4 основные направления, цели, задачи, целевые индикаторы и показатели результатов



жүктеу 2,24 Mb.
бет13/13
Дата01.01.2018
өлшемі2,24 Mb.
#6869
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
1) Бағдарламаны дайындау өңірдің мемлекеттік билігіндегі уәкілетті органдарға бекітуге ұсыныс, мақсаттар мен ресурстар бойынша құжаттың теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін орнатылған тәртіпте (қажет болған жағдайда көрші өңірлердегі биліктің органдарымен) орындаушы биліктің республикалық органдарымен және өңір билігіндегі мүдделі органдармен оның келісілуі, қоғамдық ұйымдар мен бизнес-орта ұсынымдарын есепке алумен жобаны дайындауды өзіне қосады. Бағдарламаны іске асырудың әрбір іс-шарасы бойынша белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жауапты орындаушы тағайындалуы қажет.

Осыған байланысты облыс әкімдеріне

- бағдарламаны дайындаушылар мен өңірлер департаменттері басқарушыларының қызметтерін үйлестіру;

- өңірдің инновациялық және инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша жауаптыларды бөліп тарату;

- Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен салалық бағдарламаларды есепке ала отырып Бағдарламаны іске асырудың кезеңді іс-шаралар жоспарын дайындау қажет.

2) Бағдарламаны жүзеге асыру жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың сәйкес стратегиялық жоспарлары мен Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспары – оның іске асырылуына қажетті шығындар, аяқталу нысандары, орындаушылардың мерзімдерін анықтаумен бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған нақты іс-әрекеттердің жиынтығы.

Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспары сәйкес аумақты мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органмен дайындалады және Бағдарламаның бекітілуінен кейін бір ай мерзімінде мемлекеттік жоспарлау бойынша жоғары тұрған уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті аумақтың әкімімен бекітіледі.

Республикалық және өңірлік (жетілдірілген, перспективалы және кедейлікті) топтастырылуымен инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыруда мемлекеттік (өңірлік) қолдау шаралары, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Берілген қолдаудың сәйкес шаралары жергілікті атқарушы органдармен өңір ерекшелігіне сәйкес таңдалатын болады.

Әрбір инвестициялық жоба бойынша, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес байламалы мемлекеттік (өңірлік) қолдаудың жобалы және жүйелі шараларын келесілерді қамтамасыз етуде бейнелеу қажет:



    • кадр ресурстары мен шикізаттық негіздердің инфрақұрылымдары;

    • қазақстандық құрам;

    • инвестицияларды тарту жағдайын жасау;

    • кәсіпорындардың инновациялық қызметтері мен олардың технологиялық жаңғыртылулары;

    • өнімдерді мемлекеттік сатып алу;

    • техникалық реттеудің саясатын іске асыру;

    • әкімшілік кедергілерді алып тастау.

3) Бағдарламаны іске асыру мониторингісіне мыналар кіреді:

- Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпараттар жинағы (жоспарланған өлшемдерден ауытқулар – осы ауытқулар себептері жағдайында қол жеткізілген нәтижелер, міндеттер, шынайы түрде орындалған іс-шаралар туралы жедел есептер);

- сәйкес ұсыныстың жасалып шығарылуымен ұсынылған ақпараттың талдауы (жоспарланған іс-шараларды уақытында іске асыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және басқа да нормативтік құқықтық актілердің дайындалуларын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға өзгерістер немесе қосымшалардың енгізілуін іске асыруды жалғастыру).

Астана, республикалық маңызы бар қалалар, облыстарды дамыту Бағдарламасының мониторингі мемлекеттік органдармен ұсынылатын жедел есеп беру негізінде мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органмен және астана, республикалық маңызы бар қалалар, облыстарда мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органдармен өткізіледі.

Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) дамыту Бағдарламасының мониторингі жедел есеп берулер негізінде облыстар мен (облыстық маңызы бар қалалар) аудандарда мемлекеттік жоспарлау бойынша өкіл етілген органдармен өткізіледі.

Бағдарламаның мониторингі жылына екі рет жүзеге асырылады: бірінші жарты жыл қорытындысы бойынша және жыл қорытындысы бойынша.

Бағдарламаның мониторингісін өткізу үшін, оның дайындалуы мен іске асырылуына жауапты мемлекеттік органдар өз құзіреті шегінде есеп беру жылының бірінші жарты жылдығы мен есеп беру жылының аяқталу күнінен бастап екі апталық мерзімде Бағдарлама мониторингінің өткізілуіне уәкілетті органдарға жедел есепті ұсынады.

Облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органы өткізілген Бағдарламалар мониторингісінің қортындылары бойынша мониторинг бойынша жалпы есепті дайындайды және оны Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне ұсынады: есеп беру жылының бірінші жарты жылдығына – есеп беру жылының 1 тамызынан кешіктірмей, жыл қортындылары бойынша – есеп беру жылынан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей.

4) Бағдарламаны бағалау олардың іске асырылуынан кейін үш жыл ағымында (аралық) және жоспарлы кезеңнің ағымы бойынша (қорытынды) жүзеге асырылады.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астананы дамыту Бағдарламасын бағалау, астана, республикалық маңызы бар қалалар, облыстарда мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органмен және мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органмен өткізіледі.

Ауданның (республикалық маңызы бар қалалардың) даму Бағдарламасын бағалау облыстар мен (облыстық маңызы бар қалалар) аудандарда мемлекеттік жоспарлау бойынша өкіл етілген органдармен өткізіледі.

Бағдарламаны бағалау жергілікті атқарушы органмен ұсынылатын бағалау бойынша есептің негізінде жүзеге асырылады.

Бағдарламаны бағалау қорытындылары

Мәслихаттың тексеру комиссиясымен жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілетін бақылау іс-шаралары шегінде өткізілген Бағдарламаны бағалау қорытындылары, мәслихаттың тексеру комиссиясымен ұсынылған, сәйкес бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша қабылданғаннан кейін мемлекеттік бағдарламаның дайындалуына жауапты мемлекеттік органға және мемлекеттік жоспарлау бойынша өкіл етілген органға, жергілікті орындаушы органға бағытталады.

Астана, республикалық маңызы бар қалалар, облыстарда мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган, астана, республикалық маңызы бар қалалар, облыстар әкімімен қол қойылған даму бағдарламасын бағалау бойынша есепті әзірлейді және есеп беру кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органға ұсынады.

5) Бағдарламаны бақылау мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша өткізілген бақылау іс-шаралары мен бағалау, мониторинг нәтижелерінің негізінде жүзеге асырылады.



Астана, республикалық маңызы бар қалалар, облыстардың даму бағдарламасын бақылау тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен жүзеге асырылады.






жүктеу 2,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау