12-МОДУЛЬ.
3-ТАҚЫРЫП. ТАҒАЙЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ШЫНЫ
ЫДЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ. ӘР ТҮРЛІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕРДЕ
ШЫНЫМЕН СТОЛ БЕЗЕНДІРУ.
Шыны ыдыстар әртүрлі салқын тағамдарды және салқындатылған
сусындарды беру үшін қолданылады. Шыны ыдыстарды және рюмкалардың
түрін, формасын және түсін таңдау оларға салынатын немесе ол ыдыстармен
ұсынылатын тағамдар мен сусындардың сипаттамасына тығыз байланысты.
Рюмкалардың келесідей түрлері болады:
Типі бойынша:
-
Биік аяқты рюмкалар «люкс», жоғары және бірінші деңгейлі
өндірістерде болуы тиіс;
-
Қысқа аяқты рюмкалар төмен класты өндірістерде қолданылады;
-
Рюмка-бокалдар – биік цилиндрлі бокалдар;
-
Қалың шыныдан жасалған рюмкалар төмен класты өндірісте
салқындатылған сусындарды ұсыну үшін қолданылады.