2.Сигналдардың жасушаға берілуінің негізгі кезеңдері.
Жасушаға сигнал беру кезеңдері: 1. Сигналдың лигандпен байланысуы 2. Рецептордың активтенуі 3. Сигналдың жасушаішілік медиаторға берілуі 4. Протеинкиназалардың автивтенуі 5. Сигналдың әлсіреуі
Жасуша-нысанада осыншама көп сигналдық молекулаларға арналған жоғары спецификалық рецепторлар болады. Олар не плазмолемма беттерінде (полярлық заттар үшін) не цитоплазмада немесе жасуша ядросында (полярлы емес молекулалар үшін) орналасқан. Бұл аз болғандай, әрбір кезде, сигналдық заттарға арналған бір емес бірнеше рецепторлар болады және олар бір сигналға түрліше жауап қайтарады. Жасушааралық сигнализацияньң ең күрделі құбылыстары-бұл сигналдық молекуланың рецептормен байланысқанынан кейін басталатын, жасушаішілік үдерістер. Бұл үдерістер сигналды плазмолеммадан арнайы реттеуші ақуыздарға өткізетін заттардың— жасушаішілік медиаторлардын қатынасуымен жүреді. Ал реттеуші ақуыздар әрі қарай метаболизм ферменттеріне не гендергe әсер етіп, нақтылы бір құбылыстың активтенуін не тежелуін жүзеге асырады. Сонымен, жасушааралық сигнализация құбылысын үстіртін шолудың өзі, оның өте күрделі, кен ауқымды және өте маңызды құбылыс екенін байқатады.
3.Мембраналық және жасушаішілік рецепторлар түрлеріне жалпы сипаттама.
Екіншілік мессенджерлер- бұл жасушада рецептордың белсенуіне жауап ретінде тез және көп мөлшерде синтезделетін және молекулалық сигналды күшейтейтін кішігірім молекулалар.Олар әдетте өте қысқа уақыт аралығында әсер етіп, содан кейін әртүрлі механизмдер көмегімен инактивацияланады. Көрсетілген типті барлық сигнал беретін жолдарды жүйелеу үшін екінгшілік мессенджер түріне байланысты ажыратады. Ол жолдар белгілі бір тәртіппен орналасып отырады:
цАМФ-жанамаланған жолдар;
цГМФ-жанамаланған жолдар;
цГМФ және NO жанамаланған жолдар;
липидтермен және Ca2+ иондарымен жанамаланған жолдар (оның ішіне ДАГ және ИТФ кіреді) ;
басқа липидтермен жанамаланған жолдар;
Ras нәруыздармен жанамаланған жолдар;
Екіншілік мессенджер болмайтын жолдар.
цАМФ – бауырдағы көмірсулардың және май ұлпаларындағы үшглицеридтердің катаболизміне, бүйректегі сулардың реабсорбциясына, кальцийдің қалыпты алмасуына, стероидтық гормондардың синтезіне, тегіс мускулатураның әлсіреуіне қатысады, жүрек соғысының жиілігін және күшін жоғарылатады.
• цАМФ-мен белсенген протеинкиназа тағы келесі ферментті – киназаны фосфорлайды.
• Киназа, гликогенфосфорилазаны фосфорлайды, нәтижесінде гликогеннен глюкоза молекуласын ажыратады. Бұлшықетте пайда болған глюкоза жұмыс істей бастайды. Нәруыздардың белсенділігінің өзгеруі фосфорлену немесе дефосфорлену жолымен жүреді.
• Фосфорлену және дефосфорлену – қайтымды процесс, фосфаттық эфирлік байланыстардың гидролизі.
• Екі ферменттер типі қатысады – бұл киназалар (фосфорлейтін ферменттер) жəне фосфатазалар (дефосфорлеуші ферменттер) – сигналдық процесстерде негізгі роль атқарады.
цГМФ — және NO-қатынасуымен сигналдың берілу жолы.
Көптеген жасушалар цитоплазмасында мембранамен байланысқан гуанилатциклазадан (мГЦ) баска ерігіш гуанилатциклаза (еГЦ)-да кездеседі. Ол тек екінші мессенджер-цГМФ-тың пайда болуын катализдеп қоймай, өзі де екінші бір мессенджер-азот оксиді (NO) аркылы активтенеді. Азот оксиді (NO) аргинин аминкышкылынан, ерекше ферменттің NO-сингаза (NO-C), катынасуымен түзіледі және ол биомембраналар аркылы жеңіл диффузияланады. NO -синтаза (NO -C ) ферментінің молекуласы бірдей екі субъединицадан тұрады және тек димерлік күйінде ғана белсенді болады.
Липидтермен жəне Са2+иондарымен жанамаланған жолдар (ДАГ, ИТФ)
• Сигналдық молекулалардың мембраналық рецептормен байланысуы фосфолипаза С (ФЛ-С) ферментін активтендіреді. Ол аденилатциклаза (АЦ) сияқты, плазмолемманың ішкі бетінде орналасқан Фосфолипазаның (ФЛС) активтену тетіктері оның изоформасына байланысты болады. • а) егер фосфолипаза р -иэоформада (ФЛ-С) болса, онда
: • -сигналдық зат-гормон болады;
• -рецептор-плазмолемманы 7 рет тесіп өтетін интегралдык акуыз болып табылады;
• -трансмиттер-G-акуыздың стимулдаушы түрі (Gp) күйінде болады;
• б) егер фосфолипаза у-изоформа (ФЛ-Су) күйінде болатын болса, онда оның қасиеттері өзгеше болады:
• -сигналдык зат — өсу факторы:
• -рецептор-мембрананы бір рет тесіп өтуші акуыз
Ras акуызының катынасуымен сигналдын берілу жолдары
• Ras акуызы, біріншіден протеинкиназа-С (П К-С) аркылы активтенеді, екіншіден-өзі тиесілі транскрипииялык факторларды (ТҒ) модификациялап, кейбір маңызды гендердің, оның ішінде жасуша белінуіне жауап беретін гендер белсенділігін бакылайтын, митогенактивтендіруші протеинкиназалар (МАПК) кешенін іске косады Сигналдың берілуінің мүңдай жолын өсу факгорлары пайдаланады
Сигнал беретін молекула жасуша бетімен байланысқанда, белгілі бір жасушаішілік үдерістерді, мысалы, пролиферацияның басталуын шақыратын реакциялар тізбегін іске қосады. Әртүрлі жасушалар келген сигналға түрліше әсер көрсетеді.Жасушалық жауаптың арнайлылығы көп жағдайда экспрессияланатын рецептор түрімен анықталады.Әр нақты түрдің жасуша ядросында, цитоплазмасында және жасуша бетінде орналасқан өздеріне тән рецепторлар жиынтығы болады.Бұл рецепторлар арнайы сигналды алу үшін және жасушалық жауап шақыратын ферментті реакциялардың тізбегін іске қосу үшін қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |