№3 Практикалық жұмыс
Электростанциялардың жұмыс режимінің көрсеткіштері.
Мақсаты: Электрлік жүктеменің графиктерін есептеу және салу.
Теориялық мағлұмат.
Қазіргі кездегі электрлі аккумулятор қымбат болып келеді, олар көлемі жағынан кіші және негізінен қауіпсіздікті сақтауға қолданылады және қондырғыны электрдің негізгі көзінен үзілісі кезіндегі керекті ремонт жұмыстарын жасауды бақылайтын жағдайлар жасайды.
Сол сияқты жылутұтынуда жылуды аккумуляциялау жүзеге аспайды, бірақ жылулық желінің үлкен көлемінің себебінен жылуфикация бағытындағы жылу беруде аздаған үзілісі ғимаратты жылытудағы температуралық режимге әсер етпейді.
Электр станциясының жұмысының ерекшелігі әр уақытта өңдірілген электр энергияның жалпы мөлшері толықтай тұтынылған энергиямен сәйкес келеді. Қазіргі уақытта электр станциялар жалпы жалпы электр жүктеме жүйесін және бір уақытта өзіндік ауданның жылулық жүктемесін қамтып, электр жүйесіне параллель жұмыс істейді. Бірақ ауданға қызмет көрсетуге арналған және жалпы жүйеге қосылмаған электр станцияның жергілікті көрсеткіші болады. Бұл жағдайда электрлік станция өз қарамағына ауданның жалпы электрлік жүктемесін алады.
Барлық жағдайларда өндірістік ауданның электрлік жүктеменің суммасы темір жол және қала транспорт қозғалтқышы, өндірістік мақсатта электр энергиясын тұтынушыны қамтамасыз етумен сонымен қатар, жүктемелерден және жарықтандыру мен тұрмыстық қажеттіліктерге кететін энергия шығынына байланысты жүктемелерден тұрады.
Сурет 1 – Электр жүктемесінің жылдық графигі.
Құралған суммалық жүктеме күн сайын және бір жыл ішінде өзгереді. Сонымен қатар, өндірістік жүктеме аптаның жұмыс күндеріндегі негізгі құраушы жалпы электрлік жүктеме болып табылады.
Жексенбі және мейрам күндері өндірістік жүктеме күрт түседі, соған байланысты осы күндері өңдірістік жүктеме едәуір азаяды.
Электр станциясының эксплуатациялау режимінің сипатттамалық ерекшелігі ол электр және жылу энергиясының өңдірісі оның тұтынушысымен қатаң сәйкес келеді. Сондықтан электр станцияның сенімді жұмысын қаматамсыз ету үшін энергия тұтынудың уақыт бойынша өзгерісін білу керек. Энергияны тұтынудың уақыт бойынша өзгерісі диаграммамен кескінделеді және жүктеме графигі деп аталады. Жүктеме графигі тәуліктік, айлық және жылдық болуы мүмкін. (1 – сурет)
Графиктің абсица осінде жыл бойындағы жүктеменің сағаттық ұзақтығы (1жыл – 365*24 – 8760 сағат) салынады, ал ордината осінде жүктеме кВт бойынша салынады. Жылдық графиктің шектеулі қисығының ауданын таңдап алынған станцияның бір жылдағы энергияның киловат сағат бойынша масштаб мөлшерімен анықталады. Жылдық графиктің қисығы бойынша ауданды F (м2) анықталғаннан кейін станцияның бір жылда таңдап алынған және тандалынған энергияның мөлшерін табады.
мұндағы m – график масштабы, кВт сағ/м2
Электр станцияның жұмыс режимі орнатылған қуатты қолдану коэффициентімен, жүктеме коэффициентімен, резерв коэффициентімен орнатылған қуатты қолдану сағат санымен және минимум жүктемені қолдану сағат санымен бағаланады.
Орнатылған қуатты қолдану коэффициенті Кu бір жылдағы энергия мөлшерінің электр станцияның орнатылған қуатымен
Достарыңызбен бөлісу: |