Абсолют серпімсіз соқтығысу – деформацияның потенциалдық энергиясы пайда болмайды; денелердің кинетикалық энергиясы толығымен немесе жартылай ішкі энергияға айналады; соқтығысудан кейін денелер бірге қозғалады, не тыныштықта болады.
m1 v1 + m2 v2 = (m1 + m2)v, v = m1 v1 + m2 v2 / (m1 + m2); (4.14)
m1 = m2 ; v = v1 + v2 / 2.
Серпімділік күші. Гук заңы. Күш әсер кезде кез-келген нақты дене деформацияланады, өзінің формасымен көлемін өзгертеді. Егер күш әсері тоқталғаннан кейін, дене өзінің бастапқы формасымен өлшемін сақтаса, онда деформация серпімді деп аталады.
Тәжірибе көрсеткендей аз деформациялар кезінде серіппенің ұзаруы , әсер етуші күшке F пропорционал екендігі анықталған:
. (4.15)
Пропорционалдық коэффициент k-серіппенің қатаңдығы деп аталады.
Серпімділік күшімен деформацияның пропорционалдығы Гук заңы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |