«6D060700 – Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Нурсафина Акмарал Жексенбаевнаның



жүктеу 0,89 Mb.
Pdf просмотр
Дата11.01.2020
өлшемі0,89 Mb.
#26143
түріДиссертация


«6D060700 – Биология» мамандығы бойынша философия докторы 

(PhD) дәрежесін алу үшін Нурсафина Акмарал Жексенбаевнаның «Gagea 

және  Ixiolirion  туысының  өсімдік  түрлерінің  көбею  жүйесінің 

морфологиялық 

және 

молекулалық 

ерекшеліктерін 

зерттеу» 

тақырыбында жазылған диссертациялық жұмысына ресми  

 

 

СЫН-ПІКІР 

 

1.  Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі  және  оның  жалпы  ғылыми  және 

мемлекеттік бағдарламалармен (практика және ғылым мен техниканың 

дамуының сұраныстарымен) байланысы. 

Диссертация  жұмысында  пиязшықты  және  жуашықты  дамитын 

полиморфты  Gagea және Ixiolirion (сирек кездесетін түр) туысының өсімдік 

түрлеріне  терең  сипаттама  берілген.  Бұл  туысқа  жататын  түрлердің  көбею 

жүйесінің ерекшеліктерін зерттеу, осы туыстың түрлеріне тән репродуктивті 

құрылымдарының  даму  заңдылықтары  мен  молекулярлық  әдіспен 

систематикасын  анықтау,  түрлерді  ажыратуда  және  оны  диагностикалауда 

тудыратын  қиыншылықтар  мен  филогениядағы  орнын  айқындауға  зор 

мүмкіндіктер беретін бірегей туынды. Зерттеу жұмысының нәтижелері Gagea 

және Ixiolirion туысындағы вегетативті және генеративті көбею эволюциясына 

экологиялық және филогенетикалық факторлардың әсерін анықтау, сонымен 

қатар осы туыстың түр түзілісін, әсіресе гибридизация және полиплоидизация 

арқылы  түрлердің  түзілу  маңыздылығын  түсіну  заманауи  ғылыми  тұрғыда 

жүргізілген. 

Ізденушінің  диссертациялық  жұмысында  жүргізілген  зерттеу  әдістері  

Gagea  және  Ixiolirion  туысына  жататын  өсімдік  түрлерінің  репродуктивті 

жүйесі мен генетикалық алуан түрлілігін зерделелеуі, диссертацияда берілген 

ережелер  мен  қорытындылардың  және  ұсыныстардың  ғылыми  негізділігін 

және сенімділігін жеткілікті қамтамасыз етеді.  

Диссертант Қазақстан жерінде өсетін Gagea bulbifera және Крит аралында 

(Грекия)  өсетін  Gagea  graeca  түрлеріне  салыстырмалы  талдауды  алғаш  рет 

жүргізген.  Сонымен  қатар,  алғаш  рет  Шығыс  Қазақстан  облысының 

Делбегетей  тауынан  жиналған  Ixiolirion  tataricum  түрінің  репродуктивті 

жүйесін  зерттей  отырып,  өсімдіктің  көбею  жүйесінің  мүмкіндіктері, 

вегетативті және генеративті өсімдік мүшелерінде таралған азот пен көміртек 

құрамына  талдау  жасау  нәтижесінде,  өсімдік  бойында  кездесетін  қор 

заттарына  тәуелділігін  анықтаған.  Өсімдіктің  даму  мен  өсуіне  қоршаған 

ортаның  қолайсыз  температурасы,  ұзаққа  созылатын  құрғақшылық,  шектен 

тыс ылғалдылық, топырақтардың тұздылығы әсер етеді. Сондықтан, олардың 

мекендеу ортасының жағдайларына бейімделу қабілетін анықтауда, осындай 

зерттеулерді  пайдалануға болады.  

Жүргізілген  зерттеу  нәтижелері  пиязшықты  дамитын  өсімдіктердің  түр 

түзілісіне, яғни өсімдіктер систематикасын жүйелеуде үлесі орасан зор. 

 



 

2.  Диссертацияларға  қойылатын  талаптар  (ғылыми  дәрежелер  беру 

ережелері) шеңберіндегі ғылыми нәтижелері. 

  Диссертанттың зерттеу барысында алынған ғылыми-зерттеу нәтижелері 

диссертацияға  қойылатын  талаптарға  сай,  ізденуші  ғылыми  жұмыста 

қойылған  мақсат  мен  міндеттерін  толықтай    орындаған  және    жұмыстың 

нәтижелерінің  ғылыми жаңалығы, теориялық, практикалық мәні бар. 

 Диссертациялық  жұмыстың  ғылыми  жаңалығы  Gagea  (Liliaceae)  және 

Ixiolirion (Amaryllidaceae) туысына жататын - Gagea graeca, Gagea  bulbiferа, 

Ixiolirion  tataricum  -  өсімдік  түрлерінің    алғаш  рет  көбею  жүйесінің 

морфологиялық  және  молекулалық  ерекшеліктері  зерттелген.  Жүргізілген 

сандық  морфологиялық  зерттеулер  негізінде,  осы  зерттелген  түрлердің 

репродуктивті құрылымдарының (пиязшықтар және гүлдер) қалыптасуы мен 

дамуы  базальды  пиязшықтың  мөлшеріне  тәуелділі  болатындығын 

көрсетілген. Бұл зерттеулер Liliaceae және Amaryllidaceae тұқымдастарының 

репродуктивті  құрылымдарының  бір-біріне  өте  ұқсас  болуы,  олардың 

систематикасында үлкен шатастықты тудыратындықтан, өсімдіктердің көбею 

жүйесін  морфологиялық  және  молекулалық  әдістердің  көмегімен, 

салыстырмалы тұрғыда зерттеу арқылы, олардың айырықша ерекшеліктерін 

анықтауда нақты мәліметтер алған.  

3.  Ізденушінің  диссертацияда  ұсынған  әрбір  нәтижесінің, 

тұжырымдары  мен  қорытындыларының  негізделу  және  шынайылық 

дәрежесі. 

А.Ж.Нурсафинаның  диссертациялық  жұмысында  алынған  ғылыми 

нәтижелері пиязшықты өсімдіктерді зерттеуде замануи морфологиялық   және 

молекулалық-биологиялық  ерекшеліктеріне  теориялық  түсініктер  беретін 

нақты жетістіктер зерттелініп, талданған. 

 Диссертациялық  жұмыста  автор  отандық  және  шетелдік  ғалымдардың 

пиязшықты  өсімдіктерді  зерттеудегі  ғылыми  еңбектерін  пайдалана  отырып, 

белгілі ғылыми зерттеу әдістерді егжей-тегжейлі сипаттап, жеткілікті дұрыс 

пайдалана  білген.  Алынған  қорытындылар  мен  ұсыныстары  теориялық-

методологиялық негізге сүйене отырып, сенімді және нақты жазылған. Әрбір 

ғылыми  жағдайының  негізділік  пен  сенімділік    дәрежесі,  алынған  зерттеу 

нәтижелері  салыстырмалы  және      статистикалық  өңдеумен  расталған. 

Диссертациялық  ғылыми  зерттеудің  ғылыми  нәтижелері  С.Сейфуллин 

атындағы Қазақ агротехникалық университетінде білім алатын   5В080100  – 

«Агрономия»  және  5В080800  -  «Топырақтану  және  агрохимия» 

мамандықтарында  «Ботаника»        және    «Өсімдіктер  флорографиясы  және 

систематикасы»  (3  кредит)  пәнінің  оқу  бағдарламасына  енгізілгенін,  оқу 

үдерісіне ендіру актісімен дәлелденген 



4.  Ізденушінің  диссертацияда  тұжырымдалған  әрбір  нәтижесінің 

(ғылыми  қағидасының),  тұжырымдары  мен  қорытындыларының 

жаңалық дәрежесі. 

Диссертант    осыған  дейінгі  зерттеулерде  өсімдіктердің  мекендеу 

ортасына  байланысты  биологиялық  ғылыми  әдебиеттерде  мүлдем 



кездестірілмеген, яғни  Қазақстан жерінде және  Жерорта теңіздік ортасында 

өсетін  Gagea  туысының  –  Gagea  bulbifera  және  Gagea  graeca  өсімдік 

түрлерінің    репродуктивті  құрылымы  мен  генетикалық  алуан  түрлілігіне 

алғашқы  рет  кешенді  салыстырмалы  сандық  морфологиялық  және 

молекулалық зерттеулер жүргізілген. 

Автор  Gagea  graeca  түрінің  мекендеу  ортасына  бейімделуін, 

құрғақшылық  ортаға  бейімделген  осы  туыстың  Gagea  bulbifera  түрімен 

салыстыру    арқылы  анықтаған,  морфологиялық  белгілері  бойынша    Gagea 

туысына жақын Iхiolirion tаtаrісum өсімдігінің репродуктивті құрылымы мен 

өсу  модельдері  зерттелінген.  Бүгінгі  күні  өзекті  мәселелердің  бірі  болып 

табылатын  өсімдіктердің    даму  процестерінің  молекулалық  ерекшеліктерін 

зерттеуді Gagea түрлеріне жүргізе отырып,  AFLP (ағыл. Amplified Fragment 

Length  Polymorphism,  қаз.  амплификацияланған  фрагменттер  ұзындығының 

полиморфизмі)  талдауы  қолданылып,  осы    түрлердің  вегетативті  және 

генеративті  көбею  пропорциялары  анықталынған.  Сонымен  қатар  зерттеу 

барысында ғылыми зерттеу нәтижелері молекулалық-генетикалық зерттеулер 

саласында әлемдік тәжірибеде қолданылатын жаңа әдістемелер арқылы жүзеге 

асырылып, өсімдіктің репродуктивті құрылымдарындағы қор заттарының азот 

(N)  және  көміртектің  (С)  таралуы  анықталынған.  Осы  ғылыми  нәтижелер 

алғашқы рет жасалынған және  тәжірибелі ботаника саласында іргелі ғылым 

үшін теориялық, практикалық маңызы зор. 

 

5. Алынған нәтижелердің ішкі бірлігін бағалау. 

А.Ж.Нурсафинаның  диссертациялық  зерттеу  жұмысы  тәжірибелі 

ботаника  саласындағы  өзекті  мәселелерді  зерттеудегі  жеткілікті  көлемде 

теориялық және практикалық материалдарды  пайдалана отырып,  мазмұнды, 

біртұтас орындалған ғылыми еңбек.  Автормен таңдалынған диссертациялық  

жұмысының құрылымы  зерттеудегі қойылған мақсат пен міндеттерді толық 

орындауға    қол  жеткізді.  Жалпы,  алынғанда,  қорғауға  шығаратын  негізгі 

нәтижелер арасындағы бір-біріне толықтай байланысқан бірлігі бар  ғылыми 

еңбек,  жұмыс  толық  аяқталған,  ғылыми  еңбекті  қорғауға  қойылатын 

талаптарға сай жоғары деңгейде жазылған. 

 

6.  Ізденушінің  қол  жеткізген  нәтижелерінің  тиісті  өзекті  мәселені, 

теориялық немесе қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталуы. 

Диссертациялық  жұмыста  алынған  тұжырымдар  мен  қорытындылар, 

қазіргі  биология  саласының  өзекті  мәселелерінің  бірі  пиязшықты  дамитын 

өсімдік  түрлерінің  репродуктивті  ерекшеліктерін  зерттеуде  осы  туыстың 

түрлеріне  тән  репродуктивті  құрылымдарының  даму  заңдылықтарын  мен 

систематикалық  жүйеде  орнын  зерттеуге  бағытталған  жұмыс,    түрлерді 

анықтауда,  диагностикада  туғызатын  қиыншылықтар  және  филогениядағы 

орнын  айқындауға  үлкен  мүмкіндіктер  бере  отырып,  практикалық  және 

теориялық маңыздылығын көрсетеді. Диссертациялық жұмыстың теориялық 

нәтижелерін арнайы биология курстарын оқытуда пайдалануға болады. 




7.  Диссертацияның  негізгі  қағидаларының,  нәтижелері  мен 

қорытындыларының жариялауының жеткілікті толықтығына растама. 

Диссертациялық  жұмыстың  негізгі  нәтижелері  «Ғылыми  дәрежелер 

беру ережелеріне» сәйкес 11 ғылыми жұмыс ретінде басылып шықты, оның 

ішінде 1 мақала Thomson Reuters және Scopus мәліметтер базасында тіркелген 

ғылыми  журналда  жарық  көрді,  4  мақала  ҚР  БжҒМ  бақылау  және 

аттестациялау  комитеті  ұсынған  ғылыми  журналдарда  және  6  жұмыс 

халықаралық конференция материалдарында басылған. 

 

8. Диссертация мазмұнындағы және рәсімделуіндегі кемшіліктер. 



 

Диссертация жұмысының мазмұны бойынша төмендегідей кемшіліктер 

мен ұсыныстарды атап өтуге болады: 

1.  Кіріспе бөлімінде зерттеу объектілері өсімдік түрлерінің ботаникалық 

сипаттамасы  кеңірек  және  ауқымды  жазылмаған.  “Ixiolirion    туысының 

түрін  Қазақстанның  Шығыс  Алтай  тауларында  кеңінен  таралады”  деп 

көрсеткен,  ол  Қазақстанның  барлық  жерінде  кездеседі,  өсімдіктер 

қауымдастықтағында үлгілері азаюына байланысты Қазақстанның  аймақтық 

Қызыл кітабына енген. 

2.  1.3.  бөлімде    “Лалагүлділердің  басым  көпшілігі  –  көпжылдық 

пиязшықты  шөптесін  өсімдіктер.  Еуразия,  Африка  және  Солтүстік 

Американың  қоңыржай  аудандарында кең  таралған,  тек  кейбір  түрлері  ғана 

тропикалық  аймақта  өседі  деп  көрсеткен”,  таралу  аймақтарын  кеңірек 

көрсетпеген, соның ішінде Қазақстанда кездесетін түрлерде көптеп кездеседі.  

3.  3.1  бөлімде  2,3,4  кестеде  зерттеу  объектілері  “Gagea  graeca,  Gagea 



bulbifera, Ixiolirion tataricum өсімдіктерінің  үлгілерінің жиналған аймақтары 

мен  олардың  координаталары  және  үлгілердің  саны”  деп   кесте  тақырыбын 

көрсетеді  де,  ал  кестеде  морфологиялық  талдаулар  деп  жазады,  кестеде 

морфология жөнінде мәлімет жоқ, сондықтан үлгі саны деген дұрыс болады. 

4. 3.7 бөлімде 87 бетте “Ixiolirion tataricum жуашықтары.Тек физикалық 

тұрғыда  мықты  өсімдіктер  (жуашық  диаметрі  4  мм  артық)  әрдайым 

жуашықтар  түзеді”  деп  дұрыс  емес  қате  тұжырым  берген,  өсімдікте 

физикалық  тұрғыда  мықты  деген  түсінік  қолданылмайды,  керісінше 

биологиялық тұрақты деп дұрыстау дәлірек болады.  

 

4.  Осы  бөлімде  және  бетте  19  кестеде  “Іхіоlіrіоn  tаtаrісum  А,  В,  С 



популяциялары бойынша жуашықтарының өлшемдері” деп көрсеткен, А,В,С 

популяцияларын  ашық  көрсетпеген  немесе  популяцияның  сипаттамасына 

сілтеме берілмеген. 

 

5.  54  бетте  өсімдіктердің  түр  атауы  ерекше  морфологиялық  белгілері 



арқылы анықталған деп жазылған, бірақ жұмыста анықтау әдісіне сілтеме жоқ. 

6.  15  және  16  суреттерде  популяцияларанның  орналасу  карталары 

келтірілген.  Бірақ  карталарын  масштабтары  келтірілмеген,  сондықтан 

популяцияларының ара қашықтығын аңықтау мүмкін емес.  

7.  Диссертациялық  жұмыста  көптеген  грамматикалық  қателер  және 

стилистикалық ойын дұрыс жеткізбей  аяқталған сөйлемдер кездеседі.  




жүктеу 0,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау