4-параграф. Газ бойынша қауіпті шахталарда немесе тозаң жарылысы бойынша қауіпті қазу қабаттарында жарылыс
жұмыстарын жүргізу тәртібі
307. Газы немесе тозаң бойынша қауіпті шахталардағы әрбір теспені оқтар алдында, оларды жару алдында және жарғаннан кейін забой тексергенде шебер-жарғыш метан құрамын өлшейді. Құрамында метаны 1 % және одан көп забойларда, 20 метрден аса жалғанып жатқан қазбада және шебер-жарғыштың қорғаныш жерінде жарылыс жұмыстары жүргізілуге рұқсат берілмейді.
Шебер-жарғыштың қорғаныш орындарында метан құрамының өлшенуі электрлі жарылғыш жүйесіне жарылыс аспабының әрбір қосылар алдында жүргізіледі.
308. Жарылыс жұмыстарына рұқсат беріледі:
1) үзіліссіз және толық желдетілетін және жарылыс шаңын жою шаралары іске асырылатын қазба забойларында;
2) электр детонаторларды пайдаланып зарядтарды жару кезіндегі метан көп бөлінетін қазбалардағы тоқ көздері ретінде тек қана ұшқын қаупі жоқ жарылыс аспаптарын пайдаланғанда;
3) ең күрделі жағдайлардағы (соққылап жару, көмір түсіру қазбаларының ісінуі, үлкен тастарды майдалау, тазалау қазбаларының төбесін құлату жұмыстары, қазу учаскелеріндегі қиын құлатылатын төбелерді жер асты жарылысы арқылы жарып құлату, істен шығуды жою және тағы басқа) шебер-жарғыштың орындағанда ауысымдағы (учаскеде) қауіпсіз жұмыс жүргізуге жауапты қадағалау тұлғасының қатысуы.
309. Газ бөлінетін немесе жарылғыш тозаңы бар дайындық забойларда және бөлек қазба учаскелерінде, мекемеде жасалынып аттестацияланған ұйыммен келісілген, әрбір забойға (қазбаларда) арналған режим сақталғанда, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беріледі.
310. Рұқсат берілмейді:
1) қыртыста жарылыс түрімен жүргізілетін газды құрамды көмір қыртысты тұйықтық забойлардағы дайындық қазбаларды жартылай бұрғылауға;
2) көмір сілемі тазалау қазбасында комбайн алдында, жоңғыларды алдын-ала қопсытуға. Бұл талап иесіз көмір алу, гидрожарылыс, толық көмір қопару және геологиялық бұзулар аумағының қыртыстарына таралмайды.
311. ЖМ таңдауы забойдағы жұмыстар қауіпсіздігі дәрежесіне, жарылыс жағдайына байланысты, сонымен қатар осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілгенге және сақтандыру ортасын жасау төмендегі көрсетілетін талаптарға сәйкес жүргізумен техникалық жетекші бекітеді.
312. Сақтандырылмаған ІІ топтағы ЖЗ қолдануға:
1) көлденең, көлбеу, көтерілуші тік қазбаларды (бұдан әрі – қазба), шахта бағанасының тереңдетілуі жасалынып жатқан шахта қатпарының келесі жағдайда:
забойдағы көмір қыртысы, қыртыс арасы және де метанның бөлінуінің болмауы;
забойларды сумен толтыру тереңдетілген бағана жарылу алдында биіктік, ең жоғары забоймен есептелгенде 20 см кем болмау;
барлық забойлардан көмір қатпарына дейін қорғау (оған жақындағанда) қалыпты есептегенде 5 метрден кем болмайды. Забой қазбасының қатпармен қиылысы барлық забой нүктесінен қыртысына дейін 20 метрден артық ұсталады, қазбаның ұзына бойы есептемегенде.
Егер қазба, қатпарлардан метан келуін болдырмайтын монолитті қабырғамен қатайтылса, ал қатпарды ажырату жұмыстары аттестацияланған сараптамалық мекемемен келісілсе, ІІ классты ЖЗ, көмір қатпарларының және аралық қыртыстар қиылысынан кейін пайдалануға болады;
2) забойларда, шурфтарда немесе шаңы немесе газы қауіпті шахталардың үстінде жүргізілетін болса, сонымен қоса осы забойлар кенеттен көмір, газ, қыртыс лақтыру қаупі бар қатпарлармен қиылысында, келесі шарттарды орындағанда:
забойдың жоғары нүктесін есептегенде, забойды жарылыс алдында 20 см толтырғанда. Жасанды мұздатылған жыныстарды жүргізу кезінде немесе су ағынының болмауының орнына бағана забойын су басу орнына жұмыс қауіпсіздігі бойынша басқа да шаралар қабылданады;
адамы жоқ бағанада жарылысты жоғарыдан жүргізу және одан ара қашықтығы 50 метрден кем болмағанда;
3) қазбаларды солқылдатып жару кезінде, толқу қауіпі бар қатпарларда, су шашу қондырғысын қолданған жағдайда, полиэтилен ыдыстарынан жарылыс кезінде су шашырату. Зарядтарды жару жоғарыдан немесе камерадан іске асыралады;
4) кенеттен көмір және газ лақтыру қауіпі бар көмір сілемді қатпарларды, көмір, қыртыс және газ лақтыру қауіпі бар қатпардағы тау жұмыстарын қауіпсіз жүргізу технологиялық регламентке сәйкес атқылағанда;
5) сазы және қойыртпағы ойылу қауіпі бар учаскедегі қалқан үстіндегі қауіпсіздік жастығын жасауға пайдаланатын ұңғы зарядтары;
6) қиын бұзылатын жабынды механикаландырылған тазалау қазбасын алдын-ала жұмсартуды, жабынды жұмсарту амалдары мен парамлері осы технологиялық регламентке сәйкес жүргізуге рұқсат беріледі.
313. Аталған жұмыстарды орындау үшін, қыртыс қаттылығы және жару жағдайына сәйкес мынадай ЖЗ пайдаланады:
1) көлденең және тік қазбаларды қазу кезінде осы Қағидалардың 313-тармағының 1) (ұңғыларды тереңдетуден басқа) және 3) тармақшаларында санамаланған, проф. М.М. Протодьяконов шкаласымен бағана тереңдетуден басқа f қаттылық коэффициенті 7 төмен, ал қиын бұзылатын қыртыстардың барлық қатты түрлерін жұмсарту-тротилдан (аммонит 6 ЖВ, аммонал М-10) сезімтал, сенсибилизатор құрамында жоқ ЖЗ;
2) көлденең және тік қазбаларды қазу кезінде, осы Қағидалардың 313-тармағының 1) (ұңғымаларды тереңдетуден басқа) және 3) тармақшаларында санамаланған ЖЗ пайдаланудың f қаттылығы 7-ден 10-ға дейінгі қыртыстарды құрамында гексоген немесе нитроэфир бар, қисайған теспелерде ғана жүргізуге болады. Қалған басқа теспелерде құрамында сенсебилизаторы жоқ тротилден сезімтал ЖЗ қолданылады;
3) көлденең және тік қазбаларда қаттылығы f = 10 және жоғары қыртысында барлық ЖЗ қолдануға болады;
4) көрсетілген осы Қағидалардың 313-тармағының 2), 3) тармақшаларында санамаланған жағдайларындағы жару жұмыстарында, сонымен қатар бағаналарды тереңдету жұмыстарында ЖЗ барлық түрі қолданылады.
314. ІІІ-сыныпты сақтандырғыш ЖЗ қолдануға болады:
1) қыртыстармен ғана жүргізілетін, сонымен қоса тербеліс қаупі бар қыртыстарда, метан бөлінетін және жарылғыш шаңы жоқ қазбаны қазу жұмыстарында;
2) қыртыстармен ғана жүргізілетін қазба бағаналарында, оларды пайдаланылып жатқан қыртыстан тереңдеткенде және олардан метан бөлінетін жағдайда;
3) көмірді және газды аяқ астынан лақтыратын қазбаларды ашқанда, қазбаны ашпастан бұрын су шашу ілмесін пайдаланғанда және қыртыс пен қазба арасындағы барлық қазба ауданында аудан алаңы тік қыртысы 2 метрден кем емес, көлбеулі қыртысты ашқанда 1 метрден кем емес.
315. ІV сыныпты сақтандырғыш ЖЗ пайдалануға болады:
1) аралас және көмірді қазбаларда, метан бөлінуі болмайтын қазбаларда, шаңы жарылыс қаупі бар көмір қатпарларында;
2) аралас және көмір забойларындағы көлденең, көлбеу және көтерілуші (100 дейін) қазбаларда, жарылыс жұмыстары кезінде көп көлемде метан бөлінбей тон, шаңы немесе газы жарылыс қауіпі бар қатпарларда;
3) шайқалтып жару кезінде, соның ішінде камуфлетті, жалаңаштанған көмір қатпарларын ашу және 20 метрден аз емес ұзындыққа қазу жұмыстарын жүргізгенде;
4) кесек тас қуақазы қыртысын төменнен жару;
5) кесек тас қуақазы қыртысында 10 текше метр (бұдан әрі – м3/т) метан құрамды қатпарларды үстінен жаруға;
6) аралас забойлы қазбалардағы жарылыс жұмыстарына, аяқ астынан көмір және газ лақтыруы мүмкін қыртыстарда;
7) аралас забойлы қаттылығы f > 4 қыртысты, көмірді алдын-ала ою кезінде жоғары көлемде метан бөлінетін;
8) лавадағы көмірді жарып қазуға.
316. V сыныпты сақтандырғыш ЖЗ қолдануға болады:
1) көмір және аралас забойлы, көлденең, көлбеу және көтерілуші (100 дейін), жарылыс кезінде жоғары көлемде метан бөлінетін қазбаларда. Көмірдегі аралас забойлы және қатпарда бір ғана ЖЗ түрі қолданылады.
Аумақтық өкілетті органның рұқсатымен және сараптамалық мекеменің қорытындысымен көмір қатпарында V сыныпты, ал қыртыстарда ІV сыыпты ЖЗ пайдалануға болады;
2) көмірлі және аралас забойлы көтерілуші (100 жоғары) қазбаларда метан бөлігінде, қазылған қазбаны желдететін ұңғыларды алдын-ала жүргізгенде;
3) жоғары көлемде метан бөлінетін забойға қатысы жоқ лава түбінде;
4) қыртысты жоғарыдан жару жүргізілетін кесек тас қуақаздарына, қазу аймағындағы метан құрамы 10 м3/т және одан жоғары;
5) жоғарыдан және аралас жаруды қаттылығы f = 4 және одан төмен қыртысындағы, алдын-ала қазу кезінде жарылыс жұмыстары қолданылмаған жағдайда, жарылыс жұмыстарында жоғары көлемде метан бөлінетін аралас забойлы қазбаларда.
317. VІ сыныпты сақтандырғыш ЖЗ пайдалануға болады:
1) жоғары мөлшерде метан бөлінетін лаваның жоғары қабатында;
2) алдын ала ұңғы қазбай жүргізген, метан, бөлінетін, көтерілуші (100 және жоғары) көмір қазбаларында;
3) метан бөлінетін, бұзылған сілемдерде (сонымен қатар бұзылған сілемдерге жұмыстарын жүргізетін қазбаларда) жүргізілетін қазбаларда. Теспе тереңдігі 1,5 метрден терең емес, ал теспелік патрондалған ЖЗ заряд салмағы 0,6 кг артық болмағанда;
4) жоғарғы және аралас жарғандағы қатпар қаттылығы f = 4 және төмен желдету қуақаздарында, лава артынан жүргізгенде.
318. VІІ сыныпты сақтандырғыш ЖЗ төмендегі арнайы жарылыс жұмыстарына пайдалануға болады;
1) көмір түсіру қазбаларындағы көмір сілемдерінің ілініп қалуын жою;
2) сыртқы зарядтармен көлемді заттарды майдалау;
3) жабындыны отырғызу үшін ағаш бағаналарды құлату.
Көрсетілген жұмыс түрлеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органмен рұқсат етілген ЖЗ немесе зарядтары түрлері қолданылады.
319. Солқылдатып жарудан өзге, барлық забой қазбаларында, сонымен қоса арнайы жұмыстарды орындауда, осы Қағидалардың 313-318 талаптарында көрсетілген ЖЗ аттарынан жоғары классты ЖЗ пайдалануға рұқсат беріледі.
320. Газ бөлінетін немесе жарылғыш көмір шаңы бар забой қазбаларында, жылдам және қысқарған әсерлі сақтандырғышты электр детонаторларын қолданады.
Сонымен қоса келесі жағдайлар сақталады:
1) қысқарған әсерлі детонаторының қысқару уақыты ІV классты ЖЗ қолданғандағы уақыт алшақтығы 220 мс, V - VІ классты ЖЗ 320 мс артық болмайды;
2) дайындаушы қазбаларда, көмірде және тазалау забойларындағы комбайындық кеңістікте барлық зарядтар көмір забойында жару аспаптарының (машинканың) бір импульсті жарылатын;
3) көмір забойының ұзындығы бойынша учаскелерге бөліп және осы Қағидалардың 279-талаптарын сақтау кезінде әр қайсысында бөлек жарылыстар жүргізіледі;
4) дайындау қазбаларында, көмір қатпарларындағы жанындағы қыртыстарды жару, көмір теспелерінде және қыртыста жаруды бөлек немесе бір уақытта жүргізуге болады (бір забоймен немесе біреуінің алда болуы), бөлек жару техникалық жетекшінің рұқсатымен, көмірде және қыртыста бір циклдан артық болмайды, бірақ қазба қазу алдында алға 5 метрден алыс емес ұзау қазбасын қоспағанда.
321. Шебер-жарғышқа жарылыс жұмыстарын жүргізуге әр түрлі классты ЖЗ бір уақытта беруге болмайды, сонымен қоса сақтандырғыш және сақтандырғышсыз электр детонаторды, соның ішінде қысқа әсерлі немесе жай әсерлі, әр түрлі забойға егер осы забойлардың бірінде ұзақ үзілісті электр детонатор немесе төменгі классты ЖЗ пайдаланылатын болса.
322. Бүкіл шахталық депрессия нәтижесіндегі ауа ағынымен желдетілетін орында шебер-жарғыш қорғанышы орналастырылады және жарылыс орнының ара қашықтығы тоннельдегіден аз болмайды:
1) көлденең және көлбеу (100 дейін) дайындау қазбаларында - 150 метр;
2) көлбеу соның ішінде көтерілуші (100 жоғары) дайындау қазбаларында 100 метр, бірақ міндетті түрде көлденең және қазба үстінен немесе басқа қазбалардың үстінен 10 метр қашықтықтан жақын емес;
3) орналасу бұрышы 180 - ге дейінгі лаваларда – 50 метр;
4) орналасу бұрышы 180 жоғары лаваларда – 50 метр, бірақ қуақазды лава жанында 20 метрден жақын емес;
5) камералы түрдегі тазалау забойында, сонымен қоса көмір кентіректерін өлшегенде – 200 метр;
6) қалқанды забойда – 50 метрден, бірақ жүргіштік пешінен 20 метрден жақын емес;
7) көтерілгіш қазбалардағы көмірді және қыртысты жіберу – 100 метр;
8) жоғарыдан бағана қазғанда – 50 метр.
323. Жарғыш-шебер қорғауышы орны, қүзет бекеті орналасуы, барлық жағдайларда жобада, қазу жарылыс жұмыстары паспорттарында жарғыш-шебер қорғаныш орны мен күзетші бекеті ара қашықтығы, жарғыш-шебер артынан 10 метрден кем емес және күзет бекеті орналасу орны мен қалған адамдар арасы 10 метрден кем емес.
Көмірде немесе аралас забойда ұзындығы 100 метрден көп тұйықталған қазбалар жарылыс бекетінен жарғыш-шебер қорғанышына дейін жүргізілген тұрақты жарылыс магистралі болғанда ғана жүргізіледі.
324. Әр циклдағы зарядты оқтау және жару, соның ішінде көмірді және қыртыста бөлек жарылыс жүргізу, забойды желдеткен соң, метан құрамын өлшегеннен кейін, жарылған көмірді жинаған соң, 20 метрден кем емес қашықтықтағы забойларды жарылыстан қорғау шараларын жүргізген соң жүргізуге болады.
325. Газы немесе шаңы қауіпті (кенеттен лақтыру қауіпін қоспағанда) қатпарларындағы тазалау қазбасында, тазалау қазбасын бөлек жарылатын учаскелерге бөлуге болады. Әр учаскедегі оқтау және зарядты жару, басқа учаскедегі зарядтар жарылысынан, ойылған көмірді жинаған соң, қазбаны қайтатын және газ және көмір шаңы жарылысының алдын-алу шараларынан кейін жүргізіледі.
326. Басқа қазбалардағы көмірде және қатпардағы дайындау және кесу қазбаларына жолыққан кезде, жолығатын қазбаларға 5 метр қалғанда қазба қатайтуларын, қыстырар құлауын, кабель және құбырлар зақымдануын болдырмау үшін теспе ұзындығын және ЖЗ зарядтарын азайту көзделеді.
327. Қыртысты және аралас забойлардағы дайындау қазбаларында газ бөлінуі байқалса, лездік және қысқа жайлатылған әсерлі электр детонаторларын қолдануға болады. Рұқсат етілетін жайлатылған электрдетонаторларды қысқа жайлатылу әсері барлық жағдайларда 320 мс көп болмайды.
Забойда жиынтық зарядтарды жару бөлек жүргізіледі, бірақ үш реттен көп болмайды. Әр бөлек теспедегі оқтау жұмыстары алдыңғы теспедегі жарылыс жұмыстарынан кейін және забойдағы жарылыс және басқа жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларынан кейін жүргізіледі.
328. Газ бөлінетін құрылыстарда қазба жүргізілгенде, жарылыс, лездік, қысқа жайлатылған және жайлатылған әсерлі электр детонатор пайдалану арқылы жүргізіледі. Жайлатылу уақыты 2 с дейін және тәсіл мөлшеріне қарамай және жайлатылу сериясының үзіліссіз болуы.
329. Газ бөлінетін немесе жарылғыш көмір шаңы бар қазба забойларында (кесек тасты қуақаздарындағы жабынды жарудан басқа), жайлатылу ара қашықтығы 40 мс көп емес қысқа жайлатылған әсерлі электр детонаторларды пайдалануға болады. Кесек тасты қуақаздарының жабынын жаруға лездік әсерлі электр детонаторлар ғана қолданылады.
330. Жайлатылған әсерлі электр детонаторларды, газ бөлінбейтін және жарылғыш шаңсыз ІІ сыныпты сақтандырғышсыз ЖЗ пайдалануға рұқсат етілген забойлардағы зарядтарға пайдалануға болады.
331. Сақтандырғышсыз ЖЗ және жайлатылған әсерлі электр детонаторлар пайдалануға рұқсат етілген қазбаларда, әр түрлі мүмкіндігі бар ЖЗ бір забойда қолдануға және бір шебер-жарғышқа тапсыруға болады немесе контурлы теспелердегі төменгі мүмкіндікті ЖЗ орналату жағдайына сай сақтандырғышсыз және сақтандырғышты ЖЗ қолдануға болады. Газы және шаңы қауіпті көмір қатпарлары немесе қыртыстары бағытындағы осындай қазбаларды қазу кезінде 5 метр қашықтықтан, сонымен қоса олардың қиылысқан жерінен 20 метр қашықтықтан соң, сақтандырғышты ЖЗ және газы немесе шаңы қауіпті забойлардағы қауіпсіздік шараларын және осы Қағида талаптарын сақтап, лездік және қысқа жайлатылған әсерлі электр детонаторды қолдануға болады.
332. Әр түрлі классты немесе әртүрлі атаулы ЖЗ және тұтас зарядта бір патрон-соққыштан артық бір теспе ішіне орналастыруға болмайды.
333. Көмірдегі және қыртыстағы теспенің тереңдігі 0,6 метр аз болуына рұқсат беріледі.
334. Екі және одан көп ЖЗ патроннан тұратын зарядтарды теспеге жүйелі және бір уақытта кіргізу керек, ал соққыш бөлек жеткізіледі.
335. Теспелер тығыны ретінде саз, саз бен құм қоспасы, саздан жасалған жабылатын гидротығын немесе технологиялық регламентке сәйкес басқа материалдар қолданылады.
336. Зарядтарды жару кезінде пайдалануға рұқсат беріледі:
1) суы бар полиэтилен немесе полихлорвинил ампулдар түрінде гидротығындарды;
2) судан тұратын екі қабатты тығынды, инертті материалдардан тұратын бекіту тығындарын және қойыртпақтан жасалған тығындар мен пасталарды.
Барлық құрылымдар ампулалары жарылыс жұмыстарын жүргізудің теспе диаметрі 45-46 мм болған кездегі теспе әдісіне арналған.
Суды құю жолымен дайындалатын қос қабатты тығындауды саз топырақты тығынмен жабу қосылысында еңіс теспелерде пайдаланады. Еңіс бұрышы 60 0С артық болған кезде бекіту жабындарында құм немесе граншлакпайдалануға рұқсат беріледі.
Сызатты жыныстар бойынша бұрғыланған теспелерде қойыртпақтан жасалған тығынды пайдаланады (судың сазбен немесе тақта тасты шаңмен қоспалары);
337. Көтеру бұрышы 60-90 0С дейінгі қалпына келтіру өндірулерінде тығын ретінде құрамында су (90-95 %) және химиялық компоненттер (сұйық шыны, қышқылдар мен тұздардың ерітінділері) бар геле түріндегі масса секілді, гидропаста пайдалануға рұқсат беріледі,
338. Көмірде және қыртыстағы жарылыс кезіндегі тығынның ең төменгі көлемі барлық тығын материалдарына төмендегідей болады:
1) теспе тереңдігі 0,6 – 1,0 метр теспе тереңдігі жартысы;
2) теспе тереңдігі 1 метр терең болғанда – 0,5 метр;
3) ұңғымаларда зарядтарды жарғанда – 1 метр.
339. ЖЗ зарядын жоғарыға дейінгі ара қашықтықтық көмірде 0,5 метрден кем және қыртыста 0,3 метрден аз болмайды, сонымен бірге үлкен көлемді қыртыстарда зарядтарды жарғанда. Көмірде VІ классты ЖЗ пайдаланған жағдайда, ара қашықтықты 0,3 метрге дейін азайтуға болады.
340. Аралас теспелік зарядтардың рұқсат етілетін төменгі ара қашықтығы осы Қағиданың 2-қосымшасындағы жарылыс жағдайы кестесінде келтірілген.
Қаттылығы f > 10 қыртыстарындағы аралас теспелік зарядтарының арақашықтығы аттестатталған сараптамалық ұйым жасаған нормативтермен анықталады.
341. Тозаңы бойынша қауіпті қыртыстарда, көмірде немесе көмірлі іргелік қыртыстарды жарар алдында, қазбалардағы шөккен көмір шаңдарын қатыру және су шашу арқылы забойда, қазбада және забой маңында, жарылатын зарядтан, қашықтығы 20 метрден аз емес жерлерде ылғалдану жүргізіледі.
Тозаңы бойынша жарылу қаупі бар қыртыстарды тазалау забойларының бұрыштарында немесе лава табандарында қатыру жүргізіледі немесе забой маңындағы кеңістіктерді ылғалдағыш қосындысын қосып сумен себелеу жүргізіледі.
342. Тау қазбаларының забой маңы кеңістігінде теспелік зарядтарды жарғандағы жарылыстан қорғану (ауалы су және түйіршікті ілмелер және тағы сол сияқты) технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
343. Қыртыстарды атқылау және көмір сілемдерін ұңғылық зарядтар қолданып жару нұсқаулыққа (технологиялық регламентке) сәйкес жүзеге асырылады.
344. Мұнай пайда болатын көмір шахталарындағы жарылыс жұмыстары осы Қағидалардың 378-384-талаптарын ескере отырып, жүргізіледі.
5-параграф. Солқылдатып жару тәртібі
345. Солқылдатып жару кенеттен көмір, жыныс пен газ лақтырылуы қаупі бар қыртыстарды өңдеу кезінде, күнделікті бақылау бойынша «қауіпті» деген анықтама алынған қауіп төндіретін қыртыстарда, адамдарға бағытталған лақтырылу қауіпінен қорғауға бағытталған белгілі тәртіпте жүргізіледі:
1) көлденең, көлбеу (үстінен астына қарай жүргізілетін) және көтерілуші қазбаларда (бұрышы 100 дейін), сонымен қатар тазалау забойларындағы көмір ою жұмыстарына;
2) қуаттылығы 0,1 метрден артық лақтырылуы қауіпті көмір қыртыстарын ашуға;
3) қауіпті төндіруші көмір қыртыстарын ашуға, егер лақтыру қауіпі белгі көрсеткіштері анықталса немесе ашу алдында бақылау жүргізілмесе;
4) 600 метр және одан терең құмдақтарды ашуға, егер бақылау арқылы құмдақтың тербеліс қауіпі анықталса немесе ашу алдында бақылау жүргізілмесе;
5) лақтырылуы қауіпті құмдақтарда қазба жұмыстарын жүргізуге.
Осы параграф солқылдатып жаруға арналған талаптары, кенеттен көмір және газ лақтырылу қауіпін алдын алуға арналған қатпарлық және қатпардан тыс (алдынғы) атқылау жұмыстарына да таралады.
Қатпарларды ашу кезіндегі жарылыс жұмыстары, сонымен қоса қорғалған аумақтағы тазалау және дайындау қазбаларындағы жарылыс жұмыстарын, солқылдатып жару тәртібіне қарамай жүргізуге болады.
347. Кенеттен лақтыру қаупі бар көмір қатпарларында және қыртыстағы қазбадағы жарып қазу жұмыстарының паспортындағы көрсеткіштерін таңдау бүкіл қазба қимасы алаңдағы көмірді (қыртысты) толық өндіруді қамтамасыз етеді. Егер солқылдатып жару кезінде керекті забой пішініне қол жеткізілмесе, қазба сұлбасын жасау үшін қайталап солқылдатып жару жүргізіледі.
Геологиялық бұзылған орындарда көмірде және қыртыстағы жарылыс жұмыстары бір уақытта жүргізіледі.
Көмірді тездетіп жарып өндіретін аралас забойдағы қазба жүргізгенде, қыртыс забойының артта 5 метрден артық емес қашықтықта қалып қоюына рұқсат беріледі.
Қыртысты тездетіп жарып өндіретін аралас забойларда қазба жүргізу, қыртыс мүмкіндігі 0,8 метрден дейін болғанда ғана жүргізіледі.
348. Солқылдату жарылыс жұмыстарынан кейін забойды дұрыстауға қолдық соққылау құралдары қолданылмайды.
349. Солқылдатып жару қолданылатын әрбір забойға тәртіп, осындай жарылыс технологиясы және қауіпсіздік шаралары орнатылады. Жоғарыда орналасқан солқылдатып жаруға жауапты жетекшінің телефонмен сөйлескен сөздерін таспаға жазу қамтамасыз етіледі.
350. Жарып қазу жұмыстары паспортымен және солқылдатып жару нұсқаулықтарымен және технологиялық регламентпен, солқылдатып жаруды жүргізуге қатысты шахтаның қадағалау тұлғалары және осыған қатысты жұмысшылар (қол қою арқылы) таныстырылады.
351. Салқындатып жаруды жүргізу тәртібі және оны басқарушы тұлға шахта бойынша бұйрықпен бекітіледі. Пайдалану шахтасындағы жұмыстар жүргізу мердігерлік ұйымдар арқылы жүргізілген жағдайда бұл тәртіп екі жақ бұйрығымен бекітіледі.
Солқылдатып жару жұмыстарын жүргізгенде шахта бойынша солқылдатып жару журналы толтырылады. Журнал формасы ұйымның техникалық жетекшісімен бекітіледі.
Жер асты қазбаларына жұмылдырылған барлық жұмысшыларға жарылыс алдында бір ауысым бұрын, солқылдатып жару жүргізілетін орны мен уақыты (хабарлама түрінде) жеткізіледі.
352. Солқылдатып жару жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс орнынан шыққан желдетілген ауа ағыны жолына орналасқан барлық шахта қазбалары, забой мен шебер-жарғыш қорғаныш орны арасындағы таза ауа ағынында орналасқан барлық қазбалар қауіпті аймаққа кіреді.
Қауіпті аймақта орналасқан шахталардағы барлық қазбалардағы оқтауды жүргізер алдында, электр зарядтары ажыратылады. Жарылыс жұмыстарынан кейін қазбалардағы ауаны метан құрамына тексергеннен кейін электр қуатын қосуға болады.
Солқылдатып жару жұмыстарын жүргізу кезінде тұрақты желдету желдеткіштерін, метан құрамын автоматты бақылау құралын және көмір қыртыстарындағы тербеліс қауіпті аумақты бақылауға пайдаланылатын датчиктерді ажыратуға болмайды.
Қазба забойларындағы теспені оқтау жұмыстары алдында электр қуатын ажыратуға мүмкін болмаса (су басу қауіпіне байланысты), электр қуаты жарылыс жүйесін орнату алдында ажыратылады.
353. Қуатты тік қатпарлардан басқа көмір қыртыстарын солқылдатып жарумен ашқанда, ашылуға тиісті қазбаны толық жобалық қимасына сәйкес жүргізеді. Қуатты тік қатпарларды ашқанда, жарылыс жұмыстарын, тек көмір қатпарларын (қыртыс үймелерінен тазарту) жалаңаштауға ғана пайдаланады.
Қатпарлар қиылысын жасау, көмір, қыртыс және газы кенеттен лақтырылуы мүмкін қатпарлардағы тау жұмыстарын қауіпсіз жүргізу нұсқаулылығының талаптарына сай жүргізіледі.
Қатпар алдындағы қыртыс үймесі алаңын бір жарылыс арқылы жояды.
Солқылдатып жару режімі ашылатын қазба забойына 4 метрден жақын емес жерден қосылады және забойдан қазбаны көмір қатпарынан 4 метрден аз емес қашықтыққа алып кеткен соң тоқтатылады.
Көмір қатпарының ашылуы төмендегідей реттілікпен жүргізіледі: ашылатын қазба забойының қатпарға жақындауы, қатпар жалаңаштануы және қиылысуы, қатпардан алынуы.
Сонымен қоса барлық жағдайда есептеледі:
1) тік көмір қатпарларын ашу кезінде «жақындау учаскесі» – ашылушы қазбасы алдыңғы ашылу қазбасынан 4-тен 2 метрге дейін және «қашықтату учаскесі» қатпардан кейін 2-ден 4 метрге дейін;
2) еңістеу, көлбеу және тік көмір қатпарларын «жақындау учаскесі» – ашылатын қатпар алдындағы қазбаның ашылу учаскесі 4 метрден 1 метрге дейін және қатпардан кейінгі «қашықтау учаскесі» 1 – 4 метр. Барлық ара қашықтықтар қатпарларға қалыптастырылып алынған.
354. Жарылыс жұмыстары жүргізілетін қорғаныш орны мен көлденең және қиғаш қазбалы лақтыру қауіпті және қауіп төндіретін көмір қатпарларының ара қашықтығы:
1) жақындау және қашықтау учаскесі – 600 метр;
2) жоғары лақтыру қаупі бар қатпарлар қиылысу учаскесінде – жоғарыдан;
3) қалған жағдайларда – 1000 метр.
Лақтыру қауіпті және қауіп төндіруші көмір қатпарларын ашуда, тік бағаналарды тереңдету кезіндегі жарылыс жұмыстары жүргізілетін орын орналасады:
4) қиылысу учаскесі – бағанадан 50 метр қашықтықтағы жер бетінде;
5) жақындау және қашықтау учаскесінде – қолданыстағы қабатта, бірақ жобаға сай ауаның шығу ағынын бағыттауын қамтамасыз еткен жағдайда 200 метр тереңдетілетін бағанаға жарылыс жұмыстары жоғарыдан жүргізіледі.
Барлық арақашықтықтарды ауа ағыстарының, жарылған забойдан шыққан ауа мен қарама қарсы ағысты таза ауаның қосылған жерінен анықталады.
355. Көмір және аралас забойлардағы лақтырылу қауіпті көмір қатпарларында жүргізілетін қазбаларда, көмірде немесе көмірмен қыртыста зарядтың жарылуы бір мезгілде, тездетусіз көмір оюдағы қыртыстарда қазба жұмыстарын жүргізгенде және осы қыртыстарды ашу кезінде шебер-жарғыш қорғанышы забойдан ара қашықтығы 600 метрден кем болмайды, сонымен қоса жарылыс забойынан шыққан ауа ағыны мен таза ауа ағыны қосылған жерден 200 метрден кем емес қашықтықта болады. Жарылыс жұмыстарымен байланысты емес ауысымдар таза ауа бағытында, жарылыс жүргізілетін забойдан 1000 метр қашықтықтан кем емес қашықтықта орналасады.
356. Алдын ала қазу жүргізілген лақтыру қаупі бар қатпарлары бар забой қыртыстарында жарылыс жүргізген кезде, жарғыштың қорғанышы мен жарылыс жүргізген забойдан шыққан ауа мен таза ауа қосылар жерінің ара қашықтығы 200 метрден кем болмайды.
357. Солқылдатылған жару жүргізілетін қазбаларда, жарылыс жұмыстарынан бұрын забойдан 100 метрден кем емес қашықтықтағы вагоншалар және забойдың 1/3 бөлігінен көп көлденең қимасы алаңын алып жатқан басқа заттардан босатылады.
358. Солқылдатып жару жұмыстарын жүргізер алдында, қауіпті аймақ көлемінде орналасқан желдеткіш құрылғылары, басқа учаскелерге немесе шахта қабаттарына газ өтіп кетуінің алдын алуға қойылған тосқауылдары бақылаушы тұлғамен қаралады.
Егер желдеткіш құралдарының істен шығуы анықталған жағдайда оны қалыпқа келтіргенге дейін солқылдатып жаруға болмайды.
359. Солқылдатып жару қолданылатын забойда ЖЗ орналастыруға арналған ілгерілетілген теспелер және ұңғылар бар болса, олар сазбен немесе басқа жанбайтын материалдармен, оқталатын теспе (ұңғыма) тереңдігінен 1 метрден кем емес тереңдікте толтырылады. Осындай теспелерде (ұңғымаларда) зарядтарды жаруға рұқсат берілмейді.
360. Солқылдатып жаруды жүргізуге және дайындауға техникалық жетекші және жер бетіндегі солқылдатып жаруға жауапты жетекші тағайындалады.
Забойдағы (забой топтарында) солқылдатып жаруды жүргізуге және дайындауға жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскенің қадағалаушы тұлғасы жетекшілік етеді.
Солқылдатып жаруды учаске бастығы орынбасарынан (көмекшісінен) төмен емес қызметтегі қадағалау тұлғасының қатысуымен шебер-жарғыш жүргізеді.
Шебер-жарғыш және қадағалау тұлғаларының әрқайсысында метан анықтау датчиктері орналастырылған шамдары және оқшаулағыш өзі құтқарғыш құрылғылары болады.
361. Солқылдатып жарудан кейін қазбаны қару, жарылыс жүргізілген забойдағы метан құрамын анықтау хабарламасын алғаннан, бірақ жарылыстан соң кемінде 30 минуттан кейін жүргізіледі және метан құрамы 2 % аспайды. Забойды қарауды қадағалаушы тұлға және шебер-жарғыш жүргізеді.
362. Солқылдатып жару жүргізгеннен кейінгі забойды қарау кезіндегі метан құрамын өлшеуші қадағалау тұлғасы шебер-жарғыштан 3 метр алда жүреді. Метан құрамы 2 % жоғары болғаны анықталса олар таза ауа ағыны бар қазбаға жедел оралады.
Көмір (қыртыс) және газ лақтырылуы мүмкіндігі болғанда, алдын-ала қазбаны газдан тазалау шаралары техникалық жетекшімен бекітіледі.
363. Солқылдатып жаруды жүргізу үшін дайындау қазбаларына арнайы кабелдерден тұрақты магистралды жарылыс жүйесі орнатылады.
364. Көмір және аралас забойларда және лақтыру қаупі бар қыртыстарды солқылдатып жарғандағы, зарядтарды бастамашы бәсеңдету 220 мс көп емес қысқа жайлатылған және лездік сақтандырғыш электр детонаторлар арқылы жүргізіледі.
Қатпарларды жалаңаштаудан бұрын ашу кезіндегі солқылдатып жарудағы қысқажайлатылған электр детонатордың әсер ету уақыты 320 мс көп болмайды.
365. Бір немесе бірнеше зарядтар істен шыққан жағдайда оларды зарядтарды жою және солқылдату талаптарын сақтап орындалады.
366. Қатпарларды ашқандағы солқылдатып жару кезінде шашыратылған (екі сатылы) ЖЗ зарядын төмендегі жағдайларды сақтап пайдалануға болады:
1) зарядтарды бастамашы лездік және қысқа жайлатылған әсерлі электр детонатормен жүргізіледі;
2) теспедегі шашыратылған зарядтар жайлатылуы бірінші зарядтан, осы зарядта көбірек;
3) қолдануға рұқсат етілген, осы жағдайларға келетін ІІІ және ІV сыныпты ЖЗ тығын ұзындығы, шашыратылған зарядтар арасы 0,7 метрден кем болмайды, ал теспе ауызынан бірінші заряд салмағы 1,2 кг артық емес.
ІІ сыныпты ЖЗ пайдаланғандағы шашылған қуаттардың тығын ұзындығы 1 метрден кем болмайды, ал теспе аузынан бірінші орналасқан заряд салмағы 1 кг артық болмайды.
367. Қатпарлардың қиылысуы және жалаңаштануы, забой қазбаларындағы және тік қатпарлардағы (қыртыс) қыртыс қалыңдығы 2 метрден кем болмағанда жарылыс арқылы жүргізіледі, ал көлбеу, қиғаш тіктеу қиғаш қатпарлар қалыңдығы 1 метрден кем болмағанда жарылыс арқылы жүргізіледі.
Тік және тіктеу қиғаш қатпарлары қиылысуы алдындағы көмір сілемдерін жуудан кейін кептетіліс пен ашылған қазба забойы және жуылған қабат қалыңдығы арасы 1,2 метрден кем болмайды. Сумен жуудан кейінгі қыртыс кептелісін жоятын қуаттарды жару теспесі жуылған қабатқа дейін 0,5 метр жеткізілмей қазылады.
368. Шашылуы мүмкін, тік және тіктеу қиғаш лақтырылу қауіпті қатпарларда жүргізілетін дайындау қазбасы забойындағы солқылдатып жару, алдын-ала орнатылған алдын-алу қатаймасымен немесе іргелес қазбаларды ілгерілетіп ою, болмаса көмір қатпарларын қатайту арқылы жүргізіледі.
Жарылыс жұмыстары паспорты жасалатын кезде ілгерілеу қатаймасы қолданылған жағдайда теспенің жоғары сатысы ілгерілеу қатаймасынан 0,5 метрден кем ара қашықтықта орналасады.
369. Ұңғымалық зарядтарды жару кезінде (атқылау) төмендегідей қосымша қауіпсіздік шаралары жүргізіледі:
1) қатпарды атқылау кезінде (сумен жарып қатпарды өңдегенде)-қиғаш ұңғыларды үзіліссіз сумен толтырып тұру, сонымен қоса қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес, полиэтилен ыдыстарынан суды жару арқылы шашылатын су шашу ілмелерін қолдану;
2) ілгерілеп (қатпардан тыс) атқылау кезінде-тығынны хлорлы калий карбамидті қоспасымен 3:1 қатынасында ылғалдандыру немесе герметизатор қолданып тығынны арнайы полиэтилендік ампулаға орналастыру, сонымен қоса қолданыстағы нормативтік құжаттары талаптарына сәйкес суауа немесе сушашырауы ілмектерін пайдалану.
370. Жекелеп желдетілетін, бірақ бір забойдағы заряд жарылысы басқа
забойларда жүргізілген электрлік жарылыс жүйесін бүлінуіне әкеліп соқтыруы мүмкін қазбалар забойындағы солқылдатып жару жүргізіледі:
1) барлық забойларға бір мезеттік импульсті тоқ беру;
2) әр түрлі уақытта келесі забойда (немесе забой топтарында) оқтау және жару, алдыңғы забойдағы жарылыс жұмыстарынан кейін жарылыс жұмыстары қауіпсіздігін қамтамасыз етуін шараларынан соң жүргізіледі.
371. Солқылдатып жару үшін қолданылатын көмірдегі теспені қазу тек айналдырып қазу амалдарымен жүргізіледі. Қыртыстардағы теспе қазу жұмыстарын соққылық және соққылы айналдыру құрал-жабдықтарын пайдаланып жүргізуге болады.
6-параграф. Тау-кен соққылары бойынша қауіпті қаттарда (жыныстарда) жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі
372. Қатпар учаскесі келесі реттілікті сақтап камуфлетті жару арқылы соққы қауіпсіз жағдайына келтіріледі:
1) жарылыс орындарының жиек бөліктерінің соққы қауіптілігін бағалау;
2) камуфлетті жарылысының шамаларын анықтау (теспе ұзындығы, заряд салмағы, теспе арақашықтықтары);
3) камуфлетті жарылыс нәтижелігін бағалау.
Көмір шахталарындағы бұл жұмыстарды жүргізу таукен соққылары бойынша қауіпті қыртыстарды бұзу кезінде жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойнша технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
373. Камуфлетті жару техникалық жетекші бекіткен жоба бойынша жүргізіледі.
374. Соққы қауіпті қатпарлардағы тазалау және дайындау забойларындағы жарылыс жұмыстарынан бұрын, тұтас заттарды өңдегенде, адамдар жарылыс орнынан қауіпсіз жерге жіберіледі, 200 метрден жақын емес және таза ауа ағысында орналастырылады.
375. Қазбаларды қарама қарсы забойлармен жүргізгенде, олардың ара қашықтығы 15 метр болғанда жарылыс жұмыстары тек бір забойда жүргізіледі, екінші забой тоқтатылады.
376. Ұзындығы 10 метрге дейінгі ұңғымадағы камуфлетті жарғанда, ішкі тығын ұзындығы жобамен анықталады және ұңғыма тереңдігінің жартысынан аз болмайды. Тереңдігі 10 метр ұңғымалардағы ішкі тығын ұзындығы 5 метрден кем болмайды.
Гидротығын, сонымен қоса суы бар полиэтилен ампуласын қолданғанда, теспелер ауыз жағына 1 метрден кем емес сазды тығынмен толтырылады.
377. 1-2 санатты соққы қауіпті қыртыстардағы тазалау және дайындау қазбаларындағы көмір немесе қыртысы оюға жарылыс жүргізу, учаскені соққы қауіпсіз жағдайға келтірілген соң жүргізіледі.
7-параграф. Мұнай шахталарындағы
жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі
378. Мұнай шахталарында таза ауа ағынымен желдетілетін, мұнай кеніштерін шахталық тәсілмен пайдаланғандағы қауіпсіздік талаптарында көрсетілген мөлшерден артық емес жарылғыш газ құрамды забойларда жарылыс жұмыстарына рұқсат беріледі:
1) 3 класстан төмен емес сақтандарғышты ЖЗ қолдағанда;
2) зарядтарды, лездік және қысқа жайлатылған әсерлі сақтандырғышты электр детонаторналармен жарғанда қысқа жайлатылған электр детонатордың ең көп жайлатылу уақыты 220 мс артық болмайды (іске қосылу уақытының өзгеруін есептегенде);
3) өнімді қатпарлардағы сақтандыру ортасын пайдаланып.
Детонациялық байламды және сыртқы зарядтарды, құрамында мұнайы жоқ, газ бөлінбейтін қыртысты қазбаларда пайдалануға болады.
379. Жарылыс жұмыстары бақылаушы тұлға қатысуымен жүргізіледі.
380. Теспені оқтау алдында, және қауіпті жарар алдында қадағалаушы тұлғамен шебер-жарғыш забойдағы, забойға қосылатын 20 метр қашықтықтағы қазбаларды және шебер-жарғыш орналасатын орындағы жарылғыш газ құрамын анықтап алады.
381. Өнімді қатпарлардағы жарылыс жұмыстарында бақылаушы адам сол жерде шебер-жарғыш наряд-жолдамасына, жарылыс жұмыстарына жүргізуге рұқсат бергені жөнінде белгі соғады.
382. Газ немесе жеңіл мұнай бөлінетін теспелерде, оқтауға және жаруға рұқсат берілмейді. Олар сазбен нығыздалып жабылады.
Забойдағы жеңіл мұнай тамшылары 20 метр қашықтықта алынып, ал олардың орны құммен жабылады.
383. Оқтау жағдайы, ЖЗ заряд салмағы және тығын ұзындығы келесі талаптарға сәйкес болады:
1) өнімді қатпарды тереңдігі 1 метр кем теспелерді пайдалануға болмайды;
2) тереңдігі 1 метрден 1,5 метрге дейінгі теспелердегі зарядтың орналасуы теспе тереңдігінің жартысынан аспау керек, ал теспенің қалған бөлігі тығынмен толтырылады;
3) тереңдігі 1,5 метр артық теспелердегі заряд және көлемі теспенің 2/3 тереңдігінен көп болмайды, сонымен қоса теспенің қалған бөлігі тығынмен толтырылады;
4) ЖЗ патрондары осы Қағидалардың 287-талаптарына сәйкес теспеге енгізіледі;
5) забойда бірнеше жалаңаштанған қабырғалар болғанда төменгі кедергі тізбегіндегі зарядтың кез келген нүктесінен жақын орналасқан жалаңаш бедерінен 0,5 метрден кем емес өнімді қыртыста және қыртыста 0,3 метрден кем болмайды.
Теспелі аралас зарядтың ең төменгі ара қашықтығы, осы Қағидалардың 341-тармағы талаптарына сәйкес келеді.
384. Өнімді қатпардағы әрбір забой, забойдан 8 метрден артық емес қашықтықта орналастырылған, өртке қарсы су құбырында қондырылған екі су шашыратқышпен жабдықталады. Заряд жарылысынан 5 минут бұрын су шашыратқыштар іске қосылады.
16. Құрамында пирит бар кендерді қазу кезінде жарылыс
жұмыстарын жүргізу тәртібі
1-параграф. Шпурлық зарядтарға қуат беру және жару тәртібі
385. Шпурлық зарядтарды жару электр емес бастамашы түріндегі немесе электрлік қысқабаяулатылған әдіспен жүзеге асырылады.
Қосатын блоктар болмаған жағдайда зарядтарды от алдырудың құрамдастырылған әдісін-электрлік емес от алдыру құралы (шпурдың ішіндегі толқын жүргізгіші бар капсюль - дүмпіткіш, детонациялық байламнан жасалған қосқыш байлам, электрлік дүмпіткіші бар қоңыраулы бау-сыртқы торап) қолдануға рұқсаттама беріледі.
Баяулатудың жалпы уақыты, жарылыс торабын құрау, жарудың электрлік емес және электрлік жүйелерін пайдалану жөніндегі дайындаушы нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.
386. Баяулатылған әрекеттегі электрлік дүмпіткіштердің көмегімен электрлік жару әдісін келесілерде қолдануға рұқсаттама беріледі:
қауіптіліктің І тобына жатқызылған кенжарларда;
шпурларды алдын ала гидропастамен немесе гидроампулалармен толтыру шартында қауіптіліктің ІІ тобына жатқызылған кенжарларда.
387. Жарылыстық зат сапасында 388-405 тармақтар бойынша шаралар сақталған жағдайда, патрондалған немесе ІІ класты түйіршіктелген ЖЗ пайдалануға рұқсаттама беріледі.
388. Шпурлармен кенді уату параметрлері (заряд кедергісінің ең төменгі сызығы, зарыдтар ара қашықтығы, ЖЗ меншікті шығыны) уатымның таукен-технологиялық шартына және кен шыңтасының физикалық - механикалық қасиеттеріне сәйкес келіп, зарядтардың «дүмпусіз жануын» болдырмайды.
389. Жарылыс жұмыстары ауысым аралық үзілістерде, ауаның шығар ағымы қозғалысының жолында адамдар болмаған кезде және таза ауа келетін жақтағы жарылатын кенжардан 150 метрден кем емес қашықтықта жүргізіледі.
390. Жарылыс жұмыстары басталар алдында кенжардан 10 метр бойғы кенжар маңындағы аумақтағы қазбаның бетін сумен дымқылдайды және суландырғыштарды қосады.
391. Суландыру кезіндегі судың шығыны оның қысымы 0,4 мегапаскальдан (бұдан әрі – МПа) (4 атмосфера) кем болмаған жағдайда қазбаның 1 м2 қимасына 0,1 литр секундасына кем емес есебінде қабылданады.
392. Суландыру келесі түрде орындалады:
кенжардан 15 - 20 метр қашықтықта қазбаның ернеуіне 1,5 - 1,8 метр биіктікте бекітілетін тұман түзгіштер орнатылады.
393. Жарылыс қауіпті кенжарлар бар учаскелердегі сукернеуіш құбырлардың қимасы және бекіткіш арқау судың қажетті мөлшерін және қысымын қамтамасыз етуге есептеледі.
394. Сукернеуіш желінің ақаусыздығы тәулік сайын бақылаушы тұлға тексереді.
395. Шпурлық зарядтарды тығындамасыз жаруға рұқсат берілмейді.
396. Тығындама сапасында гидропас немесе сумен толтырылған ампулалар қолданылады. Тығындаманың ұзындығы 30 см кем болмайды.
397. Шпурлық зарядтарды І топты қауіптілік кенжарларында жарған кезде ұзындығы 30 см кем емес саз балшықты тығындамаларды қолдануға рұқсаттама беріледі.
398. Кенжарда сумен толтырылған полиэтилен ыдыстарын жару арқылы жасалған су бүркемелерін қолдануға болады.
399. Су бүркемелерін жасау үшін ең кіші пайдалы сыйымдылығы 20 және 40 литр, диаметрі 250 - 350 мм полиэтилен ыдыстарын қолданады. Ыдыстардың қабырғаларының қалыңдығы ≈ 0,1 мм болады.
400. Бүріккіш оқтам сапасында салмағы 0,1 кг ЖЗ патрондары қолданылады.
401. Полиэтилен ыдыстарды төбенің жабындысына ілуге немесе қазбаның жеріне қоюға болады.
402. Төбе жабындысына ілінген ыдыстағы бүріккіштік оқтамдарды ыдыстың ортасына, судың қалыңдығы барлық жағында бірдей болатындай етіп тігінен орнатады, ал жерге қойылған ыдыстарда - ыдыстың түбінің ортасына орнатады.
403. Суы бар ыдысқа бүріккіш оқтамды кіргізу шпурларды оқтау бойынша барлық операциялар аяқталған соң, жарылыс тізбегін құру алдында орындалады. Оқтамның суы бар ыдыста болу уақыты 30 минуттан артпайды.
404. Суы бар ыдысты жаруды ұңғымалық оқтамдардың негізгі жинағын жарғанға дейін 50 мс бұрын алдымен жүргізеді.
405. Ыдыстардың саны қазбаның 1м2 қимасына 3-4 литр су шығыны шартында анықталады.
2-параграф. Жаппай жарылыстар жүргізу және
кенді ұңғымада уату тәртібі
407. Дайындық жұмыстары, ұңғымалық оқтамдарды оқтау және жару, жаппай жаруды жүргізу осы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
408. Ұңғымалық оқтамдарды орналастырудың қолданылатын параметрлері (барынша аз қарсыласу сызығы, ұңғыма шеттерінің ара қашықтығы) кендердің жарылғыштығы және уатымның тау-кен техникалық шарттарына сәйкес болады және жеке оқтамдардың немесе ұңғыма қатарының «дүмпусіз жануының» болуына жол берілмейді.
409. Ұңғыма қатарының ең төменгі кедергілік сызығының шектік мәні (W) келесі қатынастан анықталады: , мұндағы - ұңғыманың диаметрі.
410. Зарядтарды оталдыру, зарядаьтарды оталдырудың электрлік емес жүйелерін немесе қысқа баяулатылған электрлік әдісін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
411. Құрғақ кенжарларда (камераларда) оқтау кезінде қарапайым құрамдағы ІІ класты аммиактық - селитралық ЖЗ қолдануға кеңес беріледі. Ұңғымалар суланған болған жағдайда патрондалған ЖЗ заряд алады.
412. І және ІІ топты сульфидтік шаңдар жарылысы бойынша қауіпті камераларда жаппай жарылыстар, сондай-ақ ІІ топты камераларда ұңғымалық оқтамдарды жару шахтада адамдар болмаған кезде жер бетінен жүргізіледі.
413. І топты қауіптілік класына жатқызылған кенжарларда, сондай-ақ ІІ топты кенжарларда, егер, бір уақытта жарылатын ЖЗ жалпы салмағының (Q, кг) гидроампуладан тығыны бар камераның бос, тазарту кеңістігінің көлеміне қатынасы мәнінен артпайтын шартта, ұзындығы 0,5 метрден кем емес саз балшықтық тығынды қолдануға рұқсаттама беріледі.
414. Тесіп өтетін ұңғымаларды оқтау алдында ұңғыманың кенжарлық бөлігі 1 метрден кем емес ұзындықта сазбалшықтық тығынмен немесе гидроампулалармен тығындалады. Тығындалмаған тесіп өтетін ұңғымаларды жаруға рұқсат берілмейді.
415. Ұңғымаларды жару алдында кенжар маңындағы аумақтағы қазба беті 30 метрден кем емес қашықтыққа дейін, қонған шаң толық дымқылданғанша суландыру жүргізіледі.
416. Жапай жарылыс, ұңғымаларды оқтау аралығында камера қабырғаларына және уатылған кенге қонған шаң, алыстан сеппелейтін суландырғыштың көмегімен дымқылдандырылады және камерада тұман түзгіштермен ылғалды атмосфера ұсталады.
Суландырғыштар мен тұман түзгіштердің техникалық сипаттамалары оларды пайдалану саласына сәйкес болуы тиіс.
417. Камера жабындысындағы ұңғыма арқылы бүркілген су беру әдісімен камераның тазарту кеңістігіне қонған шаңды дымқылдауға және ылғалды атмосфера жасауға рұқсаттама беріледі.
418. Кен шыңтасын жару арқылы бұзу нәтижесінде камерада түзілген шаңды басуды бұрғылық қазбада ұңғымалардың шығатын аузының астында орналастырылған инертті ұнтақ салынған қаптарды немесе су құйылған полиэтилен ыдыстарды жару арқылы жүзеге асырылады.
419. Ыдыстар ұңғымалардың әрбір қатарының астына, 1 м2 бұрғылық қазбаға 3 литр су есебінен орналастырылады.
420. Ыдыстарды қазба жабындысына ілуге немесе жерге қоюға болады.
421. Бүрікпе оқтам сапасында салмағы 0,1 кг ЖЗ патронын пайдаланады.
422. Ыдыстарды жару, негізгі ұңғымалық оқтамдар жинаған жару алдында 50 мс баяулату аралығында жүзеге асырылады.
423. Инертті тығынның ұзындығын 0,8 метрден кем алмауға кеңес беріледі.
424. Инертті шаң пердесі, тазарту камераларында инертті ұсақ дисперсиялық материалдарды, мысалы, әктас CaCO3 ұнтағын шаңдатып, бүрку арқылы жасалады.
425. Инертті ұнтағы бар қаптар қатарының саны жарылатын ұңғымалар санына сәйкес келеді, әрбір қатарда 3-4 қап орналастырылады.
426. Инертті ұнтағы бар қаптарды жару алдымен, оқтамдардың негізгі жинағын жаруға дейін 25-50 мс баяулату арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |