2012 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысы Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі Ж.М.Ысқақовтың есебі
Өткен жылы атқарылған жұмыстардың басты мақсаты Ел Президенті – ұлт Көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында жолдаған міндеттерді жүзеге асыру болды. Жолдаудың ерекшелігі – халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен хал-ахуалын одан әрі арттыруға бағытталған тағы да бір әлеуметтік бағыты.
Жолауда айқындалған басымдықтарды есепке ала отырып, аудан әкімінің және Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының барлық жұмыстары алға қойылды.Нақты бағыттар айқындалып, ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша айқын қадамдық даму индекаторы мен іс шаралары әзірленді.
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы экономиканың барлық саласында оң серпінді дамуды сипаттайды.
2010-2012 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалдық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында ауданда 14 жоба іске қосылды немесе қалада 18 млрд. теңгеден астам сомаға жүзеге асқан барлық жобаның 63 %. 427 жұмыс орны құрылды.
2012 жылы 89 жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба іске қосылды.
Бұл 35 жұмыс орнын құра отырып, 350 млн. теңге сомасындағы полиэтилен құбырларын өндіретін «ТНК «ТИАР» ЖШС және 54 жұмыс орнын құрайтын, 1,4 млрд. теңге сомасындағы формацевтика логистикалық орталығының құрылысы бойынша «ТНК «Ригер» ЖШС.
Ағымдағы жылы инвестициялық жобаларды іздестіру, жүзеге асыру және оларды толық жоба қуаттылығына шағару бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Ауданның шынайы экономика секторындағы ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары 99,4 млрд теңге сомасына өнім өндірді, 2011 жылға қарағанда өсім 7,8 % құрайды. Экономиканың шынайы секторында жаңа жобалардың ашылуы және әрекеттегі өндірістік орындардың кеңеюі есебінен 205 жұмыс орны ашылды.
Орта және шағын бизнестің дамуы «2020 бизнес жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бағдарламаны жүзеге асырудың басынан бері аудан кәсіпкерлерінің 99 өтінімі мақұлданды немесе қала бойынша барлық өтінімнің 63 %.
Есептік кезең ішінде қабылданған шаралар нәтижесінде орта және шағын кәсіпкерлігінің белсенді субъектілерінің саны 140605 бірлікке жетті, өндірілген өнім мен олар көрсеткен қызмет көлемі 5,1% немесе 224 млрд. теңгені құрады.
Шағын бизнеспен айналысатындардың саны 68 мың адамнан асып түседі, өткен жылмен салыстырғанда өсім 3,4 %.
Есептегі жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Эфес Казахстан» АҚ мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ҚФ бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша 7 млн. теңге сомасына меморандум жасалды.
Аудан қызметіндегі негізгі экономикалық бағыттардың бірі әлеуметтік мәні зор азық-түлікке бағаны тұрақтандыру болып табылады.Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында барлық супермаркеттермен және сауда нүктелерімен азық-түлікке бағаны негізсіз өсірмеу туралы әріптестік пен өзара түсіністік меморандумына қол қойды.
Тұрғындарды азықпен қамтамасыз ету және бағаның маусымдық ауытқуын төмендету мақсатында дәстүрлі «Ауыл Береке» жәрмеңкесі, шағын-жәрмеңке мен ауылшаруашылық өнімдерін сату бойынша көшпелі жәркеңке өткізілді. 2012 жылы барлығы 39 азық-түлік жәрмеңкесі өтіп, онда 490 млн. теңгеден астам сомаға нарық бағасынан төмен бағаға өнім сатылды.
Есептегі жылы ауылшаруашылық өнімдерін өткізу, әлеуметтік маңызды азық-түлік бағаларын тұрақтандыру және соңғы тұтынушыға дейін тауар қозғалысы жүйесінің тиімділігін ұйымдастыру нарығын кеңейту өңірлік жобасы аясында тұрғындар үшін жаңа сападағы 10 әлеуметтік павильон есіктерін айқара ашты. Оларды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып, жылу, су құбыры, кәріз өткізілді. Барлығы 160 жаңа жұмыс орны құрылды.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Ержанов көшесіндегі «Огонек» дүкенінің жанында және Әлиханов көшесіндегі «Мясная лавка» дүкенінің жанынан тағы екі жаңартылған әлеуметтік павильон ашу жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылы әлеуметтік маңызды азық-түлік бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеуге бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасады.
Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауы мен білім алудың тиімді жүйесін құру және жұмысқа орналасуға көмек көрсету аса маңызды міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 2012 жылы қолданыстағы «Жұмыспен қамта 2020» бағдарламасының арқасында бағдарламаға қатысушылардың ішінен 83 адам оқуға жіберілді, 61 адам оқып шықты, барлығына 100 % жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді.
Бұдан басқа 2012 жылы қаланың 11 кәсіпорнында мақсатты топқа енетін жұмыссыз тұлғалар үшін 176 әлеуметтік жұмыс орны құрылды.
Жыл қорытындысы бойынша жіберілгендердің ішінен 101 адам әлеуметтік орындарды жұмыстарын аяқтады. Келісім шарт мерзімінің аяқталуы бойынша 55 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.
Сонымен қатар жоғары және орта-кәсіптік оқу орындарының түлектері үшін «Жастар практикасы» бағдарламасын ұйымдастыруға 2012 жылы қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында 609 жұмыс орны құрылды.
Өткен жылдың ішінде әлеуметтік келсім шарт мерзімінің аяқталуына байланысты 263 жас түлек жастар практикасына қатысуын тоқтатты, соның ішінде 9 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.
Жұмыс іздеуші азаматтар мен жұмыс беруші арасында тікелей байланыс орнату үшін маусым айында Н.Әбдіров атындағы спорт кешенінің ғимаратында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде қаланың 89 кәсіпорыны мен ұйымдары 1066 бос жұмыс орындарын ұсынды.Жәрмеңкеге 2873 келді, өткізілген шараның нәтижесінде 322 адам жұмысқа орналасуға жолдама алды. 38 адам жұмысқа орналасуға көмек көрсету үшін түйіндеме қалдырды.
Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселесіне үлкен көңіл бөлінеді.
2012 жылы мемлекет ауданның 309 отбасына (889 адам) 27,9 млн. теңге сомасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетті.
Тұрғын үй жәрдемақысы бойынша 1446 отбасына (1890 адам) 128,4 млн. теңге сомасына көмек көрсетілді.
18 жасқа дейінгі балалары бар 300 отбасына (529 бала) 5,6 млн. теңге сомасына жәрдемақы төленді.
13665 адам тегін жол жүру билеттерімен қамтамасыз етілді. Ауданда 1473 жалғыз басты зейнеткер тұрады. Аудандық үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің жұмыскерлері 720 күтімді қажет ететін зейнеткерлерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне қолдау көрсетеді.
Есептік жыл ішінде 5929 адам ( жоспардан 107 %) адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, соның ішінде жастар арасынан 2804 адам ( жоспардан 112 %), оралмандардан – 22 адам.
Қоғамдық-ақылы жұмысқа 605 адам, жоспарда-500 (121,2 %), кәсіптік білім алуға – 877 адам (103,2 %) жіберілді, 22 азаматқа өз ісін ашу үшін материалдық көмек көрсетілді.
Ауданда 38,9 мын зейнеткер және 7,8 мын мүгедек тұрып жатыр. Көмек мемлекеттік емес кездерден - қайырымдылық қорлары мен соғыс ардагерлерінің 87 бастауыш ұйымынан көрсетілді. Мереке күндері түстік беру, тегін театрлар мен киноға апару дәстүрге айналды. Жеңіс Күні Жеңіс саябағында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді. Қарттар Күніне орай ардагерлерді үйлеріне барып құттықтап, сыйлықтар тапсыру ұйымдастырылды.
Қайырымдылық қызметіне кәсіпорындар, коммерциялық құрылымдар, қоғамдық бірлестіктер белсене қатысады. Ауданда 187 қайырымдылық акциясы өткізілді. Мемлекеттік емес көздерден 11,5 млн. теңге сомасына 9100 адам көмек алды.
Балалар мен жасөспірімдер сарайында жыл сайын мүгедек балаларға, оралмандарға, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушылардың балалары мен аз қамтылған отбасылардың балаларна сыйлықтар бере отырып, Жаңа жылдық ертеігілік өткізу дәстүрге айналды. Ертеңгілікке 250 бала қатысты. Сонымен қатар 50 мүгедек баланы үйіне барып құттықтау ұйымдастырылды.
Мектепке дейінгі балалар мекемесі тапшылығын қысқартуға баса назар аударылды. «Балапан» бағдарламасы аясында ауданда мемлекеттік емес «Алтын бесік» бала бақшасы ашылды. Жыл соңында мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған бала 94 % құрады.
Өткен жылдың тарихи оқиғасы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Күнін атап өту болды. Мерекеге орай қала және аудан тұрғындары үшін нарық бағасынан төмен бағаға азық-түлік алу үшін ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіліп, кәсіпкерлер халық тұтынатын тауарларға мерекелік жеңілдіктер мен акциялар ұйымдастырды. «Сүйінші» стеласы алаңында жас жұбайларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Осы күні ауданның көп жасаған тұрғындарын, ҰОС қатысушыларды және перзентханаларға барып дүниеге келген сәбилер мен олардың аналарын құттықтау ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар берілді.
Мерекенің шарықтау шегі – Елбасының қарағандылықтарды құттықтауы болды. Елбасы жұмыс сапары барысында түрлі олимпиядалардың жеңімпаздары, медаль иегерлері оқитын ең үздік мектеп оқушыларының қатысуымен өткен «Триумф» балына және ҚарМТУ барып қайтты. Сондай-ақ өзінің үзеңгілестерімен және бірге оқыған курстастарымен кездесті.
Президент сонымен қатар 720 оқушыға есептелген, 120 жатын орны бар «Назарбаев Зияткерлік мектебіне» атбасын бұрды.
Ауданның мәдени өміріндегі атаулы оқиғалардың бірі желтоқсан айында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші ректоры, геолог, академик Әбілқас Сағыновқа орнатылған ескерткіштің ашылуы болды.
Тұрғын үй құрылысы аясында 2012 жылы 2008-2012 жылғы мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысушылар үшін, жалпы алаңы 22 мың текше метр Кеншілер даңғылы, № 35 үй пайдалануға берілді.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ермеков көшесінде тұрғын үй құрылысы басталды. Аталған әлеуметтік баспана мемлекеттік қолдауды пайланғысы келетіндер үшін. Қолданысқа 2013 жылдың жазында енгізу көзделіп отыр.
«Бесоба» тұрғын үй кешенінен зардап шеккендер үшін жалпы алаңы 18,4 текше метрді құрайтын «Шапағат» тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды.
«Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен 2013 жылы жалпы алаңы 18,4 текше метрді құрайтын «Панель-Центр» тұрғын үй кешенінің құрылысын бастау жоспарланып отыр.
Көлік жолдарын жөндеу мәселесі жергілікті билік органдарының назарына алынған.
2012 жылы 393,7 млн. теңге сомасына ауданның 15 көшесі орташа жөндеумен қамтылды, соның ішінде: Құрылысшылар даңғ., Московская к-сі., Инженерная-Олимпийская к-сі., 15 магистраль бойынша көлік жолы телімі, Рысқұлов к-сі., Гапеев көшесінен Спасское тас жолына дейінгі көлік жолы телімі, Ермеков көшесіндегі № 29/2 және № 29/3 үйлердің бойы, Мұқанов көшесіндегі автобекет, Камская-Резник көшесі, Сеченов-Сәтпаев көшесі, Сәтпаев к-сі., Молоков к-сі.
Сонымен бірге 2 көлік жолы телімінің құрылысы жүргізілді, ұзындығы 2,3 шақырым: М14 көлік жолы телімі «НМК-Голубые пруды» көлік жолынан ұшу жолағының қиылысына дейін және ұшу жолағы телімі М7-ден (Тәттімбет көшесі) М14 дейін.
Бұқар жырау және Н.Әбдіров даңғылында 371 млн. теңге сомасына жарық бағандарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Михайловка ауданындағы жеке сектордың 17 көшесіне жаңа жарық бағандары қойылды.
Біздің жұмысымыздағы басты бағыт тұрғын үй қорын ұстау болып табылады. Қазыбек би атындағы ауданда 1452 көп қабатты тұрғын үй, жеке секторда 14800 үй бар. Үйді дұрыс ұстау үшін ауданда 106 пәтер иелерінің кооперативі бар, олар 730 тұрғын үйге, 14 жауапкершілігі шектеулі серіктестік – 57 үйге, 10 жеке кәсіпкер – 22 үйге, 11 тұрғын үй-құрылысы кооперативі 11 үйге, 312 тікелей бірлесе басқару (ТББ) – 312 және 320 үйге қызмет көрсетеді.
2011-2020 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында 182,3 млн. теңге сомасына 5 үй жөнделді (Ерубаев к-сі., 51/2, Н.Әбдіров даңғ., 7,8/2, Ержанов к-сі., 23/2, Кеншілер даңғ., 31, 2,5,6 кіре берістер, Бұқар жырау даңғ., 63/2, Төлпеов к-сі., 7/2).
Жалпы сомасы 315 млн. теңге сомасына 7 көп қабатты тұрғын үйді жөндеуге келісім алынды. Ағымдағы жылы термомодернизация элементтерімен 6 үйге күрделі жөндеу жүргізу және 5 лифтті ауыстыру жоспарланып отыр.
Аудан әкімдігі ТКШ жаңғырту бағдарламасын түсіндіру бойынша мүдделі кәсіпорындармен бірлесіп жиындар өткізіледі, жиын өткізудің жоспары мен кестесі жасалды. Бүгінгі күні де бағдарламаға қатысқысы келетін және қатысуды жоспарлаған қосымша үйлер бар.
2012-2013 жылдардағы жылу маусымына тұрғын үйлерді дайындау және басқару формаларын ұйымдастыру кезеңінде 700 астам жиын өткізілді. Иесіз үйлерді әрекеттегі ПИК құрамына енгізу бойынша жұмыстар атқарылды, соның нәтижесінде 38 үй, 12 әрекеттегі ПИК құрамына енгізілді, 4 үйді жеке кәсіпкерлер қызмет көрсетуге алды.
Өткен жылу маусымының сараптамасын ескере отырып, жаз кезеңінде жылу масымына дайындық барысында аудандағы тұрғын үйлерді қысқа сапалы дайындау бойынша шаралар қабылданды. Ауданда «15» ауыр, 33 «соңғы» үйлер анықталды, олар аудан әкімі аппаратының тұрақты бақылауында.
Барлық тұрғын үй қоры және әлеуметтік тұрмыстық нысандар уақытылы жаңа жылу маусымына дайындалды.
Жылу маусымына дайындық барысында 19,2 шақырым жылу торабы ауыстырылып, 19,2 шақырым құбыр оқшауландырылды. 19,3 мың метр су құбыры және 1,4 мың пагон метр кәріз желісі жөнделді (ауыстырылды).
Аудан бойынша газды орташа айлық тұтыну 185-190 тонна. Ауданда барлығы 229 ГБҚ әрекет етеді.
2012 жылы «Әлем газ» ЖШС 14,6 мың теңге сомасына газбен қамтамасыз ету және газ бөлу қондырғыларына жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Ауданда 737 лифтпен жабдықталған 218 көп қабатты тұрғын үй бар, соның ішінде 119 лифт жұмыс істемейді. Бұл үйлердің тұрғындарымен ТКШ жаңғырту бағдарламасына қатысу және лифттерді ауыстыру бойынша жиын өткізілді.
Жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдық комитеттерінің (ЖӨБҚК) жұмысы үшін Қазыбек би атындағы ауданның тұрғын үй массиві ПТП (полицияның тіркеу пункті) және тұрғын-үй пайдалану қызметімен біріктіріле отырылып, шағын учаскелерге бөлінді.
2011 жылы 10 шағын учаскеде 10 ЖӨБҚК жұмыс істесе, 2012 жылдан бастап аумақты 30 шағын учаскеге бөле отырып, инспекторлар санын 30 адамға дейін жеткізу туралы шешім қабылданды: Михайловка – 6, қала – 12, Оңтүстік-Шығыс – 12.
Инспектор тұтастай 8-9 ПИК-мен, 20-22 ҮБ-мен және шамамен 8-9 мың адам тұрғындармен жұмыс істейді, 700 га дейінгі аумақты санитарлық тазартуды қамтамасыз етуге жәрдемдесіп, шағын учаскедегі жұмыстың тиімділігіне әкеледі.
2012 жылы ЖӨБҚК инспекторлары түрлі мәселелер бойынша 749 өтінішті қарады. Басқа мемлекеттік органдармен бірге түрлі коммуналдық мәселелер бойынша 42 өтініш қарады.
ПИК-мен аула ішілік аумақтың санитарлық жағдайын, аулаға кірер жолдарды және жаяу жүргіншілер жолдарын кездейсоқ қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізеді.
Ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды екі қызмет көрсетуші: «Горкомтранс» ЖШС мен «Коммунальник» ЖШС жүзеге асырады.
Ауданда барлығы 591 контейнер алаңы бар. Контейнерлердің жалпы саны 2195.
2012 жылы ҚТҚ шығару бойынша коммуналдық қызметтер қосымша 23 бірлік арнайы техника алып, 30 жаңа контейнер орнатты, 1626 контейнер мен портал жөнделіп, сырланды. 471 мың куб метр қоқыс шығарылды.
Тиісті санитарлық жағдайды ұстау үшін, апта сайын тазалық бейсенбіліктері өткізіледі. Солардың аясында полиция бөлімі қызметкерлерімен, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандарымен барлығы 32 рейд және тұрғындармен 70 жиын өтті.
Маусымдық айлықтар өткізу кезеңінде 2012 жылы МСЭҚБ қызметшілері 85620 теңге сомасына 27 әкімшілік хаттама, 12 ескерту жасады.
ІІБ полиция бөлімдері 227 әкімшілік хаттама жасады (78982 теңге сомасына 12 айыппұл және 215 ескерту).
Аудан аумағы облыстық, қалалық мемлекеттік мекемелеріне, жоғары оқу орындарына, колледждерге және кәсіби лицейлерге, өнеркәсіп кәсіпорындарына, шағын орта бизнес кәсіпорындарына, ПИК, ӨББ бекітілген.
2012 жылы 11 сенбілік өткізілді, сенбілікке 14000 ұжым, 200 мыңнан астам адам қатысып, 36 мың га аумақ жиналды, 84 күресін жойылды. 398 бірлік техника қатыстырылып, 7473 куб метр қоқыс шығарылды.
3000 астам ағаш пен бұта отырғызылды, соның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен 800 астам ағаш пен бұта отырғызылды.
ПИК және аудан тұрғындарының күшімен аула аумақтары жапырақ пен қоқыстан тазартылды.
Жыл сайын аудан әкімінің есептік кездесуінде көтерілетін мәселелердің бірі - иесіз инженерлік желілерді есепке қою және коммуналдық меншікке тапсыру.
2012 жылы 35 иесіз инженерлік желі анықталды, соның ішінде: 8 су құбыры, 7 кәріз, 12 электр және 8 жылу желісі.
Соның ішінде 29 нысанға төлқұжат әзірленіп, әділет органдарына есепке қойылды.
Қазіргі уақытта қалған нысандар бойынша «Қарағанды қаласының кадастр орталығы» ЖШС, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК және қызмет көрсетушілермен бірге техникалық төлқұжат жасау бойынша жұмыс жүргізілуде, содан кейін желілер әділет органдарына есепке қойылады.
«Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ тәулік бойына диспетчерлік қызмет жұмыс атқарады, қызмет облыстың Бірыңғай диспетчерлік қызметінде. Аудан тұрғындарынан келіп түскен өтініштерге кешіктірмей шара қолдануға мүмкіндік береді. 2012 жылы 4558 өтініш түсті, олар бойынша барлық тиісті шаралар қолданылып, түсінік берілді.
2012 жылы аудан аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жалғастырылды. 64 аула аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар орындалды, соның ішінде: 2011 жылы ТКШ жаңғырту бағдарламасына қатысушы үйлердің 14 ауласы мен жиектастарын ауыстыра отырып, асфальттау жүргізілген 50 аула аумағы.
Ағымдағы жылы ауданда 31 аула аумағын асфальттау бойынша жұмыстарды орындау жоспарланып отыр.
ТКШ жаңғырту бағдарлмасына қатысуға қала тұрғындарын көтермелеу мақсатында, 2012 жылы бағдарламаға қатысқан 7 үйдің аула аумағы абаттандырылатын болады. Бұл жерде аула аумағын абаттандыру бойынша барлық жұмыстар кешенін жүргізу жоспарлануда (асфальттау, жиектас, балалар ойын алаңын, шаруашылық алаңдарын орнату, ҚТҚ алаңын қоршау және көгалдандыру).
2012 жылы аудан әкімінің аппараты «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі»ММ, Қарағанды қаласының ЖПБ және коммуналдық қызметтермен келісілген, 12 саябақты абаттандыруға жоба-сметалық құжаттамаларын әзірледі. «Қарағанды Жарық» ЖШС мен «Қарағанды Су» ЖШС желіні қосуға техникалық шарттар алынды.
Барлық жобаларға оң мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.
2012 жылы әзірленген жобалардың 3 іске асырылды, Әлиханов көшесі, «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ ғимаратының артындағы саябақ, Ерубаев көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі (Мәңгілік алау) саябақ, Құрылысшылар адңғылындағы (Кеншілер даңғылынан «Арай» базарына дейін) саябақтарды абаттандыру бойынша 464 млн. теңге сомасына жұмыстар орындалды.
Есептік жылда Жауынгер-Интернационалисттер көшесі мен Бұқар жырау даңғылы арасында орналасқан және бақ аумағын Тәуелсіздік алаңымен байланыстыратын, фонтан каскадтарымен бақтың бірінші учаскесінде 300 млн.теңге сомасының жұмысы аяқталды. Аталған учаскеде бар фонтан кешендері мен жасанды көгал серуен саябағын жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Орталық мәдениет және демалыс бағын абаттандыру жобасына сәйкес, жұмыстар 2012 жылдан 2020 жыл аралығында 5 кезеңге бөлінген.
Ағымдағы жылы бас жобаға сәйкес 200 млн. теңге сомасына екінші учаскенің жұмыстары жоспарланып отыр.
2-учаскенің аумағында бақтың негізгі элементтері орналасқан: Орталық кіре беріс имаратымен бақтың басты аллеясы, жағажай, бұқаралық шаралар өткізу үшін сахна, Бас аллеяда шолу алаңымен су бұрқақ кешені, серуен бульвары мен жиектастар.
Бақтың басты аллеясының жалғасы 2012 жылы қолданысқа енгізілген, ағысының биіктігі 25 метр, өзенде орналасқан қалқыма су бұрқақ болып табылады.
Бұдан басқа, Чкалов, Кривогуз және Ипподромная көшелерінің қиылысындағы саябақты абаттандыру жоспарланып отыр.
Жүргізілген жұмыстар аясында қаланы көгалдандыру бойынша өткен жылы саны 5500 дана қарағай және қылқан жапырақты ағаш отырғызу жұмыстары орындалды. Ағымдағы жылы шамамен 3,5 мың ағаш (қарағай және қылқан жапырақты) отырғызу жоспарлануда.
Тәуліктің түнгі мезгілінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және аудан тұрғындарының өтініштеріне назар салу мақсатында 74 көше жарығы бағандарын қалпына келтіру жоспарланды, соның ішінде әлеуметтік нысандардың маңы.
Аудан әкімдігі қызметінің басты, маңызды бөлігі азаматтардың өтініштерімен жұмыс болып табылады.
2012 жылы аудан әкімі аппаратына азаматтардан 1251 өтініш келіп түсті, 2011 жылға қарағанда 182 өтінішке аз. Өткен жылмен салыстырғанда төмендеу 7 % құрады.
Өтініште баяндалған мәселелердің мазмұны мен сипаты бойынша 85 % коммуналдық және абаттандыру мәселелері жөніндегі өтініштер. Барлық өтініштер заңмен белгіленген мерзімде қаралды.
Есептік кезең ішінде Үкімет, облыс әкімі мен қала әкімінің блогы арқылы 490 өтініш түсті. Аудан әкімі мен оның орынбасарлары 180 азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Тоқсан сайын ашық есік Күндері өткізіліп, онда тұрғындарға кеңестер мен нұсқаулар берілді.
2012 жылы аудан тұрғындарымен 5 есептік кездесу өткізілді, кездесу барысында 123 сыни ескертпелер мен ұсыныстар айтылды. Олардың барлығы қаралып, мерзімінде орындалды.
Құрметті Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан тұрғындары!
Өткен жылы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алға қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша қол жеткізген табыстарымыздың барлығы – бұл күнделікті жұмыстың нәтижесі және барлық қарағандылықтардың еңбектерінің нәтижесі.
Өткен жыл Мемлекет басшысының «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жаңа Жолауымен есте қалды. Бұл саяси маңызды құжатта одан әрі даму, экономикалық саясаттың жаңа принциптеріне көшу, кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету, жаңа әлеуметтік модель қалыптастыру, білім беру мен денсаулық сақтауда заманауи және тиімді жүйе қалыптастырудан тұратын, жаңа міндеттер айқындалған.
Аудан әкімі аппаратының барлық қызметі жергілікті атқарушы органдардың алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталатын болады.
Мемлекет басшысының жаңа 2050 стратегиясында алға қойған міндеттерін шешу үшін барлық қарағандылықтар өздерінің білімі мен күш-жігерін салатынына сенемін.
Достарыңызбен бөлісу: |