5В011100 – «Информатика» мамандығының студенттеріне арналған біртұтас Практика бағдарламасы



жүктеу 96,32 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.12.2017
өлшемі96,32 Kb.
#4371
түріБағдарламасы


Қосымша 3.

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

       Математика және информатика  кафедрасы

Көбеева  З.



5В011100 – «Информатика» мамандығының студенттеріне арналған

біртұтас 

Практика бағдарламасы

 

                                              Шымкент, 2016 ж.

1



5В011100   –   Информатика   мамандығының   студенттеріне   арналған   біртұтас   практика

бағдарламасы. – Шымкент: Шымкент университеті, 2016 ж. 10 бет.

 

  Ұсынылған   практика   бағдарламасы   5В011100   –   Информатика   мамандығының



студенттеріне   практикалық   іс-тәжірибелерді   өткізу   үшін   қажетті   оқу-әдістемелік   құрал

болып табылады.

Рецензенттер:

Нысанов Е., М.Әуезов атындағы ОҚМУ профессоры, ф.м.ғ.к. 

Өтебаева Ш.К.,  Шымкент университеті, п.ғ.к.

  Практика   бағдарламасы   Шымкент   университетінің   оқу-әдістемелік   кеңесінде

талқыланып құпталды.

                                          

   Шымкент университеті, 2016 ж.



Алғы сөз

Педагогикалық   практика  студенттер   үшін   маңызды   оқу   үрдісінің   бөлімі   болып

саналады.   Педагогикалық   практика   кезінде   студенттер   барлық   информатикадан,

программалау пәндерден алған білімдерін жалпы білім беру мектебінде іс жүзінде қолдану

арқылы   машықтанады.   Бұл   практика   түрі   болашақ   маман   үшін   соңғы   іс-тәжірибе   болып

саналады. Педагогикалық  практика 4 курста  өткізіледі. Студенттер қала мектептерінде 10

апта   бойында   мұғалім   қызметін   атқарады.   Мектеп   бағдарламасна   сәйкес   сабақ   жүргізеді.

Мектептегі   оқу,   тәрбие   және   қоғамдық   жұмыстарды   жоспарлау,   бағалау   және   қадағалау

бойынша машықтанады. 

5В011100 – Информатика мамандығының студенттері университетте оқу кезінде, оқу

жоспарына сәйкес, оқу және педагогикалық практика түрлерінен өтеді.  Сөйтіп, әр теориялық

курстан   кейін   практикалық   курс   өткізіледі.   Оқу   практикалары   базалық   пәндерден   бастап

кәсіби   пәндерді   де   қамтиды.   Оқу   практикалары   әр   курс   сайын   өтілетін   информатикалық

пәндер бойынша жүргізіледі.

Оқу практикасы 2 және 3 курста өтеді. Сонымен, оқу практикасының мақсаты базалық

және   кәсіби   пәндер   бойынша   теориялық   білімдерін   іс-тәжірибелер   арқылы   нақтылау

саналады. Оқу жоспары бойынша келесі пәндер бойынша оқу практикасы жүргізіледі:

                        1.   Практика бойынша жалпы ережелер



1.1  Оқу практикасының мақсаты мен міндеттері.

Оқу   практикасының   мақсаты   болып   теориялық   курстан   алынған   материалды   іс-

тәжірибелік жұмыстар арқылы бекіту болып саналады.

Оқу практикасы кезінде студенттер келесідей жұмыстар атқарады:

- теориялық материаладарды практика жүзінде жұмыс жасауға дағдыланады;

- жаңа әдістемелеремен танысады;

- оқытудың жаңа инновациялық түрлерімен танысады;

- зертханалық   жұмыстарға   қажетті   құрал-жабдықтармен   жұмыс   істеу   дағдыларын

меңгереді;

- зертханалық жұмыстардағы техника қауіпсіздігін сақтау ережелерінің маңызыды шара

екенін меңгереді;

- сабаққа қажетті көрнекіліктермен жұмыс атқару және оларды сабақ үстінде орында

және тиімді пайдалануды меңгереді;

- практика   кезінде   студенттер   өздігінен   белгілі   практикалық   сабақты   меңгеруге

үйренеді;

- зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.



1.2 Оқу практикасының өткізілуне қойылатын талаптар

     Оқу практикалары пән бойынша практика жетекшісінің басшылағымен жүргізіледі.

Практика алдында  студенттерге практикалық  сабақтың  мақсаты  мен міндеттері,  сабақтың

жүру ерекшеліктері, практикадан алынатын соңғы нәтиже мен оның маңызы түсіндіріледі.

Практикалық  тапсырманы  орындауға  қажетті  әдістемелік  материалдар  мен қажетті  құрал-

жабдықтармен   қамтамасыз   етіледі.   Сабақтың   соңында   студент   практикалық   тапсырманы

орындағаны   туралы   мәлімет   өткізеді.   Практика   жетекшісі   тпапсырманы   қабылдап   алады.

Тапсырма нәтижесі тиісті бағаланады.



1.3

Педагогикалық практиканың мақсаттары мен міндеттері.

Педагогикалық практиканың мақсаты студенттің жалпы білім беру мектебінің мұғалімі

қызметін атқаруға дайындалу болып саналады. Педагогикалық практика кезінде практикант

келесі дағдаларды қалыптастыруы қажет:

- мектеп бағдарламасы бойынша информатикалық пәндерден сабақ жүргізуді меңгеру;

- пән бойынша жылдық жоспарды түзуді үйрену;




- тақырыптық жоспарды түзу;

- сабақта көрнекіліктермен жұмыс істеуді үйрену;

- сынып жетекшісі рөлін атқаруды үйрену;

- сыныптағы тәрбие сағаттарын өткізуге машықтану;

- пән бойынша информатикадан үйірмелік  сабақтарды басқаруды меңгеру;

- белгілі тақырыпқа диспут өткізуді меңгеру;

- пән тақырыбына ашық сабақ өткізу;

- сынып оқушыларына писхологиялық мінездеме  түзуді меңгеру;

- сыныптағы  психологиялық климатты  анықтау, оқушылармен қарым-қатынас түзуге

дағдылану;

- оқушылыардың білімін бағалаудағы педагогикалық қағидаларды меңгеру;

- жалпы   мектеп   мұғаліміне   қажетті   педагогикалық   ұстанымдарды   меңгеруге

дағдыолану.

1.4


Педагогикалық практикасын өткізуге қойылатын талаптар

Педагогикалық практика міндетті түрде мектепте өткізіледі. Практика өтетін мектеппен

заңды   бекітілген   келісім   шарт   болуы   тиіс.   Педагогикалық   практикаға   студенттер

университеттің   ректорының   бұйрығымен   бекітілген   және   оқу   жоспарында   көрсетілген

мерзімде   барады.   Алдын   ала,   студенттердің   қай   мектепке   және   қандай   сыныптарға   қай

сабақтардан   мұғалім   қызметін   атқаратыны   туралы   мағлұматтар   жиналады.   Студенттерге

арнайы  практика жөніндегі әдіскер бекітіледі. Практикаға керекті әдістемелік және келісім

шарттық құжаттар тапсырылады. Практика кезінде студенттің орындайтын жұмыстары мен

жинайтын   материалдары   және   практика   туралы   есеп   беруге   қажетті   материалдар   мен

құжаттар   тізімі   нақтыланады;   практикаға   жолдама,   күнделік   және   практикаға   арнайы

тапсырмалар.

Мектепке келгеннен кейін студенттер мектеп басшысының нұсқауы  бойынша белгілі

пән   мұғалімінің   қарамағына   бекітіледі.   Практикант   оқу   бағдарламалары   және   сабақ

жоспарларымен еркін танысуы шарт. Практикант мектептегі техника қауіпсіздігімен танысып

арнайы журналға қол қояды. Сабақ кестесімен танысады.

Практика кезінде студент күнделікті атқарған жұмысы туралы жазбаша есеп жинайды.

Практика   соңында   студент   күнделігін   және   практика   өткені   туралы   құжаттарды   мектеп

басшысының   қолымен   және   мөрімен   нақтылап   жабады.   Студентке   мектеп   басшысы

мінездеме береді.

Студент күнделіктен басқа, барлық байқаған және үйренген әдістемелік материалдар

туралы   арнайы   дәптерге   материал   жинайды.   Практика   соңында   барлық   жиналған

материалдарды қорытындылап практика туралы есеп жазады. Университетке келгеннен кейін

келесі   1   апта   ішінде   студент   практика   туралы   есебін   кафедраға   өткізуі   тиіс.   Есеп

университеттің арнайы кеңесінде қорғалып бағаланады. 

        Практикаға   қатыспаған   студентке   және   практика   кезінде   барлық   педагогикалық

ережелерді  сақтамағана  және оны  бұзған студенттерге мектеп  директоры  шара  қолдануға

құқықты   және   оол   туралы   университет   ректорына   хабарлайды.   Университет   ректоры   ол

хабарды талқылап ары қарай қандай шара қолдануды шешеді.

 

2. Практиканың жеке түрлерінің бағдарламасы

                                      Оқу практикалары 



2.1 Оқу практикасы туралы қысқаша сипаттама

Информатика   оқытушыларын   даярлау   жүйесінің   ең   негізгі   бір   бөлігі   –оқу

практикасы. 

Оқу   практикасы   кезінде   студенттердің   информатикадан   игеруге   жыл  бойы

лекцияларда, практикалық сабақтарда алған білімдерді тиянақталады.



1. Оқу іс-тәжірибенің мақсаты:

Осы   іс-тәжірибенің   өту   барысындағы   студенттердің   барлық   іс-әрекеттері,

қимылдарының   мазмұны   мүмкіндігінше   мұғалімдердің   шын   кәсіптік   мамандық

жұмыстарына барынша жақындастырылуы қажет.

Пән   мұғалімі   қызметі   және   сабақ   өту   әдістерімен   барынша   таныса   отырып,

бағдарламаға сай дәрежеде орындалуы тиіс.

2. Оқу педагогикалық іс-тәжірибенің міндеті:

- Теориялық сабақтарда  алған  жалпы  педагогикалық шеберліктері  мен дағдыларын

одан әрі қарай дамыту және жетілдіру;

- Студенттер дәрістерінде және практикалық   сабақтарда алған алғашқы білімдерін

толықтыру;

- Студенттерді   мектеп   ұжымымен,   информатика   кабинетімен   және   ондағы   құрал-

жабдықтармен таныстыру.

3. Есеп беру құжаты:

1. Күнделік;

2. Дербес-өзіндік жұмыстары;

3. Көрнекіліктері;

4. Қорытынды есебі.



4. Оқу іс-тәжірибеге арналаған әдістемелік нұсқаулар

   Жеке   жоспар.   Бұл   құжатта   іс-тәжірибенің   өтуі   мерзіміндегі   орындалатын   барлық

жұмыстар көрсетіледі. Бұл жоспар информатика пәнінің мұғалімінің қатысуымен бірге түзіледі

және әдіскер бекітеді.

Жеке жоспар бір апта мерзіміне түзіледі. Оның мазмұны нақты және тақырыпты болуы

тиіс.


Күнделік.   Практиканттың   күнделігі   барлық   жұмыстарды   тіркеу   үшін   қажет.   Әдіскер

студенттің   күнделікті   жұмысының   барысын   күнделік   арқылы   қадағалайды.     Іс   тәжірибе

біткенше практикант күнделігін өзімен бірге мектепте алып жүруі тиіс және оны жүйелі түрде

толтыруы   қажет.  Тәжірибе   аяқталғаннан   кейін   күнделік   басқа   құжаттармен   бірге   әдіскерге

тапсырылады.

2.2 Педагогикалық практика туралы қысқаша сипаттама

Педагогикалық   практика   ұйымдастыру   конференциядан   басталады.   Конференцияда

практиканың мақсаттары мен міндеттері анықталады. Студенттерді практика өтетін мектеппен

таныстырады. Мектеп директорымен және информатика пәнінің мұғалімдерімен таныстырады.

Мектептегі   сыныптардың   оқушылар   туралы   және   сабақ   жүргізудің   ерекшеліктері   жайлы

мұғалімдермен   және   мектеп   басшасымен   әңгіме   өткізеді.   Студенттерге   информатика

саласындағы пәндерді біледі және сыныптарды біледі. Сабақ кестесімен таныстырады.

Мектеп   базасымен   танысу.   Информатика   кабинетімен   таныстырады.   Сабаққа   қажетті

көрнекілік   материаладар   базасын   анықтайды.   Зертханалық   сабақтарға   қажетті   құрал-

жабдықтарды анықтайды. Мұғалімдермен кездесу кезінде мектептегі сабақ жүргізу әдістемелік

кешендерінің ерекшеліктерімен таныстырады. Сыныптағы оқушылардың тәртібі мен үлгерімі

туралы мағлұматтар беріледі.

  Жылдық   жоспарға   сай   практика   басталған   кездегі   өтілетін   тақырыптармен   танысу.

Мектептегі және сыныптағы  көпшілік және қоғамдық жұмыстар жоспарларымен танысады.

Студент   жалпы   практика   жоспарын   түзеді.   Оқушылардың   өз   бетімен   өтетін   және

информатикалық кештердің, информатикалық үйірмелердегі сабақтардың жоспарларын түзеді

және конспектілер даярлайды.    

Педагогикалық   практика   студенттің   пән   мұғалімінің   сабағына   пассивті   қатысуынан

басталады. Екі-үш сабақтар бойынша студент мұғалімнің сабағын талдауы  қажет. Сабақтың

мазмұнына,   әдістемелік   құрылымына   талдау   жүргізеді.   Келесі   екі-үш   сабақты   мұғалімге

жәрдемші ретінде жүргізеді.



Жалпы  практика мерзімінде  студент  жеке өзі   2-3 сабақ  өткізуі  тиіс.  Сонымен қатар,

мектептегі   басқа студенттердің сабақтарына қатысуы тиісті. Пән мұғалімінің қатынасуымен

және оның қадағалауымен сынақтық сабақтарды өткізуі тиіс.

Практика   соңында   бекітілген   сынып   оқушыларына   психологиялық-педагогикалық

мінездеме түзу қажет.

Практика   бойында   студент   мектеп   өміріндегі   қоғамдық   жұмыс   жоспары   бойынша

көпшілік жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысуы  қажет. 

Студенттердің  педагогикалық іс-тәжірибе кезінде жүргізілетін жұмыстары туралы

жеке жоспарының нұсқасы

Жеке жоспар

   


Күні

Жоспарланған оқу жұмысы

Жоспарланған тәрбие

жұмысы

1

Университеттегі   педагогикалық   практиканың   оқу



жоспарымен танысу.

Жоспарланған тәрбие жұмысы.

2

Мектептің педагогикалық ұжымымен танысу.



Берілген сыныппен танысу.

3

Мектептегі информатика  үйірмесімен танысу.



Оқушылардық күнделігін

тексеру.


4

Күнделікті сабақ жоспарын жасау. 

Халық педагогикасының

маңызы. Сынып сағатын

ұйымдастыру.

5

Информатика  сабағына қатысу.



Келесі тәрбие сағатын өткізуге

дайындық.

6

Сабақ көрнекілігін дайындау.



Мерекелік газет шығаруды

жоспарлау.



3.3 Өтілген сабаққа талдау жүргізу әдістемесіне бойынша қойылатын талаптар:

1. Сабақтың мазмұнына талдау жасау.

2. Сабақтың алдына қойылған мақсатқа жетті ме?

3. Жаңа сабақтың мазмұна толық ашылдыма жоқпа?

4. Сабақтың әдістемелік негізі немесе тәсілі дұрыс анықталған ба?

5. Сабақтың қай кездері сәтті немесе нашар  өтті?

6. Жаңа сабақты түсіндіру методикасы дұрыс қойылдыма?

7. Мұғалімнің сабақ беру мәнері және білім деңгейі қандай болды?

8.  Сабақ кезінде тақырып аралық және пән аралық байланыстар болдыма?

9. Жаңа сабақты бекіту қалай өтті?

10. Сабаққа берілген уақыт тиімді пайдаланылдыма?

11. Сабақ   кезінде   оқушылырадың   қызығушылығын   артыратын   әдістер   түрлері

пайдаланылдыма?

12. Сабақты көрнекіліктермен қамтамасыз ету қандай дәрежеде өті?

13. Оқушылар үй тапсырмасын қандай дәрежеде орындады?

14. Үйге тапсырма нақты және түсінікті берілдіме?



3.4 Сабақтың жүрісі бойынша талдау

1. Оқушылардың сабаққа ынтасы қандай болды?

2. Сабақтың барысы қарқынды болдыма?

3. Түсіндіруде   пайдаланылған   тіл   және   терминдік   сөздіктер   оқушылардың   жас




ерекшеліктеріне сайма ?

4. Оқушылардың сабақ кезіндегі тәртібі қандай болды?

5. Егер тыныштық сақталмаған болса, онда оның себебі неде болды?

6. Мұғалімнің сыныппен қатынасы қандай болды?

7. Мұғалім тақтаны және көрнекілкітерді қандай пайдаланды?

8. Мұғалімнің өзін өзі ұстауы, дауысы киімі, тактикасы және мәдениеті қалай болды?

9. Сыныптың сабаққа дайындығы қандай болды?

10. Сабақ әділ бағаландыма?

11. Бағалары күнделікке қойылдыма?

12. Сабақта уақыт тиімді пвайдаланылдыма?



3.5 Сабақты жоспарлаудағы ұстанатын басты ережелер

1. Сабақ   құрылысында   тәрбиелік   және   дидактикалық   мақсаттар   қойылуы   тиіс.

Сабақтың өткізу түрі анықталуы тиіс және бүгінгі сабақ өткен сабақпен байланысты болуы

тиіс.


2. Сабақты   дайындау   және   ұйымдастыру   кезінде   келесідей   талаптар   қойылады:   -

жоспарлау,   қажетті   құралдар   мен   жабдықтардың   түрлері   мен   сандарын   анықтау,

оқушылардың өздігінен орындайтын тапсырмаларының түрлерін анықтау.

3. Сабақтың   мазмұны   мен   оқытуға   келесі   талаптар   қойылады:   -   тәрбиелік   маңызы,

табиғатқа сүйіспеншілік тудыру, ізденуге талпындыруы қажет.

4. Сабақ жүргізу техникасына келесі талаптар қойылады: - дауыс ырғағын пайдалану,

оқушылар шаршаған кезде демлауға  ыңғайлы педагогикалық әдісті қарастыру, ойын және

тапсырмалық сабақ әдістерін қарастыру.



 3.6 Практиканттың мінездемесінде көрсетілетін басты мағлұматтар

1. Студенттің қай мектепте практика өткені туралы мәлімет.

2. Практика кезінде өткізілген сабақтар саны.

3. Мұғалімнің орнына және көмекшісі ретінде қанша сабақ өткізілді.

4. Студенттің   информатика   пәні   бойынша   мектеп   бағдарлмасын   және   әдістемелік

негіздерін меңгеру дәрежесі туралы мәлімет.

5. Жұмысты жоспарлау және конспектілер түзудегі икемі туралы мәлімет.

6. Информатика мұғалімінің іс әрекетіне сипаттама беру және бағалау.

7. Информатика   пәні   бойынша   сыныптан   тыс   орындалған   сабақтардың   саны   мен

сапасы туралы мәлімет.

8. Студенттің жауапкершілігі туралы мәлімет.

     


3.7  Практика жөнінде есеп беру құжаттар тізімі

1. Күнделік

2. Күнтізбелік сабақ жоспары.

3. Күнделікті сабақ жоспары.

4. Тәрбие сағат жоспары.

5. Ашық сабақ жоспары.

6. Мінездеме.

7. Ашық тәрбие сағаты.

8. Күнделік дәптер.

9. Көрнекіліктер.



3.8.   Студенттің   практика   кезіндегі   жеке-өзіндік   тапсырмаларды   орындауға

әдістемелі нұсқау.

Студенттің жеке тапсырмасы оның жалпы мамандық туралы көз қарасы мен біліктілігін

жетілдіру және зерттеулік қабідетін арттыру мақсатында беріледі.



Студент   педагогикалық   практика   кезінде   мектептегі   оқу   үрдісіне   зерттеулік   көз

қараспен   қарайды.   Оқу   үрдісінің   қойылу   тиімділігі,   сапасы,   тәрбиелік   жұмыстардың

уақытылы   және   тиімді   жүргізілуіне,   оқушылырдың   білім   деңгейіне,   мектептегі

мұғалімдердің   педагогикалық   іс-тәжірибелеріндегі   маңызды   нәтижелерге   және

қолданылатын   жаңа   оқыту   технологияларының   іске   асуына   өзіндік   баға   береді.   Студент

практика нәтижесінде мектептегі оқу ісінің тиімділігін арттыру туралы өз пікірін білдіреді.

Мектептегі   оқу   үрдісінің   көрнекілік   материалдармен   және   құрал-жабдықтармен

қамтамасыз етелу дәрежесіне, сабақ өту барысындағы жаңа және алджыңғы педагогикалық

әдістемелер мен тәсілдердің пайдалануына аса көңіл аударады.

Пән бағдарламасы мен сабаққа арналғанарнайы әдістемелік құралдардың жеткіліктігіне

және зертханалық жұмыстардың қойылу сапасына мән береді.

Аса   маңызды   сәт   болып   мектептегі   оқушылыардың   сабаққа   деген   қызығушылығын

арттырудағы   жаңа   инновациялық   оқыту   технологияларының   меңгерілуі   саналады.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарды атқаруына қажетті әдістемелік материалдардың мөлшері

мен жұмыстардың атқарылу сапасына баға береді. биология пәні бойынша біліктілікті көтеру

және   табиғатты   сүйю   бағытында   орындалатын   жеке   жұмыстар   мен   информатикалық

кештердің сапасын бағалайды.

Барлық   байқаған   жетістіктерді   күнделікке   жазып   практика   туралы   есеп   кезінде

баяндайды.   

  

4.Студенттің педагогикалық практикасының мектептегі жетекшісінің міндеттері

Студенттің   мектептегі   педагогикалық   практикасын   өту   кезінде   мектеп   тарапынан

практика   жетекшісі   тағайындалады.   Ол   жетекші   студенттің   практика   жоспары   бойынша

барлық   практикалық   жұмыстарды   атқару   барысын   қадағалайды.   Педагогикалық   практика

тиімді және жоғары дәрежеде өтуі үшін, студент практика кезінде педагогикалық әдістер мен

тәсілдерге   үздік   машықтануы   үшін   мектеп   тарапынан   тағайындалған   жетекші   келесідей

жетекшілік жұмыстарды атқаруы тиіс:

- практикантқа барлық қажетті жағдайларды жасау;

- мектептегі биология пәндерінің мемлекеттік бағдарламасымен таныстыру;

- информатика пәні бойынша жылдық, тоқсандық және жеке сабақтық жоспарлармен

танысуына мүмкіншілік беру;

- практикантқа сынып жетекшісі рөлін меңгеруге жағдай жасау;

-   педагогикалық   шеберлікті   арттыру   және   жаңа   технология   бойынша   сабақ   жүргізу

әдістемелерімен таныстыру;

-ашық сабақ және тәрбие сағаттарын жүргізуге мүмкіншілік беру;

-студентті педагогикалық емес жұмыстарға пайдаланбау;

-   студенттің   практикалық   қызметін   кафедра   анықтаған   жоспар   бойынша   атқаруына

жағдай жасау;

- студенттің практика жөніндегі есеп түзуіне қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;

- студентке практика жөнінде мінездеме беру;

-   практика   кезіндегі   жетістіктер   мен   кемшіліктер   туралы   университет   тарапынан

тағайындалған жетекшіге хабар беру.

  4.   Студенттің   педагогикалық   практикасының   кафедра   тарпынан   жетекшісінің

міндеттері

Практика   жетікшісі   пратика   басталар   алдында   студенттермен   жиналыс   өткізуіьтиіс.

Жиналыста   студенттерге   практиканың   мақсаттары   мен   міндеттерін,   студенттің   практика

кезінде   атқаратын   жұмыстарына   сипаттама,   мектеп   туралы,   сыныптар   туралы   мәліметтер

және   студенттердің   практика   кезінде   орындайтын   жеке   тапсырмаларының   тақырыптарын

береді.  Жетекші келесі жұмыстарды атқаруы тиіс:

- практика   алдындағы   жиналыста   практиканың   уақытын,   мерзімін   және   сипатын

түсіндіреді;




- практика соңында түзілетін есептің мазмұны мен түзу ережелерін және оған керекті,

практика кезінде жинайтын материалдардың сапасы мен санын көрсетеді;

- практикадан кейінгі есеп беру мерзімін анықтайды;

- практика күнделігін толтыру ережелерін түсіндіреді;

- мектеппен практиканттардың орындайтын педагогикалық жұмыстарының реті мен

түрлерін анықтайды;

- студенттерге   мектептегі   тәжірибелі   ұстаздардың   арнайы   дәрістер   беруін   және

педагогикалық   шеберлікті   арттыру   мақсатында   жүргізілетін   жұмыстармен   таныстыруын

қамтамасыз етеді;

- практика кезінде үнемі қадағалауды қамтамасыз етеді;

- практика біткеннен кейін практика туралы  есепті кафедрада қорғауды  қамтамасыз

етеді;


- практика соңында қорытынды конференция өткізеді.

Педагогикалық   практика   біткен   кезде   студенттің   практика   туралы   өткізетін

құжаттар тізімі.

1. Практиканың жеке жоспары.

2. Күнделік.

3. Практика кезінде өткізілген сабақтардың тақырыптық жоспары.

4. Сабақтардың жазбаша жоспарлары.

5. Сабақтың әдістемелік талдауы.

6. Бір оқушыға берілген психологиялық-педагогикалық мінездеме.

7. Информатика  сабақтары бойынша өткізілген кештер, диспуттар және викториналар

туралы есеп.

8. Бақылау сабақтарының жазбаша жоспары.

9. Практика есебі.

10. Мінездеме.



Практика жөнінде есеп беру құжаттар тізімі.

1. Күнделік

2. Күнтізбелік сабақ жоспары.

3. Күнделікті сабақ жоспары.

4. Тәрбие сағат жоспары.

5. Ашық сабақ жоспары.

6. Мінездеме.

7. Ашық тәрбие сағаты.

8. Күнделік дәптер.

9. Көрнекіліктер.



5. Өндірістік практикасының базасы мен бағдарламасы 

5.1   Арнайы   пәндерді   оқытуды   аяқтағаннан   кейін   өндірістік   практика   немесе

теориялық жалпы оқыту курсы ұйымдастырылады.

Бітіруші курстарында өндірістік практика теориялық оқыту толық аяқталғанан кейін

ұйымдастырылады.

5.2   Оқушылар   кешкі   және   сыртқы   оқыту   нысанынан   мамандық   бойынша   жұмыс

істесе, өндірістік практикадан босатылады.

Бұл   жағдайда   оқушылар   жоғары   оқу   орнына   жұмыс   орнынан   кәсіптік   қызметі

көрсетілген бейнеленген анықтама және мінездеме тапсыруы керек.

5.3 Өндірістік практиканың бағдарламасы шығарылатын кафедрамен әзірленеді және

бекітіледі.



5.4 Өндірістік практиканың мақсаты түйінді құзіреттілігін бекіту, оқыту мамандығы

бойынша практикалық дағды мен кәсіптік тәжірибе қалыптастыру болып табылады.

5.5 Өндірістік практиканың базасын белгілеу оқытылатын мамандықтың   профиліне

байланысты (немесе салалас мекемелерде).

5.6   Өндірістік   практиканың   ұзақтығы   және   оның   мөлшері   мамандықтар   бойынша

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес белгіленеді.

5.7   Өндірістік   практиканың   қорытындысы   бойынша   білім   алушылар   сәйкес

кафедраларына   есеп   тапсырады,   жетекшісі   тексеріледі,   кафедра   меңгерушісінің   өкімімен

құрылған комиссия алдында қорғалады. Есепті қорғау қорытындысы тағайындалған балдық–

рейтингтік әріпті жүйе бағасы бойынша дифференциалды сынақпен бағаланады.




Қосымша 1

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

                            

«Математика және Информатика» кафедрасы

Педагогикалық практика жөніндегі

                         

                                                Е С Е П

___________________________________________________________

(мектептің атауы)

___________________________________________________________

(мектептің мекен жайы)

Студент _______________________________________________

(аты жөні, тегі)

Тобы  _____________________________

Практиканың өту мерзімі    _____________     ________________

Практиканың мектеп тарапынан жетекшісі _______________________________

Практиканың кафедра тарапынан жетекшісі_______________________________

Практика есебі     "____"  __________ 20____ж.      

  "____________ " бағаға қорғалды.



                                              Шымкент - 20_ ж.

жүктеу 96,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау