Ауырлық центрі арқылы өтетін осьтерді центрлік осьтер деп атайды. Қиманың центрлік оське қарағандағы статикалық моменті нөлге тең. Қиманың белгілі бір оське қарағандағы статикалық моментін табу үшін оны қарапайым фигураларға (үшбұрыш, тік төрбұрыш, дөңгелек т. б.) жіктеген ыңғайлы. Сонда қиманың статикалық моменті оның қарапайым бөліктерінің статикалық моменттерінің қосындысына тең. Мұндай қималарды күрделі қима немесе күрделі фигура деп атайды.
Статикалық моменттердің (II.01, а, б) формулаларын пайдаланып, кез келген күрделі фигураның ауырлық центрінің координаталарын табуға болады.
ЖАЗЫҚ ҚИМАЛАРДЫҢ ИНЕРЦИЯ МОМЕНТТЕРІ
Берілген қиманың кез келген X, Ү осьтеріне карағандағы осьтік инерция моменттері деп төмендегі интегралдармен анықталатын геометриялық сипаттамаларды айтады (ІІ.2-сурет)
II.03
мұндағы х,у – dF-тің координаталары.
Достарыңызбен бөлісу: |