52-шығарылым 1-тарау. Жалпы ережелер



жүктеу 1,48 Mb.
бет6/14
Дата19.11.2018
өлшемі1,48 Mb.
#21485
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын, сигнал беру және қызмет көрсетілетін желіні блоктауды пайдалану ережесі;

вагон және контейнер құрылымдары;

автоматты желідегі вагондар мен контейнерлерді жөндеудің технологиялық процесі;

механика және электр техника негіздері.

44. Жол өлшемдері операторы

4-разряд


165. Жұмыс сипаттамасы.

Жол өлшеу арбасы арқылы кеңдігі мен деңгейіне қарай теміржол жағдайларын тексеру және ақаулықтарын анықтау және рельс өлшеу арбасы арқылы рельстің ұштарындағы тегіс емес жерлерін өлшеу процесін жүргізу. Дұрыс жұмыс істеуді қамтамасыз етуге арналған жол өлшеу аппараттарды, рельс өлшеу арбаларын баптау.

Бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру.

Рельс ұштарындағы тегіс емес жерлерді тегістеуге қатысу.

166. Білуге тиіс:

жол өлшеу, рельс өлшеу арбаларының құрылымы;

арба аппараттарын баптау ережесі;

рельс ақаулықтарын айқындау деңгейі мен тозу нормалары.

45. Орталықтандыру бекеті операторы
167. Жұмыс сипаттамасы.

Орталықтандырылған бұрмаларды аудару және орталықтандыру немесе жергілікті басқару пультынан басқару.

Басқару аспаптарының көрсеткіштері бойынша дұрыс бағдарлауды бақылау.

Станцияның техникалық-бөлу актілерінде бекітілген ретімен жіне ноома бойынша тежегіш башмақты станциялық жолдағы жылжымалы құрамды бекіту.

Поездарды қабылдау, жөнелту, жіберу және маневрлік жұмыс өндірісінде дыбыс және көрінетін сигналдарды жіберу.

Жолдың бостығын тексеру, орталықтандырылған бұрмаларды курбельмен аудару, сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларының қалыпты жұмысы бұзылғанда дұрыс бағдарлауды тексеру.

Теміржол станцияларының технологиялық жұмыс процесіне және техникалық-тарату актісіне сәйкес маневрлік аудандарда қызмет көрсетілетін қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету.

168. Білуге тиіс:

сигнал беру, орталықтандыру және блоктау және (СОБ) байланыс құрылғыларының жұмыс істеу принципі, оларды пайдалану ережесі;

тежегіш башмақтарының құрылымы және оларды пайдалану бойынша ережелер;

СОБ құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыс өндірісінде поездардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету нұсқаулығы;

жүк тасымалдау ережесі;

еңбекті қорғау ережесі мен нормалары;

теміржол станцияларының тиісті көлемінде техникалық-тарату акті мен технологиялық процесі.

Бұрма және сигналды орталықтандыру бекетінде қызмет көрсетуде:

өнеркәсіптік теміржол көлігі маневрлік аудандарында - 2-разряд;

өнеркәсіптік теміржол көлігі маневрлік аудандарында және магистральды теміржол көлігі маневрлік аудандарында - 3-разряд;

поездарды қабылдау, жөнелту, жіберу бағдарларына қатысуда теміржол көлігі магистральды маневрлік аудандарында - 4-разряд;

магистральды теміржол көлігі маневрлік аудандарда - 5-разряд.

46. Сұрыптау дөңесінің операторы


169. Жұмыс сипаттамасы.

Басқару пультынан механизацияланған және автоматтандырылған сұрыптау дөңесінде құрамды таратуды басқару.

Сұрыптау паркіндегі құрамды тарату және маневрлік қозғалыс процестерінде ажырату бағдарларын әзірлеу үшін орталықтандырылған бұрмаларды бұру және сигналды басқару.

Сұрыптау паркіндегі вагондардың арасындағы қажетті интервалды және шекті жылдамдығын қамтамасыз ету үшін вагон тежегіш арқылы вагондардың жылдамдығын реттеу.

Бақылау-өлшеу аспаптардың көрсеткіштері бойынша дөңес құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуін бақылау.

Сұрыптау парағы деректері бағдарларына сәйкес қадағалау.

Ерекше қауіпсіздікті тежегішті талап ететін жүк вагондарын ажырату, құрамды тарату тәртібі туралы ақпаратты жіберу.

170. Білуге тиіс:

дөңес құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды өндіруде автоматталған және механизацияланған сұрыптау дөңесінде құрамды тарату және маневрлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету нұсқаулығы;

жүк тасымалдау ережесі;

еңбекті қорғау ережесі мен нормалары және қауіпсіздік ережесі;

сұрыптау дөңесі операторының жұмысына қатысты бөліктегі станция жұмысының техникалық-тарату актісі мен технологиялық процесі;

сұрыптау дөңесі техникалық құрылымының жұмыс принципі мен оларды пайдалану ережесі;

вагондар нөмірі, сұрыптау дөңесі техникалық құрылымының жұмыс принципі мен оларды пайдалану ережесі.

Қуаты шағын (тәулігіне 1,5 мың вагон) сұрыптау дөңесі теміржол көлігі станцияларында қызмет көрсетуде - 4-разряд;

қуаты орта (тәулігіне 1,5 -3,5 мың вагон) сұрыптау дөңесі теміржол көлігі станцияларында қызмет көрсетуде - 5-разряд;

қуаты үлкен (тәулігіне 3,5 -5,5 мың вагон) сұрыптау дөңесі теміржол көлігі станцияларында қызмет көрсетуде - 6-разряд;

қуаты үлкен (тәулігіне 5,5 мыңнан астам вагон) сұрыптау дөңесі теміржол көлігі станцияларында қызмет көрсетуде - 7-разряд.

47. Вагондарды тексеруші
171. Жұмыстың сипаты.

Поездар қозғалысы қауіпсіздігіне, жылжымалы құрам мен әкеле жатқан жүктің сақталуына қауіп төндіретін ақауларды анықтау үшін контейнерлер мен вагондардың үстіне шыға отырып техникалық қызмет көрсету.

Өлшеу құралдарының көмегімен және сыртқы түрі бойынша вагондардың жүру бөлігіндегі, шанағындағы, түйініндегі және бөлшектеріндегі ақауларды анықтау.

Жүк вагондары мен контейнерлерінің сақталуы, маневрлы жұмыстар мен жүк тиеу, түсіру операциялары кезінде оларға зиян келуінің алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру.

Жолаушылар тасымалдаушы вагондардың электро- радио құрылғыларын техникалық тексерістен өткізу.

Бүлінген жылжымалы құрамға техникалық құжаттама ресімдеу.

Контейнерлерге жүктердің сақталуын қамтамасыз ететін техникалық қызмет көрсету мен олардың герметикалығын анықтау.

Жөндеуге жататын вагондарға оларды поездардан ағыту арқылы вагондарды шартты белгілеу мен вагондардың сынғаны жөнінде ескерту ресімдеу.

Поездардан вагонды ажыратып және ажыратпай, алып тасталынатын вагондар жарамсыздығын бормен белгілеп қою және олардың жарамсыздығы туралы хабарлама рәсімдеу.

Поездардан ажыратпай жоюға арналған вагондар жарамсыздығын бормен белгілеп қою.

Вагондар мен контейнерлердегі жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау.

Вагон құрастырушы және вагон жөндеуші кәсіпорындар орындаған жөндеу сапасына бақылау.

Вагондарды қызмет көрсетілгеннен кейін және жөнделген соң тапсыру.

Поезды жөндеу кезінде қоршау.

Поезд вагонының соңын белгілеу үшін дабылды ілу мен ағыту.

Вагондар мен контейнерлер ақауларын жою бойынша жұмыстарға қатысу.

172. Білуге тиіс:

вагондар мен контейнерлер құрылғыларын және оларды техникалық пайдалану;

вагондар мен контейнерлерге техникалық қызмет көрсету ережелері және оларды жөндеудің жоспарлы түрлерінің мерзімі;

вагондарды ағытпай жөндеудің ережесі мен технологиясы;

вагон паркінің сақталуы мәселесі бойынша ереже, нұсқамалық және нұсқау;

техникалық құжаттаманы ресімдеу ережесі;

поездар дабылдарын және жөндеу кезінде поездарды қоршау тәртібі;

вагондарды тексеру кезінде қолданатын үлгілер, өлшейтін құрал мен оларды қолдану ережелері;

поездың соңын белгілеу тәртібі.

Контейнерлік алаңдағы контейнерлерді техникалық қарау және жарамсыздығын жоюда - 2-разряд;

Контейнерлік алаңдарда, магистральды темір жол көлігінің аралық станциялары мен өндірістік кәсіпорындарының поезд жолдарында орналасқан техникалық қызмет көрсету пункттерінде әмбебап және ірі тонналы контейнерлерге техникалық тексеріс жүргізу мен ақауын жоюда - 3-разряд;

жүкті тиеу және түсіру станцияларында орналасқан, учаскелік станциялардағы техникалық қызмет көрсету пункттерінде вагондарға техникалық тексесіс жүргізу мен ақауларын жоюда және вагондарды жүк тасымалдауға дайындау бойынша жұмысты жүзеге асыруда - 4-разряд;

жүкті тиеу және түсіру станцияларында орналасқан, учаскелік станциялардағы техникалық қызмет көрсету пункттерінде вагондарға техникалық тексесіс жүргізу мен ақауларын жоюда және вагондарды жүк тасымалдауға дайындау бойынша жұмысты жүзеге асыруда - 5-разряд;

жүк түсірудің пневматикалық және механикалық жүйесін тасымалдау мен тексеруді байқау, жөндеу, дайындық кезінде және хоппер (хоппер-мөлшерлеуіш, астық тасымалдаушы вагондар, жентек тасығыштар және тағы басқа) түріндегі вагондарға жүкті бекітуде;

вагондарға техникалық қызмет көрсету мен ақауды жоюда, жүк тасымалдаушы вагондарды табыстау мен қабылдауда, мемлекет аралық және жол арасындағы табыстау пункттеріндегі басқа жұмыстарды жүзеге асыруда

- 6-разряд.

173. Ескерту.

Аға вагондарды қараушы өзі басқаратын вагондарды қараушылардан бір разрядқа жоғары тарифтеледі.


48. Вагон тексеруші - жөндеуші


174. Жұмыс сипаттамасы.

Поездың қауіпсіз қозғалысына қауіп төндіретін ақаулықтарды анықтау және жою үшін техникалық қызмет көрсету, кузовтарды, раманың жауапты тораптарын, жүріп тұрған бөлшектерін, автотіркегіш құрылғыларды, тежегіштер мен рычагты автореттегіштерді, буксты тораптарды, редукторлы-карданды жетектерді, тоңазытқыш мотор желдеткіш құрылғыларды, электр және радиожабдықтарды, вагон жылыту аспаптарын, едендерді, жабық және изотермиялық вагондардың шатырларын ажыратпай жөндеу.

Барлық үлгідегі жүк вагондарын жөндеуге арналған күрделі әмбебап құрылғылар мен өзі жүретін машиналарға қызмет көрсету.

Әмбебап құрылғылар мен машиналардың электр, гидравлика, пневматикалық және көтергіш электр қозғалтқыш жабдықтарын жарамды қалыпта ұстау және жөндеу.

Жүк вагондарының сақталуын қамтамасыз ету, олардың маневрлік жұмыстарда және тиеу-түсіру операцияларында зақымдануының алдын алу.

Зақымдалған вагондардың техникалық құжаттамасын ресімдеу.

Поезд және жекелеген вагондардың техникалық дайындығы туралы ақпаратты жіберу.

Вагондар мен контейнерлерді техникалық тексеру, жөндеу, жүктің сақталуын қамтамасыз ететін герметикалығын айқындау.

Наряд, форма, ведомостілерді ресімдеу.

Жарамсыз вагондар мен контейнерлердің есебіне жүргізу.

Вагон және контейнерлердің жөндеу жұмыстарының көлемін айқындау.

Бригада жұмысын ұйымдастыру және басқару.

Вагондар мен контейнерлердің есебінен шығарылған және зақымдалған керек-жарағына техникалық актілер жасау.

Поездарды жөндегенде қоршау.

175. Білуге тиіс:

вагондар мен контейнерлердің құрылымы;

бөлшектер мен тораптардың тозу және шекті нормалары;

жоспарлы жөндеу мерзімі;

жүкті техникалық тексеру, тасымалдау және сақтау ережесі;

вагондарды жөндеу ережесі мен технологиясы;

слесарлық, столярлық және жабын жұмыстарының озық әдістері;

вагондарды, контейнерлерді жөндеуде қолданылатын өлшеу аспаптары, құралдар мен айлабұйымдар, оларды пайдалану ережесі, жүк сипаттамасы;

реттеу тәртібінде жіберілетін бос контейнерлерді жолдан жіберу тәртібі;

өзі жүретін машиналар мен әмбебап құрылғылардың құрылымы, ақаулықтардың алдын алу және жою тәсілдері;

поездарды жөндегенде қоршау ережесі.

Магистральды теміржол көлігі аралық станцияларында және өнеркәсіптік кәсіпорындардың кірме жолдарындағы орналастырылған вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінде вагондарды техникалық тексеру және ажыратпай жөндеуде; контейнерлік алаңшалардағы контейнерлерді техникалық тексеру және жөндеуде - 4-разряд;

Сұрыптау, учаскелік және аралық станцияларда вагондарға тиеу және түсіру станцияларында орналастырылған вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінде, вагондарды тасымалдауға дайындау пункттарында вагондарды техникалық тексеру және жөндеуде - 5 - разряд;

Вагондарға жаппай тиеу, түсіру станцияларында, сұрыптау, учаскелік сыныптан тыс станцияларында, 1 және 2 сыныпты станцияларда орналастырылған вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінде, вагондарды тасымалдауға дайындау пункттерінде вагондарды техникалық тексеру және ажыратпай жөндеуде - 6-разряд;

Вагондарға жаппай тиеу, түсіру станцияларында, сұрыптау, учаскелік сыныптан тыс станцияларында, 1 және 2 сыныпты станцияларда орналастырылған вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінде, вагондарды тасымалдауға дайындау пункттерінде вагондарды техникалық тексеру және ажыратпай жөндеуде - 7-разряд.

176. Ескерту.

Аға вагондарды тексеруші жөндеуші өзі басқаратын вагондарды тексеруші жөндеушіден бір разряд жоғары тарифтеледі.

49. Вагондар мен контейнерлерді пломбалаушы

2-разряд

177. Жұмыстың сипаты.

Вагондар мен контейнерлерге пломбаларды ілу және пломбаларға оттискілер салу.

Пломбасы бар немесе пломбасыз жүктерді тасымалдауда сым бұрауларын салу, сондай-ақ вагон есіктерін арнайы бекіту құрылғыларымен жабу.

Пломбаның екі жағынан да оттискілердің анықтығын және сымның бекітілуінің беріктігін тексеру.

Пломбалау іскенжелерін, пломбаларды, сымдарды сақтау.

Іскенжелерді күту, оларды майлау, бақылау белгілерін, әріптік және сандық таңбаларды көшіру.

Пломбалау кітаптарын әшекейлеу.

178. Білуге тиіс:

вагондар мен контейнерлерді пломбалау ережесін;

бұрандарды бекіту ережесін; тетігі мен құралдарын;

пломбалардың түрлері мен оларды ілу тәсілдерін; пломбалау іскенжелері мен пломбалау кітаптарын сақтау тәртібін;

пломбалау іскенжелерінде бақылау белгілерін көшіру тәртібін;

пломбамен немесе бұраумен әкелінген жүк түрлерін;

техника қауіпсіздігін.

50. Газ тұрба тасымалдау машинисінің көмекшісі
179. Жұмыс сипаттамасы.

Механикалық, электрлік, тежегіш, қосымша және басқа да құрылғыларды газ турбовозы машинисінің көмекшісіне арналған нормативтік актідегі бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес техникалық қызмет көрсету..

Газ тұрба тасымалдаушыны қабылдау және тапсыруға қатысу.

Түйіндер мен бөлшектерді жабдықтау, бояу және газ турбовозын жұмысқа даярлау.

Газ тұрба тасымалдаушыны бірінші вагонға біріктіру: тежегіш магистралінің соңғы жеңіне біріктіру, тежегіш магистралі соңғы крандарын ашу.

Газ тұрба тасымалдауының құрамнан ажыратып алу: тежегіш магистралі алдын ала ажыратып алынған автоматты біріктіргішті ажырату.

Газ тұрба тасымалдаушыны күту және жолдағы түйіндер мен агрегаттар жағдайын бақылау бойынша газ тұрба тасымалдау машинисінің бұйрықтарын орындау.

Сәйкес нормативтік актілерде бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес өзіндік қозғалыстың алдын алу мақсатында газ турбовозы мен поезды бекітіп қою.

Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, пойыз жіне маневрлік бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, пойыз қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны газ тұрба тасымалдау машинисінің көмекші қайталауын бақылау.

Бекітілген сигналдарды беру, нормативтік актілерге сәйкес пойыз қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалар бұйрықтарын оперативті орындау.

Газ тұрба тасымалдаудағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жоюға қатысу.

180. Білуге тиіс:

Газ тұрба тасымалдаушының қызмет көрсетілетін құрылғысы және пайдалану ережесі;

газ тұрба тасымалдаушының техникалық сипаттамасы;

газ тұрба тасымалдаушыны пайдалану кезінде қызмет көрсету және күту тәртібі;

тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

теміржол қатынас жолы пішіні;

сигнал белгілері мен көрсеткіштері;

қызмет көрсетілетін ауданда бекітілген рұқсат етілетін максималды қозғалыс жылдамдығы;

газ тұрба тасымалдаушыны пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

механикалық, электрлік, тежегіш және қосымша жабдықтар ақауларын шығару және жою тәсілдері;

жылжымалы құрамды бекіту және ажырату ережелері;

тежегіш башмақтарын пайдалану ережелері;

темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;

поезд қозғалысы және теміржолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;

теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

поездар қозғалысы кестесі;

электр техникасы негіздері.

181. Кәсіптік дайындық пен газ турбовозы машинисті көмекшісі куәлігі қажет етіледі.



51. Дизель пойызы машинсінің көмекшісі
182. Жұмыс сипаттамасы.

Механикалық, электрлік, тежегіш, қосымша және басқа да құрылғыларды дизель пойызы машинисінің көмекшісіне арналған нормативтік актідегі бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес техникалық қызмет көрсету..

Дизель пойызын қабылдау және тапсыруға машинистпен бірге қатысу.

Түйіндер мен бөлшектерді жабдықтау, бояу және газ турбовозындизель пойызын жұмысқа даярлау.

Дизель пойызын күту және жолдағы түйіндер мен агрегаттар жағдайын бақылау бойынша дизель пойызы машинисті бұйрықтарын орындау.

Сәйкес нормативтік актілерде бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес өзіндік қозғалыстыі алдын алу мақсатында дизель пойызын бекітіп қою.

Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, пойыз жіне маневрлік бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, дизель пойызы қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны дизель пойызы машинистімен бірге қайталауын бақылау.

Дизель пойызы жолаушыларына қалған пункттер мен басқа жа ақпараттарды хабарлау.

Жолаушыларды орытғызу және түсіру қауіпсіздігін бақылау.

Бекітілген сигналдарды беру, нормативтік актілерге сәйкес пойыз қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалар бұйрықтарын оперативті орындау.

Дизель пойыздағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жоюға қатысу.

183. Білуге тиіс:

Дизель пойызының қызмет көрсетілетін құрылғысы және пайдалану ережесі;

дизель пойызының техникалық сипаттамасы;

дизель пойызы пайдалану кезінде қызмет көрсету және күту тәртібі;

тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

теміржол қатынас жолы пішіні;

сигнал белгілері;

қызмет көрсетілетін ауданда бекітілген рұқсат етілетін максималды қозғалыс жылдамдығы;

дизель пойызын пайдалану кезінде ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

механикалық, электрлік, тежегіш және қосымша жабдықтар ақауларын шығару және жою тәсілдері;

жылжымалы құрамды бекіту және ажырату ережелері;

тежегіш башмақтарын пайдалану ережелері;

темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;

поезд қозғалысы және теміржолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;

теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

поездар қозғалысы кестесі;

электр техникасы негіздері.

184. Кәсіптік дайындық пен дизель пойызы машинисті көмекшісі куәлігі қажет етіледі.



52. Паровоз машинисінің көмекшісі
185. Жұмыс сипаттамасы.

Бу машинасы, қазан, механикалық, электрлік, тежегіш, қосымша және басқа да құрылғыларды паровоз машинисінің көмекшісіне арналған нормативтік актідегі бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес техникалық қызмет көрсету.

Паровозды қабылдау және тапсыруға қатысу.

Түйіндер мен бөлшектерді жабдықтау, бояу және паровозды жұмысқа даярлау.

Паровозды бірінші вагонға біріктіру: тежегіш магистралінің соңғы жеңіне біріктіру, тежегіш магистралі соңғы крандарын ашу.

Паровозды құрамнан ажыратып алу: тежегіш магистралі алдын ала ажыратып алынған автоматты біріктіргішті ажырату.

Паровозды күту және жолдағы түйіндер мен агрегаттар жағдайын бақылау бойынша газ турбовозы машинисті бұйрықтарын орындау.

Оттық және түтіндік қорап пен күлдікті тазалау және толтыру.

Қазандағы будың қажетті қысымын және судың нормадағы деңгейін қалыпта ұстау.

Паровозды қысқы жағдайдағы жұмыстарға даярлау.

Сәйкес нормативтік актілерде бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес өзіндік қозғалыстың алдын алу мақсатында паровозды бекітіп қою.

Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, пойыз жіне маневрлік бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, пойыз қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны паровоз машинисті көмекшісінің қайталауын бақылау.

Бекітілген сигналдарды беру, нормативтік актілерге сәйкес пойыз қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалар бұйрықтарын оперативті орындау.

Паровоздағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жоюға қатысу.

186. Білуге тиіс:

Паровоздың қызмет көрсетілетін құрылғысы және пайдалану ережесі;

паровоздың техникалық сипаттамасы;

паровозды пайдалану кезінде қызмет көрсету және күту тәртібі;

тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

теміржол қатынас жолы пішіні, сигнал белгілері;

қызмет көрсетілетін ауданда бекітілген рұқсат етілетін максималды қозғалыс жылдамдығы;

паровозды пайдалану кезінде ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

бу машинасы, қазан, механикалық, электрлік, тежегіш және қосымша жабдықтар ақауларын шығару және жою тәсілдері;

жылжымалы құрамды бекіту және ажырату ережелері;

тежегіш башмақтарын пайдалану ережелері;

темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;

поезд қозғалысы және теміржолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;

теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

поездар қозғалысы кестесі;

электр техникасы негіздері.

187. Кәсіптік дайындық пен паровоз машинисті көмекшісі куәлігі қажет етіледі.



53. Рельстік автобус машинисінің көмекшісі
188. Жұмыс сипаттамасы.

Механикалық, электрлік, тежегіш, қосымша және басқа да құрылғыларды рельстік автобус машинисінің көмекшісіне арналған нормативтік актідегі бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес техникалық қызмет көрсету.

Рельстік автобусты қабылдау және тапсыруға қатысу.

Түйіндер мен бөлшектерді жабдықтау, бояу және рельстік автобусты жұмысқа даярлау.

Рельстік автобусты күту және жолдағы түйіндер мен агрегаттар жағдайын бақылау бойынша газ турбовозы машинисті бұйрықтарын орындау.

Сәйкес нормативтік актілерде бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес өзіндік қозғалыстың алдын алу мақсатында рельстік автобусты бекітіп қою.

Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, пойыз жіне маневрлік бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, пойыз қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны рельстік автобус машинисті көмекшісінің қайталауын бақылау.

Рельстік автобус жолаушыларына қалған пункттер мен басқа жа ақпараттарды хабарлау.

Жолаушыларды отырғызу және түсіру қауіпсіздігін бақылау.

Бекітілген сигналдарды беру, нормативтік актілерге сәйкес пойыз қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалар бұйрықтарын оперативті орындау.

Рельстік автобустағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жоюға қатысу.

189. Білуге тиіс:

Рельстік автобустың қызмет көрсетілетін құрылғысы және пайдалану ережесі;

рельстік автобустың техникалық сипаттамасы;

рельстік автобусты пайдалану кезінде қызмет көрсету және күту тәртібі;

тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

теміржол қатынас жолы пішіні;


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау