12 блоктар мен атрибуттар



жүктеу 312 Kb.
бет2/3
Дата25.01.2020
өлшемі312 Kb.
#27268
1   2   3

Retain (Оставить-Қалдыру) – бастапқы объектілер экранда да сызбаның мәліметтер базасында да сақталады (бастапқы объектілер блокқа біріктірілмейді).

  • Convert to block (Преобразовать в блок-Блокқа өзгерту) – бастапқы объектілер блокқа өзгертіледі және экранда да, сызба мәліметтер базасында да сақталады. Бұл қосқыш үнсіздік бойынша орнатылған.

  • Delete (Удалить-Жою) – Бастапқы объектілер экраннан жойылады, сызба мәліметтер базасында сақталады.

    • Единицы блока-Блок бірліктері тізімінде блок қою кезінде қолдануға жоспарланған өлшем бірліктерді таңдаңыз. Егер өлшем бірліктері аса маңызды емес болса, онда тізімнен Безразмерные-Өлшемсіз мәнін таңдаңыз.

    • Қояр алдында блок үнемі X и Y осьтері бойынша бірдей коэффициентпен масштабталуы қажет болса, онда Одинаковый масштаб жолына жалаушаны жағыңыз, ол үнсіздік бойынша алынып тасталған.

    • Разрешить расчленение-Бөлшектеуге рұқсат, жолына жалаушаны қоссақ, онда блокты қойған соң оны жекелеген объектілерге бөлуге болады. Үнсіздік бойынша бұл жалауша орнатылған.

    • Қаласаңыз, блок сипаттамасына оның түсіндірмесін қосуға болады. Ол кейіннен дизайн-центрмен жұмыста қолданылады.

    • Сызбаға қайта оралу үшін Ok пернесіне шертіңіз.

    Блок анықтамасы сызба мәліметтер базасына сақталады және оны ағымдағы сызбамен жұмыс барысының аяғына дейін қолдана аласыз. Сызба жабылған соң блоктардың барлық анықтамалары мәліметтер базасынан жойылады.
    10.1.1 Блоктарды файл ретінде сақтау
    Көптеген пайдаланушылар типтік блоктары бар жеке файлдар жасағылары келеді, өйткені мұндай файлдармен жұмыс істеу жеңіл. Осындай тәсілмен бірнеше мәрте қолдануға болатын, кез келген сызбаға кез келген уақытта қойылатын типтік тетікбөлшектер немесе символдар кітапханасы жасалады. Блоктар кітапханалары – сызба эффективтілігін көтерудің таптырмайтын құралы.

    Блокты файл ретінде сақтау үшін, бірқатар операцияларды орындау қажет.



    • Команда жолына: _wblock (Пблок) командасын енгізіңіз. Бұл команда блокты қатты дискіге жеке файл ретінде жазуға арналған.

    • Сурет 10.2 – де көрсетілгендей Write Block (Запись блока-Блокты жазу) сұхбаттық терезе ашылады.




    • Мәліметтер қайнар көзі тобынан жаңа файл жасаудың тәсілін таңдаңыз.

    1. Блок – егер сызбада блок жасалған болса, оны жеке файл ретінде сақтау ғана қалады. Ашылған тізімнен блок таңдаңыз.

    2. Барлық сызба жеке файл түрінде толық сызбаны сақтайды.

    3. Объекты-Объектілер – блокты жасау енді ғана ойластырылған жағдайда ауыстырғыш орнатылады.

    Сурет 10.2 – Write Block сұхбаттық терезесі





    • Имя файла и путь-Файл аты және жолы жолында сіз жасаған файл маршруты мен атын енгізіңіз. Үш нүктелі перне Поиск файла чертежа-Сызба файлын табу сұхбаттық терезесінен қажетті файлды таңдауға мүмкіндік береді.

    • Единицы измерения для вставки-Қоюға арналған өлшем бірліктері жолынан қажетін таңдаңыз.

        • Сызбаға қайта оралу үшін Ok пернесіне шертіңіз.


    10.2 Блоктар мен файлдарды сызбаларға қою

    Сызбада анықталған блоктар да, жеке файлдарға жазылған блоктар да бір тәсілмен қойылады. Орналастыру орны таңдалғаннан соң, блок өлшемін және ориентациясын өзгертуге болады. Бұл мүмкіндік әсіресе тетікбөлшектер кітапханасы үшін таптырмайды. Тетікбөлшектер бір түйін өлшемімен жасалуы мүмкін, ары қарай қажет болған жағдайда масштабталады, және басқа бағыт ала алады. сурет 10.3 –те әртүрлі масштабты, әртүрлі бұрылу бұрышы бар қойылған терезе блогы көрсетілген.

    Сурет 10.3 – Әртүрлі масштабты және

    әртүрлі бұрылу бұрышы бар

    қойылған терезелік блок


    Блок немесе файлды қою үшін мына әрекеттерді жасау керек:

    • - Вставить блок-Блокты қою деген Сызу инструменттер панеліндегі пернеге басыңыз. Insert (Вставка-Қою) сурет 10.4-те көрсетілгендей сұхбаттық терезе ашылады.

    • Блокты мына екі тәсілдің бірімен қоюға болады:




    1. ағымдағы сызбада анықталған блокты қою үшін, Имя-Аты тізімін ашыңыз, сол жерден жарамды атты таңдаңыз;

    2. файлды қою үшін, пернесіне шертіңіз, Выбор файла чертежа – Сызба файлын таңдау сұхбаттық терезесі ашылады. Диск және каталогты көрсетіңіз, содан кейін файлды ерекшелеңіз. Открыть-Ашу пернесіне шертіңіз. Файлдың маршруты шығарылады.


    Сурет 10.4 – Insert сұхбаттық терезесі


    • Қою нүктесі, Масштаб, Бұру топтарында Указать на экране-Экранда көрсету – атты жолдарда жалаушаларды қосып немесе өшіріп қойыңыздар. Содан кейін сұхбаттық терезеде сұралған ақпаратты енгізіңіз.

    • Егер блокты тұтас блок түрінде емес, жекелеген объектілер түрінде қою керек болса, онда Расчленить-Бөлшектеу- ге жалауша қоямыз.

    • Insert сұхбаттық терезесін жабу үшін, Ok пернесіне шерту керек.

    Бағдарламаға қажетті ақпарат толық бере салысымен, блок немесе файлды сызбадағы өз орнына қояды.

    Осьтердің біреуіне тиісті масштабтаудың теріс коэффициенті блок немесе файлдың айнадағы бейнесін береді. Егер Х осі үшін масштабтау коэффициенті теріс болса, онда блоктың Y осіне қатысты айналық бейнесі шығады. Ал, Y осі үшін масштабтау коэффициенті теріс болса, онда блоктың X осіне қатысты айналық бейнесі шығады. Масштабтаудың оң және теріс коэффициенттерін және бұрыштарын үйлестіре келе, блоктың қажетті конфигурациясын алуға болады.
    10.3 Блоктарды редакциялау
    Блоктар әжептәуір күрделі объект болуы мүмкін. Сызбамен жұмыс істей отырып, блок компоненттерін қосып, алып тастап немесе өзгертуге тура келеді.

    Блокты редакциялау режиміне екі рет шерту арқылы өту тәсілін қарастырамыз.



    Егер блокқа екі рет шертсек, Edit Block Definition (Редактирование описания блока-Блок сипаттамасын редакциялау) (сурет 10.5)сұхбаттық терезесі ашылады.



    жүктеу 312 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау