Топырақтың бетiн өңдеу және таяз өңдеу. Топырақтың бетiн өңдеу 10 см тереңдiкте, таяз-10-20 см дейiн өңделедi. Оларға қопсытатын және араластыратын, тығыздайтын және тегiстейтiн шаралар жатады. Бiрiншi топқа жататын шаралар – дискiлеу, қопсыту және тырмалау.
Сыдыра жырту. Ол дискiлi және түрендi сыдыра жыртқыштармен жасалынады. Ең көп тарағаны сфералық және жалпақ дискiлерi бар, дискiлi сыдыра жыртқыштар болады.
Сфералы дискiлi сыдыра жыртқыштармен өңдегенде қопсыту, уату, аудару және арамшөптердi кесу жасалынады, жалпақ дискiлi сыдыра жыртқыштармен топырақты өңдегенде топырақ аударылмайды. Сыдыра жыртуды топырақты күзде өңдегенде және себу алдында қолданады. Ылғал жеткiлiктi жағдайларда сыдыра жыртқыштарды сүрi танабын өңдегенде де қолданады. Солтүстiк Қазақстанда сыдыра жырту ылғал жеткiлiктi жылдары тиiмдi болуы мүмкiн. Сыдыра жыртқыштармен құрғақ топырақты өңдеу оның құрғауы мен шаңдануына әкеледi. Сонымен қатар сыдыра жыртқыш топырақ бетiндегi өсiмдiк қалдықтарын құртады. Сыдыра жырту үшiн ЛДГ-10, ЛДГ-15 және ЛДГ-20 сыдыра жыртқыштарын қолданады.
Культивация. Бұл шара қопсытуды, аударуды және арамшөптердi астынан кесудi қамтамасыз етедi. Жағдаймен шешiлетiн мiндетке байланысты пружиналы, пышақты, штангалы, инелi, қашау тәрiздi, сыдыра жыртқышты, жебе тәрiздi культиваторларды қолданады: КПЭ-3,8А, КТС-10-1, ОП-8, ОП-12 және басқалар.
Топырақ қорғау егiншiлiк жүйесiнде топырақты 16 см дейiн өңдей алатын жазықтiлгiш культиваторлер кең қолданылады. КШШ-5, КПШ-9, КПШ-11.
Жер бетiн өңдеу үшiн сымды, штангалы және инелi дискiсi бар культиваторлер қолданылады.
Картопты күту үшiн топырақты өсiмдiктерге үйiп қоятын түптеушi культиваторлер қолданылады.
Тырмалау – топырақтың бетiн қопсытуды, араластыруды және тегiстеудi, сонымен қатар арамшөптердiң өскiндерiн құртуды қамтамасыз етедi. Ол топырақтың бетiн өңдеу шараларына жатады және тiстi, торлы, дискiлi және шлейф тырмалармен жасалынады: БЗТС, БСО-4, БДН-3, БДТ-7, ШБ-2,5.
Тiстi тырмалар бiр тiске 1,5 кг (1,47х105Па) қысымы бар ауыр, 1 кг дейiн [(0,491-1,47)х104Па] болуы мүмкiн. Ауыр тырмаларды қолданып өңдегендегi тереңдiлiк 5-8 см, орташанiкi 4-6 см және жеңiлдердiкi 2-3 см болады.
Торлы тырма БСО-4 бiр тiске қысымы 1 кг (0,96) сепкеннен кейiн топырақты өңдеуге, өскiн шыққанға дейiн және өскiн шыққаннан кейiн пайдалы.
Шымды кесу үшiн және тоң кесектi топырақты өңдеу үшiн жиi ауыр дискiлi тегiс және кескiндi дискiлерi бар тырмалар пайдалы.
Аңызды ортаны өңдеуде тiстi тырмалар өсiмдiк қалдықтарымен тығылып, жаман iстесе, дискiлi тырмалар топырақты қатты құрғататып жiберетiн болса, мүндай жақдайда инелi тырмалар БИГ-3, мотыга-тырма БМШ-15 және БМШ-20 пайдалану өте тиiмдi. Инелi дискiлерi бар бұл құралдар топырақты 8 см дейiн жақсы қопсытып уатады, өңдеген соң топырақ бетiнде 80% өсiмдiк қалдықтары сақталады. Оның үстiне олардың жұмыс органдарының орны белсендi (дискiнiң ойық жағы) және пассивтi (дискiнiң томпақ жағы) болуы мүмкiн. Инелi дискiлердiң белсендi күйiнде аңыздар жақсы сақталады, пассивтi күйiнде арамшөптер тұқымдарының оларды өсуге арандату үшiн тиiмдi жерге енгiзуге әсер етедi.
Топырақ бетiн өңдеу шараларының екiншi тобына (тығыздайтын және тегiстейтiн) тығыздау, шлейфтеу және малалау жатады.
Тығыздау. Дақылдарды себер алдында, егер сол кезеңге дейiн топырақ оңтайлы тығыздыққа дейiн отырып үлгермесе, артық үгiлмелiктi кетiру үшiн қажет. Тығыздау мен топырақты артық құрғаудан сақтау үшiн тығыздалған қабат құрылады. Сепкеннен кейiнгi тығыздаудың негiзгi мақсаты - себiлген тұқым мен топырақ бөлшектерiнiң арасындағы байланысты жақсы қамтамасыз ету. Тығыздаудың күшiмен үлкен кесектер уатылады, топырақ қабыршағы жойылады және топырақ бетi тегiстелiнедi.
Тығыздаудың тиiмдiлiгi топырақтың механикалық құрамына, оның құрылымдық күйi мен ылғалдылығына, топырақ сiңiру кешенiндегi тұздар концентрациясына және топырақтағы органикалық заттардың мөлшерiне байланысты болады. Басқа бiрдей жағдайларда о тепе-теңдiктi тығыздық оңтайлыдан төмен болған топырақтарда жоғары болады.
4-8 см тереңдiкте топырақты тығыздап отырып, оның бетiн үгiлмелi түрде қалдыратын ЗККШ-6, ККН-2,8 шығыршықты және шығыршықты тiстi катоктарын қолданғанда жақсы өңдеу сапасына жетемiз. Егiншiлiк тәжiрибесiнде топырақтың тығыздалуы көбiнесе басқа шаралармен қабысып жасалады: жырту, тырмалау, себу, қопсыту ж.б.
Артық ылғалды, кебiрленген және құрғап кеткен топырақты тығыздаса терiс әсер етуi мүмкiн.
Шлейфтеу. Топырақтың бетiн өңдеу мен таяз өңдеулерден кейiн топырақ бетiн тегiстеу үшiн және сепкеннен кейiн шлейфтермен волокушалармен жасалынады. Құрылымды топырақтарда шлейфтеу тырмалаудың орнына жасалынуы мүмкiн.
Малалау. Танапты суаруға дайындағанда топырақтың бетiн тегiстеудi және жоғарғы қабатын тығыздауды қамтамасыз ететiн шара. Ол темiрмен шыңдалған ағаш бөренемен жасалынады.
Топырақты арнайы өңдеу шаралары. Оған фрезерлеу, үңги және қабаттап жырту, топырақты тiлу, шұңқырлау, тышқаншылап қазу жатады.
Фрезерлеу. Топырақты қопсыту, уату және араластыруды жақсы қамтамасыз ететiн шара. Фрезерлегенде аэрация жақсарып микробиологиялық процесстер артады. Бiрақ фреза топырақты өте қатты тозаңдатады және өнiмдiлiк төмен болады. Олар шымдалған топырақтарды, шымтезектердi өңдегенде кең қолданылады. Фрезаны пiшендiк жер мен жайылымдықтарды түбегейлi жақсарту үшiн кең қолданады. Өндiрiсте ФБН-1,5, ФБК-2, МТП-42А фрезалар және арнайы қопсытқыштар КФГ-3,6, КФ-5,4, КФГ-3,6-0,1 шығарылады.
Үңги жырту. Ол үңги соқамен топырақты 40 см (кейде 70 см) тереңдiкке өңдеу. Оны жүзiмдер, бақшалы дақылдар мен орманды екпе ағаштар үшiн жасайды. Үңги жыртқанда қарашiрiктi қабат қарқынды уатылып, салдың астына түсiрiлiп, төмен құнарлы астыңғы жағы үстiне шығарылып одан сайын мәдениеттендiрiледi. Мұндай өңдеу үшiн ППН-50 және ППУ-5а соқаларды қолданады.
Қабаттап жырту. Топырақ қабаттарын iшiнара немесе түгел араластырумен өңдеудi атайды. Ол екi немесе үш қабатты болуы мүмкiн. Екi қабатты өңдеуде топырақтың үстiңгi және астыңғы қабаттары орнын ауыстырады, үш қабатты жыртқанда топырақтың үш қабаты орнын ауыстырады. Екi қабатты жырту үшiн ПЧЯ-2-50, ПД-3-35 соқаларын қолданады.
ПЧЯ-3-50 үш қабатты соқа топырақты 60 см тереңдiкке 50 см кеңдiкке өңдейдi. Бұл жағдайда аударылған (жоғарғы) қабат орнында қалады, астыңғы (үшiншi) екiншiнiң орнына келiп, екiншi үшiншiнiң орнына келедi. Бұл өңдеу кебiрлерде қолдануға ұсынылады.
Тiлу – су ағып кетпеу үшiн және оның топыраққа жақсы сiңуi үшiн қолданылады. Бұл шараның артықшылығы өсiмдiктердi жоймауда. Оны күзгi өңдеу жүйесiнде көпжылдық шөптер мен күздiк дақылдар егiстерiнде, суарудың алдында пiшендiк жерлер мен жайылымдарда қолданады. Өңдеудi әр түрлi конструкциялы тiлгiштермен жасайды. Cаңылаулардың тереңдiгi 0,4-1,2 м дейiн жетедi. Саңылаулар арасы 0,7-ден бiрнеше метрге дейiн болады. ЩН-3-70 тiлгiштi кең қолданады, ол 50 см тереңдiкке, 3-5 см кеңдiкте, саңылаулар арасы 1,4 м өңдейдi.
Шұңқырлау - су эрозиясымен күресу үшiн және ерiген суларды жақсы ұстап қалу үшiн танаптарда күзде арнайы шұңқыр жасағыш ЛОД-10 құралымен шұңқыр жасалынады. Оське экцентрикалы түрде дискiлер орнатылады, олар кезекпен топыраққа кiредi де 12-15 см тереңдiкте сопақ түрлi шұңқырлар жасалынады. 1 гектарға 250 м3 көлемiмен 13 мың шұңқыр жасалынады. Көктемде олар тырмалармен немесе себу алдындағы өңдеулермен тегiстеледi.
Тышқаншылап қазу. Артық суды кетiру үшiн және аэрацияны арттыру үшiн артық ылғалданған топырақтарда қолданады. Шараның негiзiнде анық тереңдiкке тышқанды қашыртқы түрлi бос жерлер жасау жатады. Бұл мақсат үшiн РК-1,2 қопсытқыш –тышқаншылаушыны қолданады, олар диаметрi 9,5-20 см қашыртқыны 1,3 м тереңдiкке жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |