3 і-бөлім. Тарихи –мәдени мұраларды қорғау және пайдалану


Мәдени және тарихи аймағы



жүктеу 191 Kb.
бет11/14
Дата10.04.2022
өлшемі191 Kb.
#38075
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Диплом Тарихи-мәдени мұраларды қорғау

3.1 Мәдени және тарихи аймағы
Ұланғайыр байтақ Қазақстан Республикасының көлемі 2,7 млн шаршы

шақырым. Республикамыздың 90 пайызы жазық. Территориямыз оңтүстіктен слтүстікке қарай, шығыстан батысқа қарай енкіш болыпкеледі. Оңтүстікте және оңтүстік шығыста көкпен тілдескен Тянь-Шань таулары, Саур, Тарбағатай, шығыста Алтай таулары орналасқан. Таулы өлкенің табиғи және климаттық жағдайы мен орташа қар жамылғысы (30-60 см) қыстық туризм түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Еліміз оңтүстiктен солтүстiкке 1600-км,батыстан шығысқа 3000км созылғанСолтүстiктен оңтүстiкке қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары алып жатыр. Республикамыздың барлық жері дерлік ауыл шаруашылығына пайдаланылуда. Дегенмен де, әр табиғи зонада өзінің баз қалпын көрушілерге қорықтар орналасқан. Күннiң түсу ұзақтығы солтүстiкте 2000 сағаттан, ал оңтүстiкте 3000 сағаттан асады. Қазақстанның климаты шұғыл континенталды. Қаңтардың орташа температурасы минус 1-5 °С оңтүстiк, 19-20° солтүстiкте. Ең ыстық ай - шiлде. Шiлде айының орташа температурасы 18°С солтүстiкте, 29°С оңтүстiкте. Желдiң жылдамдығы оңтүстiкте 4,5-5,0 м/с, шөл зонасында 3-4 м/с жетедi. Қазақстанда құрғақшылық климатына байланысты су торына бай емес. Ұзындығы 1000 шақырымнан асатын 10 өзенбар. Ең ұзын өзен Ертiс өзенi. Ең үлкен көл Балхаш көлi. Ең терең көл Алакөл көлi. Алакөль, Зайсан, Балхаш көлдері және Капшағай, Шардара, Бұқтырма су қоймалары жағалаулары жағажай ретінде дамыса, бұл су ресурстары су спортын дамытуға мүмкіндік беруде. Республикамызда 500-ге жуық минерал су көздері, 120-ға жуық емдік батпақтар бар. (Меделбеков А.М.,1998) Республика аумағының 7 пайызын орманды дала алып жатыр. Бұл зона коңыржай континенттi. Мұнда вегетациялық ұзақтығы 120-145 күнге тең. Мұнда Батыс Сiбiр типтес жайпақ ойдымды, шоқ қайыңды ормандар басым келедi. Тыныс ргандарымен байланысты дерттерге өте жақсы ем ретінде қолданылады. Бұл ландшафт грунттың тым ылғалдануы жағдайында жаралу тегi бiр-бiрiне жалғасқан көне көлдiк және көлдiк өзендiк жазықтарда қалыптасқан Жақсы керiзделген саздақты жерлер мен өзен беткейлерiнде жоғары бөлiктерiн құнары шайылған қара топырақты қабатты астық тұқымдас түрлi шөптi тоғайлы дала алып жатыр. Ормандық қара топырақта көктеректi-қайыңды орман өседi. Орманда дала зонасы 70 пайызына дейiн дәндi дақылдар егiсi үшiн пайдаланылады. Дала ландшафтысы Қазақстанның 20 пайызын алып жатыр. Ландшафтың зоналық типтерi қуаң және құрғақ климат жағдайларында қалыптасқан. Вегетациялық кезең ұзақтығы 135-170 күн. Жылу мен ылғалдың мөлшерiне байланысты зона мынадай бөлiктерге ажырайды: кәдiмгi қара топырағында түрлi шөп, боз мол өскен қалыпты құрғақ нағыз дала, оңтүстiктiң қара топырағында түлрi шөп-бетегелi бозды қуаң дала, қызыл қоңыр топырақтағы бетегелi-бозды куаң дала. Тоғайлық қара топырақ пен қызыл миялы ылдиларда көктеректi-қайыңды шоқ ормандар мен түрлi шөптi-астық тұқымдас шалғындар, ал жыралар мен сайларда байрақ орман мен бұталары өседi. Бұл зонадағы тұзды, тұщы көлдерде құстар өте көп.Бұл орнитологиялық туризм ұйымдастыруға колайлы.Шөлейт ланфшафт зонасы ланшафтың зоналық типi ретiнде тек Қазақстандаорын алған. Бұл зона Каспий маңы ойпатынан Алтайға дейiн 2900 км-ге созылған. Шамамен 23% соылған. Вегетациялық кезең 170 күннен астам. Ландфшафтары: ашық қызыл қоңыр сортаңды және карбонатты топырақта жусанда-бетегелi, жусанды-бетегелi, жусанды-көделi еркек шөптi шөлейттi мен ағынсыз көлдерi, сорлары, құмды массивтерi бар сазды жайпақ ойдымды құрылымдық жазықтар, ашық қызыл қоңыр топырақтағы жусанды-бозды бетегелi шөлейттi, рельефi толқындық анғарлық саздақты қабаттық жазықтар, шалғындар, жусанды шөлейттер, тұзды көлдерiШөл ландшафт зонасы Қазақстанның 40 пайызын алып жатыр. Каспий маңы ойпатының оңтүстiгiн, Маңғыстау түбегiн, үстiрттi, Солтүстiк Арал маңын, Бетпақдаланы, Сырдария ойпатын, Қызылқұм мен Мойынқұм массивтерiн, солтүстiк және Оңтүстiк Балқаш маңын қамтыған. Шөл Iленiң, Алакөлдiң, Зайсанның тау аралық жазықтарна да енген. Вегетациялық кезең 200 күнге созылған. Мұнда қоңыр топырақта астық тұқымдастар өскен сораңды –жусанды шөлдер орналасқан. Барханды-төбешiктi құмдарыда дамыған, алювильдi топырақтарында тоғай типтес өсiмдiктер өседi. Ландшафт құрылымында көбiне шөл адырлар, тақырлар, сусымалы құмдар, тұзды көлдер кездеседi. Қазақстанда тасты, құмды, сазды-қиыршық тасты, сазды шөлдер қалыптасқан. Туристерге арнайы қиыншылықты көруге байланысты шөлді жерлерде көшіп қону элементтерімен байланысты турлар ұйымдастырылса көп жетістікке жетуге болады.Таулы аймақ ландшафтысы Қазақстан өңiрiнiң 10 пайызын құрайды. Қазақстан таулары аласа, биiктерi орташа, биiк таулар болып бөлiнедi Аласа таулардың абсолюттiк биiктiктерi 500-1000 м-ге дейiн. Қоңыржай континенттiк климат жағдайларында қалыптасқан аласа таулар. Ландшафтысының құрылымы шоқы аралық және шоқылар, бөктер таулардан, қара қызыл қоңыр және кәдiмгi қара топырақтағы түрлi шөп-сұлыбас, түрлi шөп-сұлыбас-қызыл бозды саздақты даладан тұрады. Континенттiк типтер тобы Оңтүстiк Оралды, Мұғалжарды, Ұлытауды, Шыңғыстауды, Қаратауды, солтүстiк Тянь-Шанның аласа таулы ярусын, Сауырды, Тарбағатайды бiрiктiредi. Ландшафтары: бұта аралас жусанды-бетегелi-бозды өсiмдiктер өскен сайлармен, аласа таулармен мүшеленген саздақты дала, қызыл қоңыр,сұр топырақты шөлейт.Тым континенттiк типтер тобы Маңғыстауға, Шу-Iле тауларына,Қаратаудың шеткi бөлiктерiне тән келедi.Биiктiгi орташа таулар биiк таулы жоталардың жiңiшке ярусын құрайды.

Батыс және Солтүстiк Тянь-Шаньда, Жоңғар Алатауында, Сауыр, Шыңғыста және Алтайда бұлардың абсолюттiк биiктiгi 800-1300 м-ден 2200-2800 м-ге дейiн жетедi. Ландшафт қалыптасуында ауаның таулық-жазықтық циркулясиясы, ауа массаларының жоғары көтерiлуi, атмосфера шептерiнiң алмасулары орын алады. Орташа таулар далалық, ормандық-тоғайлық-далалық биiктiк зоналарға бөлiнедi.Таулық-далалы ашық қоңыр және ашық қызыл қоңыр топырақтағы жусанды-астық тұқымдасты құрғақ дала ландшафтылары таудың оңтүстiк беткейлерi мен 2000-2200 м биiктiктен орын алады. Климаты суық, жылдыңорташа температурасы 10° жоғары. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшерi 500-780 мм-ге дейiн. Жауын-шашын негiзiнен қар күйiнде түседi. Абсолюттiк биiктiктерi 2200-2800 м-ге дейiнгi төменгi белдеу таулық-шалғындық қара топырақта өскен орман мен бұталардың жұрнақтары бар субальпiлiк тоғай және тоғайлы дала бойынша сипатталады.2600-3200 м-ге дейiнгi абсолюттiк тоғай мен шалғынды дала белдеуi кездеседi. Күңгiрт қылқан жапырақты орманнан, төселген аршадан және қарағанан жоғары орналасқан субальпiлiк шалғын тек солтүстiк, iшiнара солтүстiк шығыс және солтүстiк батыс беткейлерiнде кездеседi. (Қаз. Энц.)Қазақстан Республикасының туристік рекреациялық алғы шарттарыныңмысалы ретінде туристер көп баратын көрнекі жерлерге тоқталамызТуристердiң көп барып жүрген табиғи көрнекi жерлердiң бiрi - Түрген шатқалы. Iле Алатауы ұлттық паркiнде табиғаттың керемет жерi – Түрген шатқалы (Алматыдан 90 шақырым) орналасқан. Шатқалда ыстық су көздерi, форель питомнигi, сарқырамалар және көптеген ормандар бар. Қылқан және аралас жапырақты орманға, альпiлiк және субальпiлiк көгалдарға, көлдермен бұлақтарға, дәрiлiк өсiмдiктер мен жидектерге толы аумақ Ассы үстiртiне дейiн 44 шақырымға тереңдеп кiредi. Ежелде “Хан қақпасы” арқылы Еуропадан шығысқа – Қытай мен Үндiстанға қарай көш өтетiн. Кеаңғар шығысқа қарай 60 шақырымға созылып жатыр (Шарын каньондарына немесе Көлсай көлдерiне велосипедпен баруға болады).Түрген шатқалы сарқырамаларымен танымал, олар жетеуге жуық. Аюлы сарқырамасы 30 метрлiк биiктiгiмен және аспалы жартастар мен жасыл шыршалар арасында орналасуымен көз тартады. Ал Бозгүл сарқырамасы тастан жол тесiп шыққан суының қатты тасқынымен белгiлi.Шатқалдағы жартастар жер сiлкiну салдарынан жарылған және оларда мұз дәуiрiне дейiнгi өсiмдiктердiң қалдықтары сақталған. Шатқал сирек кездесетiн Чин-Түрген мүктiк шыршалық өсiмдiктерiмен әйгiлi, олар жерге жамылғы түрiнде өсiп, тұтас шырша кiлемiн түзедi.Шатқалдағы ең әйгiлi жер – Ботан орманшылар станциясы үш өзен тоғысқан жерде. Түрген шатқалының тереңдiгi – 920 м. Ассы өзенiнiң бойында ежелгi қорғандар мен тас бетiндегi суреттер кездеседi. Шатқалда б.э. дейiнгi 500 ж. – б.э. 300 ж. көрсетiлген ежелгi сақтар мен үйсiндердiң зираттары көптеп кездеседi.Шатқалда “Синегорье”, “Тау Түрген” сияқты демалыс

үйлерi орналасқан, онда ыстық су көздерi Түрген өзенiне барып құяды.“Синегорье” демалыс үйi теңiз деңгейiнен 1500 м биiктiкте Микушино шатқалында (қаладан 70 шақырым) орналасқан. Демалыс үйiндегi бөлмелер әр түрлi. “Синегорье” демалыс үйiнен жоғарырақта кiшiгiрiм тау көлдерi бар, онда суға түсуге және балық аулауға болады.Солтүстiк Тянь-Шанның iнжу-маржаны деп Көлсай көлдерiн атайды.Биiк таулы үш көл Күнгей Алатау жотасының тармағында орналасқан. Бұл - демалу, жаяу саяхатқа шығу, атпен және тау велосипедiмен саяхаттау үшiн таптырмайтын орын. Ең жақын елдi-мекен – Саты ауылы (Алматыдан 320 шақырым). Бiрiншi көл 1818 м биiктiкте 1 шақырымға созылып жатыр. Оған баратын жол салынған, маңында қонақ үйлер орналасқан. Ортаншы

Көлсай көлi (2252 м) – ең үлкенi және әдемiсi, ол бiрiншi көлден 5 шақырым жерде орналасқан. Жоғарғы Көлсай 4 шақырым қашықтықта және 600 м биiкте орналасқан. 6 шақырым жерден кейiн қырғыз шекарасында Сары-Бұлақ асуы (3278 м) орналасқан .Табиғаттың сулу көлдерiнiң бiрi Қайыңды деп аталған көл Күнгей Алатау жотасының шығыс бөлiгiнiң солтүстiк тармағында қылқан жапырақты орман iшiнде теңiз деңгейiнен 2000 м биiктiкте орналасқан.Ол осыдан 100 жыл бұрын әк тастың ойылып құлауы нәтижесiнде пайда болды. Шөгiндi шатқалды табиғи дамба түрiнде жауып қалды. ұзындығы 400 м жететiн көлдiң тереңдiгi шамамен 30 м. Осы жерден Саты шатқалына, Шелек өзенiнiң аңғарына, қайыңды шатқалына керемет көрiнiс ашылады. Қайыңды көлi – адам көзiнен таулармен жасырылған көгiлдiр керемет.Шарын каньоны – адамдар дем алатын зкотикалық орындардың бiрi. Жер бедерiнiң сумен шайылған және мүжiлген формалары адамды құмдақтан жасалған керемет бейнелер - “Бекiнiстер аңғары”, “Жалмауыздар шатқалы” сияқты ертегiлер әлемiне жетелейдi.Каньон Шарын өзенiнiң бойымен солтүстiк-шығыстан оңтүстiк-батысқа қарай 154 шақырымға созылып жатыр. Бұл Солтүстiк Тянь-Шаньның суы толық өзендерiнiң бiрi болып табылады (Алматыдан шығысқа қарай 193 шақырым).Бұл өңiрдiң жер бедерi әр түрлi. Каньон беткейлерiнiң, бағандары мен аспалы бөлiктерiнiң биiктiгi 150-300 м жетедi.




жүктеу 191 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау