№122 жалпы орта мектебі



жүктеу 484,39 Kb.
бет2/2
Дата27.02.2018
өлшемі484,39 Kb.
#10791
түріСабақ
1   2
Кеңейтілген іздеу.

Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек. Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады.



Құрылған суретті немеме құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекет орындалады:





Ақпарат тасымалдаушылар

Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл - бүл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады. Сыртқы жад - бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш жөне компакт-диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет.



Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принципі бойынша — магнитті, магнитті-оптикалық, оптикалық болады. Соңғы уақытта ІВМ типті Реntium ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу-оқу әдістерін қолданады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге (хард-диск) кіретін қаткыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді жатқызуға болады.

Сыртқы жад — бұл компьютерді өшіріеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад.

Иілгіш диск (дискет) - табақша пішінді, бетінде қабыршық түрінде магниттік қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластмассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тік төртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу - оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бас тиектің жылжитын орны пластмасса қабықша ашық болады. Дискеттің негізгі параметрі - оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар - ол диаметрі 3,5 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 мм болады.

Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, қазір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін катты дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек. 3,5 дискетте 1,44 Мб көлемде мәліметтер жазылады. Мәлімет жазылатын дискеттінен жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады. Дискеттер қатты пластмас корапта орналасады, сол себепті олар әрі үзақ, әрі сыйымдығы сенімді қызмет атқарады, Соңғы шығын жатқан дискіқозғағыштарда 3,5 дюймдық дискеттер ғана қолданынады.

3,5 дюймдық дискеттерде ойықтың үстінде жылжымалы ілгек бар. Оны жоғары-төмен қозғай отырып мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады.

Дискетті форматтау (белгі салу). Дискетті алғашқы рет пайдалану алдында оны әртүрлі тәсілмен тармақтайды, яғни беттеріне белгі салады. Форматтау операциялык жүйе командасымен жүргізіледі.

ҚАТТЫ ДИСК - (винчестер) деректер мен бағдарламаларды ұзақ уакыт сактау үшін қолданылады. Негізінен ол бір оське орналасқан дискілер тобынан тұрады. магниттік қабатпен жабылып, жоғары жылдамдықпен айналым жасайды. Сондықтан оның құрамы 2 п беттен түрады. Мұндағы п - топқа кіретін дискілер саны.

Қатты дискідегі мәлімет жинақтаушылар (винчестер) ақпаратты тұрақта сактауға арналған. РС- де қатқыл дискінің мәлімет сыйымдылығы 20-40Гбайт , Реntium -10-80 Гб дейін болады.

Қатты диск орнынан алынбайды, корпуста жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дискіге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады, иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан ла оны пайдалану өте ыңғайлы.

Компакт-диск - бұл металмен қапталган оптикалық диск, оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 640 Мб ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы жоқ. Компакт-дискілер арнайы орауышта сақталады.



Flesh-жадының -    64Мб – 64Гб    Механикалық зақым, вирус, соққылар,т.б.    Өзге компьютерге ақпарат тасымалдау, программалар мен ақпараттардың кітапханасы


Оптикалық диск
Компакт дискілерге CD-R, CD-RW, DVD-R, DVD-RW жатады. Компакт дискілерге арналған дискіжетектер ішкі және сыртқы болады. Дискіжетектің жылдамдығын белгілеу үшін, әдетте дискіжетек дискіні аудиокомпакт дискілерге арналған дискіжетектен қанша есе жылдам айналдыратынын нұсқайды. Мысалы, дара жылдамдықты дискіжетектер 150Кб/с оқу жылдамдығын, ал екі еселік жылдамдықты дискіжетек-300Кб/с, төрт еселік жылдамдықты-600Кб/с жуық жылдамдықты қамтамасыз етеді. Компакт дискідегі ақпаратқа қатынау уақыты 0,6-0,1 с дейін, әдетте ол 0,2-0,3 с болады. Лазерлік дискілерді қолдану – ол ең алдымен ақпаратты берудің жаңа жолын табу, әсіресе бұл әр түрлі анықтамаларға, сөздіктерге энциклопедияларға қатысты. Компакт дискілерді лазердің көмегімен ойнатуға болады.

Енді балалар, адамның және компьютердің сыртқы жады туралы айтып өтейік.


1.    Адам ақпаратты қайда сақтайды? (Миында),  иә аса қажетті ақпараттарды адам миында сақтайды, ал компьютер? (қатқыл дискіге).
2.    Адам аса қажет емес ақпараттарды қайда сақтайды? (қағазға жазыу арқылы), иә, дұрыс, ал компьютер? (флоппи, компакт, флешкада).

Компьютерде жұмыс: Flesh-жадымен жұмыс

Бәріміз қолымызға Flesh-жадыны аламыз.Flesh-жадыны компьютерге қосу үшін жүйелік блоктың алдынғы жағында орналасқан орнына орналастырамыз. Flesh-жадыны көру үшін Мой компьютер бумасын ашамыз. Flesh-жадыңыздың атауы Съемный диск F, D, J т.б аттармен сақталуы мүмкін. Flesh-жадыңыздың атын өзгерту үшін Flesh-жадының үстіне тышқанның бірінші сол жағын содан соң оң жағын басамыз. Ашылған мәзірден Переименовать командасын таңдаймыз. Съемный диск атын өшіріп қалауыңызша ат жазамыз.Flesh-жадыңыздың сипатын (Свойства) білілу үшін Flesh-жадының үстіне тышқанның бірінші сол жағын содан соң оң жағын басамыз. Ашылған мәзірден Свойства командасын таңдаймыз. Свойства терезесі ашылады, терезеден бос емес (Занято) орынды және бос орынды (Свободно) көруімізге болады. Flesh-жадыңыздың тазарту үшін (форматтау) Flesh-жадының үстіне тышқанның бірінші сол жағын содан соң оң жағын басамыз. Ашылған мәзірден Форматировать командасын таңдаймыз. Формат терезесі ашылады, терезедегі Быстрое (очистка оглавления) командасын таңдаймыз. Flesh-жадыңыз тазарады.



V. Жолбекет (Жаңа тақырыпты қорытындылау) 5 мин.

2 топқа 5 сұрақтан қойылады.

Тест сұрақтары:
1. Бумадағы құжат файлын тез іздеу үшін не істеу керек?

А) Буманың терезесінде Д әрпі бар пернені басу керек.
Б) Буманың терезесінде бір мезгілде Shift және Д пернелерін басу керек.
В) Нысанның атауындағы бірінші әрібі бар пернені басу керек.
2. Егер буманың терезесінде бір әріптен басталатын бірнеше файл болса, онда келесі файлға өту үшін:
А) Іздеуді бірнеше рет шақырамыз
Б) Нысан атының бірінші әріпі бар пернені қажетті файл ерекшеленгенше басамыз.
В) Бос орын пернесін басамыз.

3. Файлды сол атпен қайта сақтау үшін қандай пернені таңдау керек?

А) Қалай сақтау

Б) Қайтадан сақтау

В) Сақтау



4. Файлды жаңа атпен сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?

А) Қалай сақтау

Б) Қайтадан сақтау

В) Сақтау



5. Магниттік дискілерге қандай дискілер жатады?

А) Қатты дискілер (винчестер)

Б) Иілгіш дискілер (дискета)

В) Екеуі де жатады



6. Оптикалық дискілерге қандай дискілер жатады?

А) CD-R, CD-RW дискілер, DVD дискілер

Б) Қатты дискілер (винчестер)

В) Иілгіш дискілер (дискета)



7. Ctrl+О пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?
А) Қалай сақтау
Б) Ашу
В) Сақтау
8. Ctrl+S пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?
А) Қалай сақтау
Б) Ашу
В) Сақтау
9. Кеңейтілген іздеуді орындау үшін қай терезені пайдаланамыз?
А) Бас мәзірдің іздеу терезесін
Б) Буманың іздеу терезесін
В) Жарлықтың іздеу терезесін
10. Ақпаратты тасымалдау кұралдары:
А) Машина, велосипед
Ә) Жүк көлігі, кеме
Б) Магниттік дискілер, оптикалық дискілер, Флеш жады

VI. Үйге тапсырма: § 13. Тақырыпты оқу. Тақырып бойынша сөзжұмбақ, ребус құрастыру.

VI. Жету (соңы), (Бағалау. Үйге тапсырма беру. Смайликтер) 3 мин
5” – 6,7 смайлик

4” - 3-6 смайлик

3” - 1-2 смайлик

2” - 0 смайлик


Топ бойынша: Берілген үлкен смайликтер қай топта басымырақ болса, сол топ мәреге жетті!
жүктеу 484,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау