2016 жылғы 29 қыркүйек бозшакөлде екінші кен байыту фабрика іске қосылды



жүктеу 141,14 Kb.
Pdf просмотр
Дата13.11.2018
өлшемі141,14 Kb.
#19272


 

 

 

 

 



2016 жылғы 29 қыркүйек  

 

БОЗШАКӨЛДЕ ЕКІНШІ КЕН БАЙЫТУ ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 

 

KAZ Minerals Тобы  каолин  балшығы  бар  кендері  өңдейтін  фабрикадағы  құрылыс 



жұмыстарын  аяқтап,  іске-қосу  жəне  реттеу  жұмыстарын  бастады.  Бұл  туралы  ҚР 

Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Павлодар  облысындағы  жұмыс  сапары  аясында 

ұйымдастырылған телекөпірде компанияның Басқарма төрағасы Олег Новачук мəлімдеді. 

2015  жылдың  желтоқсан  айында  Бозшакөл  КБК-ның  жылына 25 млн  тонна  сульфидті 

кендерді өңдеуге қуаты жететін байыту фабрикасында іске қосу жəне реттеу жұмыстары 

басталған еді. 2016 жылдың ақпан айында мұнда алғашқы мыс концентраты өндірілді. Ал 

өңдеу қуаты жылына 5 млн тонна кенді құрайтын жаңа кəсіпорын іске қосылғаннан кейін 

жалпы  жылдық  өңдеу  көлемі 30 млн  тонна  кенге  жетеді.  Жаңа  фабрикада  каолин 

балшығы  бар  кеннен  тауарлы  мыс  концентратын  өндіру 2016 жылы  басталады  деп 

көзделіп отыр.  

Каолин балшығы бар кендер толығымен өңделгеннен кейін (12 жыл) кəсіпорын сульфидті 

кен байыту фабрикасы болып қайта жарақталады.  

Кеңестік  кезеңде  Бозшакөлдегі  кен  қазу  жұмыстары  мұндағы  құрамында  сазы  жоғары 

кеннің  көп  болуынан  қиындаған.  Каолин  балшығы  бар  кендерді  өңдейтін  технологиялар 

жоқ  еді.  Технологиялардың  дамуы  арқасында  бозшакөлдік  қорларды  өңдеуге  қол  жетті. 

Жұмыс істеп тұрған сульфидті кен өңдейтін байыту фабрикасын есепке алсақ, Бозшакөл 

кешені біртіндеп жылына (алғашқы 10 жылда) 100 мың тонна катод эквивалентіндегі мыс 

өндіру көлеміне жетеді.  

2016  жылдың  соңына  дейін  Бозшакөлде  катод  эквивалентіндегі 45-55 мың  тонна  мыс 

жəне құйма эквивалентіндегі 50-60 мың унция алтын өндіріледі деп жоспарланған.  

Бозшакөлде 1500 жуық  адам  жұмыс  істейтін  болады.  Яғни,  кешеннің  өнімділігі 

Қазақстанның қолданыстағы мыс өндіретін кəсіпорындарынан 15 есе жоғары. 

Кен орынды пайдалану мерзімі – 40 жылдан астам. 

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук былай деп мəлімдеді: «Мен жаңа 

кен байыту фабрикасының жұмысы бастау алғанын қуана хабарлаймын. Бозшакөл КБК-гі 

құрылыс  жұмыстары  аяқталып  қалды.  Ендігі  мақсатымыз  өндіріс  қуатын  жылына  катод 

эквивалентіндегі 100 мың  тоннаға  жеткізу.  Осылайша  компания  өзінің  стратегиялық 

мақсаты – 80% кенді  шығыны  аз,  ашық  типтегі  карьерлерде  өндіретін  ұзақ  мерзімді 

өндіруші болуға жақындады». 

 

 

 

 

KAZ MINERALS PLC 

6

TH



 FLOOR 

CARDINAL PLACE 

100 VICTORIA STREET 

LONDON SW1E 5JL 

Tel: +44 (0) 20 7901 7800 

 



 

 



 

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 

 

KAZ Minerals PLC

 

 



 

Анна Маллер  

 

Мақсұт Жапабаев



 

Қаржылық талдаушы, инвесторлармен 

жұмыс жөніндегі департамент, Лондон 

Корпоративтік байланыстар 

департаментінің басшысы, Алматы

Тел: +44 20 7901 7814

 

Тел: +7 727 2440353

  

Алмас Садықов 

Корпоративтік байланыстар 

департаментінің менеджері, Алматы 



Тел: +7 727 2440353

 

РЕДАКТОРЛАРҒА

 

АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

  

 

КAZ Minerals –  Қазақстанда  заманауи,  азшығынды  тау-кен  өндірісін  дамытуға 

бағытталған  өсу  əлеуеті  зор  мыс  өндіруші  компания.  Компания  операциялқ  іс-қызметін 

Шығыс  Қазақстанда  орналасқан  төрт  кеніші  мен  үш  кен  байыту  фабрикаcында, 

Қырғызстандағы  Бозымшақ  мыс-алтын  кенішінде,  Бозшакөл  жəне  Ақтоғай  кен  байыту 

кешендерінде жүргізеді. 2015 жылы Шығыс Қазақстан мен Бозымшақтағы катодты мыстың 

жалпы  өндіріс  көлемі 81 мың  тоннаны  құрады.  Ілеспе  өнім  ретінде 94 мың  тонна 

концентраттағы  мырыш,  түйіршік  түріндегі 3,14 млн.  унция  күміс  пен  құйма  түріндегі 35 

мың унция алтын өндірілді.  

 

2016  жылдың  ақпан  айында  Топ  Павлодар  облысында  орналасқан  ашық  типтегі  ірі 



ауқымды кеніш – Бозшакөл кен байыту кешенін іске қосты. Компанияның екінші өркендеу 

жобасы – Шығыс  Қазақстандағы  Ақтоғайда  сульфидті  кенді  қайта  өңдеу  фабрикасының 

құрылысы жалғасуда. Аталмыш жобалар осы саладағы ең қарқынды даму көрсеткіштерін 

қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты қорының басым бөлігі əлемдік деңгейдегі ашық түрдегі 

кеніштерден тұратын компанияға айналдырмақ.  

 

Павлодар  облысында  орналасқан  Бозшакөл  КБК  кен  байыту  фабрикаларының  жылдық 



жобалық  қуаты 30 млн  тонна  кенді  құрайды.  Кен  орнынның  пайдалану  мерзімі – 40 

жылдан  астам.  Кендегі  мыс  құрамы 0,36%. Операциялық  шығындар  бойынша  Бозшакөл 

халықаралық мыс өндіруші жобалар арасында бірінші квартильге кіреді. Жылдық өндіріс 

көлемі – алғашқы 10 жылда катодты эквивалентегі 100 мың тонна  мысты жəне 120 мың 

унция концентраттағы алтынды құрайды.  

 

Ақтоғайда  тотыққан  кеннен  катодты  мыс  өндіру 2015 жылдың  желтоқсан  айында 



басталды,  ал  сульфидті  кеннен  мыс  концентратын  өндіру 2017 жылдың  бірінші 

жартысында  басталады.  Сульфидті  кенді  қайта  өңдеу  жөніндегі  жылдық  қуаты – 25 млн 

тонна.  Мыс  мөлшері 0,33% (сульфидті  кен)  жəне 0,37% (тотыққан  кен).  Кен  орынды 

пайдалану  мерзімі - 50 жылдан  астам.  Ақтоғай  кен  орнының  операциялық  шығындары 

халықаралық  мыс  өндіруші  жобаларының  арасында  бəсеке  қабілетті  болып  табылады. 

Жылдық өндіріс көлемі - алғашқы 10 жылда сульфидті кен учаскесінен өндірілетін 90 мың 

тонна  катодты  эквивалентегі  мысты  жəне  тотыққан  кен  учаскесінен  өндірілетін 15 мың 

тонна катодты эквивалентегі мысты құрайды.  

 

KAZ Minerals PLC компаниясының  құнды  қағаздары  Лондон,  Гонконг  пен  Қазақстан  қор 



биржаларында  айналымда.  Топта  шамамен 12 000 адам  жұмыс  істейді,  басым  бөлігі 

Қазақстан азаматтары. 



жүктеу 141,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау