Алғашқы оригами әдісімен жапондық діни салттарда қорапша жасалып, оның ішіне садақаға берілген кішкене нан, балық шашылмай, жинақы болу үшін пайдаланған.
Содан кейін бай ақсүйектердің ойлап тапқанындай, яғни қазырғы кезде біз бір бірімізге тілек жазу үшін ашық хаттар жазамыз.
Ал сол кездері ашық хат жазғанда олар көбелек,құстар,
гүл немесе абстрактілі геометриялық пішіндермен бүктеліп қағаз ішіне жазып жүрген.Уақыт өте келе XXғасырда оригами туралы бүкіл әлем
білетін болды.
Кейбір шеберлер бір қағаздан бірнеше мың әр түрлі пішіндерді
жасай алады.
Қағазды қолөнердің көбінде пайдалануға болады.
Оригамида қағазды тек бүктейді. Бұйымның дұрыс әдемі шығуы қағаздың дұрыс бүктелгеніне байланысты.
Соңғы уақыттарда тек Жапонияда ғана емес, сондай - ақ басқа елдерде оригами өнерімен айналысады.. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін тырна бүктеу тағыда бір мағынаға ие болды. Бейбітшілік символы Хиросимадағы атом бомбасының зардабынан жапа шеккен. Садако Сасаки 644 тырна бүктеп, (7 января 1943 — 25 октября 1955) дүниеден озды.
Оригамидің түрлері мен техникасы
Қарапайым оригами – оригамидің стилі, британ оригамисті Джон Смит ойлап тапқан, бұл бүктемелердің тек төбешік пен жазықтыққа жиналуымен ғана шектеледі. Айналдыра бүктеу – оригами диаграммаларының бір түрі, дайын модельдің бүкіл бүктемелері бейнеленген сызба Оригамидің танымал түрлерінің біріне модульдік оригами жатады, мұнда тұтас фигура көптеген ұсақ бөліктерден (модульдерден) жиналады, олардың әрқайсысы қағаз парағынан бүктеліп жасалады. Сулы бүктеме – бүктеу техникасы, Акира Иошизава ойлап тапқан және суланған қағазды фигуралардың түзу шығу үшін, көрікті болу үшін, сонымен қатар қатты болу үшін қолданады.
Ал менің бүгінгі жасаған дүнием ол оригами модульдерінен құрастырылған «Паравоз» макеті.
Жобаны орындау:
Сонымен модульдерден құралған паравозды жасау үшін ең бірінші көп көлемде үшбұрышты модульдер дайындап алу керек және шыдамдылық қажет. Берілген модельде бірнеше түстер пайдаланылған. Модульдерді 1/8 А4 форматынан жасадым.
Мен бұл жұмысымды төрт бөлікке бөлдім, олар:
а) көмір тастап от жағатын орны;
ә) паравоздын «будкасын» және шатырын жасау;
б) «рамасы» мен қалған ұсақ бөлшектері (дөңгелектері, түтін шығатын мұржасы, жарық беретін «прожекторы»).
Достарыңызбен бөлісу: |