Енді, брустың көлденең қималарының орын ауыстыру шамаларының эпюрін тұрғызайық. Ол үшін брустың В—В, С—С және D – D қималарының тіректік А—А қимасына қарағандағы орын ауыстыру шамаларын тапсақ болғаны. Брустың В—В қимасының А—А қимасына қарағаңдағы орын ауыстыру шамасы
Келесі С—С қимасыньщ орын ауыстыру шамасы В—В қимасының орын ауыстыру шамасы мен В—В және С—С қималарының арасындағы брус бөлігінің абсолюттік созылу шамасының қосындысына тең
Дәл осылай, D - D қимасының орын ауыстыру шамасын анықтаймыз
Қималардың тұсына белгілі бір масштабпен ∆lC, ∆lD және ∆lB орын ауыстыру шамаларын оське перпендикуляр бағытта өлшеп саламыз. Табылған нүктелерді түзу сызықпен қосып, орын ауыстыру шамаларының эпюрін тұрғызамыз (Ш.4,е-сурет). Брусқа тұрақты Р1, Р2 әсер етіп тұрғандықтан, қималарының орын ауыстыру шамалары мен абсциссаларының арасындагы тәуелділік — сызықты.
Достарыңызбен бөлісу: |