37. Жаратылыстану-математикалық бағыттың 10-11 сыныптарында «Геометрия» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері


) «Кеңістіктегі түзу мен жазықтық теңдеулерінің қолданылуы»



жүктеу 25,67 Kb.
бет2/5
Дата22.12.2023
өлшемі25,67 Kb.
#44889
1   2   3   4   5
37-40 МОӘ

2) «Кеңістіктегі түзу мен жазықтық теңдеулерінің қолданылуы». Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы.Кеңістістегі нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтық. Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрышты, түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты табу;
3) «Айналу денелері және олардың элементтері». Цилиндр және оның элементтері. Цилиндрдің жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Конус және оның элементтері. Конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Қиық конус және оның элементтері. Қиық конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Сфера, шар және олардың элементтері. Сфераға жүргізілген жанама жазықтық. Сфера бетінің ауданы. Шар және оның элементтері. Шардың, сфераның жазықтықпен қималары. Цилиндр, конус және шардың жазықтықпен қималары;
4) «Денелердің көлемдері». Денелер көлемдерінің жалпы қасиеттері. Призма көлемі. Пирамида және қиық пирамида көлемдері. Цилиндр көлемі. Конус және қиық конус көлемдері. Кеңістік фигураларының ұқсастығы. Шар және оның бөліктерінің көлемдері.Геометриялық денелердің комбинациялары.

38. Математиканың оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары.

1.Математика сабағы барысында мұғалім мен оқушының өзара байланысты іс- әрекеті әртүрлі оқыту құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оқыту құралдарын қолдану оқушылардың белсенділігін арттырады, сабаққа назарын аудартады және осы арқылы олардың дамуына, оқу материалын анағұрлым берік игеруіне әсер етеді, уақытты үнемдеуге мүмкіндік туғызады.


Математика дерексіздігі басым пән болып табылады. Бұл өз кезегінде оны оқыту барысында қолданылатын оқыту құралдарының сипатын және оларды қолдану әдістемесінің ерекшеліктерін анықтайды. Математика сабақтарында қолданылатын оқыту құралдарының түрлері өте көп және уақыт өткен сайын өмір талаптарына сай олардың жетілдірілген, жаңа түрлері пайда болып отырады. Оларды негізінен алғанда, мынадай топтарға бөлуге болады:
1) Оқу – әдістемелік құралдар ( математика оқулықтары, мұғалімге арналған әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар, т.б);
2) Қолдан жасалатын дәстүрлі көрнекі құралдар (диаграммалар, сызбалар, графиктер,кестелер,т.б); 3)Математика оқулығына қосымша кестелер жиынтығы; 4) Аудио және видео – визуальдық техникалық оқыту құралдары (кино- проектор, эпипроектор, диапроектор,т.б);
5) Чертеждік құралдар ( сызғыш, циркуль, бұрыштық);
6) Өлшеу құралдары (масштабты сызғыш, өлшеуіш жіп, лента, рулетка, өлшеуіш циркуль, таразы, сағат, т.б);
7) Есептеуіш құралдар ( калькуляторлар, т.б);
8) Қазіргі заманғы техникалық оқыту құралдары (флепчарт тақта, компьютер, интерактивті тақта, т.с.с).
Математиканы оқыту барысында ақпарат мұғалім мен оқушының арасындағы байланыстырушылық қызметін атқарады. Ол мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушылардың іс-әрекеті арқылы тасымалдана отырып, математиканы оқыту үдерісін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ендеше, математиканы оқыту құралдарын ақпараттың берілу және қабылдану тәсілдері бойынша топтастыруға да болады.
Жалпы алғанда, оқыту үдерісіндегі ақпараттың төрт жетекші көзі бар, олар: дыбыс, кескін, дененің сезімдері және осылардың жиынтығы. Осыған орай оқыту құралдарын төрт топқа бөлуге болады:
1. Оқытудың аудиалдық құралдары. Мұнда ақпарат дыбыс арқылы тасымалданады және ақпаратты беру мен қабылдау аудиалдық каналдардың көмегімен жүзеге асырылады.
2. Оқытудың визуалдық құралдары. Мұнда ақпарат кескін түрінде болады. Бұл топқа табиғи объектілер мен кескіндік құралдарды, сондай-ақ баспа және жазбаша ақпараттың барлық түрлерімен істелетін жұмыстарды қамтитын құралдар жатады.
3. Оқытудың кинестетикалық құралдары. Мұнда ақпаратты беру мен қабылдау дененің физикалық күш-жігер жұмсауы немесе басқа да сезімдері арқылы жүзеге асырылады. Бұл құралдар қазіргі мектепте таза күйінде қолданылмайды, көбіне, зағип және нашар еститін балаларды оқыту осы оқыту құралдары арқылы жүзеге асырылады.
4. Оқытудың полимодальдық құралдары. Мұнда ақпарат қабылдаудың барлық каналдары арқылы тасымалданады.
Осыған байланысты қазіргі күні осылардың бірлестірілген оқыту құралдарын бөліп көрсетуге болады:
- аудиовизуальдық құралдар (диа-, кино- және видеофильмдер, тәжірибелер мен эксперименттер, т.б.);
- визуальдық-кинестетикалық құралдар (ауызша түсіндірусіз графикалық және жазбаша жұмыстарды қамтитын құралдар, компьютермен жұмысты қамтитын құралдар, т.б.), бұл құралдарды қолданғанда ақпарат екі канал арқылы жүреді.
- аудиальдық-кинестетикалық құралдар (кейіннен сипаттама берілетін тыңдаумен байланысты оқыту құралдары);
- аудиовизуальдық-кинестетикалық құралдар (тәжірибелер мен эксперименттер, оқу, кино- және видеофильмдер, компьютерлік оқу бағдарламаларымен жұмыстарды қамтитын құралдар), бұл оқыту құралдарын қолданғанда ақпарат қабылдаудың барлық каналдары арқылы жүреді.
2. Математиканы оқытудың әртүрлі кезеңдеріне байланысты да қолданылатын оқыту құралдары түрліше болуы мүмкін. Олардың арасында көрнекі оқыту құралдары ерекше роль атқарады. Мәселен, есеп шығаруға оқытып – үйрету барысында заттар мен олардың кескіндері көрнекі құралдар ретінде есеп шартында көрсетілген сандық – есептік қатынастардың мән – мағынасын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Геометрияны оқыту барысында көрнекі құрал ретінде геометриялық фигуралар мен олардың әртүрлі модельдері жиі қолданылады. Алайда, мұғалім ешқандай чертеждің немесе ешқандай модельдің шектеусіз түзуді, сәулені немесе бұрышты дәлме-дәл кескіндей алмайтындығын оқушыларға ескертіп отыруы тиіс.
Көрнекі құралдардың рөлі тиімді болуы үшін олар белгілі бір талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Көрнекі құралдарға қойылатын жалпы талаптар: мазмұнының ғылымилығы; оқу бағдарламасына сәйкестігі; оқушының жас ерекшелігіне сәйкестігі; құрылысы мен сыртқы түріне қатысты талаптар (қашықтан жақсы көрінуі, ұқыпты сызылуы, қолданудың ыңғайлылығы),т.б. Математика сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдар мазмұны бойынша дәлме-дәл және қарапайым болуы тиіс. Олардың шамадан тыс ашық түстермен боялуы мен тым әдемі безендірілуі оқушылардың олардың математикалық мазмұнынан назарының ауып кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
Көрнекілікті қолдануда мынадай рет сақталуы тиіс: 1) айнала қоршаған ортадағы нәрселер (сынып бөлмесіндегі); 2) балаларға таныс нәрселерді кескіндейтін суреттер; 3) осы нәрселердің шартты кескіндері (мәселен, автомашинаны тік төртбұрыш түрінде, алманы дөңгелектер түрінде кескіндеу, т.с.с.); 4) схемалар. Әрине, бұл кезеңдер арасында дәлме – дәл шекара қоюға болмайды.
3. Қазіргі күні ғылыми–техникалық прогрестің қарыштап дамуына байланысты оқытудың техникалық құралдары да жетілдіріліп, оның жаңа түрлері пайда болуда. Оларды бір сөзбен заманауи оқыту құралдары деп атауға болады. Олар арқылы оқылатын құбылыстар мен үрдістерге тереңірек бойлай алуға мол мүмкіндік туады. Компьютерлік технология мен оқытудың заманауи техникалық құралдары көмегімен оқушыларға мектеп жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құбылыстарды көрсете аламыз. Оқытудың техникалық құралдары көмегімен, оның ішінде экрандық- дыбыстық құралдар арқылы қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математикада қолдану арқылы сабақтың негізгі формасын оқушының кішігірім зерттеу лабораториясына айналдыруға болады. Мәселен, оқушы компьютердің көмегімен уақытын үнемдеп, жаңа материалды игеруде көп уақытта жетіспей жататын көрнекіліктердің орнына компьютердегі арнаулы программа мүмкіндігін пайдалана алады. Оқушының дайындығы мен білімінің арасындағы айырмашылық теориялық ойлау кезінде байқалады, яғни, үздіксіз жаттығу нәтижесінде өзіндік танымдық іс - әрекеті қалыптасқан, өз бетінше тексеріп нәтиже ала алатын, қорытындылай білетін тұлғаны қалыптастыру мақсатында ақпараттық технология әдістерін кеңінен қолдану қажет. Мәселен, «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың туындысы мен алғашқы функцияларды қолдану» тақырыбын оқып – игеруде EXCЕL электронды кестесінің функция графигін тұрғызу мүмкіндігін пайдалану арқылы сабақты кішігірім зерттеу лабораториясына айналдыруға болады. Сол сияқты «Geogebra» бағдарламасы ерекше атап айтуға тұрарлық.
Жалпы алғанда, заманауи оқыту құралдарын былайша жіктеуге болады:
1.Оқытудың автоматтандырылған жүйелері.
2. Оқытудың эксперттік жүйелері.
3. Математикаға бағытталған білім базасы.
4. Мультимедиа жүйелері.
5. Білім берудің компьютерлік телекоммуникациялық жүйелері.
6. Интерактивті тақта.
Оларды атқаратын қызметіне қарай былайша топтастыруға болады:
1.Ақпаратты беру құралдары;
2.Білімді тексеру құралдары;
3.Қосымша құралдар;
4.Кешенді құралдар;
5. Тренажерлік құралдар.
Жалпы алғанда, математика сабақтарында заманауи оқыту құралдарын пайдаланудың мынадай артықшылықтарын атап көрсетуге болады:
-уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді;
-оқыту мотивін арттырады, оқушылардың математика сабағына деген қызығушылығын күшейтеді;
-оқушылардың білімдерін жан-жақты және кешенді түрде тексеруді жүзеге асыруға көмектеседі;
-компьютерде жұмыс істей отырып, әрбір оқушы өзінің жұмыс ырғағын таңдай алады.

Дәріс бойынша ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша


тест тапсырмалары
1. Жалпы білім беретін мектепте математиканы оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі формалары:
A) дәріс;
B) сабақ;
C) эксперимент;
D) математикалық үйірмелер;
E) математикалық олимпиадалар;
2. Дәстүрлі аралас сабақтың кезеңдері:
A) өткен оқу жылындағы материалды қайталау;
B) үй тапсырмасын тексеру мен бұрынғы өтілгенді қайталау;
C) жаңа материалды оқып-үйрену, жаттығулар орындау, білімді тексеру;
D) үй тапсырмасын беру;
E) ертеңгі өтілетін материалды баяндау;
3. Сабақтың құрылымы:
A) өзектендіру;
B) дерексіздендіру;
C) құру;
D) қолдану;
E) cәйкестендіру.
4. Математика сабағын талдаудың мынадай түрлері бар:
A) сабақты философиялық талдау;
B) сабақты құрылымдық уақыт бойынша талдау;
C) сабақты психологиялық және психологиялық-педагогикалық талдау;
D) сабақты кешенді талдау;
E) сабақты тілдік талдау.
5. Қысқа мерзімді сабақ жоспары:
A) мұғалім үшін міндетті әдістемелік құжат;
B) оқушыларға арналған құжат;
C) ұзақ мерзімді жоспар негізінде жасалады;
D) оқушылардың білімін бағалауға арналған құжат;
E) мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің айнасы.

39. 7­9 сыныптардағы «Геометрия» пәнінің білім мазмұны және оның ерекшеліктері.
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 199-3-қосымша ретінде әзірленген.
Оқу бағдарламасының мақсаты - «Геометрия» пәнінің мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар басқа пәндермен кіріктіре отырып, жалпы адами құндылықтар негізінде және ұлттық мәдениеттің озық салт-дәстүрлері арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту.
«Геометрия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 9-сынып– аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
7-сыныпқа арналған геометрия пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:

жүктеу 25,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау