10-дәріс. Етістік, етістіктің грамматикалық категориялары. Түркі тілдері мен қазақ тіліндегі етіс категориясының зерттелуі



жүктеу 27,18 Kb.
бет1/4
Дата13.05.2022
өлшемі27,18 Kb.
#38523
  1   2   3   4
10-дәріс


10-дәріс. Етістік, етістіктің грамматикалық категориялары. Түркі тілдері мен қазақ тіліндегі етіс категориясының зерттелуі

Түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде ғалымдар назарын аудартып, көптеген талас тудырып жүрген мәселенің бірі – етіс категориясы. Ғасырдан астам уақыт бойы сөз болғанмен, бұл мәселе төңірегінде әлі де шешіле қоймаған түйткілдер баршылық.

Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі зерттеушілер етісті бірде етістік, бірде форма, формация, бірде вид деп түрліше атаған. П.М.Мелиоранский, М.Терентьев грамматикаларында ғана етіс түрлері «залог» деп аталған:


А.Казембек 1839

Н.И.Ильмин-ский 1860

Грамматика алтайского языка, 1869

П.М.Мелио-ранский 1894, 1897

Граммати-

ка киргиз

ского языка,

1897


М.Терен-

тьев 1875



глагол возвратный

возвратный формация

возвратный видщ

возвратный залог

возвратный залог

возврат. залог

глагол страдат.

страдательна формация

страдат. вид

страдат. залог

страдат. залог

страдат. залог

взаимный глагол

взаимная формация

взаимный вид

взаимный залог

взаимный залог

взаим. залог

глагол принужд.

понудительная формация

понудит. вид

понудит. залог

понудител. залог

понудит. залог

отрицат. залог

отрицат. формация





отрицат. залог

отрицат. залог



уменшит. форма: -ыңқыра/

-іңкіре


усилит. вид:

-қыла/


-кіле



усилител. форм:

-ңқыра,


-мсыра











дейсвтвит. залог











средний залог


Етістіктің бұл түрін етіс деп танымай, оның орнына форма, негіз, етістік сияқты атауларды қолдану Н.П.Дыренкова, А.Н.Кононов, В.Е.Егоров, Ж.Дени, Рясянен т.б. еңбектерінде де өріс алды.

Бүкіл түркологияда етіс категориясының бар-жоқтығы 1957 жылға дейін дау туғызып келсе, Қ.Кемеңгерұлы өзіне дейінгі зерттеушілердің еңбегін сараптай отырып, тіл табиғатын терең түсінген білгір лингвист ретінде 20-жылдардың өзінде-ақ етіс категориясының қазақ тіліне тән екенін ашып айтып кеткен.

Ғалым бұл категорияны «етіс» («залог») деп дұрыс танумен қатар оның түрін, көрсеткіштерін де нақтылап көрсетіп берген. Сонымен қатар М.А.Казем-Бек, Н.И.Ильминский, М.Терентьев, П.М.Мелиоранский еңбектерінде етістің бір түрі ретінде берілген «отрицательный залогты» Қ.Кемеңгерұлы етіс қатарына қоспайды.

Бүгінгі таңда да етістіктің бұл түрі болымсыздық категория ретінде танылып, етістен бөлек қарастырылып жүр. Сол сияқты Н.И.Ильминский еңбектерінде «уменьшительная форма», «Грамматика киргизского языка» деген кітапта «усилительный залог» көрсеткіштері ретінде танылған -ңқыра/-ңкіре жұрнақтарын да Қ.Кемеңгерұлы етіс категориясына қоспайды.
Казем-Бек‚ «Грамматика алтайского языка», М.Терентьев еңбектерінде – 5; Н.И.Ильминскийде – 6; «Грамматика киргизского языка» деген кітапта 8 түрлі етіс көрсетілсе, Қ.Кемеңгерұлы етістің 6 түрін көрсетеді. Олар: салт (средний), сабақты (действительный), өздік (возвратный), ырықсыз (страдательный), ортақ (взаимный), беделді (понудительный) етіс.

Ғалымның етістерді топтастыруы П.М.Мелиоранскийдің жіктеуіне ұқсас. Бұл классификация бүгінгі таңдағы етістерді топтастыру үрдісіне біршама жақын.

Қ.Кемеңгерұлының етісті топтастыруында өзінің рухани ұстазы А.Байтұрсынұлы жіктеуімен ұқсас келетін тұстары да, ерекшеліктері де баршылық:


А.Байтұрсынұлы

Қ.Кемеңгерұлы

1. өздік: -ын/-ін

2. ырықсыз: -л

3. ортақ: -ыс/-іс

4. салт


5. сабақты

6. беделді: -дыр

7. өзгелік: -ғыз

8. шығыс: -стыр

9. өсіңкі: -қыла

10. дүркінді: -ңқыра



1. өздік (возвратный): -ын/-ін

2. ырықсыз: (страдательный): -ыл/-іл

3. ортақ (взаимный): -ыс/-іс


4. салт (средныий)

5. сабақты етіс -ыт/-іт, -ыр/-ір, -дыр/-дір, -қыз/-кіз

6. беделді етіс: -ыт/-іт, -ыр/-ір, -дыр/-дір, -қыз/-кіз


прогрессивный вид: -қыла/-кіле

многократный вид: -ңқыра/-ңкіре



Салт, сабақты, өздік, ырықсыз, ортақ етістерді екі ғалым да бірдей таныған. А.Байтұрсынұлы жіктеуіндегі беделді етіс, өзгелік етіс, шағыс етістерді Қ.Кемеңгерұлы жинақтап, беделді етіс түрінде берген. «Оқу құралында» -ыт/-іт‚ -ыр/-ір‚ -қыз‚ -тыр т.с.с. жұрнақтардың сөздің соңғы дыбысына қарай ауысып отыратынын, алайда олар сөзге бірдей мағына үстейтінін көрсетеді.

Сол сияқты өсіңкі, дүркінді етістерді етіс категориясына қоспаған. Сондықтан А.Байтұрсынұлы етістің 10 түрін көрсетсе, Қ.Кемеңгерұлы

6 түрін ғана көрсетеді. А.Байтұрсынұлы әр етіс түрін даралап, әрқайсысының көрсеткіштерін көрсетіп, оған өзінше ат беруге тырысса, Қ.Кемеңгерұлы оларды мағыналық, тұлғалық ұқсастықтарына байланысты басын біріктіріп, жинақтауға ұмтылған.

Қ.Кемеңгерұлының «Оқу құралы» орыс топтарына қазақ тілін үйрететін еңбек болғандықтан, кітаптағы етіс атауларының бәрі орысша берілген: возвратный, страдательный, взаимный, действительный, средний, понудительный залог.

Алайда «Қазақ тілі грамматикасында» орысша атаулардың қасына қазақ тіліндегі баламасын ұсынуда А.Байтұрсынұлы ұстанған атауларды пайдаланады. Тіпті етіс ретінде танымай, вид (сыпат) деп көрсеткен «многократный вид», «прогрессивный вид» деген атаулардың баламасын беруде де А.Байтұрсынұлы терминдерін сол күйінде (өсіңкі етіс, дүркінді етіс) пайдаланады. Оның себебі – А.Байтұрсынұлы терминдері ол кезде көпшілікке әбден танылған, орныққан терминдер болды да, оқушының материалды тез игеріп, меңгеріп алуы үшін әрі түсіндіріп отырған нәрсесі «көктен түспеген», тілімізде бұрыннан бар нәрселерді енді басқаша танытып, көрсетіп отырғанын білдіру үшін Қ.Кемеңгерұлы аталған терминдерді әдейі қолданған деп ойлаймыз.

Қ.Кемеңгерұлы алғашқылардың бірі болып беделді етістің өзіндік ерекшелігін түсінген. Ғалым -ыт/-іт‚ -қыз‚ -тыр‚ -ыр/-ір жұрнақтары салт етіске жалғанса, беделді етіс емес, сабақты етіс жасалатынын, ал беделді етіс болуы үшін аталған қосымшалар сабақты етістіктерге жалғануы керектігін айтады. Сонымен қатар Қ.Кемеңгерұлы беделді етіс болу үшін тура толықтауышпен қатар жанама толықтауыштың да болуы шарт екенін ескертеді. Ғалым сындыр, отырғыз сияқты сабақты етістер мен сындырт, жүргіздір, қаздыр, сұрат секілді беделді етістерді салыстыра отырып, көрсеткіштері бір болғанмен, олар түрлі етіске жататынын айтады. Сонда, Қ.Кемеңгерұлының түсіндіруінше, тура толықтауышты ғана қажет ететін, салт етістерге -ыт/-іт, -тыр, -қыз, -ыр/-ір жұрнақтары жалғану арқылы жасалған етіс түрі – сабақты етіс те, сабақты етіске (негізгі, туынды) аталған қосымшалар үстеліп, сөйлемде тура толықтауышпен (прямое дополнение – Қ.К.) қатар барыс септікті жанама толықтауыштың (косвенное дополнение – Қ.К.) да болуын қажет ететін етіс түрі беделді етіс болуы керек. Ендеше, сабақты етіс етіске тән өзіндік мағынасы мен арнаулы көрсеткіштері болуына байланысты етіс категориясынан өз орнын алуы керек сияқты. Ал сабақты етіс етіс ретінде танылатын болса, онымен оппозиция құрайтын, яғни тура толықтауышты (объектіні) керек етпейтін салт етіс те осы категория шеңберінде қарастырылуы қажет тәрізді. Олай болса, түркологияда неше жылдар бойы талас тудырып жүрген негізгі етістің орнына А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлдарының жолымен салт, сабақты етістерді етіс қатарында тануға әбден болатын сияқты.

Қ.Кемеңгерұлы етіс жұрнақтарының салт етісті сабақты етіске айналдыра алатынын айтып, «Қазақша-орысша тілмашта» етістерді жеке реестр ретінде бергенмен, етіс қосымшаларын сөз тудырушы жұрнақтар қатарында танымайды.

Қ.Кемеңгерұлынан кейінгі зерттеушілер, негізінен, ғалымның топтастыруын басшылыққа алғанын байқаймыз. Мәселен, Қ.Жұбанұлының етістерді жіктеуі Қ.Кемеңгерұлы еңбектерімен сабақтас. Екі ғалымда да сабақты, салт, өздік, ортақ, ырықсыз етістердің берілуі бірдей. Көрсеткіштері ұқсас болғанмен, «понудительный залог» Қ.Кемеңгерұлында «беделді етіс» деп аталса, Қ.Жұбанұлында «өзгелік етіс» делінген:



Қ.Кемеңгерұлы

Қ.Жұбанов

сабақты етіс

салт етіс

өздік етіс

ортақ етіс

ырықсыз етіс

өзгелік етіс: -тыр/-тір, -қыз/-кіз, -ыт/-іт, -ыр/-ір



сабақты етіс

салт етіс

өздік етіс

ортақ етіс

ырықсыз етіс

өзгелік етіс: -тыр/-тір, -қыз/-кіз, -ыт/-іт, -ыр/-ір

өсіңкі етіс: -ңқыра/-ңкіре


прогресивный вид (өсіңкі етіс):

-ңқыра/-ңкіре



Қ.Жұбанов беделді, өзгелік етістерді топтастырып беру себебін былайша түсіндіреді: «Бұрынғы өзгелік етіс пен беделді етісті екеуін бір қостық. Үйткені екеуі де – өзге біреу арқылы істелетін іс. Өзге біреуге беделіңді саласың ба, қорқытасың ба – бәрібір. Тіл мұнысын айырмайды» [Қ.Жұбанов, 381].

Сол сияқты «Қазақ тілі грамматикасында» вид (сыпат) түрінде берілген -ңқыра/-ңкіре жұрнақтарын Қ.Жұбанұлы өсіңкі етіс көрсеткіші ретінде береді. Ал -қыла/-кіле деген «многократный вид» түрін етістік түбірінің бәріне бірдей жалғана алмай, бірді-екілі түбірде ғана кездесетіндіктен, Қ.Жұбанов оны етіс қатарына қоспайды.

А.Байтұрсынұлы жіктеуіндегі беделді етіс, өзгелік етіс, шағыс етістерді топтастырып, бір етіс түрінде беру, дүркінді етісті (многократный вид) етіс қатарына қоспау жағынан келгенде, Қ.Кемеңгерұлы мен Қ.Жұбанов еңбектері өзара ұқсас. Қ.Жұбанов өсіңкі етісті етіс қатарына шартты түрде қосып отырғанын айта келіп, былай дейді: «Өсіңкі етіс мағынасы жағынан етіс емес, сонда да құрылысы жағынан (етіс үстеулері сияқты мұның үстеуі түбір мен -ма-ның аралығына тығылатын болғандықтан) етіске ұқсас болғандықтан, жетінші етіске мұны да санадық».

Алайда былайша қарастыратын болсақ, дүркінді етіс қосымшалары да етістік түбірі мен болымсыздық жұрнағының арасына кіре алады: атыңқырама – атқылама, созыңқырама – созғылама, тебіңкіреме – тепкілеме т.б. Ендеше, бұл арада өсіңкі етіс пен дүркінді етіс бөлек қарастыруға көнбейтін сияқты. Қ.Кемеңгерұлы өсіңкі етісті де, дүркінді етісті де етістер қатарына қоспай, вид (сыпат) категориясына жатқызады.

Қ.Жұбанов 1929 жылы 2-4 маусымда Қызылорда қаласында өткен ғылыми-орфографиялық конференцияда сөйлеген сөзінде туыс жүйелі емленің (морфологический принцип) қазақ тілінің табиғатына сәйкес келмейтінін айта келіп, Қ.Кемеңгерұлының «Грамматика казакского языка» деген еңбегіне сүйенеді. Яғни Қ.Жұбанов Қ.Кемеңгерұлының аталған кітабымен таныс болған әрі етістерді топтастыруда осы еңбекті басшылыққа алған деп ойлаймыз.

А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбанұлы еңбектерінде етіс категориясында танылған салт, сабақты етістер 30-жылдардың аяғынан бастап оқулықтар мен грамматикаларда етіс қатарынан ығыстырыла бастайды:



Қ.Кемеңгерұлы «Оқу құралы» 1928, 1929

С.Аманжолов «Қазақ тілінің грамматикасы» 1939

С.Кеңесбаев, С.Жиенбаев «Қазақ тілінің грамматикасы» 1942

Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев «Қазақ тілінің грамматикасы» 1948

І.Кеңесбаев, К.Аханов, А.Ысқақов «Қазақ тілінің грамматикасы» 1965

өздік: -ын/-ін



өздік: -ын/-ін

өздік: -ын/-ін

өздік: -ын/-ін

ортақ: -ыс/-іс

ортақ: -ыс/-іс

ортақ: -ыс/-іс

ортақ: -ыс/-іс

ортақ: -ыс/-іс

ырықсыз: -ыл/-іл

ырықсыз: -ыл/-іл

ырықсыз: -ыл/-іл

ырықсыз: -ыл/-іл

ырықсыз: -ыл/-іл

беделді: -ыт/-іт, -ыр/-ір

-тыр, -қыз



өзгелік: -ыт/-іт, -ыр/-ір

-тыр, -қыз



өзгелік: -ыт/-іт, -ыр/-ір

-тыр, -қыз



өзгелік: -ыт/-іт, -ыр/-ір

-тыр, -қыз



өзгелік: -ыт/-іт, -ыр/-ір

-тыр, -қыз



салт









сабақты










жүктеу 27,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау