мұндағы - заттың диэлектриктік өтімділігі, ол диэлектриктің қасиеттерін сипаттайды. Бұл өлшемсіз шама.
Әртүрлі зарядталған екі шексіз параллель жазықтықтар туғызған біртекті сыртқы электр өрісі арасына диэлектрик қояйық.
Өріс әсерінен диэлектрик поляризацияланады, зарядтардың ығысуы пайда болады: оң зарядтар өріс бойымен, теріс зарядтар өріске қарсы. Осының нәтижесінде диэлектриктің оң қырында көлемдік тығыздығы болатын оң зарядтар, ал сол қырында көлемдік тығыздығы болатын теріс зарядтар артық болады. Осы поляризациядан пайда болған компенсирленбенген зарядтар байланысқан зарядтар деп аталады. Олардың беттік тығыздығы жазықтықтың еркін зарядтарының тығыздығы -дан кем болады. Өрістің кернеулік сызықтарының бір бөлігі диэлектриктен өтіп кетеді, ал қалған бір бөлігі байланысқан зарядтарда үзіліп қалады. Сондықтан, диэлектрик поляризациясы өрісті алғашқы сыртқы өріспен салыстырғанда кемітеді. Диэлектриктен тыс жерде .
Достарыңызбен бөлісу: |