|
2 пән Механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, атом және атом ядросының физикасы, астрономия
|
бет | 9/10 | Дата | 29.05.2023 | өлшемі | 33,61 Kb. | | #42831 |
| физика ответыТермодинамиканың заңдары
Негізгі ұғымдар: температура, ішкі энергия, жұмыс және жылу. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Термодинамиканың бірінші және екінші заңдары. Энтропия, энтропияның өсу заңы. Больцман формуласы. Ғаламның жылулық өлімі теориясының сыны.
Төмен температура. Төменгі температуралардағы макроскопиялық жүйелердің тәртібі. Абсолют нөл. Нернст теоремасы, оның салдары. Абсолют нөлге жетудің болмайтындығы.
Жылу мөлшері теориясының негізі
Жүйенің жылу сыйымдылығы. Меншікті және молярлық жылу сыйымдылығы. Изохоралық, изобарлық, изотермиялық және адиабаттық процестердегі газдардың жылу сыйымдылығы. Энергияның еркіндік дәрежелері бойынша біркелкі таралуы туралы классикалық теорема. Газдар мен қатты заттардың жылу сыйымдылығының классикалық теориясы. Дюлонг-Пти заңы. Газдар мен қатты заттардың жылу сыйымдылығының температураға тәуелділігі. Екі атомды газдың молекулаларының ілгерлемелі, айналмалы, тербелмелі электрондық қозғалыстарының энергиясы. Кристалдардың жылусыйымдылығының кванттық теориясы туралы ұғым.
Эйнштейн мен Дебайдың қатты дененің жылу сыйымдылығының кванттық теориялары. Эйнштейн мен Дебайдың кванттық сипаттамалық температуралары. Дебай заңы.
Электр өткізгіштік теориясының негіздері
Металдарда бос электрондардың болуы туралы идеялардың пайда болуы. Металдардағы электр өткізгіштік теориясының дамуы: электр өткізгіштіктің классикалық және кванттық теориялары.
Өткізгіштіктің аймақтық теориясы. Валенттік, өткізгіштік және ұлықсат етілмеген аймақтар. Кристалдық қатты денелердің классификациясы: өткізгіштер, диэлектриктер, меншікті және қоспа өткізгішті жартылай өткізгіштер, жартылай металдар.
Кванттық күшейткіштер және генераторлар
Спонтандық және мәжбүр өтулер. Сұрыптау ережелері. Метостабилдік күйлер. Теріс температуралар энергетикасы. Деңгейлердің инверсиялық толымдығы. Инверсиялық толымдықты іске асыру әдістері. Кванттық күшейткіштер және генераторлар (лазерлер және мазерлер), оларды жасау және пайдалану.
Жұлдыздар. Күн
Көрінетін жұлдызды аспан. Жұлдыздарды бағдарлаудың негізгі принциптері. Жұлдыздардың энергиясы. Жұлдыздардың өмір кезеңдері: туылу, өмір, «өлім». Нейтронды жұлдыздар. Жұлдыздарға дейінгі қашықтық, олардың өлшем бірліктері. Айнымалы жұлдыздар. Күн: құрылымы және негізгі сипаттамалары. Күн-жер байланысы.
Планеталар
Жұлдыздардың планеталық жүйелері. Күн жүйесі және оның компоненттері. Планетарлық қозғалыс заңдары (Кеплер заңдары). Гео-, Гелио- және әлемнің заманауи бейнесі. Жердегі планеталар мен алып планеталар, олардың сипаттамаларының ерекшеліктері. Койпер белдеуі және Оорт бұлты.
Экзопланеталар.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|