5В050900 «Қаржы» мамандығының студенттеріне дипломалды іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулық


Оқу тәжірибесін түрлі меншік нұсқасындағы кәсіпорындарда өтудегі қарастырылатын сұрақтар тізімі



жүктеу 9,02 Mb.
бет2/4
Дата01.01.2018
өлшемі9,02 Mb.
#6336
түріДиплом
1   2   3   4

Оқу тәжірибесін түрлі меншік нұсқасындағы кәсіпорындарда өтудегі қарастырылатын сұрақтар тізімі

1.Шаруашылық субъектісінің атқаратын қызметтерімен және құрылымымен танысу.

2.Кәсіпорын жарғысымен, қызметтік міндеттерімен танысу.

3.Қаржылық бөлімнің ұйымдастыру жұмысымен танысу.

4.Кәсіпорынның қаржы ресурстарының динамикасы және құрылымымен танысу:

А) меншікті капиталды талдау;

Б) тартылған және заемдық қорларды талдау.

5.Кәсіпорынның қаржылық қорларымен танысу (Жарғылық, резервтік және т.б.)

6.Кәсіпорынның негізгі қорларының құрамы мен динамикасымен танысу.

7.Айналым құралдарын талдау, олардың құрамы мен динамикасы.

8.Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін бағалаумен танысу:

А) өнімді өндіру мен шығару бойынша кәсіпорын шығындарын бағалау мен талдау (жұмысты орындау мен қызмет көрсету);

Б) жалпы табысты бағалау мен талдау ( негізгі қызметтен, жеткізіп беруден тыс операциялар және т.б.)

В) табысты реттеу механизмі және таза табысты пайдалану мен бөлу тәртібімен танысу.

9.Кәсіпорынның бюджетке төлейтін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша сұрақтармен танысу.

10.Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі мен өтімділік көрсеткіштерін талдау.

11.Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау.


  1. Бизнес жоспардың қаржылық есептерін есептеу.

Студент есепте келесі кезеңдерге көңіл бөліп, көрсетуі тиіс:

  1. Ағымдағы активтер мен пассивтерді оперативті басқару.

  2. Дебиторлық қарыздардың нақты жағдайын бағалау.

  3. Табысты жоғарылату әдістерін талдау.

  4. Фирманың дивиденттік саясатымен танысу.

  5. Инвестициялық жобаларды бағалау мен талдау.

  6. Кәсіпкерлік тәуекелділікті және оларды басқару тәсілдерін зерттеу.

  7. Қаржылық ағын қозғалысын және оның тиімділігін жалпы бағалау.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін, студент оқу тәжірибе бағдарламасына сай және күнтізбелік кестедегі нақты жұмыс түрін атқарғаны бойынша есеп жазады. Есепте атқарған жұмыстарының түрін толық көрсетіп, кәсіпорынның алғашқы құжаттарын, балансын, есептіліктерін тіркеп қояды. Есептерді шығаруда көрсеткіштерді есептеу әдістерін көрсетеді.

2.4.4 ҚР сақтандыру компанияларында
Тәжірибеленуші студент оқу тәжірибесін өту барысында, сақтандыру компаниясының ұйымдастырушылық құрылымымен танысып, кемінде күнтізбелік соңғы үш жыл бойындағы аналитикалық ақпараттарды жинаумен айналысады.

Сақтандыру компаниясының ұйымдастырылу құрылымының түрлі мүмкіндіктерін ескере отырып, тәжірибеленуші студент компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерімен танысып, есепті ұсынуы тиіс.



1.Қаржылық департамент

Бұл Департамен бойынша студенттің өндірістік тәжірибе есебінде компанияның төлем қабілеттілігі мен тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық есептіліктің түрлері мен нұсқалары көрсетілуі тиіс (қаржылық көрсеткіштері, активтері, динамикадағы инвестициялық қоржындары).



2.Сақтандыру департаменті

Бұл Департамент бойынша тәжірибеленуші студенттің есебінде болуы тиіс:



  1. жүргізілетін сақтандыру түрлері;

  2. қайта сақтандырудың жағдайы мен дамуы;

  3. осы сақтандыру компаниясының даму болашағы жайында.

Сақтандырудың құрылымын, нұсқалары мен сыныпталуын, сала бойынша сақтандыру бойынша төлемдер мен сақтандыру сыйақыларының түсуін көрсетілуі тиіс.

Қайта сақтандыруға жіберілген сақтандыру сый ақыларының құрылымын көрсету керек.



3.Сату департаментінде

Бұл Департамен бойынша студент сақтандыру компаниясының маркетингтік саясатын, оның мақсаты мен міндеттерін зерттеу керек. Тұтынушыларға сақтандыру қызметтерінің қозғалысы тәсілдері мен әдістерін анықтау керек.



1.Заң бөлімінде:

Компанияның нормативтік және заңнамалық актілердің сақталуын алып, талдап және ұсынуы тиіс. ҚР сақтандырудың заңнамалық базасын жетілдірудің мүмкін болатын бағытын келесі сұрақтар бойынша зерттеу:



  • сақтандыру төлемдерінің кепілдендірілген жүйесі;

  • міндетті сақтандыру жүйесі;

  • сақтандыру нарығын реттеу мен бақылау жүйесі.

Оқу тәжірибе бойынша есеп (мүмкіндігінше) сақтандыру компаниясының келесі құжаттарын мазмұндау керек: (бухгалтерлік баланс, сақтандыру келісім шарттары, сақтандыру ережелері, табыстар мен шығыстар есебі, сақтандыру полистері және т.б.)

2.4.5 Мемлекеттік қаржылық ұйымдар мен

қазынашылық ұйымдарда
Мемлекеттік қаржылық ұйымдарда оқу тәжірибе мазмұны мемлекеттік басқару деңгейі мен оқу тәжірибе базасына сәйкес ерекшеленеді. Есепте қаржылық ұйымдардың міндеттері мен беделі сипатталып, оның Ережелері, оперативтік және стратегиялық сипаттағы мазмұны мен міндеттері көрсетіледі. Мемлекеттік қаржылық ұйымдардың тәжірибелік қызметін зерттеу оның құрылымы мен әрбір бөлімшелердің қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін қарастырудан басталады. Оқу тәжірибенің және жұмыс түрлерінің жалпы мазмұны келесі сұрақтарды қарастырумен көрсетіледі.

Қазынашылық комитетінің және территориялық қазынашылық ұйымдардың қызметтері мен өкілеттілігімен танысу.Қазынашылық ұйымдардың бөлімдерімен танысу: құрылымы, тағайындалуы, қызметкерлер міндеттері, қызметтік инструкциялар.

Қызметкерлердің функционалдық міндеттерін қарастыру: мемлекеттік бюджеттің орындалуын басқару, түсімдерді басқару, міндеттемелерді тіркеуді басқару, төлем ақы шотын енгізуді басқару, төлемдерді бақылауды басқару, мемлекеттік мекемелермен жұмысты басқару, ішкі бақылауды басқару, мердігерлермен анықтамалар жүргізу және есеп жүргізу, қаржылық қамтамасыз ету бөлімімен, қазыналық жүйені техникалық жүргізу мен ақпараттық қауіпсіздік бөлімі.

Зерттеу жүргізу объектілері бойынша материалдарды жинап, оқып, талдау.

Ұлттық валютадағы бюджетке түсімдердің орындалуын ұйымдастырумен танысу.

ҚР ЕБК бекітілген табыстардың сыныптама кодымен сәйкес біріңғай қазынашылық шоттың жұмыс істеуімен танысу.

Бюджеттік алымдарды төменгі тұрған бюджеттен жоғарғы тұрған бюджетке аударудың кезеңділігі мен тәртібі және бюджеттік субвенцияларды төменгі тұрған бюджеттен жоғарғы тұрған бюджетке аударумен танысу.

Мемлекеттік мекемелермен жасалатын, азаматтық құқықтық келісім шарттарды, мемлекеттік тіркеуді жүргізетін тәртіппен танысу. Қолма қолсыз нұсқадағы ұлттық валютамен төленетін төлемдерді жүргізу.

Мемлекеттік мекемелердің жүргізетін депозиттік шоттарымен, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетудегі төлемдерді жүргізу тәртібімен танысу. Олардың қол астында қалған, тауарларды жеткізіп беруден (жұмыстан, қызмет көрсетуден) түскен ақшаны қолдану тәртібімен танысу.

Бюджеттік несиелерді ұсынудағы қаржылық қызметтерді сипаттау мен бюджеттік несиелеу тәртібімен танысу. Қазақтан Республикасының Үкіметінен қарыз алу тәртібі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тартылған қаражаттары есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру. Мемлекетпен кепілдендірілген заемды иемденген, қаражат алушының қаржылық жағдайын мониторингтау тәртібі. Мемлекеттік мекемелер үшін қазынашылық ұйымдардың бюджет ақшасын басқару тәртібі.



2.5 Есепті жазып және қорғау
Оқу тәжірибесі студенттің қорытынды жұмысы болып табылады. Ол тәжірибе бағдарламасының негізінде, күнтізбелік кестеге сәйкес жасалады. Онда студент барлық қарастырылған сұрақтары бойынша жасалған жұмысын көрсетіп, экономикалық жұмыстарды орындағанынынша дәлелдейтін құжаттарды және есептерін тігеді.

Есепті жазуда, қаржы несиелік салада жұмыс істейтін маманның жұмысын көрсететін құжаттарды тікелей көшіріп алуға болмайды. Есепте қызметкердің құқықтары мен міндеттеріне жалпы сипаттама беріледі. Әсіресе, жұмысты орындау тәсілдері мен нақты есептерге көңіл бөлінеді. Осыған байланысты, жасалған жұмысты көрсету мен тігілген құжаттар, есептер бір бірімен байланысты болуы керек.

Есептің мазмұнында болуы тиіс:


  1. Сыртқы беті (титулды парақ)

  2. Мазмұны

  3. Кіріспе

  4. Өндірістік тәжірибе күнделігі

  5. Шаруашылық субъектісіне жалпы сипаттама

  6. Шаруашылық субъектісінің бөлімдерінің жұмыстарына сипаттама және талдау

  7. Кәсіпорын (ұйым) қызметінің қаржылық экономикалық көрсеткіштерін талдау

  8. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқаруды жетілдіруге ұсыныстар

  9. Қорытынды

  10. Қолданылған әдебиеттер тізімі (ақпарат көздері)

  11. Қосымшалар

Есепке қосымша тігіледі:

  1. . Тәжірибені өту күнделігі.

  2. . Кәсіпорынның нақты құжаттары (қаржылық есептілік, кәсіпорынның және қаржылық экономикалық бөлімдердің ұйымдық құрылымы, зерттеу тақырыбы бойынша материалдар)

Барлық жиналған материалдар тиянақты түрде папкаға тігіледі.

Есептің жалпы көлемі қосымшаларды қосқанда 30-40 парақ бет болу керек. Мәтінді жазған кезде шетінен: сол жақтан 3 см, оң жақтан- 1,5 см, жоғарғы және төменгі жақтан 2 см қалдыру керек. Есептегі парақ беттерінің номері сыртқы беттен (титулды) басталып, тізбектеліп, араб сандарымен белгіленіп, парақтың жоғарғы оң жақ бетіне қойылады.

Сыртқы бет (титулды) номерленбейді және бірыңғай нұсқада болуы тиіс, қосымша 2 көрсетілгендей.

Есепті қорғау арнайы комиссиямен қабылданады. Есепті қорғау кезінде өндірістік тәжірибе уақытында үйренген тәжірибе мен білімді көрсету керек. Тәжірибенің нәтижесі бойынша баға талаптарға сай болып, студенттің «Қаржы» мамандығы бойынша тәжірибелік жұмысқа дайындық деңгейін көрсетеді.


3. Өндірістік тәжірибе
3.1 Өндірістік тәжірибенің міндеттері мен ұйымдастырылуы
Өндірістік тәжірибе 2012 жылдың 23 тамызындағы №1080 нұсқасымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарындағы жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес жүргізіледі.

Студенттердің өндірістік тәжірибесі – жоғары білікті мамандарды дайындаудағы маңызды кезең болып табылады. Тәжірибенің басты міндеті студенттердің білім алу үдерісіндегі алған теориялық білімдерін бекітіп және болашақ мамандықтарын тәжірибелік жағынан үйреніп, теория мен шаруашылық жүргізу тәжірибесін байланыстыра білу

Өндірістік тәжірибенің базасы студенттің ғылыми қызығушылығы мен дипломдық жұмыс тақырыбына сәйкес таңдалады. Студенттер өндірістік тәжірибені салық, кедендік және қаржылық органдарда, қазынашылық, сақтандыру ұйымдарында, банктік жүйе мекемелерінде, сонымен қатар кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінде өтуіне болады.

Тәжірибенің мақсаты болып, білім алып жатқан мамандығы бойынша кәсіби қызметі жағынан тәжірибе жинақтап, теориялық білімін бекіту болып табылады.

Өндірістік тәжірибені өту кезеңінде студенттер сол немесе басқа бөлімдегі қаржылық жұмыстарды ұйымдастыруға байланысты тәжірибелік материалдарды терең зерттеулері тиіс. Жинақталған алғашқы құжаттары, есеп беру материалдары, бухгалтерлік құжаттардың бланктері, қолдану материалдары өндірістік тәжірибе есебіне тігіліп, дипломдық жұмысты жазуда пайдаланылуына болады.

Өндірістік тәжірибені өтудің алдында тәжірибе өтілетін базаның жетекшісі, кафедрадан тағайындалған жетекшімен бірлесе отырып, жұмыс тізімі мен орындау уақыты және жұмыс орны көрсетілген күнтізбелік жоспарды құрастырады.

Тәжірибені өтіп болғаннан кейін студенттер, нақты жинақталған материалдарға сүйене отырып, жоғарғы оқу оындарындағы соңғы кезең – дипломдық жұмысты жазып, қорғауға кіріседі.

Өндірістік тәжірибенің міндеттеріне кіреді:

- студенттердің білім алу үдерісіндегі алған теориялық және машықтану білімдерін бекітіп, алған білімдерін мамандығы бойынша нақты қаржылық экономикалық міндеттерді шешуде пайдалана білу;

- таңдаған мамандығы бойынша тәжірибе жинақтап, оны дамыта білу;

- дипломдық жұмысты жазып, өндірістік іс- тәжірибе бойынша есепті құрастыруда нақты материалдарға талдау жасап, қол жетерлік ақпараттарды жүйеге келтіріп, жинау;

- Өз бетімен жұмыс жасауда тәжірибесін дамытып, зерттеу әдістемелерін үйрену, ұйымдардың қаржылық ресурстарын басқаруда және есептегі мәселелердің шешімін табуда эксперименттер жасау;

- студенттердің тәжірибелік жұмыстарға дайындығын анықтау.

Өндірістік тәжірибе бағдарламасын орындамаған және есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студент Мемлекеттік емтихан тапсыруға жіберілмейді.




3.2 Тәжірибеге жетекшілік жасау
Тәжірибеге жалпы оқу әдістемелік жетекшілік етуді Еуразия гуманитарлық институтының «Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасы жүргізеді.

Өндірістік тәжірибенің кафедрадан тағайындалған жетекшісінің міндетіне кіретін:

- күнтізбелік жоспарды құрудағы сұрақтарға, тәжірибенің өтілу жоспары мен оның ұйымдастырылуына кеңес беру;

- тәжірибенің өтілу уақытындағы күнделікті толтыру барысындағы туындағын сұрақтарға кеңес беру;

- өндірістік тәжірибенің нәтижесі бойынша есепті дайындап, дипломдық жұмыс жазудағы материалдарға талдау жасап, жинауда әдістемелік көмек;

- өндірістік тәжірибенің өтілуіне байланысты студенттің есебіне қысқаша пікір жазып беру.

Тәжірибенің өту орнында тәжірибе жетекшісі болып сол кәсіпорындағы білікті маманға жүктеледі:

Тәжірибенің өту орнындағы мамандар арасындағы жетекші:

1. Осы бағдарлама көлемінде өндірістік тәжірибені ұйымдастырады.


  1. Тәжірибе сұрақтары бойынша кеңестер береді.

  2. Тәжірибенің соңында студентке қысқаша пікір (мінездеме) береді, онда өндірістік тәжірибенің бағдарламасын қалай орындағаны, тәжірибеші студенттің еңбек тәртібін сақтағаны және кәсіби дайындығы жайында көрсетіледі.



3.3 Тәжірибеленуші - студенттің міндеттері
Өндірістік тәжірибені өту барысында студент міндетті:

  1. тәжірибені өту орнындағы ішкі тәртіп, ережені сақтауға;

  2. кәсіпорыннан тағайындалған тәжірибе жетекшісінің өкімдерін орындауға;

  3. тәжірибенің өту жоспары мен күнтізбелік жоспарды өз уақыты мен толық көлемде орындауға;

  4. көрсетілген нұсқада күнделікті толтыруға;

  5. тәжірибе нәтижесі бойынша, кафедра бекіткен уақыт пен нұсқада есепті ұсынып, қорғау.

Өндірістік тәжірибе бағдарламасын орындамаған студент, дипломдық жұмысты қорғау мен мемлекеттік емтиханға жіберілмейді

3.4 Өндірістік тәжірибенің мазмұны
Жұмыс орындарында тәжірибені өту барысында студент өз бетімен жұмыс істеуді, мамандардың экономикалық әдістерді қолдануын, барлық бөлімдерде инструкциялық материалдарды терең зерттеп, келесі көлемдегі жұмыстарды орындауы қажет: қаржылық ұйымдардың құрылымымен жалпылама танысу (банктер, шаруашылық субъектілері) және өндірістік тәжірибе базасының ерекшеліктеріне сәйкес, оның қаржылық экономикалық қызметтерін зерттеу.

3.4.1 Коммерциялық банктерде
Коммерциялық банктердің қызмет ету аясы ерекше. Өндірістік тәжірибесін екінші деңгейлі банктерде өтетін студент, банктің бүкіл бөлімдерінің қызметін тізбектеп, зерттеуі қажет. Осыған байланысты, негізгі көңілді тікелей дипломдық жұмыс тақырыбының объектісіне бөлу керек.

Банк қызметін зерттеуді оның қызметінің негізін анықтайтын, Банк Жарғысымен танысудан бастау керек. Сонымен қатар, банк құрылымын, барлық бөлімшелердің қызметі мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерін түгелдей зерттеу керек. Банк қызметіндегі келесі жақтарды зерттеу ұсынылады:



Қызмет етудің құқықтық және экономикалық негіздерінен

  • банктік қызмет ету облысындағы банктік қызмет етудің құқықтық негіздерін көрсететін, заңнамалық актілер мен инструктивті материалдарды зерттеу;

  • банк құрылымы мен бөлімше қызметкерлерінің функционалдық міндеттемелерімен танысу;

Банктік пассивтерді қалыптастыру

  • Жарғылық, Резервтік және басқа да қорларды біріктіретін, банктің меншікті капиталын , сонымен қатар бөлінбеген пайданы талдау;

  • оның жеткіліктілігін бағалау;

  • банктің қаржылық қорларының қалыптастыру ерекшеліктерін;

  • пассивтік операциялар тізімін зерттеу;

  • депозиттік операцияларды талдау (әр түрлілігіне байланысты – салымшыларына байланысты, валютаға байланысты, табыстылығына байланысты және т.б.);

  • банк пассивтерінің құрамы мен құрылымы;

  • банк аралық несиелерді зерттеу;

  • банктің эмиссиялық операцияларды пайдалануы (қосымша акцияларды эмиссиялау, қарыздық құнды қағаздарды шығару);

  • ресурстарды басқа да әдістермен тарту.

Активті операциялар:

  • банк активтерінің құрамы мен құрылымы;

  • несиелік оерацияларды талдау (әр түрлілігіне байланысты – клиенттерге байланысты, валютаға байланысты, уақытына байланысты, табыстылығына байланысты, қамтамасыз етуіне байланысты және т.б.);

  • несиелік үдерісті талдау;

  • құжат айналымын зерттеу (несиелік өтініштер, несие беру қажеттілігін дәлелдейтін есептер мен құжаттар, несиелік істер);

  • несие төлеу қабілеттілігін анықтайтын әдістерді оқу;

  • несие беру ісімен танысу;

  • несиелік келісім шартты құру тәжірибесін үйрену;

  • несиені қайтарып алуды қамтамасыз ететін, әр түрлі нұсқаларды пайдалану тәжірибесімен түгелдей танысу (кепілдік механизмі, гарант, несиелік тәуекелділікті сақтандыру және т.б.);

  • берілген ссудаларды мақсатты пайдалануды бақылаудың тиімділігін бағалау;

  • құнды қағаздар нарығындағы банк қызметтерін зерттеу;

  • кассалық және есеп айырысу операцияларының іске асу тәртібімен танысу;

  • банктің инвестициялық қызметімен танысу;

  • банктің жүргізетін валюталық операцияларымен танысу.

Банктің көрсететін қаржылық қызметтері:

  • банктік қызмет көрсетудегі банктің мүмкіндігі;

  • лизингтік операцияларды пайдалану;

  • банктің форфейтингтік және факторингтік қызметтері;

  • заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін трасталық операцияларды зерттеу;

  • сейфтік қызметтер;

  • банктік инновациялар;

  • төлем карталарымен жұмыс істеу.

Банктің Ұлттық Банкпен байланысы:

  • пруденциялық нормативтерді есептеу;

  • бірнеше жыл көрсеткіштер динамикасын зерттеу;

  • коммерциялық банктердің өтімділігі мен төлем қабілеттілігі;

  • есеп беру материалдары мен бухгалтерлік құжаттарды зерттеу.

Қызмет көрсетудің қаржылық көрсеткіштері:

Банк шығыстарын қарастыру ( пайыздық, әкімшілік және басқалай)



  • банк шығыстарының құрамы мен құрылымы;

  • табыстарды талдау және оны қалыптастыру көздері;

  • табыстарды бөлу тәртібін қарастыру;

  • банктік табыстардың қаржылық экономикалық көрсеткіштерінің есебі;

  • банктің жұмыс істеу тиімділігін бағалау;

Банктік тәжірибедегі тәуекелділіктер

  • тәуекелділіктер түрі және олардың банктің қызмет етуіне әсері;

  • осы банкте қолданылатын тәуекелдерді басқару әдістері;

  • банктің жұмысының қорытындыларына түрлі тәуекелдердің әсер етуін бағалау;

  • банктік тәуекелдер мониторингі және оларды төмендету жолдары.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін, студент өндірістік тәжірибе бағдарламасына сай және күнтізбелік кестедегі нақты жұмыс түрін атқарғаны бойынша есеп жазады. Тәжірибе өту кезеңдерінде студент түрлі бөлімшелер бойынша тәжірибелік материалдар жинақтап, дипломдық жұмысты жазуда оны қолданады.



    1. 3.4.2 Салықтық органдарда

Студент танысуы тиіс:

- бөлім құрылымымен және бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерімен;

- салықтық есепте тұрған салық төлеушілер тізімі мен салық салу объектісімен;



- салық төлеушілердің арыз, хаттары мен өтініштерін қарастыру тәртібімен;

- СТН табыс ету және лицензиялар мен патенттерді беру тәртібімен;

- салық төлеушілер есебі мен оларды кітапқа тіркеу тәртібімен танысып, есеп беру нұсқалары мен қатаң есеп беру бланктерін зерттеу;

- карточкалар мен шоттарды ашу тәртібімен, төлем тапсырмасы және квитанцияларды ендіру ережесімен танысу.

Аудит бөлімінің жұмыс орнында: салықтық есепте тұрған салық төлеушілер тізімі мен салық салу объектісімен танысып, сонымен қатар осы бөлімнің жұмысында пайдаланатын бланктік материалдармен есеп берудің негізгі нұсқаларымен танысу. Осы бөлімде тәжірибеден өту кезеңінде студент дұрыс аударымдар жасаудың тәжірибелік әдістемесін қарастырып, заңды тұлғалардың бюджетке төленетін салықтары мен міндетті төлемдерінің толық және уақытында төленуін үйренуі керек. Осы мақсатта материалдарды қарастырып, салық салу сұрақтары бойынша, кәсіпорындар мен ұйымдардың хаттары мен өтініштерімен танысу керек.

Студент салық инспекторларымен бірге кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы шаруашылық қызметін тексеруге қатысуы тиіс;

- салықтық тексеріс қорытындысы бойынша жоғары тұрған ұйымдарға есептер мен ақпараттарды жеткізу тәртібімен танысу керек,

- салықтардың түсуін есептеп, талдау жасау бөліміне берілетін, тексерісті жүргізу материалдарымен танысу;

- әкімшілік құық бұзушылық хаттамалары мен тексеріс актілерін жасауды.



Қазіргі кезде қолданып жүрген салықтық заңнамашылықтарды бұзушыларға, қаржылық және салықтық санкцияларды қолдану тәртібін бақылау іс шараларының қорытындылары бойынша талдау жүргізу, берілген район бойынша жеке тұлғалардың табысынан түскен салықтардың сандық көрсеткіштерін, бақылау жұмыстарының жағдай бойынша бөлім есептерін талдау.

Есептеу, талдау және ақпараттық технологияларбөлімінің жұмыс орнында:

- бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен танысу,

- салық төлеушілердің есепте тұрған тізімімен;



- түсіндірме материалдарымен, тұлғалардың шоттарын жүргізу тәртібіне реттеу жүргізетін жоғарғы ұйымдардың хаттарымен танысу;

- декларацияларды қабылдау жүргізу әдістері мен талаптарын оқып, жеке және заңды тұлғалардың қаржылық есеп беру мен басқа да есептерінің материалдарымен танысу;

- декларация қабылдау тәртібімен, шағын бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың есептерімен;

- жеке шоттар мен карточкаларды ашып, оларды жүргізу тәртібімен танысу;

- жеке және заңды тұлғалардың балансын қабылдау негізінде жүргізілетін құжаттар мен инструкциялық материалдармен танысу;

- салық органдарының қызметінде қолданылатын ақпараттық жүйелер тәжірибесімен танысу: ИНИС, ИСИД, ИСНДС, ЭФНО, ЭКНА, РНиОН, СГДС.



Өндіріп алу бөлімінің жұмыс орнында:

- бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен танысу;

- ағымдағы аванстық төлемдерді төлеу уақыты мен тәртібін және бюджет табысындағы салықтардың қорытынды соммасын;

- салықтық заңнаманы бұзушыларға өсімпұл мен штрафтарды аудару тәртібін;

- салықтық міндеттемелерді орындаудағы, салық төлеушінің мүлігін өндіріп алуда қолданатын әдістердің жүргізілу тәртібін;

- салық төлеушіге тиесілі соманы алып қоюда шектеулі мүлікті иемденуді жүзеге асыру тәртібімен, сонымен қатар экспорттық операцияларды тоқтату тәртібімен танысу;

- бюджетке салықтық қарыздарды өтеу тәртібімен,

- салықтық заңнамалықты бұзудағы жауаптыларға қолданылатын амалдармен және таластарды шешуде, сонымен қатар сот тәртібіндегі тексеріс актісі бойынша,салықтарды өндіріп алу тәртібімен танысу.



Төленбеген төлемдер бөлімінің жұмыс орнында студент танысуға тиіс:

- бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен және салық төлеушілерді есепке қою тәртібімен танысу;

- районның экономикалық картасын жасаудағы, жеке меншік құқықтағы мүліктерге салық төлеу бойынша, салық инспекторларымен бірге түсіндірме жұмыстарға қатысу;

- заңнамалық актілерді оқу;

- жергілікті салықтарға дұрыс аударым жасауды бақылауда тәжірибелік жаңашылдықты үйрену



Жанама салықтар бөлімінің жұмыс орнында тәжірибеші танысуы тиіс:

- бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен танысып, жанама салықтарды өндіріп алу мен аударудың тәжірибелік әдістемесін үйрену,

- ҚҚС пен акциз бойынша декларацияны қабылдау тәртібін және шот фактураны толтыру тәртібімен танысу,

- ойын бизнесі саласындағы жұмыс істеп тұрған салық салу тәжірибесімен танысу,

- нольдік пайыз бойынша, ҚҚС айналысы мен қайтару тәртібі және ҚҚС толық, өз уақытында аударым жасау бойынша заңдық құжаттармен танысу.



Салық төлеушілерді тіркеу бөлімінде студент танысуы тиіс:

- бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен,

- салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу тәртібімен,

- салық төлеушілерді тіркеу есебіндегі тәжірибелік әдістемелермен,



- бөлек қызмет түрлерін көрсететін, салық төлеушілерді есепке алу тәртібімен,

- салық төлеушілерді есепке алудағы қажетті құжаттармен танысу.



Салық төлеушілермен жұмыс жасау бөлімінде студент танысуы тиіс:

  • есепте тұрған салық төлеушілер тізімімен салықсалу объектілірін;

  • салық төлеушілердің арыздары және хаттарымен қарастыру тәртібін;

  • СТН тапсыру және лицензия мен патенттерді беру тәртібімен;

  • салық төлеушілер есебі мен оларды кітапқа тіркеу тәртібімен танысып, есеп беру нұсқалары мен есеп беру бланктерімен танысу;

  • карточкалар мен шоттарды ашу тәртібімен, төлем тапсырмасы және квитанцияларды ендіру ережесімен танысу.

Бухгалтерлік есеп пен аудит бөлімінде студент түсіндірме материалдарымен, салықтарды өндіріп алу және аударым жүргізетін жоғарғы ұйымдардың хаттарымен танысады.

Оперативті бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен талаптарын үйреніп, заңды және жеке тұлғалардың қаржылық есептілігі мен басқада материалдарының есебімен, декларациялармен танысады. Тәжірибеші декларацияларды, заңды тұлғалардың есептерін, патенттерді, жеке кәсіпкерлердің куәліктерін қабылдау тәртібімен танысуы тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың балансын қабылдау негізінде жүргізілетін құжаттар мен инструкциялық материалдармен танысады.



Тексеріс бөлімінде студент салықсалу объектілері мен есепте тұрған салық төлеушілердің тізімімен танысуы тиіс. Бұл бөлімде тәжірибені өту кезінде студент заңды тұлғалардың төлейтін барлық салық түрлеріне аударымдар жасаудың тәжірибелік әдістемесін үйренуі тиіс. Осы мақсатта түсіндерме материалдармен бірге, салықсалу сұрақтары бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың хаттары және өтініштерімен танысуы керек.

Тәжірибеші салық инспекторларымен бірге, түрлі нұсқадағы жеке меншік кәсіпорындардың қаржылық шаруашылық қызметтерін тексеруге қатыса алады. Тексеріс нәтижесі бойынша жоғарыда тұрған ұйымдарға, ақпараттар мен есеп беру тәртібімен танысады. Студент білу керек :



  • салықтардың түсуін есептеп, талдау жасау бөліміне берілетін, тексерісті жүргізу материалдарымен танысу;

  • жүргізілетін құжаттық тексерістерге қатысуға;

  • коммерциялық дүкендер мен базарда сатылып жатқан, кәсіпкердің тауарларының қалғандарын жинау тәртібімен танысу;

  • әкімшілік штрафтар жайында хаттамалар мен тексеріс актілерін жазуды үйрену;

  • тексеріс жұмыстарының жағдайы туралы есептерді талдай білу;

  • берілген район бойынша бюджетке міндетті төлемдер мен салықтардың түсуін сандық көрсеткіштермен талдай алуды үйрену;

  • бөлімдер жүргізетін кезекшіліктер мен рейдтарға қатысу;

  • осы бөлімдегі тәжірибе нәтижесі бойынша материалдарды рәсімдеп, есеп дайындау.

Күштеп өндіріп алу бөлімінде студентке қажетті:

  • бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен танысу;

  • салық төлеу уақыты мен тәртібін білу;

  • салықты төлеуді қамтамасыз ету тәртібімен танысып, салық төлеушінің мүлкін өндіріп алумен танысу;

  • салық төлеушіге тиесілі соманы алып қоюда шектеулі мүлікті иемденуді жүзеге асыру тәртібімен, сонымен қатар экспорттық операцияларды тоқтату тәртібімен танысу;

  • бюджет алдындағы қарыздарды жабу тәртібімен танысып, таластарды шешу мен салықтық заңнамалықты бұзудағы жауапкершілікті, сонымен қатар сот тәртібімен тексеріс актісі бойынша салықтарды өндіріп алумен танысу;

  • салық қызметінің шешімін қайта қарау тәртібімен және сотқа арыз беруді қарастыру.

Өндірістік іс тәжірибе бағдарламасын орындау туралы есепті студент әрбір жұмыс орнынан кейін жазып отырады.

3.4.3 Шаруашылық субъектілерінде
Өндірістік тәжірибе түрлі шаруашылық субъектілерінде де ұйымдастырылады. Тәжірибеден өту кезінде студент қаржылық менеджмент элементтерін, ағымдағы активтерді басқару мен қорларды пайдалану бағытын таңдауды, сонымен қатар фирманың нақты мәселелерін шешумен танысады:

  • қаржылық шешімдерді қабылдау талаптарын;

  • кәсіпорынның мақсатты дивиденттік және инвестициялық саясатын жасау және табысты өсіру әдістерімен танысу;

  • кәсіпкерлік тәуекелділікті төмендету мен бағалауды жүргізу.

Тәжірибеге кірісуден бұрын, студент фирманың қаржылық экономикалық көрсеткіштерімен толық танысып, фирманың қаржылық жағдайы мен даму болашағын бағалайды.

Тәжірибеші міндетті тәртіпте қаржылық қызметтің құрылымымен танысып, әрбір бөлімнің қызметтерімен және міндеттерді бөлу тәртібімен танысады.

Өндірістік тәжірибе уақытында студент фирманың қаржы менеджерінің қызметіне қатысып, кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметіне талдау жасайды. Тәжірибе бойынша барлық жинақталған материал есеп ретінде тігіледі.

Нақты материалдарды жинап, дипломдық жұмысқа пайдалану, ғылыми жетекшімен ақылдасып, тапсырмаға сәйкес жүргізіледі. Өндірістік тәжірибе бойынша есеп , тәжірибе материалдарының толық болуына байланысты оның сапасын жоғарылатып, қорғауды жеңілдетеді.

Өндірістік тәжірибе басталмас бұрын, жұмыс орындарында жетекші күнтізбелік кестені жасайды, онда студенттің атқаруы тиіс жұмыстардың уақыты мен тізілімі, нақты анықталған міндеттері көрсетіледі.


жүктеу 9,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау