1.ҚАржылық ҚҰралдар есебі мен бағалануы және инвестициялар есебі



жүктеу 93,5 Kb.
бет1/2
Дата19.05.2020
өлшемі93,5 Kb.
#30507
  1   2
1 дәріс


1.ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ МЕН БАҒАЛАНУЫ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІ.
Қаржылық құралдар- кез-келген келісім-шарт нәтижесінде, бір компанияларда- қаржылық актив, ал екінші компанияларда- қаржылық міндеттеме немесе үлестік құрал ретінде туындайды.

Қаржылық актив төмендегідей болып табылатын кез-келген актив:

1. ақша қаражаттары;

2. басқа компаниялардан келісім – шарт құқығымен алынатын ақша қаражаттары немесе басқа да қаржылық активтер;

3. тиімді жағдайда басқа компаниялармен келісім шарт құқығымен алмастырылатын қаржылық құралдар;

4. басқа компанияның үлестік құралы.

Басқа компаниялардан келісім шарт құқығымен алынатын ақша қаражаттары немесе басқа да қаржылық активтер мысалы ретінде банктегі ақшалай депозит болып табылады. Ол салымшының банктен ақшаны алудағы келісім шарт құқығы болып табылады немесе салымшы несиеге алдындағы өзінің міндеттемесін жабу үшін депозитте жатқан сомаға чек жазып бере алады.

Қаржылық міндеттеме - келісім-шарт нәтижесінде төмендегідей болып табылатын кез келген міндеттеме:

1. басқа компанияға берілген ақша қаражаттары немесе басқа да қаржылық активтер;

2. тиімсіз жағдайда басқа компаниялармен қаржы құралдарын алмастыру.

Үлестік құрал - бұл компанияның барлық міндеттемелерін алып тастағаннан қалған активтерінің үлесіне құқығын айғақтайтын кез келген келісім. Үлестік құралдарға жәй акциялар, артықшылығы бар акциялардың кейбір түрлері, варранттар, опциондар жатады.

Шынайы құн - бір- бірінен тәуелді емес тараптардың келісімді жасау үшін активтерді алуға және міндеттемелерді жабуға қажетті ақша қаражаттарының сомасы.

Нарықтық құн - активті нарықта қаржылық құралдарды сатып алу немесе сату кезінде төленетін ақша қаражатының сомасы.

Қаржылық құралдар болады: алғашқы құралдар: яғни дебиторлық және кредиторлық қарыздар, үлестік бағалы қағаздар және де туынды құралдар: қаржылық опциондар, фьючерстік және форвордтық контракттар, пайыздық және валюталық своптар.

39 ХЕҚС –на сәйкес қаржылық құрал 4 категорияға бөлінеді:

1. Саудалық қаржылық құралдар;

2. Жабуға дейінгі ұсталынған қаржылық құрал- жабдықтар ;

3. Алынған және берілген қарыздар мен займдар;

4. Қолма- қол сатуға берілген қаржылық құралдар.

Саудалық қаржы салымы - бұл қаржылық активтерге салынған инвестициялар:

1. Пайда табу мақсатында активтердің нарықтық бағаларының қысқа мерзімді тербелулерінен немесе маржа түрінде өндіріледі;

2. Кәсіпорынның нарықтағы қысқа мерзімді спекуляцияға арналған, инвестициялық портфелінің құрамына кіреді.

Жабуға дейінгі ұсталынған қаржылық құралдар - бұл қаржылық салымдар:

1.не тіркелген белгілі табысы, не тіркелген жабу мерзімі бар;

2.басқа кәсіпорындарға берілген займ болып табылмайды;

3.белгіленген мерзімі келмейінше кәсіпорын сатуға құқылы емес.

Сондықтан бұл топқа тек қана ұзақ мерзімді қаржылық активтер, мысалы,облигация, вексель, талап ету құқығынан бас тарту нәтижесінен алынған берілген (дебиторлық) қарыздар.

Басқа кәсіпорынға берілген займдар- бұл келесідей қаржы салымдары:

1. кәсіпорында қызмет немесе тауар, ақша қаражаты нәтижесінде тікелей қарызданушыға туындайды;

2. тек келесі сатылым мақсаттарында алынбаған.

Займдар (дебиторлық қарыздар) өзге кәсіпорындарға берілетін займдар категорияларына жатпайтын жағдайда:

- кәсіпорын нарықтағы өзге кәсіпорынның қарыздарын иемденеді ;

- кәсіпорын өзге кәсіпорынның талаптарынан бас тарту қарыздарын иемденеді ;

- өзге кәсіпорынның қарыздар жиынтығының бір бөлігін иемденеді.

39 ҚЕХС-да енгізілген жаңа негізгі элементтер мыналардан тұрады:

- 39 ҚЕХС 32 ҚЕХС-ы секілді қаржылық активтерге (бағалы қағаздар,берілген займдар,актив болып табылатын туынды қаржылық құралдар) және қаржылық міндеттемелерге (дебиторлық қарыздар,алынған несиелер мен займдар, міндеттеме шектеулеріне жауап беретін туынды құралдар) таралады;

- қаржылық құралдардың белгіленген бір бөлігі нақты шынайы құнымен бағаланады;

- классқа бөлінген қаржылық құралдардың бөлімшелері бағалы қағаздардың классификасиясына сәйкес.

Улестік бағалы қағаздардағы инвестициялар есеп және есеп беру мақсатында үш үлкен категорияларға бөлінеді:

1. төлеуге дейінгі ұсталымдар: Кәсіпорын жинақтайтын немесе өтеуге дейін ұстай алатын улестік бағалы қағаздар.

2. саудалық : Қысқа мерзімді бағалар арасындағы айырмашылықтан жақын арада пайда табу мақсатында сатылып алынған немесе ұсталынып тұрған улестік бағалы қағаздар.

3. сатылымда барлар: Өтеуге дейін ұсталынған немесе сатылатын бағалы қағаздар ретінде классификасияланбайтын улестік бағалы қағаздар.

Үлестік бағалы қағаздардың осы категорияларын есептеу ерекшеліктерін қарастырайық.

Өтелуге дейінгі ұсталынып отырған улестік бағалы қағаздар амортизациялық құнмен бағаланады, бұл бағалы қағаздар бойынша қайта бағалау жүргізілмейді.

Амортизацияланған құн- бұл дисконт немесе сыйақы амортизация есебімен алынған құн.

Үлестік бағалы қағаздар өтелуге дейін ұсталынып отырған ретінде классификацияланбауы тиіс, егер шаруашылық субъект мыналарды иемденсе:

1.алдағы орындалатын істер (болжамдар),

2.өтеу мерзіміне дейін бұл бағалы қағаздарды ұстауға мүмүкіншілігі болса.

Үлестік бағалы қағаздарға облигиация мен вексельдер жатады.

Егер компания бағалы қағаздарды анықталмаған уақытқа дейін ұстап отыруды жоспарласа және белгілі бір себептерге байланысты бағалы қағаздарды сататын болса,онда бұл қағаздар өтелуге дейінгі ұсталынып отырған ретінде классификацияланбайды.

Жабылғанға дейінгі ұсталынатын бағалы қағаздар есебінің мысалын қарастырамыз.

2000 жылдың 1 қаңтарында “Балтимор” компаниясы “Асем” корпорациясының құны 50000 $ 8 %-дық облигациясын 47461$ төлеп алды. Облигацияның жабу мерзімі 2003 жылдың 1 қаңтарына келеді, пайыздарды төлеу әр 1 шілде мен 1 қаңтарда.

Жабылғанға дейінгі ұсталынатын бағалы қағаздар есебінің мысалын қарастырамыз.

2000 жылдың 1 қаңтарында «Балтимор» компаниясы «Асем» корпорациясының құны $50000 8%-дық облигациясын $47461 төлеп алды. Облигацияның жабу мерзімі 2003 жылдың 1 қаңтарына келеді, пайыздарды төлеу әр1 шілде мен 1 қаңтарда. $2539 мөлшеріндегі жеңілдік 10% көлемінде пайыздық пайда әкелді.

Егер пайыздарды төлеу жылына екі рет жасалса, онда кезең саны тең болады 3жыл*2=6, ал пайыздық ставка 10%/2=5%

Негізгі соманың ағымдағы құны 50000*0,7462 (6 пер, 5%) 37310

Пайыздың ағымдағы құны 2000 *5,0757 (6, 5%) 10151

Облигацияның ағымдағы құны $47461

Жеңілдіктер 50000-47461 $2539

2000 жылдың 1 қаңтарындағы инвестицияны көрсету проводкасы келесідей:

Жабылғанға дейінгі ұсталынатын бағалы қағаздар 47461

Ақша құралдары 47461

Жеңілдіктер 2000-2003 үш жыл аралығында әр кезеңде көрсетілген пайыздық пайдаға өтелуі тиіс. Әр жылы есептен шығарылатын жеңілдіктер көлемін анықтау үшін, амортизациялық кестені құраймыз.

Облигациялар бойынша пайыздық пайда мен жеңілдіктер амортизациясы – тиімді пайыздар әдісі.



1.1.-кесте. 8% -дық сатып алынған облигация 10% береді.


Мерзімі

Алынған ақша қаражаттары

Пайыздық пайда

Облигациялар бойынша жеңілдіктер

Облигацияның баланстық құны

1.1.00













1.7.00

2000(1)

2473(2)

373(3)

$47461

1.1.01

2000

2392

392

47834(4)

1.7.01

2000

2411

411

48226

1.1.02

2000

2432

432

48637

1.7.02

2000

2453

453

49069

1.1.03

2000

2478

478

49522




$12000

$14539

$2539

50000



  1. 50000*4 %=2000, вексель бойынша жылдық пайыздық ставка 8% , пайыздарды төлеу жылына 2 рет, онда 8%/2=4%

  2. Алдыңғы жылдың соңғы баланстық құны алынады және тиімді нарықтық ставкаға көбейтіледі.

47461*5%=$2373

  1. Жеңілдіктер амортизациясы = Пайыздық пайда – Алынған ақша қаражаттары

2373-2000=$373

  1. Кезең соңындағы баланстық құны = Алдыңғы жылдың баланстық құны+Жеңілдіктер амортизациясы

47461+373=$47834
Есепте келесідей проводкалар жүргізіледі:

  1. 2000 жылдың 1 шілдесінде пайыздарды алу.

Ақша қаражаттары 2000

Жабылғанға дейінгі ұсталынатын бағалы қағаздар 373

Пайыздар бойынша табыс 2373


  1. “Балтимор” компаниясы күнтізбелік жыл негізінде есеп жүргізеді, ол 2000 жылдың 31 желтоқсаны жағдайында пайыздарды есептейді және жеңілдіктерді амортизациялайды.Яғни, сәйкестілік қағидасына сәйкес компания есепті жылдың соңында табыстар мен шығыстарды тануы тиіс.біздің жағдайымызда, бұл пайыздар бойынша табыстар, оларды компания есептейді, яғни таниды, бірақ оларды 2001 жылдың 1 қаңтарында алады.

Алынуға тиіс пайыздар 2000

Жабылғанға дейінгі ұсталынатын бағалы 392

Пайыздар бойынша табыс 2392


  1. 2001 жылдың 1 қаңтарында пайыздарды алуға келесідей проводка жүргізіледі

Ақша қаражаттары 2000

Алынуға тиіс пайыздар 2000


2000 жылдың 1 қаңтарындағы баланстық есеп беруінде “Балтимор” компаниясы “Асем” компаниясының облигацияларына салынған оның инвестицияларымен байланысты келесідей баптарды көрсетеді.


жүктеу 93,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау