16. Ядролық сәулелерді тіркеуге арналған приборлардың қайсысында шапшаң қозғалатын зарядталған бөлшектер аса қыздырылған сұйықта бу көпіршіктерінен тұратын із қалдырады?
A) Көпіршікті камера.
B) Вильсон камерасы.
C) Күкіртті цинкпен қапталған экран.
D) Қалың қабатты фотоэмульсия.
E) Гейгердің газ разрядты санағышы.
|
17. Лифт 1 м/с2 үдеумен жоғары көтерілуде. Лифт ішіндегі массасы 1 кг дененің салмағы (g=10 м/с2)
A) 9Н.
B) 0.
C) 10Н.
D) 1Н.
E) 11Н.
|
18. Кернеулігі Е=2 В/м біртекті өрісте заряд күш сызықтары бойымен 0,2 м қашықтыққа орын ауыстырады. Осы екі нүктелер арасындағы потенциалдар айырмасы:
A) U=10 B.
B) U=40 B.
C) U=0,1 B.
D) U=100 B.
E) U=0,4 B.
|
19. Сызықтық спектрлер шығаратын заттар және оның күйі
A) Қатты және сұйық заттар мен өте сығылған газдар.
B) Заттың бір-бірімен нашар байланысқан немесе мүлдем байланыспаған молекулалары.
C) Өте қыздырылған сұйықтар.
D) Газ тәрізді атомдық күйлеріндегі барлық заттар.
E) Сиретілген газдар.
|
20. Гармониялық тербеліс жасайтын нүктенің тербеліс периоды 0,5 с және амплитудасы 20 см. Осы нүкте үдеуінің ең үлкен шамасы:
A) 4,6 м/с2
B) 32 м/с2
C) 8 м/с2
D) 6,4 м/c2
E) 12 м/с2
|
21. Электрон үдетуші өрісте потенциалы 200 В нүктеден потенциалы 300 В нүктеге орнын ауыстырды. Бастапқы жылдамдығы нөлге тең болса, электронның кинетикалық энергиясының өзгерісін анықтаңыз.
(e = 1,610-19 Кл)
A) 1,610-17 Дж.
B) -2,610-17 Дж.
C) 310-17 Дж.
D) 2,610-17 Дж.
E) -1,610-17 Дж.
|
22. Көздің оптикалық жүйесінің көмегімен алыс тұрған нәрсенің кескіні торламаның бергі жағында пайда болады. Көздің кемістігін және бұл жағдайда көзілдірікке қажетті линзаны анықтаңыз
A) Алыстан көргіштік, шашыратқыш линза.
B) Бұл көздің дефекті емес.
C) Жақыннан көргіштік, жинағыш линза.
D) Жақыннан көргіштік, шашыратқыш линза.
E) Алыстан көргіштік, жинағыш линза.
|
23. Қысымы тұрақты болғанда газдың көлемі 2 есе артса (ұлғайса), бұл жағдайда газдың температурасы:
A) 2 есе кемиді.
B) 4 есе кемиді.
C) 2 есе артады.
D) өзгермей қалады.
E) 4 есе артады.
|
24. Тыныштық күйден 60 м/с2 үдеумен қозғала бастаған ракетаның 750 м жол жүргендегі жылдамдығы
A) 350 м/с.
B) 300 м/с.
C) 450 м/с.
D) 500 м/с.
E) 400 м/с.
|
25. Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі х= 0,4sin5πt болса, тербеліс амплитудасы және 0,1 с-тан кейінгі ығысуы:
A) 0,4 м; -0,4 м
B) 4 м; 4 м
C) Дұрыс жауабы жоқ.
D) 0,4 м; 0,4 м
E) 0,04 м; 0,04 м
|
26. Ғарыш кемесімен байланыс қашықтығын 2 есе арттыру үшін, хабарлағыш қуатын
A) өзгертпеу керек.
B) 4 есе арттыру керек.
C) 4 есе азайту керек.
D) 2 есе арттыру керек.
E) 2 есе азайту керек.
|
27. Жолдың ұзындығы бөлігінде жылдамдықпен қозғалатын денеге күші әсер етеді. , және нөлге тең емес. Сонда күштің жұмысы нөлге тең болу жағдайы
|