Хром ангидридін өндіру. Жоғарыда түзілген концентрленген монохромат ерітіндісі хром ангидридін өндіргенде бастапқы шикізат болып табылады 1.6 суретте өндіру жолы, 1.7 суретте CrO3 өндірісінің апаратуралы-технологиялық схемасы келтірілген. Өндіру кезеңі: Na2Cr2O7 ерітіндісін концентрлеу, Na2Cr2O7 күкірт қышқылымен ыдырату, NaНSO4-нан хром ангидридін тұндыру және бөлу, CrO3 өнімін алу, шығарынды газдарды тазарту, хроматты ерітіндіні биосульфатпен травилдеу және Na2Cr2O7 ерітіндісін мөлдірлеу.
Хром ангидридін өндірген кезде түзілген хром сульфатының ерімейтін қышқыл тұнбалары қоршаған ортаны ластайтын заттек болып табылады. Ол репульпацияланғаннан кейін тұндырғыш тоғанға жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |