ОҚУ КАБИНЕТІН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ
Оқу кабинетін сабақтың басталуынан 15 минут бұрын ашу қажет.
Оқытушы кабинетте студентпен бірге болуы керек.
Кабинеттің ауасын әр үзілісте тазартып тұруы керек.
Оқытушы сабақтан соң кабинетте тазалық жүргізуді ұйымдастырып отыруы керек.
ОҚУ КАБИНЕТІНЕ-ЖАСАЛАТЫН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНА
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Кабинет жоспарын кабинетке жауап беретін пән оқытушылары мен әдіскер жасайды.
Кабинеттің өткен жылғы жұмысына талдау жасау.
Жаңа оқу жылының міндеттеріне, көрсететін тақырыптық жоспарлары, дидактикалық карта, бейне фильмдерді алу, кестелер және оқу-әдістемелік құралдар колледж бағдарламасындағы білімге сай болуы керек.
Кабинеттің жұмыс уақыты (сабақтар, қосымша сабақтар, факультативтер).
ОҚУ КАБИНЕТІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1. Кабинеттің құжаты бойынша талапқа сай жабдықталған түтіктер мен техникалық құралдар, оқулықтар, әдістемеліктер, дидактикалық құралдары және басқалар.
2. Оқу жылында (келешекте) жасалатын кабинеттің жұмыс жоспары.
3. Оқу кабинетінде техникалық қауіпсіздік және гигиеналық тазалақ ережесін сақтау.
Оқу кабинеті безендірілгенде эстетикалық талапқа сай ауыстырылатын, ауыстырылмайтын сабақ-хабарлама стендтері, суретті жабдықтар т.б. құралдар болуы керек (оқу кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес).
Кабинеттің оқу жабдықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен, колледждегі білім жоспарын орындау үшін қажет.
Оқу-әдістемелік және оқыту құралдары жиынтығы кабинеттің түріне, білім стандартының талабына, оқыту жоспарына сәйкес болуы қажет.
Дидактикалық құралдар жиынтығы, тестер, бақылау жұмыстары, шығармалар, эссе, әңгімелер және басқалары болуы керек. Білім сапасын және оқу жүйесін тексеретін жиынтықтар (кабинеттің түріне қарай)
Колледждің оқыту жоспарына сәйкес оқулықтармен үлестірмелі материалдармен қамтамасыз ету.
Негізгі білімді ашық және көрнекті түрде оқытуға жеткізу. Сонымен қатар қажетті деңгейдегі дайындықты талап ету (білім стандартына сәйкес).
Оқушыларға ашық және көрнекті үлгіде білім стандарттарының орындалуын талап ету.
Базалық және дамыған білім берудің стандарттық деңгейдегі талаптарын диагностикалық орындау үшін типтік тапсырмалар, тестер, эссе, бақылау жұмыстары және сол сияқты жұмыстармен оқушыларды қамтамасыз ету.
Оқу кабинетінің қабырғалық материалдары: оқушыларға оқу ісін жобалау үшін кепілдемелер, қоғамдық пікірлер мен дағдыларын дамыту бағдарламасын орындау, үй жұмысын орындау және ұйымдастыру, әр түрлі оқи, танымдық істерге дайындық (семинар, лаборатормялық жұмыстар, тестілер, сынақтар, коллоквнум , әңгімелесу, емтихан).
Оқушылардың білім беру стандартының орындау нәтижесінің экраны.
Міндетті бағдарлама, факультативті тапсырмалар, қосымша білім беру бағдарламасы, үлгермеушілермен жеке жұмыстар, дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша оқу кабинетінің жұмыс кестесі.
Достарыңызбен бөлісу: |