А
Қазіргі қазақ тілінің
синтаксисі
Мақсаты мен міндеттері: қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік
жүйесін ғылымда әбден зерттеліп тұрақталған көзқарас тұрғысынан
танып білу, сипаттау, әдеби тіл нормаларын игеруіне көмектесу, қажет
тілдік әдістемелік білімдермен қарулану.
Қазақ тілінің синтаксисі іштей үш салаға бөлінеді: сөз тіркесі
синтаксисі, жай сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі.
Сөз тіркесі туралы түсініктеме мен сипаттама. Сөз тіркесінің түрлері.
Сөйлем және оның түрлері. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері:
оңашаланған және қосалқы айқындауыш болып екіге бөлінеді.
синтаксистік тұрғыдан талдай білу қажеттілігінің білімділігі; сөйлем
мүшелеріне ажырата білудің түсінігі; жаттығу жұмыстарын жасай
біліу дағдысы.
Қазіргі қазақ тілінің
фонетикасы
Магистратура пәндері.
Б
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Мақсаты мен міндеттері: қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік
жүйесін ғылымда зерттеліп тұрақталған көзқарас тұрғысынан танып
білу, сипаттау; әдеби тіл нормаларын игеруіне көмектесу; қажет тілдік
әдістемелік білімдермен қаруландыру.
Синтаксис пәнін оқытуда сөз тіркесі, сөйлем, олардың құрылысы,
бөгде сөз, тыныс белгілері тақырыптарынан білімдерін тереңдетіп,
біліктіліктерін дамытса, осы білімді игерумен қоса оны түсіну,
зерттеу, тілші-ғалымдар көзқарастарын салыстыра отырып, өз
пікірлерін тұжырымдау дағдыларын қалыптастырады. Сөз тіркесін
оқыту жолдары. Сөз тіркесіндегі басты ерекшеліктерді үйрету
жолдары. Сөйлем мен оның түрлерін оқыту жолдары. Сөйлемнің
басты ерекшеліктерді үйрету жолдары.
қазақ тілі синтаксисінің жетекшілік рөл атқаратынын көрсетіп, тілден
берілетін теориялық білімді жетік білудің білімділігі, түсінігі мен
дағдысы.
Орфография нормативі
Магистратура пәндері.
В
Қазақ тілінен сауат ашу
әдістемесі
Мақсаты мен міндеттері: қазақ тілі бойынша сауаттылық қасиеттерді
жетілдіру заңдылықтарын сипаттау. Көркемдік әдістер мен бағыт,
ағымдар, стиль мәселесі т.б. жөнінде жан-жақты мәлімет беріліп,
тілдік-теориялық ұғымының қалыптасуына мүмкіндік жасау.
Қазақ тілін меңгерту заңдылықтары, сауат ашудың мазмұны мен
жүйесі, қазақ тілін оқытудың негізгі принциптері, сауат ашудың әдіс-
тәсілдері. Әдеби тілдің, әсіресе оның жазба түрінің жетілген шағында
қоғамдық қызметі артып жұмсалу аясы кеңейе түсуі, даму жолдары
мен қалыптасу ерекшеліктеріндегі негізгі айырмашылықтар. Сөздер
қызмет етіп отырған қоғамның ресми тіліне айналуы.Әдеби тілдің
қоғамдық
қызметімен
байланысты
оның
жанрлық-стильдік
тармақтары қалыптасып дамуы. Қазақ тілі сөз байлығының асылдану
жолы біржақты дами түсуінің алғышарттары.
қазақ тілінен салат ашудың білімділігі; сауат ашудың терең
теориялық түсінігі; сауат ашу жолдарын терең мегеру дағдысы.
Орфоэпия нормативі
Магистратура пәндері.
А
Практикалық қазақ тілі
Мақсаты мен міндеттері: сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу
заңдылықтарының негізінде тілдің дыбыстық жүйесінен, дауысты,
дауыссыз дыбыстардан, қазақ тілінің дыбыстық құрамы мен
ерекшеліктерінен, үндестік заңынан, орфоэпия мен орфографиядан,
сонымен қатар қазақ тілінің фонетикалық даму заңдылықтары туралы
теориялық тұрғыдан жүйелі білім беру.
Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, күрделі
салалары, ол салалардың басқа ғылымдармен байланысы. Тілге дұрыс
анықтама берудің теориялық мәні. Қазақ тілдің коммуникативтік,
экспрессивтік
функциялары,
бұл
екеуінің
ара
қатынасы,
коммуникативтік функцияның мәнділігі. Тілдің структуралық,
семиотикалық сипаттарына қарай, қоғамның, мәдениеттің дамуына
тигізетін әсеріне, алатын орнына қарай беріліп жүрген анықтамалар.
қазақ тілінің жетекшілік рөл атқаратынын білудің блімділігі; тілден
берілетін теориялық білімді жетік білу түсінігі;тілдің фонетикасынан,
лексикадан, морфологиядан жүйелі білім берудің дағдысы.
Қазіргі қазақ тілінің
фонетикасы
Жалпы тіл білімі, Қазіргі
қазақ тілінің практикалық
грамматикасы
Б
Нормативті қазақ тілі
Мақсаты мен міндеттері: сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу
заңдылықтарының негізінде тілдің дыбыстық жүйесінен, дауысты,
дауыссыз дыбыстардан, қазақ тілінің дыбыстық құрамы мен
ерекшеліктерінен, үндестік заңынан, орфоэпия мен орфографиядан,
сонымен қатар қазақ тілінің фонетикалық даму заңдылықтары туралы
теориялық тұрғыдан жүйелі білім беру.
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері. Сөйлемнің тұрлаулы
мүшелері. Оқшау сөздердің түрлері, олардың орналасу тәртібі және
тыныс белгілері. Қазақ емлесінің кейбір мәселелері. Тыныс
белгілерінің мәні мен атқаратын қызметі. Негізгі түбір, оның
белгілері. Туынды түбір оның белгілері. Негізгі сөз бен туынды
түбірдің мағына байланыстылығы. Біріккен сөздер, оның ішкі түрлері:
сыңарлы тұлғасын өзгертіп бірігуі (биыл, бүгін), сыңарвы тұлғасын
өзгертіп бірігуі (тасбақа, көлбақа). Қос сөз оның түрлері. Қосарлама
қос сөз және қайталама қос сөз. Қос сөздердің жасалу жолдары.Қос
сөздердің семантикалық сипаты. Қысқарған сөздер. Күрделі
атауларды қысқартып айту, жазудың жолдары. Дара және күрделі
сөздер. Тіркесті күрделі сөздер мен аналитикалық формалы сөздер
туралы мәлімет.
тілдің
фонетикасынан,
лексикологиядан,
сөзжасамнан,
морфологиядан және синтаксистен жүйелі білімділік; тілден берілетін
теориялық білімді жетік білу дағдысы.
Орфография нормативі
Қазақ және орыс тілдерінің
салыстырмалы
грамматикасы, Қазақ тілінің
тарихы
В
Орфография, орфоэпия
теориясы
Мақсаты мен міндеттері: Орфоэпиялық және орфографиялық
ерекшеліктерді меңгерту мен тіл дыбыстары және олардың түрлерімен
таныстыру, үндесу заңдылықтарын білдіру, орфоэпиялық және
орфографиялық ерекшеліктерді меңгерту.
Орфография және орфоэпия жүйесі.Тіл білімінің басқа ғылымдармен
байланысы. Тілдің қоғамдық мәні мен қызметі. Тіл және ойлау. Тіл
және сөйлеу. Тілдің құрылымы, оның жүйесі. Фонетиканың зерттелуі.
Салалары мен обьектісі. Қазіргі қазақ тілі фонетикасындағы өзекті
мәселелер. Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Буын үндестігі. Дыбыс
үндестігі және оның түрлері. Дыбыс үндестігінің орфография мен
орфоэпияға қатысы.Сөз бен дыбыстың, сөз бен мағынаның және
ұғымның өзара бірлігі мен айырмашылығы. Сөзге тән белгілер.
Дауыссыздардың қиюласуы. Ассимиляция мен сингармонизмнің ортақ
жақтары және олардың айырмалары.
орфографиялық және орфоэпиялық заңдылықтарды терең меңгеру
үшін қалыптасқан білімділік; терең теориялық сауатты түсінік;
нормаларды талдау жолдарын меңгеру дағдысы.
Орфоэпия нормативі
Түркі тілдерінің
салыстырмалы
грамматикасы,Грамматика
А
Тілдік қатынастар негіздері
Мақсаты мен міндеттері: тілдік қатынас мәселесінің басты
қағидаларымен, ережелерімен, заңдылықтарымен, ұстанымдарымен
таныстыра келіп, оларға адам мен адам арасындағы, бір ұлт пен
екінші ұлт арасындағы пікір алмасудың, сөйлесудің, түсінусудің
негізгі бағыттар мен жолдарымен танысу.
Тіл мен сөйлеу, олардың өзара қарым-қатынасы. Сөйлеудің адам
өміріндегі маңыздылығы мен қажеттілігі. Оның тілдік қатынаспен
өзара байланысы мен айырмашылығы. Тілдесім әрекеті, оның түрлері,
пайда болуы мен маңыздылығы, басты ерекшеліктері, оның тілдік
қатынаста алатын өзіндік орны мен ерекшеліктері.Сөйлесім әрекеті,
оның түрлері, пайда болуы мен маңыздылығы, басты ерекшеліктері,
оның тілдік қатынаста алатын өзіндік орны мен ерекшеліктері.
Қатынас жасау әрекеті, оның түрлері, пайда болуы мен маңыздылығы,
басты ерекшеліктері, оның тілдік қатынаста алатын өзіндік орны мен
ерекшеліктері. Тілдік қатынас пәнінің зерттелу тарихы, ол туралы
жарияланған қазақ және шетел тілі ғалымдарының ғылыми-зерттеу
еңбектері, олардың маңыздылығы мен құндылығы. Қазақ тілдік
қатынасының пайда болу тарихы туралы жалпы сипаттама. Тілдік
қатынастың адамзатқа тән ойлау мен сөйлесім процесінің бірлігі
нәтижесінде қоғамдық-әлеуметтік өмірде тіл арқылы жарыққа шыққан
адам санасының көрінісі екендігі. Хабарға тікелей қатысушылардың
тілдік қатынас негіздері жеке пән ретіндегі ролін түсінудің білімділігі;
сөйлеу мәдениетіне байланысты іскерліктің түсінігі; теориялық білімі
мен тәжірибелік дағдысы.
Тіл біліміне кіріспе
Магистратура пәндері.
КП
4
7
КП
3
5
БП
3
5