2006 жылғы 24 қарашадағы ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды үйлестіру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
2006 жылғы 24 қарашадағы ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды үйлестіру туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы-мемлекет үкіметтері, бұдан әрі Тараптар деп аталған,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге 2-қосымшаның 5-нысаны келесі редакцияда жазылсын:
«5-нысан
Оқыту процесін қамтамасыз ететін педагогикалық кадрлар туралы мәліметтер
Р/с
N
|
Т.А.Ә.
аты
|
Оқыты-
латын
курс1
|
Лауа-зымы2
|
Білімі
(мамандығы
көрсетілсін)
|
Ғылыми
дәрежес,
атағы
|
Жұмыс өтілі3,
педагогикалық
өтілі
|
Көрсетілген
курсты
қанша уақыт
оқытады
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту:
1. Халықаралық автомобиль тасымалы саласында Тараптардың уәкілітті органдарымен бекітілген біріңғай бағдарламаларға сәйкес (пән, дисциплина) тақырыбы көрсетіледі.
2. Негізгі жұмыс орны және оқыту ұйымы/білімдік ұйымы бойынша көрсетіледі.
3. Халықаралық автомобиль тасымалдаушыларының кәсіпкерлік біліктілігін қосымша оқытумен байланысты негізгі мамандығы бойынша көрсетіледі».
2-бап
Келісімге 3-қосымша келесі редакцияда жазылсын:
|
«ТМД қатысушы мемлекеттердің
халықаралық автомобиль
тасымалдаушыларын қосымша
оқытуға және кәсіби
құзыреттілігіне қойылатын
талаптарды үйлестіру туралы
келісімге 3-қосымша
|
Куәлік нысаны
ТМД қатысушы тиісті мемлекеттің
атауы және айырмашылық символы
(1)
|
Халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын дайындау саласындағы құзыретті орган
(2)
|
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ ТАСЫМАЛДАУШЫНЫҢ
КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК КУӘЛІГІ
(2).................................................... туған жылы.........................,.......................................... туған (3)........................................... халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыруға жауапты лауазымды тұлға ретінде кәсіби құзыреттілікке (4) (жылы:.....; мерзімі:......) біліктілік емтиханын тапсырғанын, халықаралық автомобиль тасымалдарын орындауға жауапты лауазымды тұлға ретінде кәсіби жұмыс үшін білікті деп танылғанын осымен куәландырады.
Осы куәлік 200__ жылғы "__" __ ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды үйлестіру туралы келісімге сәйкес кәсіби құзыреттілігінің жеткілікті дәлелі болып табылады және осы салада кәсіби жұмыс істейтін тұлғаларға халықаралық көлік операцияларына еркін қатысу құқығын қамтамасыз ету үшін арналған.
|
..............(орны) (5) берілді................. (күні) (6)
Берілді…………………………………………………..
(куәлікті беру орны)
|
|
...........................
(Куәлікті беру күні)
|
Аттестациялық комиссияның төрағасы _____________________ _____________________
(қолы) (инициалдары және тегі)
Секретарь ______________________ ____________________
(қолы) (инициалдары және тегі)
1) ТМД қатысушы мемлекеттердің атауына сәйкес келетін атауы, айырмашылық символы.
(2) Сертификат беретін халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын дайындау саласындағы ТМД қатысушы мемлекеттің құзыретті органының атауы.
(3) Тегі, аты, әкесінің аты.
(4) Маманның категориясы (халықаралық тасымалда жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізуші/халықаралық автомобиль тасымалын орындағандығы үшін жауапты лауазымдық тұлға).
* Куәлік нысаны қорғалған қатаң есеп бланкілері деңгейіне қойылатын талаптармен, және оларды жүзеге асыру ретімен және ТМД қатысушы мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес есебімен әзірленуі және жүзеге асырылатын қорғау элементтерімен (құралдарымен) (қорғалған полиграфиялық өнім) қатаң есеп нысаны болып саналуы қажет.».
3-бап
Аталған Келісім депозитаримен оған қол қойған Тараптармен оның күшіне енуге қажетті мемлекетаралық процедуралардын орындалғандығы туралы үшінші ескертуін алған күннен бастап күшіне енеді.
Мемлекетаралық процедураларды кейінірек орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитаримен сәйкесінше құжаттарды алған күннен бастап күшіне енеді.
«__» _______жылы _______ қаласында бір данада орыс тілінде жасалған. Түпнұсқа данасы оның қол қойылған көшірмесін осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке тарататын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Орындаушы комитетінде сақталады.
Әзірбайжан Республикасының Үкіметі үшін
|
Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін
|
Армения Республикасының
Үкіметі үшін
|
Таджикстан Республикасының
Үкіметі үшін
|
Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін
|
Түркменстан Үкіметі
Үкіметі үшін
|
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
|
Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін
|
Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін
|
Украина
Үкіметі үшін
|
Молдова Республикасының
Үкіметі үшін
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |