Келісілген кесте бойынша Жастар орталығында үстел теннисі, волейбол, сұлулық студиясының үйірмесі жұмыс істейді.
Жастар қоғамдық бірлестіктері, «Шемонаиха ауданының әкімдігінің Жастар орталығы» КММ, ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және жастардың қатысуымен 2014 жылы 17,5 мың адамды қамтыған 70-тен астам қоғамдық-саяси және әлеуметтік маңызы бар аудандық іс-шаралар өткізілді.
Шемонаиха ауданында өткізіліп жатқан жастар саясатының бүкіл іс-шаралары бұқаралық ақпарат құралдарында, аудан әкімі сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |