443
Ахмет Байтұрсынұлының беделін бет ке ұстап, біраз қарсыласып бақты,
енді біреулер «кирилицадан айырылсақ, кейінгі жарты ғасырлық рухани
етімізден айырылып, күніміз қараң болады!» деп, байбалам салып, жазу
жөніндегі әңгімені жан-жақтан үрлеп, қоздыра түсті.
Сонымен, латын жөніндегі негізгі әңгіме жайына қалды да, әсіреқызыл
сөзге әуес қауымның пәтуасыз әңгімелері жараспай, сиырқұймышақтанып
барып, ақыры тынды.
Осы арада өз басым кейбіреулердін соншама артық сөзге барып, ақтер,
көктер болып, қойылып отырған мә селенің түпкі мақсат-мүддесін түсіне
алмағандығына қайран қалғанымды жасыра алмаймын. Ал, ол мақсат-
мүддеміз біреу-ақ еді ғой:»Түркі дүниесінің жаңғыру дәуірінде ортақ латын
жазуына біртіндеп көшіп жатқан басты-басты (туыс елдермен (Түркия,
Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан т.б.) қатар егемен ел,
тәуелсіз мемлекет болған қазақтардың да латынды қабылдауы қажет пе,
жоқ па?»– деген бір-ақ сауалға жауап беру еді. Ал ол жауапты «қажеті
бар», не «қажеті жоқ» деген екі-ақ қысқа сөзбен қайтарып, әңгімені
тындыруға болатын да еді.
Жоқ, іс жүзінде олай болмай шықты. Әдеттегідей, делебеміз қозып,
«жазу ауыстырудың» қажет, не қажет еместігін шешудің орнына бес
жазудың (көне түркі, руналық жазу, араб жазуы, латын жа зуы, кириллица,
«жаңа жазу») бір-бірінен артық-кемін айтып,дай-дай болдық.
Дегенмен, айтылған пікірлерді салыстыра қарағанда латын жазуын
жақтаушылар көбірек болып шықты. Бір ғажабы: ана тіліміздің бүгіні
мен ертеңін болжамдап, бағыт-бағдарын айқындай білетін тіл мамандары
нақтылы ұсыныстан гөрі, сақтық жасап, жалтарыс-жалтақ тәсіліне тағы
көшті.
Көтерілген мәселеден нәтиже шықпай, уақыт өтіп жатты.
Міне, осы кезде, 1993 жылдың тамыз айында Түркияның астанасы
– Анкара қаласында латын жазуына байланысты дербес 6 түркі
мемлекеті (Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қазақстан, Түрікменстан,
Қырғызстан) өкілдері бас қосқан үлкен мәжіліс өткізілді. Қазақстаннан
барған үш өкілдің бірі болып мен де қатынасқан едім. Түркиялықтардың
бастамасымен ұйымдастырылған осы мәжілісте әрбір түркі тілінің өз
ерекшеліктеріне сай болашақ ортақ жазудың 34 әріптен тұратын әліпбиін
кең талқылап, келісе отырып қабылдаған болатынбыз. Бұл жоба бір
жылдан кейін, 1994 жылы тамызда, Түркияның Анталия қаласында өткен
жержүзілік түркологиялық құрылтайда бірауыздан қабылданған еді.
Міне, тағдырдың тәлкегімен арасы алыстап, бір кездегі ортақ
444
рухани мәдениеті тоқырай бастаған, тілі бір, діні бір, тегі бір түркі
туыстарымыздың рухын көтерген осынау бір бас қосудан кейін өзара
жақындасудың басты шарты ретінде қабылданған болашақ ортақ жазу
идеясы көпшіліктің көңілінен шыққан болатын. Бұлардың арасында
қазақстандықтар да (50 адам) болды. Әзірбайжан (ол латын ды 1991
жылы қабылдаған) мен Түрікмениядан (1993 жылы қабылдаған) соң көп
ұзамай, Өзбекстан Президенті И. Кәрімов (1993 ж.) өз жарлығымен өзбек
халқының да латынға біртіндеп көшуін жариялады. Қырғыз ағайындар
болса, арнайы құрылған мемлекеттік комиссия тарапынан дайындап
отырған латын жазуының жобасын әлі бекіте алмай отыр. Сұрастырып
көрсек, қазақ ағайындарына қарайлап, жалтақтайтын көрінеді. Ал қазақ
ағайындарының асықпайтыны, көп нәрседе көштің соңында жүретіні
белгілі ғой.
1993 жылы Анкарадағы мәжілістен қайтқаннан кейін жобасы
қабылданған 34 әріптен тұратын ортақ латын жазуы ның негізінде
қазақ тілі үшін дұрыс-ау деген алфавиттің жобасын жасап, мән-
жайын өзімше түсіндіріп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың атына ашық хат ретінде «Ана тілі» газетінде (1993 жылғы
30 желтоқсанда) мақала жариялаған едім. Содан бері, міне, табаны
күректей екі жылдың жүзі болыпты. «Судың да сұрауы бар» ғой, сұрау
салып қарасақ, Президентіміз мақала-хатты өз кезінде-ақ тәптіштеп
оқып шығып, кейбір әріптердін астын сызып, өз пікірін ескерте отырып,
сол уақыттағы лауазымды Үкімет адамдары Әбіш Кекілбаев пен Қуаныш
Сұлтановтарға мәселені қарауды тапсырған екен; осы арада олардың
жұмыстары ауысып кетті де, латын жазуы өз тағдырын күтіп қала берді.
Сол жатумен, міне, бүгінге дейін оған қозғау салынбады.
Алайда, «сабыр түбі – сары алтын» дегендей, көп күтсек те, енді,
міне, оқырман қауымға айтарлықтай жаңалық та жоқ емес. Әрине,
бұл тескентау түбінен көрінетін саңлау сияқты жаңалықтың нышаны
ғана. Тіл заңы жөнінде кейінгі кезде өткізген мәжілістерінің бірінде
Республика бас министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов
мырзаның латын жазуы туралы мәселені қарау үшін ҚР Ұлт саясаты
жөніндегі мемлекеттік комитетке (төрағасы – Г.В. Ким) арнайы комиссия
құру туралы тапсырма бергенінің куәгері болдық. Комитет қазір осы
мәселемен шұғылдануда.
Алайда, ендігі жерде мені тағы да алаңдатып отырған бір нәрсе бар
ол ұйымдастыру мәселесі: комиссияға кімдер қатыстырылар екен, олар
қандай принциппен таңдалмақшы т.т. Әлде бұрынғыдай біреуі – қойшы,
445
біреуі – жұмысшы, біреуі – зиялы, біреуі – басшы, біреуі – қазақ, біреуі –
орыс т.т. үйреншікті принцип бойынша ма, жоқ, «бұл іс ғылым мәселесі»
деп, біржолата ғалымдарға аудара салумен шешілмекші ме? Бұл жағы
маған белгісіз. Сондықтан да осыған орай, көңілдегі күдік пен күмәнді
айтпай тұра алмаймын. Менің өз басым: бүкіл түрік дүниесінде жаңа бір
сілкініске, жаңғыруға байланысты туған осынау бір өте батыл бірақ ізгі
идеяны мың түрлі себеп-сылтау айтып, жөргегінде тұншықтыруға жаны
құмар жандардың, кейбір желғабыз зиялылардың қолына түсіп, тәлкегіне
тап болып, ит талаған лақтай, берекесі кетіп, нәтижесіз тынбаса игі еді
деп тілеймін.
Осылайша күмәндануға себеп те жоқ емес. Басқа жұртты былай
қойғанда, тіпті ат төбеліндей тілші ғалымдарымыздың арасында бұл
мәселе жөнінде бірауыздылық әлі жоқ. Бір дөңгелек үстел басында отырып
алып, төрт-бес қаламдастарымыздың жақында ғана «Азаттық» радиосы
арқылы жер жүзіне жария қылған жазу туралы сөздерін тыңдағанда
Крыловтың «Аққу, шортан, шаян» мысалындағы кейіпкерлердің тірлігі
еріксіз есіңе түседі...
Иә, мәселенің байыбына бара бермейтін, түсінбейтін жұрттың жөні
басқа. Ал мұңдас, сырлас, қаламдас достарымыздың осыдан 4 жыл бұрын
күн тәртібіне қойылған латын жазуы туралы мәселенің түпкі мақсатын
осы күнге дейін дұрыс түсіне алмауы адамды қайран қалдырады.
Оу, ағайындар, естеріңізге салайық, қазақ тілі үшін алфа вит таңдау
мәселесі күн тәртібіне бұрын да, қазір де қойылған жоқ қой. Мәселе
«бүгінгі пайдаланып жүрген Кирилл әліппесін латын әліппесімен басқа
түркі халықтары сияқты алмастыру қазақтар үшін қажет пе, жоқ па?» деген
бір-ақ сұрақ жайында ғана болғандығын неге ұмытамыз? Ал мәселе солай
қойылған екен, «қажеті бар», не «қажеті жоқ» деп, қысқаша ғана жауап
берудің орнына соншама даурығуымызға жол болсын?! Қажет болған
жағдайда, бір ғана жазу (латын жазуы) туралы, оны қабылдаудың жолы,
жүйесі, тәртібі, мерзімі жөнінде кеңесудің, ақылдасудың орнына бес түрлі
жазуды өзара жарыстырып, таластырып, жанықтырудың қажеті бар ма еді?
Бұл – бір.
Екіншіден, кейбір азаматтардың латын жазуын қазақтардың
қабылдауын «түріктерге еліктеу», «саясаттың салдары» деп, сан-саққа
жүгіртіп, өзінше мансұқ етуіне қалай қарауға болады?
Алыстағыны былай қойғанда, жақын жылдарда Өзбекстан,
Қырғызстан, Түрікменстан сияқты елдерде латын жазуы жаппай
қолданысқа енгенде, сол елдерде жасайтын мыңдаған, миллиондаған
Достарыңызбен бөлісу: |