№51 баспасөз релизі



жүктеу 21,52 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.05.2018
өлшемі21,52 Kb.
#17533


 

  

 

 

№51 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ 

 

Қаржылық тұрақтылық және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (ҚТК)  

банк секторын контрциклдық реттеу бойынша нақты қадамдарды айқындады 

 

 2015 жылғы 9 қазан                                                                Алматы қ. 



 

ҚР Ұлттық Банкі ағымдағы жылғы 25 қыркүйекте Қаржылық тұрақтылық жөніндегі 

кеңестің  отырысында  екінші  деңгейдегі  банктерді  контрциклдық  реттеу  бойынша  негізгі 

тәсілдер  мақұлданғанын  хабарлайды.  Бұл  шаралар  топтамасы  реттеуші  талаптардың 

кешені бойынша ұзақмерзімді жол картасын білдіреді және ҚР Ұлттық Банкі бұдан бұрын 

қабылдаған  «ЕКІНШІ  ДЕҢГЕЙДЕГІ  БАНКТЕРГЕ  ҚАРАЙ  10  ҚАДАМ»  бағдарламасының 

қисынды жалғасы мен толықтыруы болып табылады. 

Құрамына  реттеушінің,  Қазақстан  қаржыгерлері  қауымдастығының  және  екінші 

деңгейдегі  банктердің  өкілдері  кіретін  ҚР  Ұлттық  Банкі  жанындағы  «Банктік  реттеу 

мәселелері жөніндегі» тұрақты жұмыс істейтін арнайы жұмыс тобы контрциклдық реттеу 

қағидаттарына өту бойынша нақты қадамдарды алдын ала тұжырымдады.  

Контрциклдық  реттеуге  өту  жөніндегі  жол  картасы  Қазақстан  экономикасының 

ағымдағы 

сын-қатерлеріне 

жауап 

болып 


табылады. 

Контрциклдық 

реттеу 

тұжырымдамасында мына:  



 

банк қызметтерін үздіксіз көрсетуді қамтамасыз ету; 



 

қаржы  нарықтарында  экономика  күйзелістерін  және  құбылмалылықты 



бәсеңдету; 

 



экономиканы долларсыздандыру, теңгемен ішкі кредиттеуді ұлғайту; 

 



экономика субъектілерінің және халықтың борыштық жүктемесін төмендету 

міндеттерін  шешу  мақсатында  (1)  Банктік  қадағалау  жөніндегі  Базель 

комитетінің  халықаралық  стандарттарына  (Базель  III)  2021  жылға  қарай  

басты бағытты сақтау және (2)  өтпелі кезеңде экономикалық циклды ескере 

отырып реттеуші ықпал етуді оңтайландыру көзделген.   

 

 



 

Осы тұжырымдаманың негізгі бағыттары мыналар болып табылады: 

1.  2015  жылдың  деңгейіндегі  меншікті  капиталдың  буферлерін  қоса  алғанда, 

меншікті  капиталдың  жеткіліктілігіне  қойылатын  ең  төменгі  талаптардың  барлығын  2016 

жылы  сақтай  отырып  Базель  III  өту  бағдарламасын  түзету.  2021  жылға  дейін  Базель  III 

стандарттарына  өту  кезеңін  ұлғайту және  меншікті  капитал  жеткіліктілігінің  таргеттелетін 

мәнін 12%-дан 10,5%-ға дейін төмендету мәселесі қаралды.  

2017  жылдан  бастап  ҚР  Ұлттық  Банкі  Еуропалық  одақтың  тәжірибесі  мен 

қағидалары  негізінде  меншікті  капитал  жеткіліктілігінің  мәніне  қосымша  қадағалау 

үстемесін (capital add-on) енгізетін болады.  

Қауіпсіз  аймақта  банк  секторындағы  ағымдағы  өтімділік  деңгейін  сақтау  және 

барынша тұрақты көздерден қаржыландыруды тарту бойынша екінші деңгейдегі банктер 

үшін қосымша ынталандыру шараларын құру үшін 2017 жылдан бастап өтімділік бойынша 

Базель III жаңа стандарттары (NSFR және LCR) кезең-кезеңімен енгізілетін болады.    




2.  Пруденциялық  нормативтерді  сақтаудың  қолданыстағы  талаптарын  түзету 

көзделеді, оның ішінде жекелеген пруденциялық нормативтерді бұзу теңгенің нарықтық 

айырбастау  бағамын  10%-дан  асатын  мөлшерге  ұлғайтуға  әкеп  соғатын  болса,  оларды 

сәйкес келтіру үшін 6 айлық мерзімді енгізу мақұлданды.   

3.  2017  жылдан  бастап  «жұмыс  істемейтін  кредит»  деген  ұйымның  халықаралық 

стандарты  түсінігі  енгізілетін  болады.    «Жұмыс  істемейтін  кредит»  деген  анықтама  оған 

қайта құрылымдалған кредиттерді қосу арқылы кеңейтілетін болады. Бұл ретте, кейінгі екі 

жыл  ішінде  жұмыс  істемейтін  кредиттердің  көрсеткіші  ертерек  ден  қою  индикаторы 

функциясын,  ал  2018  жылдан  бастап  пруденциялық  норматив  рөлін  атқаруды 

жалғастырады.   

Жалпы алғанда, ҚТК жұмыс істемейтін кредиттер үлесін 2018 жылға таман 10%-дан 

аз деңгейге дейін төмендету мерзімін ауыстыру жөніндегі ұсынысты мақұлдады.    

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:   



+7 (727) 2704 585  

+7 (727) 3302 497   

    e-mail: press@nationalbank.kz 

 www.nationalbank.kz 



 

жүктеу 21,52 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау