3 І – тарау. Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ғылыми -теориялық негіздері



жүктеу 296 Kb.
бет4/20
Дата20.01.2022
өлшемі296 Kb.
#33853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Дип.-бастауыш-сыныпта-оқытуды-ұйымдастырудың-формаларын-пайдалану-әдістемесіне-талдама-жасау

Сызба №2


Оқытуды ұйымдастыру формасы (оқушының саны мен құрамы)

бойынша










Көпшілік Топтық Жеке -дара

1. Пәндік олимпиада 1. Сабақ 1. Үй жұмысы

2. Оқу конференциясы 2. Cаяхат 2. Қосымша жұмыс

3. Өндірістік тәжірибе 3. Экскурция 3. Консультация

4. Зертханалық жұмыс 4. Сұхбаттасу

5. Факультатив 5. Сынақ

6. Практикум 6. Емтихан.


Оқыту процесінің әрқашанда мұғалімнің басшылығымен өтеді. Сын көзімен қарамаушылықтың нәтижесінде оқытудың әртүрлі формалары шетел педагогикасынан ауысып, мектептерде қолданылады. Біріншіден, мұғалім ролінің төмендеуі; екіншіден оқушылардың ғылым негіздерінен терең білім алуына зиянды әсер етті.

Шетел мектептерінен ауысып келген оқытуды ұйымдастырудың көптеген формалары қатты сынға алынды.

Ғалым -педагогтардың тәжірибелері бойынша оқытуды ұйымдастырудың формаларын былайша топтастырылады:


  • жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді);

  • жеке жұптық (оқушы- оқушымен, мұғалімнің оқушымен қарым- қатынасы, жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметімен) айқындалады.

  • жеке топтық: топ мектепте жұмысістейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады. (оқытудың бұл түрлі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).

  • Өзара бірлескен оқыту (аталған оқыту жүйесі Англяда пайда болған, атауы Балланкастер жүйесі).

  • Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі – оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі. (Мангейм жүйесі).

  • Бригадалық оқыту, тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші – бригадир (оқытудың бұл түрі ХХ- ғасырдың 20- жылдарына тән).

  • Американдық «Винетка- жоспар» , «Грамле жоспар» және т.б.

  • Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальдық, ұжымдық жұмыс және т.б)

Мектеп практикасының тарихында оқытуды ұйымдастырудың сыныптық оқу жүйесін зерделеу және қорытынды, сабақтың орнықты ғылыми теориясын жасауды алғаш рет қолға алған А.Я. Коменскии болды.

Я.А. Коменский «Ұлы дидактика» (1632) атты әйгілі еңбегінде сабақтың бір мезгілде басталуы; сабақтың белгілі бір уақыттағы; сабақ арасындағы үзіліс; топтағы балалардың саны мен жас шамасының біркелкілігі; материалды оқыту қарқынының бірдейлігі; сабақты белгілі бір ұйымдастырылған түрде өткізу мұғалімнің түсіндіруіне оқушылардың назарын аудару; оқушыларға сұрақтар қою, тақырыпты игеруін бақылау сияқты талаптарды қанағаттандыратын оқу сабақтарын өткізетін топтың түрінің тиімділігін және қажетті теория жүзінде негіздеді. Сыныптық оқу аталған топтық оқытудың осындай түрі кеңіннен таралып, нығая бастады және қазірдің өзінде жетілдіру үстінде.

А.Әбілқасымованың «Қазіргі заманғы сабақ» атты еңбегінде «Оқытуды ұйымдасырудың негіәзгі формасы » сыныптық – сабақтық жүйесінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді:


  • жастары және дайындық деңгейлері біркелкі оқушылар бір сыныпты құрайды және мектептегі оқыту кезеңінде негізінен тұрақты құрамын сақтап қалады.

  • Сынып тұрақты кестеге сәйкес, бірыңғай жылдық жоспармен және бағдарламамен жұмыс істейді.

  • Сабақ оқудың негізгі бірлігі болып саналады.

  • Сабақ оқу пәніне, тақырыпқа арналады, Сондықтан сынып оқушылары сол материалмен жұмыс істейді.

  • Сабақта оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық жасайды, ол аз пән бойынша оқу нәтижесін, әрбір оқушының мегеру деңгейін жекеше бағалайды және оқу жылының соңында оқушыны келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылданды.

Жоғарыда қарастырылған ерекшеліктерге сүйене отырып, сыныптық- сабақтық жүйенің негізгі белгілерін мына №2 сызба арқылы көрсетуге болады.

2 Сызба




Сабақтар кестесі









О қу жылы Сыныптық – сабақтық Оқу демалыстар,



жүйенің негізгі белгілері үзілістер


Оқу күні


Оқудың сыныптық – сабақтық жүйесі осы кезге дейін әлем педагогтарын ойландырып келеді. Оның жетістіктері мен кемшіліктері дидактика жөніндегі көптеген оқу пәндерін оқыту әдістері жөніндегі көптеген іргелі еңбектерде сондай -ақ педагогикалық психологиялық өнімдегі еңбектерде жан -жақты талданған және сипатталған. Бұл еңбектердің авторлары оқытудың сыныптық сабақтық жүйесінің даралап оқытумен салыатырғанда бірқатар артықылықтарын және кемшіліктерін атап көрсетеді.

Сыныптық сабақтық жүйесінің артықшылықтары:

  • оқу- тәрбие процессін түгелдей тәртіпке келтіруді қамтамасыз ететін ұйымдастыру құрылымының айқындығы;

  • Басқарудың қарапайымдылығы;

  • Балалардың проблемаларды ұжымдық талқылауда міндеттерге ұжымдық шешіміздестіруде бір біріне өзара әсер ету мүмкіндігі;

  • Оқыту процесіндегі оқушыларды тәрбиелеу ісінде мұғалімнің оларға ұдайы эмиционалдық әсерінің болуы;

  • Оқытудың үнемділігі және оқушылардың жеткілікті дәрежедегі үлкен тобымен жұмыс істеуі

Сыныптық - сабақтық жүйенің кейбір кемшіліктері:

  • Қабілеті орташа оқушыға биімділік, және нашар оқушыға қиындықтар туғызса, жақсы оқушының қабілетінің дамуын тежейді.

  • Мұғалім оқытудың мазмұны, жылдамдығы, және әдістері бойынша жеке ұйымдастыру жұмыстарында оқушылардың даралық ерекшеліктерін ескеруге қиындық туғызуы;

  • Ересек балалар мен жасы кіші оқушылардың ұйымдсқан түрде араласуын қамтамасыз етпеуі және т.б;

Оқыту теориясын дамытуда К.Д. Ушинскийдің ролі ерекше. Ол сабақта барлық негізгі жақтарын, «сабақтың әрір құрамдас мағынаға толы қызметке сай болуын, өйткені онсыз оқушының көптеген жақсы қасиеттерін дамыту мүмкін еместігін» талап ете отырып, талдау жасады және шығармашылықпен жұмыс істеді.

(К.Д. Ушинский. Собр. соч., 6т, с.25)

Сабақта және оны жетілдіруге қатысты проблемаларды Ушинскиймен қатар және одан кейін де белгілі орыс педагогтары Д.А. Семенов, Н.А. Корор, М.И. Демков, Н.Ф. Каптерев және т.б. зерттеді.

1960 жылдары дидакттар және әдіскерлер сабақты ұйымдастыруды жетілдіре отырып, топтарын үлгіден бірте – бірте бас тарта бастады. Олар тақырыбы, бағдарламалардың бөлімдері бойынша өзара байланысты сабақтар жүйесін дайындауды қолға алды. Эксперименттер мен оқытудың жалпылама тәжірибесі сабақтың бұрыннан қалыптасқан теориясы мен практикасының жаңа міндеттерге сай еместігін көрсетті. Психологтар В.В. Давыдов, Л.В. Заньков., Н.А. Менчинская., Д.Б. Элкониннің зерттеулерінің арқасында балалардың психологиялық ерекшеліктері мен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға құрылған, осы процесте теориялық білімі мен жалпылау ролін көтеретін оқытуға көшуге мүмкіндік беретіні түсінікті болды. Осы уақыттарда В.В. Давыдов, Л.В.Заньков, Н.А.Менчинский, И.А. Маркушевич К.И. Нешков, А.М. Пышколо П.М.Эрдиев және т.б. төменгі сынып оқушыларын математикадан тәжірибелі оқытуда нәтиже берген идеалары кеңінен тарай бастады.

Сабақ теориясы мен практикасының жағдайын дәлірек анықтау үшін қазіргі бастауыш мектептің өзіндік келбеті бәрінен бұрын оқушыларды оқыту толыққанды қызметін және оқуға сұранысы мен ынтасын топтастыруға бағытталуы тиіс бұрынғыша тек қана пәнді білімді, оқу, жазу және есептеу білімі мен дағдысын меңгерумен шектелмеуі тиіс. Осыған орай, оқытудың барлық мазмұны, әдістері, құралдары сабақты оқыту процесін ұйымдастыру осы мақсаттарға жетуге ғана бағытталуы тиіс.

Оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру процесінде оқытудың мазмұнын, әдістерін және құралдарын дамытуға бағытты күшейтудің әсерінен сабақ әдістерінің проблемасы өткір тұрды. Осы уақыттарда педагогтардың, психологтардың жүргізген белгілі эксперименттік зерттеулерінің арқасында бұрын қалыптасқан сабақ әдістемесі, оның мазмұны және ұйымдастыруы оқушыларды оқытудың жаңа талаптары мен міндеттеріне сай еместігі анықталады.

Сонымен жоғарыда аталған оқыту жұмысын ұйымдастырудың формаларының артықшылықтары мен кемшіліктерін келесі 3- сызбанұсқа арқылы көрсетуге болады.

Жоғарыда көрсетілген оқу жұмысын ұйымдастыру формаларын оқу процесінде пайдалану бастауыш сыныптарда өте тиімді. Сондай -ақ бастауыш сыныпта оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда және танымдық іс -әрекетін дамытуда оқытудың басқа да формаларын пайдалану ерекше мәнге ие болып саналады. Осыған байланысты келесмі тақырыпта оқу -тәрбие процесінде оқытудың түрлі формаларын пайдалану бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін дамыту факторы ретінде қарастырылады.




жүктеу 296 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау