. Натуралды шаруашылық, оның өрістеуі. Тауар шаруашылығы: мәні, шарттары және пайда болу себептері. Тауар қасиеттері туралы еңбек құны теориясы, тауар айырбасы туралы субъективті құндылық теориясы және игіліктің шекті пайдалылығы. Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері. Ақша айналысы заңы. Қазіргі кезеңдегі ақша. Тауар – ақша қатынастары өрістеуі және нарық қалыптасуы. Нарық мәні.

3 тақырып. Нарық түрлері, құрылымы үлгілері. Нарықтың мәні және атқаратын қызметтері. Нарық түрлері және оның жіктелуі. Нарық құрылымы. Нарық инфрақұрылымы. Нарық қатынастар жүйесі ретінде. Нарықтық қатынастар жүйесі. Нарық үстемдігімен кемшіліктері.

Нарықтық экономика модельдері (үлгілері). Бұрынғы кеңестік елдер кеңістігіндегі нарықтың қалыптасуы. Нарықтың қайта құрылуының Қазақстандық үлгісі.

Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жолдары. Сұраныс және ұсыныс. Сұраныс заңы «Сұраныс қисығы». Сұранысқа әсер етуші факторлар. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер етуші факторлар. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі. Нарықтың тепетеңдігі. Сұраныс пен үсыныс нарықтық экономика құралы ретінде.

Икемділік түсінігі. Икемділік теориясын іс-тәжірбиеде қолдану. Тұтыныс қозғалысы теориясы. Бәсеке және монополия. Бәсеке мен және оның экономикада рөлі. Жетілген және жетілмеген бәсеке теориясы.

Монополия теориясы. Монополиялық бәсеке. Акционерлік қоғам (корпорация). Қаржы – өнеркәсіптік топтар. Қазіргі кезең жағдайындағы халықаралық монополия мен монополиялық бірлестіктер рөлі. Нарықтық экономиканың монополиянбаған сектор. Монополияғы қарсы заңнамалар және монополияға қарсы саясат.

4 тақырып. Экономикалық саясаттың басты бағыттары.

Экономикалық саясаттың мақсаттары мен жүзеге асыру құралдары.

Ақша несие саясаты. Экономикалық саясаттың несиелік механизмі. Ақшаға сұраныс және ақша ұсынысы. Ақша ұсынысы мультипликаторы. Несие мәні және формалары. Несие жүйесі функциялары.

Қаржы жүйесінің мәні және құрылымы. Экономикалық саясаттың қаржы механизмі.

Мемлекеттік бюджет: түсінігі және құрылымы. Мемлекеттік шығындар, жиынтық сұраныс. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы.

Салықтар. Салық салудың принциптері мен формалары. Салық мөлшері. Салық мультипликаторы. Лаффер қисығы. Салықтың қолайлы мерзімі, мүмкіндіктері және шектеулері.

Бюджет тапшылығы. Тапшылықты қаржыландыру әдістері. Ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыз. Мемлекеттік қарыздың, елдің экономикалық дамуына әсері.

Нарықтық экономикадағы табыстар. Табыстардың тең болмауы себептері. Табыстарыд бөлуде теңсіздікті өлшеу (Лоренц қисығы, Джини коэффициенті).

Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың мәні мен мақсаты. Әлеуметтік тапсырыс. Әлеуметтік стандарттар. Аймақтың әлеуметтік саясаты. Шағын деңгейдегі әлеуметтік саясат.

Халықаралық экономикалық қатынастар мәні және формалары; капиталдың халықаралық қозғалысы; жұмыс күшінің халықаралық миграциясы (көш-қонуы); әлемдік валюта жүйесі.

Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі ҚР алатын орны. ҚР ұлттық экономикасы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жолдары.

Кәсіпорын экономикасы

5 тақырып. Кәсіпорын шаруашалық объектісі ретінде, экономикалық жүйенің негізгі звеносы.

Кәсіпорын – дербес шаруашылық субъектісі. Өндірістік кәсіпорынның негізгі белгілері. Кәсіпорын мақсаты. Міндеттері және функциялары. Кәсіпорын іс-қызметтерінің ерекше белгілері. Кәсіпорын іс-қызметтеріне әсер етуші факторлары. Кәсіпорын жіктелуі.

Кәсіпкерлік даму. Банкроттық (дәрменсіздік) түсінігі және белгілері.

6 тақырып. Кәсіпорынның негізгі және айналмалы капиталы. Кәсіпорын еңбек ресуртсары және олардың еңбегіне төлем.

Негізгі капиталдың мәні, құрамы және құрылымы. Негізгі құралдардың түрлері, тозуы. Амортизация мәні, есептеу әдістері. ҚР амортизациялық саясаты. Ұдайы өндіріс көрсеткіштері және негізгі капиталды пайдалану тиімділігі. Кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалану факторлары мен жолдары.

Кәсіпорынның атериалдық емес активтері: мәні, түрлері, амортизацияны бағалау және есептен шығару.

Кәсіпорынның айналмалы қоры оның құрамы мен құрылымы. Айналмалы қорды пайдалануды жетілдірудің басты бағыттары.

Айналмалы капитал: мәні, құрамы және құрылымы. Айналмалы капиталды қаржыландыру көздері. Айналмалы капиталдың ауыспалы айналымы. Ауыспалы айналым және айналым қаржылары айналымдылығының көрсеткіштері. Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жетілдіруде айналым қаржыларының айналымдылығын арттыру маңыздылығы.

Өндірістік қорды, бітпеген өндірісте дайын өнімді қалыптастыруда айналым қорларына қажеттілікті анықтау. Кәсіпорынның түпкілікті нәтижесіне, айналым капиталын басқарудың әсері.

Кәсіпорында айналым капиталын қолдануды жетілдірудің басты бағыттары.

Кәсіпорынның еңбек ресурстары. Еңбек ресуртсарын пайдаланудың көрсеткіштері.

Кәсіпорын қызметшілеріне еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру жүйесі.

7 тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық іс-қызметтері.

Инвестицияның экономикалық мәні, оның жіктелуі және қайнар көзі. Күрделі салым оның құрамы және құрылымы. Кәсіпорынның инвестициялық іс-қызметі. Инвестициялық жоба: мазмұны, жасау және жүзеге асыру кезеңдері. Кәсіпорынның инвестицияға тартымдылығын бағалау әдістері.

Кәсіпорынның инвестициялық іс-қызметтері стратегиясы. Қазақстанның 2015-2020 жылдарға арналған қарқынды индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы, оның мақсаты, мазмұны, жүзеге асыру шаралары. Мемлекеттік даму институттары.

ҚР-ның ғылыми техникалық саясаты. Инновациялар: мәні, жіктелуі. Инновациялық және инвестициялық жобалар портфелінің қалыптасуы.

8 тақырып. Өндіріс және өнімді өткізу шығындары.

Шығын түсінігі, құрамы және түрлері. Шығын жіктелуі. Кәсіпорынның өндіру мен өнімді өткізу шығынының құрамы.

Калькуляциялау: түсінігі, принциптері. Өндіру мен өнімді өткізудегі шығынды есептеу әдістері. Қосымша шығындар, оның құрамы және бөлу белгілері. Қосымша шығынды бөлу әдістері және басқару шешімдерін қабылдау. Өндіріс шығындарын анықтаудың шетелдік тәжірбиесі. Өнімнің өзіндік құнын азайту факторлары мен жолдары.

9 тақырып. Өндірістің қаржылық тәжірбиелері, экономикалық тиімділігі.

Табыс кәсіпорынның шаруашылық іс-қызметтерінің қаржылық нәтижелерінің қортынды көрсеткіші ретінде ҚР салық кодексіне сәйкес жиынтық жылдық табысты есептеудегі табыс түрлері. Кәсіпорын табысын қалыптастыру және бөлу тәртібі. Кәсіпорын төлейтін салықтардың сипаттамасы.

ҚР салық жүйесі. Бірегей табыс салығын есептеуде салық салынатын табыстарды анықтау әдісі. ҚР –да ККС және акциздерді есептеу бойынша жалпы ереже.

Кәсіпорын пайдасын өсіру резерві. Өндірістің экономикалық тиімділігі мәні және оның түрлері. Өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштері жүйесі. Өнімділік көрсеткіштері. Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері.

Өндірістің салыстырмалы тиімділігі, мәні және оны анықтау әдістері. Инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтауда уақыт факторын тіркеу әдістері. Өндіріс тиімділігіне әсер етуші факторлар.

Халықаралық экономика

10 тақырып. Халықаралық экономика құрылымы мен үлгілері.

Халықаралық экономика нарықтық экономика жалпы теориясының құрамдас бөлігі ретінде.

Халықаралық экономикада қолданылатын үлгілер және талдау құралдары. Халықаралық экономика құрылымы. Халықаралық экономикадағы жиынтық сұраныс және жинытық ұсыныс.

Халықаралық сауда: түсінігі, даму қарқыны. Халықаралық саудадағы құндық көлемді өлшеу. Халықаралық сауданың тауарлы және географиялық құрылымы. Экспорт пен импорттық құндық базасы. Сыртқы сауда айналысы, сауда балансы және сауда сальдосы (айырмашылығы) әлемдік нарықтағы тепе теңдік үлгісі. Өндіріс факторларының халықаралық бөлінуі және қозғалысы. Өндіріс факторларымен қамтамасыз ету, ұлттық экономиканың бәсекедегі үстемдігі негізі ретінде.

11 тақырып. Халықаралық сауданың классикалық теорияы.

Ұлттық және халықаралық экономика дамуында халықаралық сауданың маңыздылығы. Халықаралық сауда теориясының тарихи өзгерістері.

Меркантилистік теорияның басты идеясы меркантилистердің көзқарасына негізделген экономикалық саясат. Меркантилизмді сынау және тарихи маңызы. Халықаралық саудадағы классикалық теорияның негізгі алғышарттары. А. Смиттің халықаралық еңбек бөлінісі туралы идеясы «Leissez fair» және фритедерлік саясат. А. Смиттің абсолютті үстемдік үлгісі. Абсолютті үстемдік теориясының шектеулігі.

Д. Рикардоның абсоютті устемдік теориясы дамуы. Альтернативті баға (шығындар). Салыстырмалы үстемдік үлгісі. Джест Мильдің халықаралық баға теориясы (интернационалды құндар). Өзара сұраныс теориясы. Салыстырмалы баға қалыптасуы және елдің мамандануы.

Бірнеше тауармен сауда жасауда салыстырмалы үстемдік теориясын қолдану. Еңбек бағасы және елдер арасында еңбекке төлемнің арақатынасы. Салыстырмалы жалақылар және елдердің салыстырмалы үстемдігі.

Салыстырмалы үстемдік теориясының шектеулігі.

Халықаралық сауданы талдаудың неоклассикалық әдістемесі. Өндіріс факторларының өзара жинақталуы және олардың қызметтік түрлері.

Хекшер –Омен үлгісі және оның негізгі алғышарттары. Өндіріс факторларының абсолютті және салыстырмалы қамтамасыз ету. Өндіріс факторларының салыстырмалы бағалары және тауар өндіру шығындары. Хекшер-Омен теориясының мәні әр түрлі өндіріс факторлары иелерінің халықаралық саудадан ұтыстары.

Өндіріс факторлары арақатынасы теориясының тәжірбиесі. Тексеру және оның шектеулі проблемасы. Леонтъевтің ғажайып пікірі: ғажайып пікірді түсіндіру : дәлелдер Хекшер-Омин теориясына «қолдау» және «қарсы».

12 тақырып. Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары.

Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеу қажеттігі және түрлері. Халықаралық сауда шеңберінде үкіметтің негізгі міндеттері. Протекционизм: мәні және формалары. Сауда саясаты құралдары: тарифтік және тарифтік емес сауда саясаты сипаты (сауда тәртібі).

Кедендік тарифтердің анықтамасы «Кедендік салық және оның қызметтері». Кедендік салық жіктелуі. Тауардың кеденік құны. Тарифтік қозғалыстар эскалация. Тарифтердің экономикалық ролі: тарифті еңгізуден болатын тиімділіктер. Шағын мемлекеттер экономикасына тарифтің әсері. Ірі мемлекеттер экономикасына тарифтердің әсері. Тарфитің үйлесімді деңгейі. Тарифтік квота (үлес). Экспорттық тариф. Сыртқы сауданы және оның негізгі түрлерін реттеудің тарифтік әдістері. Тарифсіз әдістердің кедендік тарифтен айырмашылығы. Сандық шектеу. Квоталау. Тариф пен квота арасындағы экономикалық айырмашылық. Лицензиялау (рұқсат қағаз беру) және лицензиялаудың нақты формалары. Экспортты «Ерікті» шектеу және оның импорттаушы үшін экономикалық тиімділігі.

Сауданың тарифсіз шектеудің жасырын әдістері, негізгі түрлері және қазіргі жағдайдағы ролі;

Сауда саясатының қаржылық әдістері. Жәрдемақша және оның түрлері. Экспорттық несиелеу. Демпинг (төмен қоолды экспорт) және оның түрлері. Сыртқы сауданы реттеудің экономикалық емес әдістері.

13 тақырып. Капиталдың халықаралық қозғалысы және халықаралық несиелеу.

Әлемдік шаруашылық байланыстарының дамуы және капиталдың халықаралық жұмылдырылуының өсу дәрежесі. Табиғи заттық және қаржылық капитал. Капиталдың халықаралық миграциясы (көшуі) түсінігі. Капиталдың халықаралық қозғалысы өсуі және қазіргі кезеңдегі қарқыны. Халықаралық капитал қозғалысы формалары кәсіпкерлік және қарыз капиталының халықаралық ауысымды қозғалысы. Тура және портфельді инвестициялар. Тура инвестиция себептері және құрамы. Шетелдік инвестициямен жұмыс істеуші кәсіпорын және оның формалары. Тура инвестицияны мемлекеттік қолдау. Тура шетелдік инвестиция дамуының халықаралық корпорациялардың (ТҰК) жетекшілік ролі.

Портфельді инвестициялаудың себептері және құрамы. Қазіргі жағдайда портфельді инвестицияның ролі. Қарыз капиталының халықаралық қозғалысы. Уақытаралық сауда. Халықаралық сырттан алып пайдалану мен несиелеудің басты құралдары. Халықаралық несиелеудің көлемі және құрылымы. Әлемдік қарыздр проблемасы және оны шешу жолдары.

14 тақырып. Халықаралық экономикалық интеграция (одақ құру)

Экономикалық одақ құрудың алғышарттары және мақсаты. Одақ құрып бірігудің типтері.

Интеграцияны бағалаудың принциптері. Біріккен одақтың тұрақты қалыптығы және өсімдік типтілігію сауда жасау тиімділігі. Сауда ауытқуы тиімділігі «Екінші жақсару» теориясы.

Дамыған және дамушы елдердің одақтасып бірігуі. Еуроодақ: қалыптасуы және дамуының негізгі кезеңдері. НАФТА, АТЭО, АСЕАН, МЕРКОСУР. Бұрынғы социалистік елдердің одақ болып бірігу процессіне ТМД, ЕАЭО қатысуы.

15 тақырып. Халықаралық валюта. Қаржылық жүйе. Валюта курсы және оның түрлері. Валютаның конверттелуі.

Әлемдік валюта жүйесінің өрістеуі. Алтын стандарт. Генуя конференциясы. Алтын девизді (ұранды) стандарт: Бреттен – Вудттық конферения. Ямайка онференциясы. Валюта курсының қалқымалы жүйесі.

Қазіргі кезеңдегі. Әлемдік валюта жүйесі. Еуропаның валюта жүйесі «Еуроны» қолданысқа еңгізу және оның Еуро-Одаққа мүше елдерге және әлемдік экономикаға әсері.

Валюта курсы және оның әр түрлілігі. Валюта курсы түсінігі және түрлері, баға белгіленуі. Валюта курсының есеп айырысу түрлері. Валютаның көптеген қызметтері. Валюта курсының будандастырылған түрлері.

Валютаның теңдестірілген курсы. Шетелдік валютаға сұраныс пен ұсыныс. Бағаның валюта курсына тәуелділігі. Сұраныс пен ұсыныстың шетеллдік валютаға икемділігі.

Маршал-Лернер шарты. Валюта курсы тұрақтылығы. Джей-қисығы.


«5М050600-Экономика» мамандығына түсуге дайындалуға арналған емтихан сұрақтары.

Экономикалық теория




  1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мағынасы. Меншік формалары.

  2. ҚР меншік қатынастарының қайта құру, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру кезеңдері, формалары, әдістері, проблемалары.

  3. Тауар шаруашылығы: мәні, шарты және пайда болу себебі.

  4. Тауар қасиеті туралы, тауар айырбасы турлы еңбек құны теориясы. Субъективті құндылық теориясы және игіліктің шекті пайдалылығы.

  5. Ақшаның айда болуы, мәні және атқаратын қызметтері. Ақша айналысы заңы. Қазіргі кезең ақшасы.

  6. Инфляция: себептері, түрлері, әлеуметтік экономикалық әсері және оны тоқтату шаралары

  7. Нарықтың мәні мен атқаратын қызметтері. Нарық түрлері және оның жіктелуі. Нарық құрылымы. Нарық инфрақұрылымы.

  8. Нарықтық экономика моделдері. Бұрынғы кеңестік елдер аумағында нарықтың қалыптасуы. Нарықтық қалыптасудың Қазақстандық үлгісі.

  9. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер етуші факторлар

  10. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер етуші факторлар.

  11. Ұсыныс пен сұраныстың өзара іс-әрекеті. Нарықтық тепе-теңдік. Ұсыныс пен сұраныс нарықтық экономика құралы ретінде.

  12. Бәсеке мәні, оның экономикалық ролі. Жетілген және жетілмеген бәсеке теориясы.

  13. Монополияға қарсы заңнама және мемлекеттің монополияға қарсы саясаты.

  14. Ұлттық экономиканың негізгі макроэкономикалық көрсетіштері.

  15. Ақша несие саясаты. Экономикалық саясаттың несиелік механизмі. Ақшаға сұраныс және ақша ұсынысы. Ақша ұсынысы мультипликаторы.

  16. Несие мәні және формалары. Несие жүйесі қызметтері.

  17. Қаржы жүйесі мәні және құрылымы.

  18. Мемлекеттік бюджет: түсінігі және құрылымы. Мемлекеттік шығын және жиынтық сұранысы

  19. Салықтар. Салық салу принциптері мен формалары. Салық мөлшері.

  20. Лаффер қисығы. Салық ауыртпалығына арналған мүмкіндігі және шегі.

  21. Бюджет тапшылығы. Тапшылықты қаржыландыру әдістері.

  22. Ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыз. Елдің экономикалық дамуына мемлекеттік қарыздың әсері.

  23. Нарықтық экономикадағы табыстар. Табыстар теңсіздігі себептері. Табыстар бөлу теңсіздігін өлшеу (Лоренц қисығы, Джинни коэффициенті).

  24. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты мәні және мақсаты

Кәсіпорын экономикасы




  1. Кәсіпорын – дербес шаруашылық субъектісі. Өндірістік кәсіпорынның негізгі белгілері. Кәсіпорынның мақсаты, міндеттері және іс –қызметтері.

  2. Кәсіпорын іс-қызметтеріне әсер етуші факторлар. Кәсіпорын жіктелуі.

  3. Кәсіпкерлік дамуы. Банкроттың түсінігі және белгілері.

  4. Негізгі капиталдың мәні, құрамы және құрылымы.

  5. Негізгі құралдың тозуы түрлері. Амортизация мәні, есептеу әдістері. ҚР амотризация саясаты.

  6. Негізгі капиталды қолдану тиімділігі және ұдайы өндіру көрсеткіштері. Кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді қолдану факторлары мен жолдары.

  7. Кәсіпорынның айналмалы қорлары оның құрамы және құрылымы. Айналмалы қорларын қолдануды жақсартудың негізгі бағыттары.

  8. Айналмалы капитал: мәні, құрамы, құрылымы. Айналмалы капиталды қаржыландыру көздері.

  9. Айналым қорларының ауыспалы айналымы. Айналым қорларының ауыспалы айналымы мен айналымдылығының көрсеткіштері. Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартуда айналмалы қордың айналмалылығын арттырудың маңыздылығы.

  10. Кәсіпорында айналмалы капитал колдануды жақсартудың негізгі бағыттары.

  11. Кәсіпорынның еңбек ресурстары. Еңбек ресурстарын қолдану көздері.

  12. Кәсіпорын жұмыс істеушілердің еңбегіне төлемді ұйымдастыру жүйесі.

  13. Инвестицияның экономикалық мәні, оның жіктелуі және көздері.

  14. Кәсіпорындағы инвестициялық іс-әрекеттері. Инвестициялық жоба мазмұны, жасау және жүзеге асыру кезеңдері.

  15. Кәсіпорынның инвестициялық іс-қызметтері стратегиясы. Қазақстанның 2015-2020 жылдарға индустриялы-иинновациялық қарқынды даму бағдарламасы оның мақсаты., мазмұны, жүзеге асыру шаралары.

  16. Шығын түсінігі құрамы және түрлері.

  17. ҚР ғылыми –техникалық саясаты. Инновация мәні, жіктелуі. Инновациялық және инвестициялық жобалар портфелінің қалыптасуы.

  18. Шығын жіктелуі. Кәсіпорында өнімді өндіру мен өткізудегі шығындар құрамы.

  19. Калькуляциялау: түсінігі, принциптері. Өнімді өндіру мен өткізудегі шығынды тіркеу әдістері.

  20. Қосымша шығындар, оның құрамы және бөлу белгілері. Қосымша шығынды бөлі әдісі жәнебасқару шешімін қабылдау.

  21. Өндіріс шығынын анықтауда шетелдік тәжіобие. Өнімнің өзіндік құнын төмендету факторлары және жолдары.

  22. Табыс кәсіпорынның шаруашылық іс-қызметтерін, қаржылық нәтижелері көрсеткіштерін дәлелдеуші ретінде.

  23. Кәсіпорын табысын қалыптастыру және бөлу тәртібі.

  24. ҚР бірлестірілген табыс салығын, ҚТС және акцизді есептеуде табысқа салық салуды анықтау әдісі.

  25. Өндіріс тиімділігіне әсер етуші факторлар мен көрсеткіштер

  26. Өндіріс рентабельділігі, кәсіпорын жұмысы тиімділігі көрсеткіші ретінде. Рентабельдік деңгейін арттыру жодары.

Халықаралық экономика



  1. Халықаралық экономика, нарықтық экономиканың жалпы теориясының құрамдас бөлігі ретінде.

  2. Халықаралық экономика құрылымы. Халықаралық экономикадағы жиынтық сұраныс пен ұсыныс.

  3. Халықаралық еңбек бөлінісі және өндіріс факторлары қозғалысы.

  4. Халықаралық сауда: түсінігі, өсу қарқыны.

  5. Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары. Сртқы сауданы мемлекеттік реттеу қажеттігі және түрлері.

  6. Ұлттық және халықаралық экономика, экономика дамуындағы халықаралық сауданың маңыздылығы.

  7. Меркантилистік теорияның басты идеясы.

  8. А. Смиттің абсолютті үстемдік моделі.

  9. Д.Рикарданың абсолютті үстемдік теориясының дамуы.

  10. Халықаралық саудаға талдау жасаудың неоклассикалық әдістемесі.

  11. Хеншер-Омина үлгісі және оның негізгі алғышарттары.

  12. Леонтьев пародоксі (ғажайып пікір). Ғажайып пікірге түсіндірме: Хеншер-Омин теориясына «қолдау» және «қарсы» болуды дәлелдеу.

  13. Халықаралық сауда шеңберінде үкіметтің басты міндеттері.

  14. Сауда саясаты құралдары: тарифтік және тарифтік емес.

  15. Кедендік тарифтің анықтамасы. Кедендік салық және оның атқаратын қызметтері.

  16. Тарифтердің экономикалық ролі. Тариф еңгізудің тиімділігі.

  17. Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік емес әдістері және оның негізгі түрлері.

  18. Қаржы саясатының қаржылық әдістері.

  19. Сыртқы сауданы реттеудің экономикалық емес әдістері.

  20. Жұмыс күшінің миграциясы (көш -қонуы) пайда болу себептері, басты бағыттары және шетелдік жұмыс күшінің тартылу орталықтары.

  21. Капиталдың халықаралық миграциясы қозғалысы түсінігі.

  22. Кәсіпкерлік және қарыз капиталының халықаралық ауысып қозғалуы. Тура және портфельді инвестициялар.

  23. Шетелдік инвестициямен қызмет атқарушы кәсіпорын және оның формалары.

  24. Қазіргі жағдайдағы портфельдің инвесициялық ролі.

  25. Халықаралық несиелеу көлемі мен құрылымы.

  26. Халықаралық экономикалық интерация алғышарттары, мақсаты және типтері.

  27. Еуропалық одақ: құрылуы және дамуының негізгі кезеңдрі.

  28. Халықаралық бәсекеге қабылеттілік стратегиясы және бүкіләлемдік экономикалық форумның бағалау әдісі.

  29. Қазіргі кезеңдегі әлемдік валюта жүйесі. Еуропалық одақ жүйесі.

  30. «Еуро» еңгізу және оны Еуроодаққа мүше елдерге және әлемдік экономикаға әсері.

  31. Валюта курсы және оның әр түрлілігі.

  32. Тепе-теңдік валюта курсы шетелдік валютаға сұраныс пен ұсыныс.

  33. Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол».

  34. АӨК мемлекеттік реттеу. Ел азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету факторы ретінде.

  35. ЕАЭО шеңберінде ҚР қазіргі кезеңдегі кедендік саясаты.

  36. Әлемдік қаржы экономикалық дағдарыс: себептері, пайда болуы, әсері.

  37. ҚР экономикалық қауіпсіздігіжәне қоршаған ортаны қорғау.

  38. Әлемдік экономикаға Қазақстанның интеграциялануы – сапалы даму негізі.

  39. Қазақстанның транспорт инфрақұрылымының дамуы (ҚР Президенті «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауы материалы бойынша 11 қараша 2014ж.).

  40. Индустриалды-инновация қарқынды даму бағдарламасы. ЕАЭО шеңберінде оны жүзеге асыру проблемалары мен болашағы.

жүктеу 190,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау