2015 жылғы 01 сәуірдегі №81қаулысына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы



жүктеу 131,5 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі131,5 Kb.
#4928



«Шығыс Қазақстан облысының

орта білім беру ұйымдарында

психологиялық қызметтің

жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы»

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 01 сәуірдегі № 81қаулысына

өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 2 –бабы 27-тармағының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 2 – бабы 2 тармағының 24-6) – тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


«Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 01 сәуірдегі № 81қаулысына (құқықтық актілерінің тіркеуінің мемлекеттік тізіліміне 3924 нөмірімен тіркелген, «Дидар» газетінде 2015 жылы 25 мамырда №58, «Рудный Алтай» газетінде 2015 жылдың 23 мамырда № 59 (19658) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу туралы көретілген қаулымен бекітілген қағидасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияларда баяндалсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының

әкімі Д.Ахметов
Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

« __» ______ 2017 жылғы

№ _____қаулысыны қосымша


Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

2015 жылғы сәуірдегі

№ 81 қаулысымен бекітілген



Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарында

психологиялық қызметтің

жұмыс істеу қағидасы


  1. Жалпы ереже

1. Осы Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидасы) Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің (бұдан әрі-Психологиялық қызмет) жұмысын реттейді.

2. Психологиялық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Бала құқықтары туралы конвенцияға, сондай-ақ осы Қағида шеңберінде жүзеге асырылады.

3. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне және қажеттілігіне, сондай–ақ педагог-психологтар штатының бірлік санына қарай айқындалады.

4. Психологиялық қызметтің құрамына басшы, тәрбие жұмысы жөніндегі білім беру ұйымының басшысының орынбасары, оның қызметін ұйымдастырады және бақылайды, сонымен қатар педагогтар, сыныптық жетекшілік жүргізетін, педагог-психологтар және әлеуметтік педагогтар. Келісім бойынша Психологиялық қызметтің құрамына медициналық қызметкерлер, ішкі істер органдары қызметкерлері мен ата-аналар комитетінің төрағалары енгізілуі мүмкін.

5. Психологиялық қызмет жеке және топтық негізде білім алушылар мен ата-аналары (немесе оларды ауыстыратын тұлғалармен) және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагоностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлері кешенін жүргізу үшін жекелеген ғимараттарға орналасқан және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істейді.

6. Психологиялық қызметтің жұмысы әкімшілікпен, педагогикалық ұжыммен, медициналық қызметкерлермен, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялармен, ата-аналармен (немесе оларды ауыстыратын тұлғалармен) сонымен қатар мәселелерді шешу бойынша функционалды қызметі шегінен шығатын, педагог-психолог кәсіби құзыретті бір-бірімен байланысатын мамандар (дәрігерлер, дефектологтар, логопедтер, типлопедагогтар мен т.б.) тығыз байланыста жүзеге асырылатын болады.

7. Білім беру ұымдарында Психологиялық қызметтің жұмысы басшы мен оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен байланыстырылады.

8. Ауданның (облыс маңыздағы қалалар) жергілікті орындаушы органы білім беру ұйымдарында Психологилық қызметтің әдістемелік басшылықты қамсыздандырады.

2. Психологиялық қызметтің

мақсаттары мен міндеттері

9. Психологиялық қызметтің мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

2) білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;

3) білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан жәрдем көрсету;

4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

6) білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету;

7) психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;

8) оқу жыл мерзімінде тестілеуді кемінде 1 рет жүйелі түрде өткізу арқылы кәмелетке толмағандарда өзіне-өзі қол жұмсауға деген психологиялық бейімділіктерін, сондай-ақ бейәлеуметтік бейімділіктерін (құқық бұзушылыққа деген бейімділік, спирт ішімдіктерін, есірткі құралдарын пайдалану, құқық бұзушылық жасау) диагностикалық зерттеудің циклограммасына сәйкес анықтау және олардың алдын алу;

9) өзіне-өзі қол жұмсау және олардың әрекет етуінің алдын алу мақсатында өзіне-өзі қол жұмсауға бейім кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың ата-аналарына (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) психологиялық көмек көрсету.

11. Психологиялық қызмет жұмысының негізгі нысаналы топтары білім алушылар:

1) аутодеструктивті мінез-құлыққа (өзіне-өзі қол жұмсауға) бейім немесе бұрын өзіне-өзі қол жұмсаған;

2) психобелсенді заттарды, спирт ішімдіктерін, есірткі заттарын пайдаланатын немесе пайдалануға бейім;

3) құқық бұзушылық жасауға бейім, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған;

4) әлеуметтік қолайсыз отбасылардан шыққан;

5) толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан;

6) өзіне-өзі қол жұмсаған немесе өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет еткен жақын туыстары немесе достары;

7) өзіне-өзі жұмсауға бағытталған интернет-ресурстардың қоғамдық топтарына кіретін және тіркелген;

8) тестілеу нәтижелері мен өмірлік жағдайларға сәйкес өзге де оқушылар болып табылады.

  1. Психологиялық қызмет жұмысының

негізгі бағыттары мен мазмұны

12. Психологиялық қызмет өз қызметін: психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық бағыттар бойынша жүзеге асырады.

13. Психодиагностикалық бағыттар:

1) білім алушылардың психикалық дамуын айқындау мақсатында білім алушыларды психологиялық диагностикалау;

2) білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;

3) білім алушылардың қабылеттілігі, қызығушылығы және икемділігін психологиялық диагностикалау;

4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша тұжырымдамалар мен ұсыныстарды дайындау;

14. Консультациялық бағыттар:

1) білім алушыларға, ата-аналар (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру;

2) білім алушыларға, ата-аналар (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке консультация жүргізу;

3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету;

4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.

15. Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:

1) білім алушылар мен педагогтердің өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету;

2) білім алушылардың бейімсізділігін алдын алу;

3) әдістемелік пен педагогикалық кеңестің және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдарының жұмысына ықпал ету;

4) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дәрігерлерге, дефектологтарға, логопедттерге, тифлопедагогтарға және басқа) аралас-мамандармен өзара жұмыс жүргізу.

16. Түзету-дамытушылық бағыттар:

1) психологиялық-педагогикалық тренингтер өткізу;

2) білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, зияткерлік, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру;

3) мінез-құлықтарының ауытқушылықтарындағы тұлғаралық қарым-қатынастарды тузеу.


  1. Педагог-психологтың құқықтары мен міндеттері:

17. Педагог-психологтың құқықтары:

1) білім беру ұйымының тұрпатына, түріне және қажеттілігіне, сондай-ақ білім бөлімі мен басқармасының ұсыныстарына сәйкес қызметтің басым бағыттарын таңдау;

2) білім алушылармен, олардың ата-аналарымен (немесе оларды ауыстыратын тұлғалармен) және педагогтармен психодиагностикалық, консультациялық, түзету-дамытушылық, ағартушылық-профилактикалық, ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстардың нысанын және әдісін таңдау;

3) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша құжаттамалармен, мектептің білім алушылары мен педагог қызметкерлерінің жеке істерімен танысу;

4) кәсіптік міндеттерді орындауға байланысты дербес пәндер бойынша біліктілікті арттыру және жетілдіру жүйесінде мерзімдік даярлаудан (қайта даярлаудан) өту;

5) өзінің кәсіби құзыреттілігі мен лауазымдық міндеттері шегінде мәселелерді қарастыру және шешімдерді қабылдау;

6) өзінің құзыреттілігі шегінде әдістемелік және педагогикалық кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдардың жұмысына қатысу;

7) түзету және дамутышылық бағдарламаларды және жаңа психологиялық жұмыстың әдісін құруда талқылауға қатысу;

8) психология кафедрасының ЖОО-ның және психологтардың тәжірибелік ассоциациясымен өзара-әрекеттесу;

9) Психологиялық қызметтің жұмысын жетілдіру мәселесі бойынша білім беру органдарына ұсыныспен шығу.

18. Педагог-психолог міндетті:

1) өзінің қызметінде осы Қағидалармен жетекшілік ету;

2) білім алушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметті жүзеге асыруға;

3) оқу барысының барлық кезеңінде тәрбиеленушілердің, білім алушылардың жеке-психологиялық ерекшелігін психологиялық диагностиканы жоспарлау;

4) өзінің кәсіби құзіреттілік шегінде шешімдер қабылдау;

5) жалпы әлеуметтік, практикалық, жастық және педагогикалық психологияда психологиялық ғылымның жаңа жетістіктерімен танысады, жұмыста диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтік-психологиялық, түзету және профилактикалық жұмыстардың заманауи ғылыми-негізделген әдістемелерін ішінара қолдануға;

6) кәсіптік құпияны жария етпеуге, диагностикалық және консультациялық жұмыс нәтижесінде алынған мәліметтерді, егер олармен танысу білім алушыға немесе оның айналасындағыларға зиян келтірсе, сондай-ақ егер сыналатындарды тексеру нәтижелерінің анонимдік кепілдіктер берілген жағдайда таратпауға;;

7) білім алушыларға, олардың ата-аналарына (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға), педагогтерге жеке, кәсіптік және басқа да мәселелерді шешуде психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға;

8) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайдағы педагогтарға, білім алушыларға, тәрбиеленушілерге психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асырады;

9) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке тұлға ретінде дамуында туған кедергілерді табу;

10) зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психология-педагогикалық қорытындылар жасау;

11) дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады;

12) тиісті біліктілік санатына аттестациядан өтуге және оны аттестациядан ойдағыдай өткен жағдайда алуға;

13) білім алушылардың бейәлеуметтік әрекеттерінің алдын алуға және оларды уақытылы түзетуді жүзеге асыруға;;

14) білім беру ұйымдарында қарым-қатынастарды үйлестіруді қалыптастыруға және білім алушылардың әлеуметтік бейімсіздіктің және аутодеструктивті мінез-құлқы туындауының алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға;

15) білім алушыларды, олардың ата-аналарын (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларды) және педагогтерді психологиялық мәдениетке қалыптастыруға және дамытуға;

16) осы Қағидаларға сәйкес Психологиялық қызметтің жұмыс істеу құжаттамасын жүргізуге;

17) жедел түрде кәмелетке толмағандарда өзіне-өзі қол жұмсау және оларды болғызбау бойынша бірлескен шаралар қабылдау үшін қобалжушылықтың жоғары деңгейі мен өзіне-өзі қол жұмсаушылық бейімділігін анықтау туралы ата-аналарын (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларды) және сынып жетекшісін хабардар ету;;

18) кәмелетке толмағандарда өзіне-өзі қол жұмсаушылыққа бейімдеуді анықтау әдістері мен нысандарын оларды түзету және толықтыру бойынша ұсыныстар енгізумен жетілдіру.

19. Педагог-психолог Психологической службы обеспечивает: Психологиялық қызметте педагог-психолог:

1) психологиялық диагностикалау нәтижелерінің нақтылығын, пайдаланылған диагностикалық және түзетушілік әдістердің барабарлығын, ұсынымдар мен қорытындылар негізділігін, психологиялық ақпараттың құпиялылығын;

2) Психологиялық қызметтің есепке алу-есеп беру құжаттамаларының жүргізілуін және сақталуын.
5. Психологиялық қызметтің жұмыс істеу құжаттамасы
20. Психологиялық қызметте мынадай құжаттамалар болуы керек:

1) Психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру қағидалары;

2) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген педагог-психологтың перспективалық жұмыс жоспары;

3) психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін (психодиагностикалар, дамыту, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдістемелік жұмыстарды, жеке және топтық консультация беру, психологиялық қызметке сұраныс беру) есепке алуды тіркеу журналы;

4) психологиялық диагностикалау бағдарламаларын, психологиялық тренингтерді, дамыту және түзету жұмыстары;

5) білім алушылардың психологиялық дамуының жеке карталарын, топтық психологиялық портреттерін;

6) психологиялық сабақтардың, тренингтердің, психодиагностикалық әдістемелердің және психологиялық жұмыстың басқа да нысандарының әдістемелік әзірлемелері;

7) Психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалық есептері (жарты жылдағы, оқу жылы);

8) психологиялық тексерудің нәтижелері, қорытындылары;

9) психодиагностикалық әдістеменің мәліметтер жиынтығы мен тізімдемесі.



  1. Қорытынды ереже

21. Білім беру ұйымының басшысы Психологиялық қызметтің жұмысын қамтамасыз етеді.



22. Психологиялық қызметтің жүктелген міндеттін орындамаған жағдайда басшы, басшының орынбасары, педагог-психолог Заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылады.
жүктеу 131,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау