4.2 Қисықсызықты объектілерді салу. Нүктелер
4.2.1 Шеңберлер
_circle (Круг-Шеңбер) командасы – тұйық объект жасайды. Шеңбер салудың пайдаланушыға алты түрлі тәсілін ұсынады, сәйкесінше алт параметрден құралады (сурет 4.8). Draw (Рисование-Суретсалу) Circle (Круг-Шеңбер) құлайтын менюінен немесе Draw инструменттер панелінен Circle пиктограммасына шерту арқылы шақырылады.
Сурет 4.8 – Шеңбер салу командалары
Circle командасының опциялары:
- шеңберді берілген радиусы және центрі арқылы салу (бұл опция үнсіздік бойынша беріледі);
- шеңберді берілген диаметрі және центрі арқылы салу;
- шеңберді оның диаметріндегі екі нүкте арқылы салу;
- шеңберді оған тиісті үш нүкте арқылы салу;
- шеңберді сызбадағы екі объектіге жанама және берілген радиус бойынша салу (сурет 4.9,а);
- шеңберді үш объектіге жанама арқылы салу (сурет 4.9,б).
а) б)
Достарыңызбен бөлісу: |