2016 жылға «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесінің өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел-қызметтік анализі



жүктеу 313,19 Kb.
бет2/3
Дата18.12.2017
өлшемі313,19 Kb.
#4487
1   2   3

Өрт сөндіру уақыты (пайызда)


2016 жылдың 12 ай ішінде 30 минутқа дейін 101 өрт (өрттің жалпы санынан 16%), 2015 жылдың үйлес кезеңінде 90 өрт сөндірілді (13%). Отыз минутқа дейін сөндірілген өрттердің саны айтарлықтай көбейді, аудандық бөлімшелердің шығу радиусы нормативті талаптардан айтарлықтай асырады, және де кезекші қарауылдың саны маңызды рөл атқарады. Өрт сөндіру кезінде аудандық бөлімшелеріндегі жеке құрамы 3-4 адамнан аспайды, соның себебінен сөндірудің уақытында және басқа жауынгерлік әрекеттердің бір уақытта орындалуында айтылады.

Өрт сөндіру бекеттеріндегі кезекші қарауылдың штаттық саны 3 адамнан құрайды, соның себебінен олардың өрт орнына келу кезінде өрт сөндіру техниканың тактикалық мүмкіндіктерін толық көлемінде орындауға мүмкіндік берілмейді, және де өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің имиджінде кемшілікті көрінеді.

Барлығы Солтүстік Қазақстан облысының гарнизонында 2016 жылдың есеп кезеңінде бір қарауыл күшімен 389 өрт сөндірілді(жалпы санынан 59%).

Автоцистернадан бір оқпанмен 211 өрт сөндірілді немесе 55% (2015 жылдың үйлес кезеңінде 298 өрт немесе 68%). Берілген мәлімет осындайларға көрсетіледі, аудандық бөлімшелердің жеке құрам санының жетіспеуінен көп оқпандар санын беру мүмкіндігі әрдәйым берілмейді. Көптеген жағдайда өрттердің сөндірілуі қолайсыз жадайларда жүргізіледі, мұндай мәліметтердің бірі болып өртке қарсы су жабдығының жағдайы нашар болуы.

2016 жылдың есеп кеңінде 17 өрттерде ауа-механикалық көбігі қолданылды (2015 жылы – 15 рет).

Өткен жылдың мерзімі бойынша өрттерді зерттеу қызметкерлері өрттерге 194 рет, өртің пайда болмай зиынды газбен уалануға 11 рет, өрттің пайда болмай түтіндерге 11 рет, газ плитасындағы тамақтың жануына 9 рет, оттың тарауысыз қысқа тұйыққа 11 рет шықты. 2015 жылдың үйлес кезеңімен салыстырғанда шығулар 30,38%, қорытындылар берілуі 14,28% көбейді. Себебі 2016 жыл ішінде ТЖБ инженерлі-инспеторлық құрамымен өрттерді зерттеу бойынша мамандарымен қаулыларды шығару туралы тәртібі бойынша сабақтар өткізілді. Өрттің негізгі пайда болу себептері тұрғылықты мекенде. Өрттерді зерттеу бойынша мамандарымен 88 қорытындылар дайындалған, соның ішінде 161 өрт тұрғылықты мекенге, 2015 жылы 61 қорытындыдан 114 өрт тұрғылықты мекенге келген.

Өрттерді зерттеу бойынша аналитикалық жұмыс нәтижесінде өрттердің шығу себептері негізінен, олар:

- электр сымдарының қысқа тұйылуы - 33.

- жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы - 20.

- қуаты аз от көзінің түсуі - 10.

- отпен абайсыз қолдану - 3.

- себебін орнатуға мүмкіншілігі болған жоқ - 4.

Зерттеу нәтижелері бойынша өрттердің негізгі себептері қысқа тұйық, өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы, жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы болып келетіні анықталды. Бұл ескі үйлерде сымдардың ескіргені екендігіжәне пештердіңжәне түтіндіктердің жарамсыздығынан болғанын түсіндіреді. Осы кемшіліктермен бірге халықта өрт қауіпсіздік ережелерін білу деңгейі нашар, соның себебінен өрттердің пайда болу себептері көп..

Өрт себептерін және от көздерін анықтау үшін жану құрал аспаптары қолданылды.



Өткізілген анализ 2016 жыл мерзімінде құрал аспаптарының қолданылуы 2015 жылдың үйлес кезеңімен салыстырғанда 13,9% азайғандығын көрсетті. Бұл 2016 жылғы маусымға дейін 3 құралдың тексерілмегендігінен болды. Сондай-ақ «Өрттерді зерттеу үшін жабдық комплектін» АКО-2-01-ЭП өрттерде қолдануға мүмкін емес, өйткені басылған күйе өрт кезінде жанып кетеді, ал Е6-13А Тераомметр құралы ҚР өлшем тізіміне қосылмаған. Осыдан басқа жүргізуші құрамның тәуліктік кезекшілігі орнатылмаған, осыған орай өрттерге дер кезінде шығу мүмкін емес. Өрттерге келесі күндері ТЖБ инженерлерімен бірге шығуына мәжбүр, бірақ фотоионизациалы газоанализатор «Колион-1В», Анализатор-течеискатель АНТ-3М құралдарын қолдануға мүмкіншілік болмайды, өйткені ЖЖС және ГЖ тәулік мерзімінде буға айналады. УД2Н-ПМ-ЭП «ультрадыбысты алдын ала тексеру жиынтығы» құралы бетонды және темір бетонды ғимараттарда болған өрттерде қолданылады.

2012-2016 жылдары өрттерде қаза болған адамдардың статистикалық саны.

2016 жылда өрттерде 33 адам қаза болды, соның ішінде 2 бала. Адамдардың негізгі саны өрт сөндіру бөлімшелерінің келуіне дейін қаза болады.

2016 жылы өрттерде 47 адам құтқарылып 1085 адам эвакуацияланған.

«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелерімен сөндірілген негізгі өрттердің саны есепті кезеңде тұрғын секторларға келеді – 531 (80%), соның себебінен халықтың өрт қауіпсіздік талаптарын немқұрайлы қарау нәтижесінен болады.

2016 жылы еркін өрт сөндіру жасақтары 197 өрттің сөндіруіне қатысты, облыс аумағында болған өрттердің жалпы санынан 28% құрайды (2015 жылы - 26%). ЕӨСЖ және тұрғындармен 42 өрт, өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен бірге 155 өрт сөндірілген. Өткен жылдармен салыстырғанда өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде еркін өрт сөндіру жасақтарының өрттерді сөндіруге қатысуы оң нәтиже көрсетеді. Берілген мәлімет жергілікті органдармен бөлімше басшыларының жұмысын көрсетеді.

Бұл бағытта ауылды округтарда ЕӨСЖ сапасыз жұмысы бойынша әкімшілікке хаттардың жіберілу практикасы жақсы көрсетіледі. Жылдың басынан жергілікті органдарға ЕӨСЖ сапасыз жұмыстары бойынша 8 ақпаратты хаттар жіберілген, (Айыртау ауданына – 1 хат, Жамбыл ауданына – 1 хат, Қызылжар және Есіл аудандарына – 2 хаттан, ТАйынша және Ғ. Мүсірепов аудандарына – 1 хаттан.

Сондай-ақ өртке қарсы қызмет мекемелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бойынша жергілікті атқару органдарының және шаруашылық жүргізуші субъектілері басшыларының жақсы көрсеткіштері үшін оларды мараппаттау бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2016 жыл ішінде өрттерді сөндіруде көмек көрсеткен ЕӨСЖ, ЖШС, ШҚ басшыларына 36 алғыс хат жіберілді. 2016 жыл ішінде тұрғын секторда сақтандыру шараларын күшейту бойынша жұмыс алғашқы бағыт болып анықталды. Ішкі істер органдарымен бірлесіп, нашар тұратын отбасылар үйлеріне рейдтер жасалды, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (радио, баспасөз, телевидение) халық арасында үгіттеу жұмыстары жүргізілді. Тұрғын секторда өрттердің алдын алу аясында өрт қауіпсіздігі бойынша «айлықтар» өткізілді. Өрт сөндіру бөлімшелердің жеке құрамы аудандардың ТЖБ және Петропавл қ. ТЖБ қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғын сектордағы үйлерді аралады. Тұрғын үй иелерімен тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сақтандыру жұмыстарын жүргізу кезінде 30 мыңнан артық үйлер араланды, 79 мың адаммен әңгімелесулер жүргізілді, оларға өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша 40 мыңнан артық жаднамалар берілді. Жиындар 42 рет болды, ондағы адамдардың саны 2460. Еркеше көңіл жағдайлары нашар отбасыларына бөлінде, сонымен қатар ғимараттардың нашар күйіндегі үйлерге назар аударылды. Сонымен бірге үй иелерімен тұрмыста өрт қауіпсіздігі туралы түсініктер берілді.

Солтүстік Қазақстан облысы орман алабының көлемі 560 мың га. артық, оның ішіндегі 138 га. «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық саябағына жатады. Өткен жылда облыс аумағында 2 орман өрті болды, жалпы көлемі 0,38 га. Өрт қауіпті кезеңге дайындалу аясында шартты орман өрттерін жою бойынша 12 өрт-тактикалық жаттығу жүргізілді. Маусым айында мекеменің жеке құрамы Ресей Федерациясының Түмен облысы аумағында табиғи сипаттағы ТЖ жою бойынша ірі көлемді бірыңғай жаттығуларға қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағы күртік қар, су тасқыны, сондай-ақ табиғи өрттер мен жанулар сияқты табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырағыш. 2016 жылдың өткен кезеңінде қарлы борандарда авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға 77 шығулар жасалды, бұл 2015 жылға қарағанда 88% артық(2015ж-41). Оларды жүргізу кезінде 74 адам құтқарылды және 192 адам эвакуацияланды. Қосалқы инженерлік техника (бульдозер, шнекороторлы қар тазалағыш, автогрейдер) автомобиль жолдарын күртік қардан тазалауға жұмылдырылды. Берілген техникамен барлығы 113 шығу жасалды және 1079 шақырым жол тазаланды, күртік қардан техниканың 51 бірлігі босатылды, 58 көлік құралы қауіпсіз орынға сүйреп апарылды.

Тасқын сулардың салдарын жою үшін өрт сөндіру бөлімшелерімен 96 рет шығу жасалды, 360 мың куб еріген су сорылып шығарылды, соның ішінде облыс бойынша 64 шығу, 373 адам эвакуацияланды (50 – бала), 572 бас үй жануарлары және 362 үй құстары қыраттарға шығарылды, жеке құраммен арықтар тазаланды, бөгеттер нығайтылды және инертті материалдар дайындалды. Су тасқынға қарсы іс-шаралардың уақтылы жүргізілуінің арқасында адамдар қаза болған жоқ және халық пен мемлекетке келтірілген материалдық залалдың көлемі төмендетілді. Вахталық автомобилімен адамадар мен затттарды тасымалдау үшін 100 ден астам рейс жасалды. Мекеме балансындағы HOWO тралы бар отырмалы тягачпен инженерлік техниканың басқа жерге жедел тасымалдануы орындалды. Барлығы тартқыш көлікпен 38 шығу жасалып 4038 шқ жол өтілді.

Ағымдағы жылда Солтүстік Қазақстан облысының аумағында су тасқыны салдарының мүмкіндігін жою мақсатында бөлімшелердің жеке құрам арасынан 200 адам және 35 бірлік техникасын құрайтын топтар құрылған.

Су тасқынына қарсы шаралардың уақтылы орындалуы адамдардың қаза болуына жол берген жоқ және халық пен мемлекетке материалдық шығыны аз болды.

Қазақстан Республикасы облыстың аусақтарында су тасқыны салдарының мүмкіндігін жоюда көмек көрсету үшін 200 адам және 35 бірлік техникасын құрайтын «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ күштер мен құралдар топтары құрылған.

АҚЖ орындауына қатысқан барлық қалалық және аудандық қызметттерімен (әкімшілік полиция басқармасы, медициналық қызметі және т.б.) «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелері жеке құрамының жедел және үйлесімді әрекеттерінің оң жағын көрсетеді. Жеке тұрған объектілерінің жергілікті деңгейінің көтерілуін жою үшін облыс орталығының ауданында 5 батпақ мотопомпа МП-70С, 2 мотопомпа МП-13/80.1 және 1 мотопомпа SERH-50 ХОНДА GX-240 пайдаланды, өз кезегінде жауынгерлік есептің адамдарға деңгейдің көтерілу кезінде уақытында көмек көрсетуіне әкелді, және де өрт сөндіру техникасының тозуы айтарлықтай азайды.

Қыс кезеңінде өрт сөндіруге және шұғыл авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге мекеме техникасының және жеке құрамының дайындығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жоспарланған іс-шаралар жүргізілді. Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 08 қазандағы «2015-2016 жылдардың қысқы кезеңіндегі төтенше жағдайлардан Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қорғауға дайындалу және ұйымдастыру туралы» №826 бұйрығының негізінде облыстың барлық өрт сөндіру бөлімшелерінде жеке құрам санынан мобильді топтар құрылды. Қыс кезеңіндегі техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет ету үшін жүру мүмкіндігі жоғары техниканың 38 бірлігі дайындалған. Төмен температура жағдайларында өрттердің ұзаққа созылу кезінде жеке құрамды тасу және жылыту, сонымен қатар күртік қардан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жүру мүмкіндігі жоғары техниканың 6 бірлігі дайындалған: УРАЛ (3255) базасындағы «Вахтовка», екі «Вахтовка»: КамАЗ (43114), екі «Вахтовка»: КамАЗ (43118) және ЗИЛ (131) «Кунг». Күртік қарда тұрып қалған техниканы эвакуациялау үшін 2 жеңіл броньді шағын тартқыш дайындалды. Оңтайлы және тиімді қолданылу үшін осы техника Айыртау ауданында орналастырылды, өйткені осы аумақтағы республикалық маңызды автомобильдік трасса жиі қармен басылып жатады.

Ағымдағы жылда мемлекеттік материалды резервінен мекеме балансына түскен инженерлі техника: шнекороторлы қар тазалағыш (Урал 4320-1151-71), автогрейдер (ХСMG моделі CR-180), бульдозер (Б10М.0801-1Е) және тралы бар отырмалы тягач (Howo) Петропавл қаласының ӨСБ ТҚКБ аумағында орналасқан және қыс мерзімі жағдайынада қолдану үшін дайындалған.

Өрт сөндіру автомобильдеріне су құю үшін қыс мерзіміне дайындалу кезеңінде облыс орталығының 10 сорғы станциясын өрт сөндіру жеңдерімен жалғайтын шүмектермен жабдықтау туралы мәселе қарастырылды. Осы сумен қамтамасыз ету көздерін кедергісіз пайдалану үшін өрт сөндіру қызметінің жауапты қызметкерлеріне станциялардан кілттер тапсырылды.

Кәсіби даярлық мектебінде мекеменің 445 қызметкері оқыды. Өрттер және ТЖ кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмекті сапалы көрсету үшін мекеменің 120 қызметкері «Парамедиктер үшін дәрігерге дейінгі көмек көрсету» курстарында оқыды. Қазіргі кезде облыс бойынша парамедиктердің саны 242. Өткен жылда парамедикпен төтенше жағадй кезінде 1 рет тұрғындарға көмек көрсетілген. (2016ж.18.03 тұрғын үйдің жануы кезінде пәтерде санасыз жатқан адамға көмек көрсетілген).

Басқарма аппаратының офицерлік құрамымен «Газтүтінінен қорғаушыларымен сабақ өткізу тәртібі», «Өрт-тактикалық жаттығулар мен сабақтарын өткізу және зерттеу әдістемесі» және «Тактикалық-арнай дайындық жүйесінде тәжірибелік және теориялық сабақтардың өткізу тәртібі» тақырыбына бейнематериалдар шығарылған.

Тактикалық арнайы дайындығының жүйесіндегі сабақтар өңделген тақырыптық жоспарлардың және нормативті құжаттардың негізінде өткізілді. Тактикалық арнайы дайндық бойынша сабақтар өткізу барысында өрт-тактикалық дайындығына және өрт құтқару дайындығының нормативтерін тәжірибелік өтеуіне ерекше көңіл бөлінді. 2016 жылы бөлімшелер нормативтердің тәжірибелік өтеуге және сабақ кестесі бойынша 5930 рет шықты.


жүктеу 313,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау