1Ньютон*1метр=1Нм.
9.Айналушы дененің тепе-теңдік шарты моменттер ережесімен анықталады. Дененің сағат тілінің қозғалу бағытына қарсы айналдыратын күш моменттерінің қосындысы осы денені сағат тілінің бағыты бойынша айналдыратын күш моменттерінің қосындысына тең болса, онда бекітілген осьтің айналасында айнала алатын дене тепе-теңдікте тұрады.
10.Механиканың алтын ережесі-қарапайым механизмдерді пайдалану кезінде күштен қанша есе ұтсақ, қашықтықтан сонша есе ұтыламыз.
11.Механизмнің немесе машинаның пайдалы әрекет коэфициенті(ПӘК)-пайдалы жұмыстың толық жұмысқа қатынасы:
%.
Мұндағы An-пайдалы жұмыс, АТ-толық жұмыс.
8 СЫНЫП
оқулығы бойынша негізгі мәселелер
1 – тараудың маңыздысы
Зат үш түрлі агрегаттық күйінде бола алады: қатты, сұйық және газ тәрізді. Заттың күйі оның ішкі құрылысымен, зат бөлшектерінің қозғалысымен және өзара әрекеттесуімен анықталады.
Заттардың ішкі энергиясы өзгергенде, олар бір агрегаттық күйден екінші күйге өтеді.
Аморфы денелерге қарағанда кристалл денелердің денедердің берілген қысымда өзгермейтін белгілі бір балқу температурасы болады. Балқытуға қажетті жылу формуламен есептеледі, мұндағы λ – балқу жылуы (берілген зат үшін тұрақты шама). Ол балқу температурасында қатты заттың бірлік массасын балқытуға қандай жылу мөлшері қажет екенін көрсетеді.
Q=λ·m
Кез келген температурада сұйықтың бетінен булану жүреді, яғни артық кинетикалық энергиясы бар молекулалар ұшып шыға алады.
Сұйықтың булануы оның салқындауымен қатар жүреді. Меншікті булану жылуы r берілген сұйықтың бірлік массасын буға айналдыру үшін қажет жылу мөлшерін көрсетеді.
Кебуге немесе булануға кері процесс конденсация деп аталады. Конденсацияның меншікті жылуы меншікті булану жылуына тең.
Жабық ыдыста сұйық пен будың арасында тепе-теңдік орнығады. Сұйық күйдегі затпен термодинамикалық тепе-теңдікте болатын газды қаныққан бу деп атаймыз. Бұл температурадағы қаныққан будың қысымы тұрақты және будың алатын көлеміне тәуелді емес, ол тек температураға тәуелді.
Газдың (немесе будың) қаныққан күйге, яғни қаныққан буға өтетін температурасын шық нүктесі деп атайды.
Сұйықтың барлық көлемінде жүріп жатқан булануды қайнау деп атайды.
Қайнау – қаныққан будың қысымы сыртқы қысымға теңесетін температурада жүзеге асады.
Жердің атмосферасы және Жердің гидросферасының арасында зат (су айналымы) пен энергия айналымы, яғни су буланғанда жұтылып, бу конденсацияланда бөлінетін энергия үздіксіз алмасып отырады. Нәтижесінде Жер атмосферасында әрқашанда су буы болады.
Ауадағы су буы қысымның берілген температурадағы қаныққан будың қысымына қатынасына тең, процентпен өрнектелетін шаманы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы φ деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |