2013 жылғы №3 басылым 15 беттің сі


Өзін-өзі бақылауға сұрақтар



жүктеу 0,53 Mb.
бет2/6
Дата21.11.2018
өлшемі0,53 Mb.
#22933
1   2   3   4   5   6

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Пәннің мақсаты не?

2. Пәннің міндеттерін атаңыз.

3. Пән қандай ғылымдармен байланысты.

4. Педагогикалық мамандық қашан пайда болған?

5. Педагогикалық мамандықтың сипаттамасы.


Әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.

  2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов и др.-Алматы,2003.-366с.

  3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.

  4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е изд., доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.

  5. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-2-е изд.-Москва, 2005.-255с.

  6. Митин Л.М. Профессиональная деятельность и здаровье педагога.-Москва,2005.

  7. Никитина Н.Н. Введение в педагогическую деятельность: Теория и практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.


Тақырып 2. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті және жеке тұлғасы

Негізгі ұғымдар: іс-әрекет, әрекет, педагогикалық іс-әрекет, қарама-қайшылықтар.

Педагогикалық іс- әрекет туралы жалпы түсінік. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы, құралдары, тәсілдері және нәтижесі. Педагогикалық іс- әрекеттегі қарама-қайшылықтар.Мұғалім педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде.



1. Педагогикалық іс- әрекет туралы жалпы түсінік.

Педагогикалық іс-әрекетті тек педагогтар ғана атқармайды, оны ата – аналар, коғамдық ұйымдар, мекемелер, сонымен қатар белгілі бір мөлшерде бұқаралық ақпарат құралдары да жүзеге асырады. Педагогтардың іс-әрекетінде – ол кәсіби іс-әрекет, ал ата-ана, әр түрлі мекеме басшылары, өндіріс орындары және т.б. ол жалпы педагогикалық, онда әр адам өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеумен айналыса отырып жүзеге асырады. Педагогикалық іс-әрекет кәсіби іс-әрекет ретінде арнайы білім беру мекемелерінде атқарылады: мектепке дейінгі ұйым, мектеп, училищелер, колледждер, арнайы орта және жоғары оқу орындары және т.б.

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері: тәрбиелеу, оқыту, білім беру және бұлар тұтас педагогикалық үдерісте жүзеге асырылады. Әлбетте, осы іс-әрекеттердің барлығы әлеуметтендіру міндеттерін шешеді.

Педагог тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық ретінде анықталады. Кәсіби даярлық құрылымына психологиялық, психофизиологиялық, дене, ғылыми-теориялық, тәжірибелік даярлықтары жатады.



2. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы, құралдары, тәсілдері және нәтижесі.Педагогикалық іс-әрекеттегі қарама-қайшылықтар.Педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық. Профессиограмма педагогикалық білім мақсатының бейнесі ретінде

Педагогикалық іс-әрекет – оқушының тұлғалық, интеллектуал-дық, іс-әрекеттік дамуына бағытталған, сонымен бірге өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдірудің негізі болып табылатын мұғалімнің оқушыға (оқушыларға) ықпалы.

Педагогикалық іс-әрекет сипаттамалары:

  • мақсаттылық;

  • түрткі (мотив);

  • пәндік;

  • нәтижелік.

Педагогикалық іс-әрекет формалары:

  • әңгіме;

  • шеберханадағы жұмыс;

  • сабақ;

  • лекция;

  • семинар;

  • сынақ;

  • практикум;

  • тренингтер және т.б.

Н.В.Кузьмина бойынша педагогикалық іс-әрекет дәрежесі

1. (минималды) репродуктивті; педагог өз білгенін өзгелерге айтып бере алады; продуктивті емес.

2. (төмен) бейімделуші; педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті.

3. (орташа) локальды модельдеуші; педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие (яғни, педагогикалық мақсат қою, іздестіру нәтижесі бойынша өзіне жауап беру және оқушыларды оқу-танымдық іс-әрекетке біртіндеп енгізу); орташа продуктивті.

4. (жоғары) – оқушылардың жүйелі модельдеуші білімдері; педагог жалпы пән бойынша оқушылардың дағдылар, іскерліктер ізденісіндегі білімдер жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген; продуктивті.

5. (ең жоғары) – оқушылардың жүйелі модельдеуші іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін қалыптастыру құралына айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғары продуктивті.

Педагогикалық іс-әрекеттің пәндік мазмұны: мотивация; мақсат; пән; құралдар; тәсілдер; өнім; нәтиже.



Педагогикалық іс-әрекет пәні дамудың шарты мен негізі ретінде оқытушылардың пәндік, әлеуметтік мәдени тәжірибені игерулері-не бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы.

Педагогикалық іс-әрекет құралдары:

- ғылыми (теориялық және эмпирикалық) білім, ғылыми білімнің көмегімен оқушылар тезаурусы қалыптастырылады;

- білімді «тасымалдаушы» ретінде оқулықтағы мәтіндер немесе пәннің ақиқат фактілерін, заңдылықтарын, қасиеттерін мұғалімнің ұйымдастырған бақылауы жағдайындағы (зертханалық, практика-лық сабақтарда, даладағы практика кезінде) оқушының жаңадан жасаған елестетулері;

Қосымша құралдарға жататын техникалық, компьютерлік, графикалық, т.б. құралдар.



Педагогикалық іс-әрекет тәсілдері: түсіндіру; көрсету (иллюстрация); оқушылармен бірігіп атқарылатын жұмыс; оқушы тәжірибесі; тренингтер және т.б.

Педагогикалық іс-әрекет нәтижесі: педагогикалық іс-әрекеттің негізгі мақсатының орындалуы ретінде оқушының тұлғалық, интеллектуалдық дамуы, оның тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі ретінде жетілуі, қалыптасуы.

Педагогикалық іс-әрекет психологиясы проблемалары:

1.Педагогтың шығармашалық потенциалы мен педагогикалық стеоретипті жою мүмкіндіктері проблемасы.

2. Мұғалімнің кәсібилігі (профессионализм) проблемасы.

3. Мұғалімді психологиялық даярлау проблемасы.

4. Дамыта оқыту жүйесіне мұғалімді даярлау проблемасы.

5. Мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру проблемасы.

6. Мұғалімнің инновациялық процестерді жете ұғынуы проблемасы.



Педагогикалық іс-әрекеттегі негізгі қарама-қайшылықтар:

- кәсіби міндеттер динамикасы мен оны жүзеге асырудағы мұғалімнің ішкі даярлығы арасында;

- білім беру саясаты динамикасы мен мұғалімнің нақты және жүйелі позицияны ұстануға ұмтылысы арасында;

- шығармашылық өзін-өзі реттеудегі жеке тұлғалық қажеттілік пен оны қанағаттандыру мүмкіндіктері арасында;

- күнделікті өзекті ақпарат көлемі мен оны саралау, меңгеру, сақтау, тасымалдау қабілеттілігі арасында;

- қоғамның білім беру қызметіне қажеттілігі мен мұғалімнің жұмыс уақыты резервінің қысқаруы, сондай-ақ оқытушы кадрларының азаюы мен материалдық деңгейлерінің төмендігі арасында;

- әлеуметтік-кәсіби топтың көпшілігінің бос уақыттарының көбеюі мен педагогтардың уақыттары өзгерісінің тенденциясы арасында.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Іс-әрекет дегеніміз не?

2. Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз не?

3. педагогикалық іс-әрекеттің құралдарын сипаттаңыз.

4. Педагогикалық іс-әрекеттің тәсілдерін атаңыз.

5. педагогикалық іс-әрекеттегі қарама-қайшылықтарды нақтылаңыз.



Әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.

  2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов и др.-Алматы,2003.-366с.

  3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.

  4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е изд., доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.

  5. Ростовцев Н.Н. О педагогической деятельности и методах преподавания: Мемуарные записи. - Омск., 2002, 248 с.

  6. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-2-е изд.-Москва, 2005.-255с.

  7. Никитина Н.Н. Введение в педагогическую деятельность: Теория и практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.

Тақырып 3. Диагностика және экспертиза ұғымдары және олардың мазмұны

Негізгі ұғымдар: диагностика, экспертиза.

Диагностика және экспертиза ұғымдары туралы жалпы түсінік. Диагностика және экспертиза ұғымдарының әртүрлі ғылым салаларында қолданылу ерекшеліктері және мазмұны. Диагностиканы жүргізуге қойылатын талаптар және кезеңдері.



1. Диагностика және экспертиза ұғымдары туралы жалпы түсінік. Диагностика және экспертиза ұғымдарының әртүрлі ғылым салаларында қолданылу ерекшеліктері және мазмұны.

Диагностика – диагноз жөніндегі медицина ғылымының тарауы. Диагностика (техникалық) - техникалық ақауларды іздестіруге және анықтауға арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім. Диагностика – бұл обьектің жағдайын көрсететін белгілерді меңгеру, оның ауытқушылықтары мен қателіктерді түзеу немесе алдын алу жұмыстарын атқару. 

Сарапшы - арнайы ғылыми ілімдерді меңгерген және тергеу, сот, төрелік сот және т.б. органдарда сараптама өткізу үшін тартылған, істің ақырының немен бітеріне мүдделі емес түлға.

Сараптама - ғылым, техника, өнер,т.б. салаларда арнайы таным, білім мен білік талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу жүргізу. Сараптаманың ғылыми зерттеуден айырмашылығы сол, ол құбылыстарды емес, болып кеткен жағдайды және оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Көбіне экономикалық, бухгалтерлік, медициналық, соттық сараптамалар жүргізіледі.

Экспертиза (сарап) - мәселенің өз шешімін табуы үшін, оның ғылымның кейбір саласы бойынша (мысалы медицинада) арнайы білімді, техникалық шеберлікті т.б. біліктілік дәрежесін талап ететін, маман (немесе мамандар тобы) тарапынан белгілі бip тұжырым шығара отырып зерделенуі. Экспертиза – бір даулы мәселе туралы эксперттердің бас қосқан мәжілісі. Қайталама сараптама - сарапшының қорытындысының негізділігіне немесе оның дұрыстығына күдік туындаған жағдайда, оны өткізуді басқа сарапшыға немесе сарапшылар тобына тапсырып, тағайындайтын сараптама. Экологиялық сараптама - адамдардың шаруашылық немесе басқа да іс-әрекетінің тексеруге бағытталған шаралар жүйесі немесе таңдалған аймақ төңірегіндегі жаңадан енгізілген шаруашылық кешеннің тіршілік ортасына, табиғи ресурстарға және адам денсаулығына тигізетін әсерін бағалау. Coт сараптамасы - шешілуі үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында, арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істердің материалдарын зерттеу.

Криминалистикалық сараптама - қылмыстық іс бойынша айғақтамалық мәні бар мәселелер жөнінде қорытынды алу мақсатымен жүргізлетін іс жүргізу әрекеті. Неғұрлым кең таралған түрлері: трассол, баллистик. криминалистикалық сараптамалары, суық қару қолдану.

Соттық – психиатриалық экспертиза – бұл психиатрияның арнайы білімін керек ететін соттық экспертизаның бір түрі. Түрлер: амбулаторлы, стационарлы және өлкенен кейін жүргізілетін экспертиза. Ғылыми-техникалық экспертиза - ғылым, техника саласында арнайы білімді кажет ететін қандай да бір сұрақтарды сарапшының (маманның) зерттеуі.

Мұғалімдердің педагогикалық қызмет жүйесін диагностикалау

 Мұғалімнің педагогикалық іс-тәжірибесін зерттеу төмендегі бағыттарды қамтиды:



  1. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы.

  2. Таным заңдылықтарын терең түсінуі.

  3. Психо-педагогикалық біліктілігі мен әдістемелік шеберлігін тұрақты жетілдіріп отыруы.

  4. Өзінің педагогикалық қабілеттерін дамытуы.

  5. Педагогикалық техникасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысы.

  6. Жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі мен білім берудің жаңа технологияларынан хабардар болуы.

  7. Жеке оқушылар мен сынып ұжымдарын жүйелі зерттеп отыруы.

  8. Жаңа буын оқулықтары мен мемлекеттік бағдарламаларды оқып-үйренуі.

  9. Оқу - тәрбие салалары бойынша жылдық және тақырыптық жоспарлар жасай білуі.

10. Әрбір сабақ пен іс-шараға тыңғылықты дайындығы.

11. Сабақ беруі мен оны (өз сабағын) талдай алуы.

12. Оқушылардың жазбаша жауаптары және орындаған тапсырмаларын талдай білуі.

13. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі.

14. Сынып жетекшілік және тәрбиешілік жұмысы.

15. Педагогтың қоғамдық жұмысы.

Сонымен бірге, аудан педагогтарының арасында әр түрлі сауалнамалар жүргізіліп, аудан педагогтарының кәсіби біліктілігін арттырудың диагностикалық картасы жасалады. Мектептердегі әдістемелік жұмыстардың сапасы сол бойынша анықталады. Диагностикалық карта жыл бойы жасалады және бірнеше кезеңнен тұрады. Онда мына бағыттар қамтылған:


  1. Мұғалімдердің оқыту және сабақ беру қабілеттері.

  2. Педагогтардың кәсіби мүмкіндіктері мен педагогикалық мәдениеті.

  3. Ұстаздардың өз білімін жетілдіру жүйесі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу барысы.

Алдағы жылдың жұмыс жоспары мұғалімдердің сұраныстарын ескере отырып, осы диагностикалық карта негізінде жасалады.

Мұғалім жұмысын талдау.

1.Мұғалімнің кәсіби білімі (эрудициясы мен интеллект деңгейі, өз бетінше іздену барысы, ғылыми жұмыспен айналысуы, әдістемелік жұмыстарға қатысуы жақсы болуы, бағдарлама меңгеруі, жоспарлау барысы).

2.Мұғалімнің оқыту шеберлігі. Сөйлеу мәнері мен әдебі, көрнекілікпен тек құрал пайдалануы, тиімді оқыту әдіс – тәсілін меңгеруі, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру дәрежесі. (Пән аралық байланысты қамтуы,) оқушылардың белсенділігі мен дербестігі, логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілетін дамыту.

3. Мұғалімнің әдістемелік біліктілігі (өзара сабаққа енуі, шығармашылық есеп беруі, зертханалық тәжірибесі, байқаулар мен педоқуға қатысуы).

4. Оқушылардың білім сапасы (диктант, бақылау, тест нәтижесі, оқу, жазу, есептеу дағдылары, ғылыми зерттеулерге, апталықтарға, олимпиадаларға қатысуы, үлгерім дәрежесі, оқу және ойлау икемділіктері).

5. Мұғалімнің қоғамдың белсенділігі (кластан тыс жұмыс жүргізу, ата – анамен байланысы, берілген тапсырманы орындауы, қоғамдық жұмыстары, еңбекте, спорт пен өнерге жанашырлығы).

6. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі (жеке оқушымен жұмыс, дәстүрлі емес сабақтар, жеке бағдарлама, сапалы сабақ талдау, ашық сабақ, эксперименттік жүйе).

7. Мұғалым туралы қосымша мәліметтер (курстан өтуі, атақ – дәреже, разряд, жүктеме).

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Диагностика дегеніміз не?

2. Экспертиза ұғымына анықтама беріңіз.

3. Диагностиканы жүргізуге қойылатын талаптарды атаңыз.

4. Диагностиканы өткізу кезеңдерін сипаттаңыз.

Әдебиеттер:

1. Иванов Д.А. Экспертиза в образовании.- Москва, 2008.

2.Петрова Е.А.Визуальная диагностика личности в практической деятельности психолога.- Москва, 2007.

3. Митин Л.М. Профессиональная деятельность и здаровье педагога.-Москва,2005.

4. Ростовцев Н.Н. О педагогической деятельности и методах преподавания: Мемуарные записи. - Омск., 2002, 248 с.
Модуль 2.Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы

Тақырып 4. Мұғалімнің кәсіби және жеке бас қасиеттерінің диагностикасы

Негізгі ұғымдар: мұғалім, кәсіби қасиеттер, адамгершілік қасиеттер.

Мұғалімнің негізгі міндеттері мен қызметтері. Мұғалімнің кәсіби қасиеттері. Мұғалімнің адамгершілік қасиеттері. Мұғалімнің кәсіби және жеке бас қасиеттерінің диагностикасы.



1. Мұғалімнің негізгі міндеттері мен қызметтері

Мұғалім - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі. Ұстаз - жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады.

Педагог (гр. рaіdagogs тәрбиеші) білім беру,тәрбиелеумен немесе тәрбие мәселесімен айналысатын маман. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімі, арнаулы орта, жоғары оқу орнының оқытушысы, мектепке дейінгі мекеменің, мектеп-интернаттың, балалар үйінің, түзету колониясының тәрбиешісі, педагогиканың ғылыми мәселелерін зерттеуші ғылыми қызметкер педагог делінеді.

Сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог.

Кәсіби даярлық мазмұны мамандықтың профессиограммасымен анықталады. Профессиограмма – педагогқа қойылатын кәсіби талаптар: жалпы адамзаттық қасиеттер, педагог мамандығының ерекшеліктерін анықтайтын қасиеттер, мамандығы бойынша арнайы білім, іскерлік және дағдылары. Профессиограмма құрылымынан педагогикалық қабілетте орын алуы керек. Профессиорграмма құру әр педагогқа өз ісіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Педагог тұлғасының құрылымында кәсіби- педагогикалық бағыттылықтың да орны ерекше, өйткені ол педагог тұлғасының негізгі маңызды қасиеттерінің жиынтығын сипаттайды.

Әр педагог кәсіби қырынан өзін-өзі тәрбиелеуді ұмытпағаны жөн.

Мұғалім – тәрбие жұмысын ұйымдастыру, реттеу, жетекшілік жасау және өткізумен айналысатын адам.

Мұғалімнің негізгі міндеттері:

- тәрбиелеуші және дамытушы іс-әрекеттерді ұйымдастыру;

- балалар ұжымын ұйымдастыру және дамыту;

- әр баланың жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу;

- әр баланың бейімділігі, қызығушылығы және қабілеті дамуы үшін жағдай жасау.

Мұғалімнің негізгі қызметтері:

- диагностикалық;

- коммуникативтік;

- тәрбиелеуші;

- болжаушы;

- ұйымдастыру - іс-әрекеттік;

- дамытушы;

- әдістемелік;

- ынталандырушы;

- бағалаушы;

- қорғаушы;

- түзетуші.



Мұғалімнің білім жүйесінің мазмұны:

- жеке тұлғаның және балалар ұжымының даму ерекшеліктері туралы білімі;

- психо-педагогикалық білімі;

- жалпы білімі (адам өмірінің әр қырынан білімі).



Мұғалімнің іскерлігі мен дағдылары:

- диагностикалық;

- болжаушылық;

- тәжірибелік;

- бағалаушылық.

Мұғалімнің қабілеті:

-дидактикалық қабілеті – балаларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізуі, білім дәрежесін, іскерлігі мен дағдысын дұрыс анықтай білу, танымдық қызығушылығы мен белсенділігін дамыту;

-перцептивті қабілеті – баланың ішкі дүниесін тани білуі;

- ұйымдастырушылық қабілеті – балалар ұжымына дұрыс басшылық жасап, оны ұйымдастыра білу;

- коммуникативті қабілеті – балалармен дұрыс қарым – қатынас жасай білу;

- конструктивті қабілеті – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің ең үйлесімді жолдарын іздестіру.


2. Мұғалімнің кәсіби және адамгершілік қасиеттері

Мұғалім мамандығының профессиограммасы:

Профессиограмма – маманға қойылатын психологиялық, физиологиялық, кәсіби және т.б. талаптар жүйесі.

Педагогтың жеке тұлғасы өзінің дамуында жан-жақтылығымен, үйлесімділігімен және тұтастығымен ерекшеленуі тиіс.



Мұғалімнің кәсіби сапалары:

- еңбек сүйгіштік;

- жұмысқа қабілеттілік;

- тәртіптілік;

- жауапкершілік;

- тұрақтылық;

- мақсат қоя білу және оған жету жолдарын таңдай білу іскерлігі;

- өзінің кәсіби деңгейін жүйелі жетілдіру;

- өз еңбегінің сапасын жақсартуға үнемі талпыну;

- психологиялық даярлығының болуы;

- кең мәдени ой өрісінің болуы;

- педагогикалық шеберлігі;

- педагогикалық тактісі;

- педагогикалық техникасы.



Мұғалімнің адамгершілік сапалары:

- адамгершілігі;

- қайырымдылығы;

- шыдамдылығы;

- адалдығы;

- кеңпейілділігі;

- басқаны сыйлай білуі;

- ұстамдылығы;

- мәдениеттілігі.

А.К.Маркова бойынша кәсіби сапалар:

- педагогикалық эрудиция (білімдарлық);

- ғылым салаларын терең меңгеру;

- педагогикалық мақсат қоя білушілік;

- педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау;

- педагогикалық интуиция (сезімталдық);

- педагогикалық импровизиация (суырып салмалық, жанынан жедел шығару, шешім қабылдау);

- педагогикалық байқағыштық;

- педагогикалық көрегендік.



Митина Л.М. бойынша кәсіби сапалар: әдептілік; сыпайылық; сезімталдық; тәрбиелілік; зейінділік; ізденімпаздық; шыдамдылық; адамгершілік; іскерлік; тәртіптілік; белсенділік; саяси сауаттылық; сыншылдық; патриоттық; болжағыштық; өзбеттілік; принципшілдік; батырлық; кешірімшілдік; кішіпейілдік; балаға деген сүйіспеншілік.

М.М. Мұқанов бойынша педагог мамандығына лайықты сапалар: педагогтың идеялық сенімі; педагогтың қабілеті; педагогтың ұстамдылығы; әділеттілік және абырой. Осының ең ортасы, өзегі, яғни жеке бас сапасының ядросы – бағыттылығы, бейімделушілігі, өзін-өзі бағалау, «Мен» бейнесі.
4. Мұғалімнің кәсіби және жеке бас қасиеттерінің диагностикасы

Мұғалімнің кәсіби және жеке бас қасиеттерінің диагностикасын өткізу үшін зерттеу әдістерін білу керек. Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі.Бақылау арнайы жоспар бойыншажүргізіледі.Жоспардабақылаудың мақсаты мен міндеттері,объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы,оқутәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Арнайы бақылау - бұл зерттелетін құбылыс суретін талдамалы түрде қарастыруға әкелетін әдіс. Ашық бақылау - зерттеушіге оны қызықтыратын барлық құбылыстар тараптарын қамтуға үлкен мүмкіндік береді, сонымен бірге зерттеуші қатысуының теріс әрекеттеріне көп ұшырайды. Ашық сауал - мұнда жауаптар сипаты мен саны, олардың түрлері мен формалары алдын ала қарастырылмаған. Дидактикалық бақылау - бақылау нысаны ретінде оқыту процесі тұтас енеді. Монографиялық бақылау - өзара байланысқан құбылыстардың әр түрлі өлшемдегі бірталай санын қамтиды, олардың дамуын, өзара ықпалын ерекшеліктерімен арақатынасын қарастырады. Педагогикалық бақылау - бұл педагогикалық үрдісті тану әдісі, ол ұзақ мақсатты түрде бағытталған жоспарлы қабылдау.

Мұғалімнің кәсіби қасиеттері:

Ұйымдастырушылық – ұйымдастырушылық, іскерлік, белсенділік, талап қойғыштық, өзіндік сын, т.б.

Коммуникативтік – зейінділік, қайырымдылық, ашықтық, мейір-бандық, қарапайымдылық, сезімталдық, әдептілік.

Экспрессивті-перцептивті – байқағыштық, креативтілік, интел-лектуалдық, белсенділік, зерттеушілік стилінің ерекшелігі, сын-шылдығы, икемділік.

Кәсіби қабілеттілігі

Дене және психикалық денсаулығы – эмоционалды – еріктік тонус-тың жоғарылығы, оптимистік, эмоционалдық төзімділік, елге-зектік.

Педагогтың субъективті қасиеттері (П.Ф.Каптерев бойынша):



Объективті мазмұндағы: мұғалімнің пәні туралы білімі (меңгеруі), ғылыми дайындығы, қосымша пәндер туралы білімі; пәннің методологиясымен, дидактикалық принциптерімен танысу, баланың ерекшеліктерін меңгеру.

Субъективті мазмұндағы: сабақ бере алу шеберлігі, таланты, өнері.

Педагогтың субъективті қасиеттерін анықтаушы бағыттар (Роджерс бойынша):



Гуманистік бағыт – ұстаздың оқушының мұқтаждығы мен қажеттілігіне көңіл аударуы;

Эгоцентрлік бағыт – ұстаздың тек өзіне, өз мүддесіне, қажеттілігіне назар аударуы;

Бюрократтық (төрешілдік) бағыт – ұстаздың әкімшіліктің нұсқау-ларын, жоғарыдан келген құжаттарды өзіне бағыт етуі.

Конформистік бағыт – ұстаз әрекетінің ұжым өмірімен, өзінің әріптестерімен қатынас жасауға негізделуі.

Авторитеттік бағыт – ұстаз оқушының ата-аналарына, олардың қоғамдағы орнына сүйенуі.

Когнитивтік бағыт – ұстаздың өзі беретін пәннің мазмұнына сүйенуі. Диагностикалауда келесі әдістемелер қолданылады: тест, анкета, сауалнама, бақылау.

жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау