2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет54/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   176

154

Біз  Заңды  бұрмалап,  орындамағандарға  жаза  қолдану  қажет  деп 

білеміз. Ол қандай жаза болады? Әлі шешілген жоқ. Тіл туралы Заңды 

заңмен қорғау қажет. Мынадай жағдайды айта кетуге тура келеді. Біз 

тілге  байланысты  Заңды,  не  тілді  пайдаланатын  адамдарды  қорлауға 

төзіп келдік, қазір сол арқылы бүкіл халықты қорлауға төзіп отырмыз. 

Баспасөзде жазылғанындай, биыл құрылыста жұмыс істейтін, орысша 

тіл білмейтін ауыл қызы кезекті еңбек демалысына шықпақшы болады. 

Ол арызды орысша жаза алмайды. Оның тікелей бастығы корей жігіті 

оған арызды орысша жаз, мен айтып тұрайын деп сол қызға «Прошу 

за  1990  год  дать  мне  по  ушам»  деп  жаздырады.  Директорға  осы 

қағазды апарса, оның төңірегіндегі көптеген адамдар қарқылдап күліп, 

өздерінше  мәз  болады.  Қыз  жылап  шығып  кетеді.  Бұл  жерде  қыздың 

азаматтық  намысына,  арына  тиіп  отыр.  Осыған  байланысты  «Қазақ 

тілі»  қоғамы  тарапынан  осы  мәселені  соттың  шешіміне  ұсынбақшы 

болып отырмыз.

Қазақша    жазылған    өтінішті    түсінбеймін  деп  лақтырып 

жіберетіндер  әлі  бар.  Дүкендерге,  дәріханаларға  барғанда  да  жауап 

бермейтіндер  көп.  Сондықтан  тіл  туралы  Заңды  Заң  арқылы  қорғау 

қажет дейміз.



– Жақында қабылданған республика егемендігі туралы декларация 

жобасына орыс тілі ресми тіл болсын деп енгіздік, сессияға ұсынылар 

шақта  бұл  бап  алынып  қалды.  Астанада  өтіп  жатқан  Қазақ  ССР 

Жоғарғы Советінің сессиясының күн тәртібінде тағы да тіл мәселесі 

қойылмақшы. Бұ жөнінде не айтар едіңіз?

–  Декларация  жобасын  жасаушы  ғалымдарды  осы  жөнінде 

сұрағанымызда, біз жасаған нұсқада ол жоқ еді, газетке берер жерде біреу 

қосыпты, кім қосқаны белгісіз дейді. Осы бір ауыз сөз республикадағы 

халықтардың қаншама талқысына түсіп, айтыс туғызды. Елдің шекісуіне, 

айтысуына әкеліп соқтырды. Сондықтан да оны кейінге қалдырды. 

Сессияда 34–35 мәселе ретінде тіл мәселесі қаралмақшы. Оңнан да, 

солдан  да  шабуылға  шығатындар  мемлекеттік  тілмен  ресми  тіл  қатар 

тұруы керек дейді. Ресми тіл деп орыс тілі алынуы тиіс деген уәж айтады.

Егер біз екі тілді мемлекеттік тіл есебінде қатар қойып пайдаланатын 

болсақ, онда тұлпар мен мәстекті арбаға қатар жеккенмен пара-пар болады. 

Өйткені, орыс тілі өмірдің елуден астам саласында пайдаланылады. Ал қазақ 

тілі  он  шақты  салада  ғана  қызмет  көрсетеді.  Сондықтан  бұлай  етуге  жол 

беруге болмайды. Қазақ тіліне қамқорлық керек. Сессияның назар аударатын 

мәселесі ретінде біз де пікірімізді айттық. Халық, көпшілік мұндай мәселеге 



155

белсенді  араласқаны  мақұл.  Тікелей  сессияға  өз  тілегін  өзінің  атынан 

немесе коллективтік түрде жазып отырса ешбір артықтығы жоқ.

–  Өзіңіз  басқарып  отырған  А.Байтұрсынов  атындағы  тіл  білімі 

институты  қазақ  тілін  өмірдің  алуан  саласында  енгізіп,  орнықтыру 

бағытында қандай жұмыстар атқарып отыр деп айта аласыз?

– Біздің зерттеп келген мәселеміз аз емес. Қазақ тілі байлығының 

жиынтығы – 10 томдық қазақ тілінің түсіндірме сөздігі жарық көрді. Енді 

4 томдық қазақ тілінің академиялық грамматикасын жасап жатырмыз. 

Енді қолданбалы лингвистика деген бөлім аштық, тілге қажетті оқулық, 

«Тілашар»,  «Тілдескіш»  жасаймыз.  Осыған  байланысты  10  жылдық 

бағдарлама  жасап,  оны  орындауға  кірістік.  Келесі  жылдан  бастап 

республикада тілге байланысты қажетті құралдар жеткілікті болады.



–  Тіл  туралы  Заңның  қабылдануына  байланысты  терминдерді 

пайдалану  мәселесінде  екіұдай  пікірлер  кездесіп  жүргені  жайлы  не 

айтар едіңіз?

– Терминологиялық комиссияға байланысты мәселелер өте көп. Біз 

термин қабылдау жөнінде біресе оң жаққа, біресе сол жаққа шығып кетіп 

жүрдік. Бір кездерде орыс тілін қабылдамаймыз деп барлық атауларды 

аударумен айналыстық. Сөйтіп, пуризмге бет бұрды деп сыналдық. Кейін 

орыс тілінен келген терминдерді аудармастан қабылдайтын болдық. 

Қазір терминдердің үлес салмағы қазақтың байырғы төл сөздерінің 

мөлшерінен  асып  кетіп  отыр.  Бұл  өте  қауіпті  жағдай.  Бізде  термин 

жасаудың екі жолы бар. Оның бізге қажеттісі біріншісі өз тілімізде бар, 

баламасы ыңғайға келетін сөздерді термин етіп енгізу.



–  Терминологиялық  комиссияның  жұмысына  ономастикалық 

атаулар жөніндегі міндеттер де ене ме?

–  Терминологиялық  комиссияның  төрағасы  Өмірбаев  та, 

орынбасары мен. Ал ономастикалық комиссия ол бөлек құрылған. Жер-

су  аттарын  реттеуге  байланысты  сонау  патшалық  Россияның  отарлау 

саясатына орай қойылған, өзгерген жер-су аттарын түгелдей қалпына 

келтіру  ұсынылып  отыр.  Сондай-ақ,  үлкен  қалалардың  аттарына  кісі 

аттарын  бермеу  жөнінде  концепция  ұсындық.  Сонда  ономастикалық 

атауларды  өзгертуге  байланысты  бірқатар  жұмыстар  жүргізілетін 

болады.

– Голощекин есімі берілген бір станцияның атын әлі күнге дейін 

ауыстыра  алмай  келе  жатқанымызды  білеміз.  Бұл  жөнінде  белгілі 

журналистер,  жазушылар,  қарапайым  тұрғындар  әлденеше  рет 

теледидар, радио хабарлары арқылы баспасөз беттерінде үн көтерді.



156

– Голощекин есімді станцияның атын жергілікті жердің атауымен 

өзгертетін болдық. Ол жақтан келген ұсыныс бойынша Приуралье деп 

атайық деген болатын. Бірақ, біз оны қабылдаған жоқпыз.



– Кісі аттарын ірі елді мекендерге, қалаға бермеу жөнінде шешім 

қабылдағанда қандай қалалардың аттары өзгермекші?

–  Бұл  концепция  қабылданған  жағдайда  біз  Шевченко,  Жамбыл, 

Ермак, Павлодар, Петропавл, Абай қалаларының аттарын өзгертеміз.

–  Ендігі  сұрақ  сіздің  тікелей  өзіңізге  қатысты.  Қазақ  тілінің 

тағдыры шешілер тұста үлкен жолайрықта көптеген азаматтар қос 

тілділікті  қошеметтеп  жатқанда,  сіз  қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл 

болуға тиіс деген принциптен айныған жоқсыз. Тіпті, жалғыз қалған 

кездеріңіз  де  болыпты.  Сізге  әділет  үшін  осындай  көпшілікке  қарсы 

шығарып жүрген, дұрыс жолды таңдата білген қандай құдірет екенін 

айтсаңыз?

Мен бұл жөнінде кейін көп ойландым. Адам өмірінде күнде 



той,  күнде  жиын  бола  бермейді.  Адам  өзінің  азаматтық  көзқарасын 

анықтайтын кезеңге тап болады, менде бұндай кезең екі рет болды. Мен 

он жеті жасымда соғысқа өз еркіммен сұранып барып, бес жыл майданда 

болдым.  Өзімнің  азаматтық  парызымды  өтедім.  Екінші  кезең  тіл 

тағдырына байланысты мен маман ретінде өзімнің пікірімді, азаматтық 

ойымды зерттеп жүрген саламды қорғап қалуға тиісті болған уақыт еді. 

Саясатқа байланысты айқайлап шыға келетін адамдар аз емес екеніне 

көз  жетті.  Мен  өзімнің  көзқарасыма  үлкен  дайындықпен,  Қазақстан 

жағдайындағы тілдің заңдылығын тексеру арқылы келген едім... 

Колбиннің  қос  тілділік  жөніндегі  шығарған  қаулыларына 

байланысты  айтысқа  қатысып,  шынықтық  ғой  деп  ойлаймын.  Талай 

таяқ  та  жедім.  Үш  рет  республика  басшысы  мені  сынға  алды.  Мен 

сонда  да  өз  көзқарасымда  қалдым.  Себебі  басқа  республикалардағы 

болып жатқан жағдайларды білетінмін. Ал бізде тілге көзқарас о баста 

дұрыс  қалыптаспады.  Біз  уақытша  саясатқа  байланысты  жалт  беріп 

кететін азаматтармен істес болдық. Көзі жетіп тұрса да турашылдыққа 

бармайтын ағайындарды да көрдік. Шындығын айтқанда, менің қорқатын 

ештеңем де болған жоқ. Себебі мен академик болған адаммын. Кешегі 

Ахмет Байтұрсыновтар заманында да осы мәселе тап осылай қойылған. 

Түптің түбінде келгенде ақтың отын ақымақ өшіре алмақ емес. Осынша 

қазақтың  ішінен  оның  тілінің  тағдырына  байланысты  бір  азаматтың 

табылмауы мен үшін үлкен намыс болатын еді. Мен ана тілі алдындағы 

перзенттік  борышымды  ақтадым.  Мені  кезінде  қорқытқандар  да  аз 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау