1 требования к структуре умк дисциплины


Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары



жүктеу 2,01 Mb.
бет13/16
Дата23.11.2018
өлшемі2,01 Mb.
#23849
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

7.2. Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары

“Банк ресурстары” термині “несиелік ресурсы” қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастылуға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.

Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:



  1. Банктің меншікті капиталы.

  2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.

Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:



  • жарғылық капитал;

  • резервтік капитал;

  • қосымша капиталдар;

  • банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);

  • бөлінбеген банк пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық формаларда құрыла алады:



  • акционерлік банк формасында;

  • пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;

Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қорбанк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.

Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде, банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.



Қосымша капиталдар - негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.

Арнайы қорлар - негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.

Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.



Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.

Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:



  • депозитік қаражаттар;

  • депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын Орталық банкте және өзге корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады. Активтік депозиттер банктің өтіміді қаражаттара жатады.

Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:


  • талап етілетін депозиттер;

  • мерзімді депозиттер;

  • жинақ салымдары;

  • бағалы қағаздар түріндегі (депозитік және жинақ сертификаттары) депозиттер.

Талап етілетін депозиттербұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибеде талап етілетін депозиттерге мыналар жатады :



  • мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;

  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;

  • есеп айырысудағы қаражаттар;

  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;

  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етілетін депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етілетін депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Ал, кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:



  • ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;

  • шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;

  • банктер талап етілетін шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;

  • талап етілетін депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Мерзімді депозитбұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылымайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып-пұл төлеуге міндетті.

Бұл салымның ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.

Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

Депозиттік сертификат – заңды тұлғаның банкке салған қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.

Жинақ сертификаты - жеке тұлғаның банкке салған қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.

Банк депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.

Банкаралық несие - бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.

Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және күндізі заемдар.

Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кейде жағдайда, бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс. Овернайт заемдары бойынша ҚР Ұлттық банкі сыйақы мөлшерлемесін белгілейді.

“Овернайт” заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі - ҚР Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚР Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.

Күндізгі заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспондентік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.

Бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімі (РЕПО операциясы) - қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді займның түрін білдіреді.

Мұндағы қарыз алушының міндеттемесі, яғни ол келісілген күні және алдын ала белгіленген бағада, өзінің сатқан бағалы қағазын қайта сатып алуды көздейді.

Банктердің мемлекеттің бағалы қағаздарымен жасайтын РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін ҚР Ұлттық банкі белгілейді.

ҚР Ұлттық банктерде вексельдерді қайта есепке алу және несие беру – бұл қосымша қаражатқа деген қажеттілікке байланысты коммерциялық банктердің ҚР Ұлттық банкке өздерінің вексельдерін кепілге бере отырып, ресурстар тарту тәсілі.

ҚР Ұлттық банкі вексельдерді қайта есепке алуда ресми есептік мөлшерлемені белгілейді.

Банктік ресурстарды тартудың жаңа бір формасына банктің вексельдерін жатқызуға болады. Банктер тек қарапайым вексельдерді ғана шығарады. Банк вексельдерін шығарудағы артықшылықтарға: біріншіден, вексельді тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысуда пайдаланады; екіншіден, вексельдер ссуда алу барысында кепілдік ретінде жүреді; үшіншіден, вексельді жеке және заңды тұлғалар қолдана алады; төртіншіден, вексельдердің өтімділігі жоғары; бесіншіден, вексельдер бойынша дисконт мөлшерлемесі жоғары; алтыншыдан, вексельдің заңды немесе жеке тұлғаға өту барысында шектеулік болмайды; жетіншіден, вексельдің мерзімі әр түрлі болады.
7.3. Коммерциялық банктердің брокерлік-дилерлік қызметі

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары:



  1. Брокерлер — делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер келісімін жасасатын әрбір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасасуға арнаулы өкілеттік берілді. Ол тек сол өкілеттік шегінде әрекет етуге міндетті.

  2. Дилерлер - өз капиталымен келісім жасайтын делдалдар.

  3. Джобберлер — нарық конъюнктурасын бақылаушылар.

Осы мамандармен қатар бағалы қағаздар нарығына банк қызметкерлері, инвестициялық қорлардың қызметкерлері және нарық қызметін реттейтін ереже - заң шығыратын мемлекеттік шенеуніктер мен заң қызметкерлері қатысады.

Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік құқықтық тұлға ретінде тіркелген мамандандырылған фирма қызметкерлері. Батыс Еуропа мемлекеттерінде олар не жеке фирма, не акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жаңа егемен мемлекеттерде олар жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесі болып құрылған. Салық төлеуден жеңілдік алу мақсатында кіші кәсіпорын ретінде тіркелгендіктен олардың жарғылық қоры өте аз. Дегенмен, бұл фирмалар өз капиталымен қарызға алған капиталын өсіру мақсатында клиенттер санын көбейтуге ұмтылуда. Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дерекция, әкімшілік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздар сату бөлімі және хабарлама - техникалы бөлімнен тұрады. Шамамен фирмада 15 —25 адам қызмет жасайды Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:



  1. Консалтинг (кеңес беру);

  2. Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру;

  3. Инвестициялық қорларды құру және оны басқару және с.с

Бұлардан басқа брокерлер ақша нарығында бірсыпыра ерекше қызмет көрсетеді, атап айтқанда, банктік несие алушыларға делдалдық жасау және мәмілені қамсыздандыру, оның ішінде биржалық келісімді сақтандыру.

Брокерлер өз қызметінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:

1. Клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма бойынша келісімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайдан сатып алу жөнінде (қор биржасынан ба, әлде биржадан тыс нарықтан ба).

2. Брокер клиенттің белгілеген сомасы шамасында әрекет жасайды. Бірақ алған тапсырма көлемінде бағалы қағаздарды таңдауда өз құқын пайдаланады.

3. Брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген уақытта клинтке хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны (өзіне делдалдық үшін сыйақы қалдырып) клиенттің есепшотына аударады.

4. Брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеуі қажет. Клиент ол жөнінде көшірме талап етуге құқы бар.

5. Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырманы тоқтатуға үкім бере алады.

Сонымен бірге, брокерлік фирма мен клиент арасындағы келісім алғашқыда ауызша болса, ол кейін жазбаша құжатта көрсетіліп, заңды күшіне енеді.

Брокерлік фирма өз клиенттерінен тапсырма алғанда олардан кепілдік беруді талап етеді (әсіресе клиент сатып алушы болса). Кепілдік ретінде мыналар берілуі мүмкін:


  1. Мәміледегі бүкіл сомаға вексель;

  2. Мәміленің кемі 25%-тін немесе 100%-ін құрайтын сома брокердің шотына түсірілуі керек;

  3. Брокердің атына ағымдағы шот ашылуы мүмкін;

  4. Брокерге сақтандыру полисі және с.с. кепілдіктер.

Осылар жөнінде брокерлік фирма клиенттке хабарлап тұруы қажет.Сонымен қатар, брокерлік фирма клиентке несие беріп, бүкіл операцияларды өз есебінен жүргізуі мүмкін. Бұл жағдайда брокерлік фирманың табысына делдаддық үшін сыйақы, несие үшін процент және тәуекел үшін ақы кіреді. Алайда бұл жағдайда брокерлік фирма делдалдық қызмет шегінен шығып, олардың іс - әрекеті дилерлік фирманың қызметіне ұқсайды.

Ал дилер –олар да делдалдар. Олардың брокерлерден айырмашылығы шарт жасасқанда өз капиталын жұмсайды. Дилердің қызметін мына мысалмен түсіндіруге болады. Мысалы, қалалық әкімшілік 100 теңгелік облигация шығаруға шешім қабылдады делік.

Эмиссиямен шүғылданатын өз аппараты жоқ, сондықтан әкімшілік дилерлер формасына тапсырма береді. Егер қалалық займ бірнеше миллион тенгеге шығарылатын болса, онда ондай үлкен іспен тек мамандандырылған үлкен фирмалар, мысалы, коммерциялық банктер шүғылданады. Онда делдалдық механизмі төмендегідей.

Әкімшілік дилерлерге 100 тенгелік облигацияны кем бағамен (дисконтпен), мысалы, 98 теңгеге, яғни номиналынан 2 тенге кем сатады. Дилердің облигацияларды сатуға кеткен шығынымен одан

Түскен пайда 2 тенгеден кем болмауы тиіс. (Бұндай операцияны дисконттпен сату деп атайды).

Бағалы қағаздар операциясына маманданған дилерлерді жауапкершілігі шектеулі дилер деп атайды. Олардың бағалы қағаздарды сатып алу – сатуға тәуекелмен шығарған шығыны, эмитенттер мен инвесторлардың шығынынан әлдеқайда аз. Себебі сатып алу - сату аз уақыт аралығында болады.

Дилердің атқаратын қызметі:


  1. Бағалы қағаздарды шығыру, олардың қурсы және сапасы туралы хабар тарату;

  2. Клиенттің тапсырмасын орындау;

  3. З. Бағалы қағаздар нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы қағаздар сату — сатып алу баяуласа (мысалы, сатушылар және сатып алушылар жетіспей қалса), онда бағалы қағаздардың курсын тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебінен операция жүргізеді.

  4. Сатып алушылар мен сатушыларды бір - біріне кездестіріп, бағалы кағаздар нарығының жұмысына себепші болады. Олар нарықтың катализаторы (шапшаңдатушысы) ретінде жұмыс істейді. Айта кететін жәйт, бағалы қағаздар нарығында дилердің қызметі брокер қызметінен өзінің кең көлемділігімен ерекшеленеді. Дилерлік фирмалардың алғашқыда өзінің бірсыпыра капиталы болады, кейіннен ол делдалдық сыйақымен және инвестициядан түскен пайдамен үнемі толтырылып отырады.

Джобберлер — бағалы қағаздар нарығындағы конъюнктура (өзгерістерді сиппаттайтын белгілер) мәселелері жөнінен кеңес берушілер. Ең алғашқыда олар Лондон - Сити нарығында пайда болды. Олардың іс -әрекеті бағалы қағаздар нарығының құрылымы кең көлемде және үнемі өзгеріп отырғанда қажет. Олар шығарылған бағалы қағаздардың маңызын дұрыс бағалау үшін ғана емес, сонымен қатар эмитенттерге жаңа бағалы қағаздар шығаруға да көмегі қажет. Джобберлер тек бір жолы кеңес беріп қана қоймай, күрделі, кейде комплексті (жан — жақты) мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы, банктердің, өндіріс кәсіпорындардың, инвестициялық қорлардың шығарған акцияларының курсының келешекте өзгеруін бағдарлайды. Ол үшін олар уақытша қызмет істейтін зерттеу ұжымдарын құрады. Зерттеу ұжымдарында белгілі экономистер, банк қызметкерлері және басқа да мамандар зерттеу жүргізеді. Джобберлер бағалы қағаздардың кейбір түрлеріне ғана маманданатын болғасын оларды кең көлемде жүргізілетін операцияларға брокерлер мен дилерлер пайдаланылады. Джобберлердің қызметі өте жоғары бағаланып, олар жоғары жалақы алатындар қатарына жатады. Қорыта айтқанда, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары көбеюде. Тек олардың бір - бірімен байланысты қызметі ғана нарықтың тұрақты қызметін және бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз етеді.
7.4. Коммерциялық банктердің кастодиандіқ қызметі

Атқарылатын функцияларға байланысты банктер эмиссиялық және коммерциялық болып бөлінеді. ҚР-да эмиссиялық банк ретінде тек Ұлттық банк болып танылады. Ол Үкімет қаулысына сәйкес ақшаны шығарады және айналыстан алып тастайды. ҰБ негізгі міндеті – бұл мемлекет ішінде немесе шетелде ақша бірлігін тұрақтандыру. Ал, коммерциялық мінездегі функцияларға экономика салаларын несиелендіру және банк өнімдерін өткізу болып табылады. Банктік операцияларға келесілер жатқызылады: жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау; банктерге және банктік операцияларды атқаратын ұйымдарға корреспонденттік шотты ашу; банкнота және монеталарды қабылдау, төлеу, айырбастау, қаптау және сақтау; аудармалы операциялар; есептік операциялар, яғни вексельді сатып алу; капитал жұмсалымдарды қаржыландыру; сенімділік операциялар; клирингтік операциялар; сейфтік операциялар; ломбардтық операциялар; төлем карталарын шығару және т.б. Аталған операциялардың барлығына лицензия алған жағдайда ғана бұл ұйым банк болып саналады. Ал, тек бір немесе бірнеше операцияларға лицензия алған заңды тұлғаны банктік жеке операцияларын жүргізетін ұйым деп атайды.

Сонымен қатар, коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында инвестор, эмитент және кәсіби қатысушы ретінде қызмет атқарады. Эмитент ретінде ол акция, облигация және депозиттік сертификаттарды шығарады. Егер өкілетті органнан рұқсаты болса, онда кәсіби қатысушы ретінде банк брокерлік, дилерлік, кастодиандық және клирингтік қызметтерді атқаруға құқы бар.

Банктердің тәжірибесінде қолданылатын несиелеу процесінің өзіндік кезендері болады. Әр кезенде пайдаланатын несиелеу механизмнің элементтері несиелік операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын білдіреді. Несиелеу механизмі келесідей негізгі кезендерді камтиды:



  • несиеге деген өтінішті қарау,

  • несиелік қабілетін талдау,

  • несиелік келісім шарт жасасу,

  • несие беру,

  • несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.

Қарыз алушыларға несие беру барысында банктер «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» 30.03.1995 ж. және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» 30.08.1995 ж., сондай-ақ банктің Жарғысы мен ңұсқауларын басшылыққа алады. Несиелер төлем қабілеті бар қарыз алушыларға несиені қайтарудың нақты көздерінің және түрақты қамтамасыз ету формаларының бар болуына қарай беріледі.
7.5. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтері

Жалпы банк қызметіндегі инвестицялаудың өзіндік ерекшелігі бар. Кең мағынада, банктік инвестиция - пайда табу мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.

Ал, тар мағынада, банктік инвестиция - табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.

Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп негізгі капиталға жұмсаған қаражаттарды да түсінуге болады.

Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.

Банктердің инвестициялық саясаты - банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелілігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Жалпыға ортақ бағалы қағаздар портфелінің қалыптасу принциптеріне мыналар жатады:



  • қауіпсіздік;

  • табыстылық;

  • өтімділік;

  • капиталдың өсуі.

Бағалы қағаздар портфелін басқарудың екі әдіс бар: активті және пассивті. Активті басқару әдісі бағалы қағазбен тұрақты жұмыс жасауды сипаттайды. Активті басқарудың әдістері мынадай жолдармен жүзеге асады:

  • белгілі бір бағалы қағаздарды таңдау;

  • бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату мерзімін белгілеу;

  • бағалы қағаз портфелінде тұрақты свопинг (ротация) жүргізу.

Егерде ҚР Ұлттық банкі қайта қаржыландыру мөлшерлемесін төмендетін болса, онда төменгі купондық табысы бар ұзақ мерзімді облигацияларды сатып алған дұрыс, себебі, қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің төмендеуі облигация бағамын жоғарлатады. Мұндай жағдайда купондық табысы жоғары қысқа мерзімді облигацияларды сатып жіберу қажет, өйткені олардың бағамы төмендеуі мүмкін.

Бағалы қағаздар портфелін пассивті басқару мынадай әдістер арқылы іске асады:



  • диверсификациялау;

  • индекстік әдіс;

  • портфелді сақтау.

Диверсификациялау әдісі бағалы қағаздар портфелін әр түрлі қағаздардан қалыптастыру шараларын білдіреді. Диверсификацияланған портфелдің құрылымы инвестор-банктердің мақсатымен сәйкес келуі қажет.

Индекстік әдіс бойынша басқарғанда белгілі бір портфелді эталон ретінде алады. Эталон-портфелдің құрылымы белгілі бір индексермен сипатталады. Бұл әдісті пайдалану қиындығы негізінен эталон ретінде портфельді таңдаумен байланысты.

Портфелді сақтау әдісі портфелдің жалпы сипатының деңгейін сақтау және оның құрылымын қолдап отыруды білдіреді. Бағалы қағаздармен ірі сомада операция жүргізгенде, олардың бағамдарында өзгерістер болуы мүмкін, ол өзгерістер өз кезегінде, активтердің ағымдағы құндарының өзгеруіне жол береді. Айталық, компанияның акционерлерінің сатқан акцияларының құны олардың сатып алғандағы құнынан жоғары болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, бағалы қағаздар портфелінің бір бөлігін сату қажет, сол арқылы, компанияға қайтарған акционерлерді акцияларының құндары өтеледі. Сондай-ақ акционерлердің акцияларды компанияға көп мөлшерде сатуы, олардың бағамдарының төмендеуіне жол беріп, нәтижесінде компанияның қаржылық жағдайына теріс әсер етеді.

Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды.

Заңмен рұқсат етілген елдердегі коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын мынадай үш топқа бөлуге болады:


  • банктің эмитент ретіндегі операциялары;

  • инвестор ретіндегі операциялары;

  • делдал ретіндеге опеациялары.

Коммерциялық банктер эмитент ретінде төмендегідей бағалы қағаздарды шығарады: акция, облигация; банктік сертификат; вексель; туынды бағалы қағаздар.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Банк дегеніміз не?

  2. Банктің негізгі түрлері

  3. ҚР – да банктің қандай түрлері бар?

  4. Қазақстанда мамандандырылған банктерді құрудың қажеттілігін дәлелдеу?.


Ұсынылатын әдибиет: №№ 4-8, 12-14

8-тақырып. Туынды бағалы қағаздар нарығы

Дәріс тапсырмасы:

  1. Туынды бағалы қағаздар нарығының түсінігі және функциялары

  2. ҚР туынды бағалы қағаздар нарығының құрылымы.

  3. Туынды бағалы қағаздар нарығының құралы

  4. Туынды бағалы қағаздарды шығару және орналастыру ерекшеліктері



8.1.Туынды бағалы қағаздар нарығының түсінігі және функциялары

«ҚР-дағы бағалықағаздар нарығы туралы» Заңында туынды бағалы қағаздар – басқа бағалы қағаздар рақылы өзінің құнын айырады деп айтылған.

Туынды бағалы қағаздар қоғам капиталының белгілі бір бөлігіне тіркелетін меншік құқын тұрақтандыруға қарағанда, туынды бағалы қағаздарды пайдалана отырып, болашақ кезеңде орындалатын керек табысты алуға құқыты тіркейді. Олардан пайданы бағамдар айырмашылығынан немесе әр түрлі нарықта бір активті бір уақытта сатып алу – сатудан алады.

Туынды бағалы қағаздар – бұл әр түрлі базистік активтермен бейнеленген, мүліктік жағдайға негізделген ерекше әмбебап тауар.

Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар, варранттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер және т.б. жатады.


    1. ҚР туынды бағалы қағаздар нарығының құрылымы.

Биржалық қозғалыстың даму тарихы 100ж. астам уақытты қамтиды. ҚР-да алғашқы тауар биржалары 1991жылдыңбас кезінде дүниеге келді.

Бағаны реттеу босатылған соң рынок асапыран күйге түсті. Ондай жағдай демпингке, әкімшілік өктемдікке, айла шарғылы саудаға басқа да келімсіз жағдайға әкеліп соқты.

Рынокқа қатысушылардың көпшілігі биржалық сауда тәртібі жеткілікі білмегендіктен, зиянға қалды немесе өз қызметінен тиісті пайдасын ала алмады.

Республикалық биржалар өз қызметін ҚР рыногында бар тауарлардың барлық түрімен сауда жсаудан бастады. Ал, кейін бірте-бірте тауар түрлері бойынша биржалық топтарға маманданды. Сонымен бірге, үкіметте өркениетті рынок құру жөнінде бірқатар қадам жасады.

Мемлекет биржалық сауданы ұйымдастыру есебінен алған үлкен экономикалық пайдасы ішкі және сыртқы сауданы тауар биржаның қызметін реттейтін бірнеше заң актілерін қабылдауға маңызды фактор болды.

Шындығына келгенде объективті нарықтық баға нақ осы биржада қалыптасты.тек биржа ғана ауыл шаруашылық өнімдері, сондай-ақ өнеркәсіптік тауарлар рыногында бизнеспен айналысатының бәрін қалыптасаын еркін және дер кезінде бағдар ұстауға мүмкін береді.

Сол 90ж. биржалардың областарға жаңа жанармай, газ, құрылыс материалдарын, машина мен құрал-жабдықтарды, азық-түлікті адал бәсекелестікпен еркін баға белгілеу шарттарымен орталықтандырылған түрде берілген нақты мүмкіндікрі болады.

Мұның өзі сатып алу бағасын төмен ықпал етті. Сол кезеңде Қазақстан биржалары алдында биржа ісін ұйымдарда биржалардың пәрменді бірлестіктерін құруда, қол жеткенше сақтап алу міндеті тұрды. Олар өздері бірігіп, Қазақстанның биржа одағын құрды. Оның дүниеге келуіне бастамашы болған халықаралық Қазастан агро-өнеркәсіптік, Оңтүстік Қазақстан Жібек-жолы тауар биржасы, Қостанай астық тауар биржасы, Ақтөбе Көк - жар тауар шикізат биржасы, барлығы 14 биржасы болды.

Биржалық қызметтегі келешігі зор барлық фьючерстік рынок дамыту болып табылады. Ол өнімнің құнды қағаздарын болашақтағы бағасын және валюта бағамын күтпеген ауытқалардан сақтандыруға мүмкіндік береді.

Фьючерстік биржа баға рыногын көрсетеді. Ол биржалық бағаларға және де белгілі бір тауарлар мен ағасына сақтандыру арқылы елулі ықпал етеді.

Фьючерстік биржалар өзіндегі қаржы орталықтары олардың дамуы қаржы капиталының күшеюіне алып келеді.

Нақты биржалық қызмет жүргізбейтін ұсақ биржалар құру өркениетті рынокты білдіреді.

Тұтас алғанда Республикадағы биржалар қозғалысқа көлеңке түсіреді. Қазақстанның биржа одағы биржалық рыноққа қатысушының мүддесін білдіріп, оларды қорғауды мақсат етті.
8.3.Туынды бағалы қағаздар нарығының құралы

Варрант акционерлік қоғам шығаратын және варрантта бекітілген баға бойынша бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін одан сатып алу үшін ұстаушы құқығын куәландыратын туынды бағалы қағаздар болып табылатын қоғам акция және облигация эмиссиясымен қатар варрант шығаруға құқы бар.

Варранттар бағалы қағаздардан оларды шығаруынан кейін бөлінеді және оларда көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін нарықта өз бетінше айналыста жүреді.

Варрантар бөлініп шыққаннан кейін бағалы қағаздарадан сатылу құны олардың бағасына азйтылады.

Қоғам варрантты қоғамның болашқтағы бағалы қағаздар эмисссымен шығаруға құқы бар.

Олар иемденушіге қоғамнан бағалы қағаздарын варрантта келісілген баға бойынша белгіленген кезең шегінде, кез келген уақытта алуға құқық береді.варрант иемденушіге дауыс беру құқығын бермейді және олар бойынша дивидент есептелінбейді.

Қоғам басқару органының шешімі бойынша опцион жағына шығарылатын бағалы қағздардың белгілі бір көлемін сатып алуға және сатуға артықша құқық беретін опцион жасауға құқығы бар. Опционды жасау жағдайы және тәртібі және олардың айналысы бағалы қағаздар нарығы заңдылықпен реттеледі.

Депозитарийлік қолхат – шетел эмитентінің бағалы қағаздар бйынша шағарылған және елде еркін айналыста жүретін туынды бағалы қағаздар.

Бұл инвесторлардың шетел эмитентінің бағалы қағаздарын иемдену үшін қаржылық құрал бағалы қағаз.

Эмитенттердің депозитарийлік қолхаттарын шығару шетел капиталының инвестициясының өсуімен, оларды тіркеу қажеттелігінің болмауымен, оларды жергілікті салықты төлеуден босатумен және барлық инвесторлар үшін қол жеткізілуімен байланысты.

Депозитарийлік қолхаттардың келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады:


  1. Американдық (ADR)

  2. Ғаламдық (GDR)

  3. Халықаралық (IDR)

ADR АҚШ нарығында айналады және долларлы номиналы болады, ал GDR американдық нарықтан басқа бірнеше нарықта сатылуы мүмкін және сонымен бірге эмитентке дүние жүзілік нарық капиталын жаулап алуға мүмкіндік береді.

Әдетте американдық банктер эмитенттерге акцияны қор нарығында бағаланатын елдерде кастодиандық қызмет көрсетуді ұсынады. Осы Атаулы ие депозитарийлеу акция негізінде депозитарийлік қолхат шығарады. АҚШ-та осындай депозитарийлік қолхаттың біршама ірі депозиттік эмитент – банктері “City Bank New York”, “The Bank of New York”, “Morgan Bank” б.т.

Ғаламдық депозитарийлік қлохаттар тіркелуі, шығарылуы мүмкін, олармен АҚШ ашық нарығында мәміле жасауға болады,сонымен қатар олар АҚШ-тың негізіг қор биржасында, сондай-ақ сол елдің шегінде бағаланады.

GDR-ді шығаруға дейін банктер мен компаниялар алдымен АҚШ-та ADR шығаруы тиіс, одан кейін Батыс Еуропада осы екі нарыққа шығарудың алғашқы ретінде IDR шығаруы керек.

ҚР-да алғашқы ретінде депозитарийлік қолхат 1996 жылдың басында ресейлік «Аьфа-Банк» филиалымен қолданылды. 1997 жылы американдық депозитарийлік қолхатты «Казкоммерцбанк», 1998жыл «ШНОС» котировкасы барлық ірі қор биржасында жүргізіледі.
8.4.Туынды бағалы қағаздарды шығару және орналастыру ерекшеліктері

Опцион – бұл келісім-шарттың орындалуын немесе орындалуынан бас тартуды білдіретін келісім-шарт. Опциондық келісім-шартта бір тұлға сатады, ал бір тұлға сатып алады. Опционның сатып алушысы опционның орындалуын таңдау құқығын алады және ол үшін сыйақыны опцион сатушысына төлейді (опциондық сыйақы). Опционды сатушы тұлға келісім-шартта тіркелген баға бойынша активті сатып алуға немесе сатуға міндетті.

Американдық және еуропалық опциондарды бөледі. Американдық опцион келісім-шарттың бітуіне дейін кез-келген күні орындалуы мүмкін; еуропалық опцион тек келісім-шарт біткен кезде ғана орындалады.

Мәміле сипаты бойынша опционның сатып алушысына активті сатуға немесе сатпауға құқық беретін сату опционын (пут) және сатып алушыға келісілген баға (орындалу бағасы, немесе страйк-баға) бойынша сатып алуға немесе сатып алмауға құқық беретін сатып алу опционы (колл).

Опцион коллды сатып ала отырып және керісінше – опцион путты сатып ала отырып, инвестор актив курсының өсуін күтеді.

Опцион коллдың ішкі құны – бұл активтің нарықтық бағасы мен орындалу бағасының арасындағы айырма. Ішкі құн опционның жедел орындалуымен болжанады. Одан басқа, ол опцион мерзімі аяқталуымен де анықталуы мүмкін.



Берілген опционның ішкі құнын анықтаудың жалпы ережесін келесі түрде жазып алуға болады:

Егер активтің нарықтық құны орындалу бағасына тең немесе одан кем болса, онда опцион орындалмайды және оның ішкі құны нольге тең. Егер нарықтық баға орындалу бағасынан артық (S X) болса, онда опцион орындалады және оның ішкі құны S – X тең. Опцион коллдың ішкі құнының акцияның бағасына тәуелділік графигі 8 суретте көрсетілген.


жүктеу 2,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау