Кирхгоф ережелері. Күрделі тізбектегі токты табу үшін Ом заңының орнына Кирхгоф ережесін пайдаланған дұрыс. Кирхгофтың екі ережесі бар. Бірінші ереже түйін үшін қолданылады. Түйін деп үштен кем емес өткізгіштер тоғысатын кез-келген нүктені айтады. Біз тұрақты токты қарастырып отырғандықтан, түйінге қанша заряд ағып келсе, сонша заряд ағып кетуі керек. Түйінге кіретін токты оң, ал шығатын токтарды теріс деп есептесек, онда мынадай ережені айтуға болады.
Кирхгофтың 1-ережесі. Түйінде тоғысатын ток күштерінің алгебралық қосындысы нөлге тең болады.
(10.18).
Мұндағы -өткізгіштердің саны, - өткізгіштегі ток күші.
Кирхгофтың 2-ережесі тармақталған тізбектің тұйықталған контуры үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |