Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Ақша нарығы нені білдіреді?
Ақша нарығы қандай функция орындайды? Осы функцияның спецификасы қандай?
Ақша нарығының негізгі қаржылық құрамы қандай?Неге Қазақстанда депозиттік сертификаттыңкөп бөлігі бағалы қағаздарға жатады? Неге қаржы нарығының ақша нарығына қатынасы?
Ақша чегі мен есеп айырысу чегінің айырмашылығы неде? Қандай түрлерін білесіздер?
Вексель дегеніміз не? Вексельдің қандай түрлерін білесіздер? Аудармалы вексельдің ерекшелігі?
Қазақстан Республиасындағы коммерциялық банктері вексельмен қандай операция жасайды?
Төлем карточкалары дегеніміз не? Төле карточкаларының қандай түрлері болады?
Қазақстанда қаржы нарығының құрылымы қандай?
Қаржы нарығының төлем құралдары? Олардың ерекшелігі неде және қаржы нарығындағы рөлі қандай?
Төлем тапсырмасы, төлем талап тапсырмасы, аккредитиві мен есеп айырысу қалай жүзеге асады?
Ұсынылатын әдибиет: №№ 5-7, 27-29
3 -тақырып. Депозит нарығының қызметтерінің ерекшеліктер
Дәріс тапсырмасы:
Депозит нарығының мәні және функциялары
Қазақстандағы депозит нарығының құрылымы
Депозит нарығының құралдары: түсінігі және түрлері
3.1.Депозит нарығының мәні және функциялары
Кез келген нарықтық экономикада банктік жүйе негізгі төрт функцияны жүзеге асырады:
жинақ ұстаушылар мен инвесторларлар арасында делдал қызметін атқарып, қысқа мерзімді депозиттерді орта мерзімдіге, орта мерзімді депозиттерді ұзақ мерзімді депозиттерге айналдырады;
тартылған ақша қаражаттары негізгі және фракциондық резервтік жүйе жағдайында несиелік ақшаларды қалыптастырады, сөйтіп айналыстағы ақша массасын көбейтеді;
банктердің депозиттік және несиелік саясаттары экономикадағы ақша ұсынысына әсерін тигізеді;
орталық банкпен белгіленген шектеулер шегінде қызметін жүзеге асыра отырып, оған ақша – несие саясатын жүргізуге көмектеседі.
Нарықтық қатынастардың дамуымен байланысты ресурстарды тарту құрылымы да көптеген өзгерістерге ұшырап, банк жүйесіне жеке және заңды тұлғалардың бос қаражаттарын жинақтаудың жаңа түрлері дами бастады.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және депозиттік шоттардың көптеген түрлері кездеседі. Бұл банктерді бәсекелестігі жоғары нарықта банктік шоттарға жинақтарды және уақытша бос қаражаттарды тартып осы банктік ресурстарға деген әр түрлі клиенттер тобының сұраныстарын мейлінше қанағаттандыруға ұмтылуымен байланысты.
Қазақстан Республикасының «ҚР банктер және банктік қызметтер туралы» заңында депозит анықтамасы келесідей берілген.
Депозит дегеніміз - бұл бір тұлғаны, депозиторды екінші тұлға – банкке (соның ішінде Ұлттық Банкке) оларды талап етуі бойынша немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін толығымен немесе бөлшектеп, алдын ала келісілген сыйақымен немесе сыйақысыз тікелей салымшыға (депозиторға) қайтарылуы тиіс немесе оның бұйрығы бойынша басқа бір тұлғаға берілуі тиіс ақша сомасы.
Банктік депозит – салымшының, банкке алдын ала келісілген сый ақы қосылып қайтарылу шарты негізінде берілген, ақша қаражаттары.
Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдарының қаражаттары коммерциялық банктерге қызығушылықпен орналастырады. Бұл салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар табыс әкеледі.
Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан кіріс әкелетін ақша ретінде, ал екінші жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
депозиттік операциялар қызмет етуі керек;
банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы қажет; депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциядардың арасында мерзім және сомалары бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану
3.2.Қазақстандағы депозит нарығының құрылымы
Жинақ кассаларының жалпы жүйелік жобасы 1826 жылы пайда болды. Бұл мекемелер алғашында 1775 жылдары барлық губернияларда және уездік қалаларда қайырымдылықты дамыту үшін құралғын болған. Одан жинақталған қаражатқа ауруханалар, мүгедектер үйі, жетім балалар үйлері жабдықталатан болған.
Кейіннен қаржы жүйесінің дамуы нәтижесінде 1860 жылы Мемлекеттік банк құрылды, оның бөлімшелер торабы Қазақстан территориясында да құрыла бастады. Мемлекеттік банктің бірінші бөлімшелері Орал,Петропавловск, Семей және Верный қаларында құрылды, жинақ, несиелік-есеп айырысу операциялары жүргізілетін. Ұсақ салымшыларға қызмет көрсетілетін, салымдар жалпы негізде алынатын, ал қаржылардықайтару және ұсақ несие беру орталық касса есебінен жүргізілетін, яғни қаражат осының есебінен алынатын болған.
Үкімет тартылған қаражаттардың сақталуын қамтамасыз етті, кассалар салым құпиясын сақтауға міндеттенді. Клиенттерге шот ашылып, жинақ кітапшасы берілетін болды, сонымен қатар ай сайын процентер есептелініп тұратын. Егер шотта 30 жыл аралығында қозғалыс болмаған жағдайда салым мемлекет пайдасына айлатын болды.
Біртіндеп Қазақстанның несие жүйесі Ресей империясының несиелік жүйесінің құрамдас бөлігі болды. Осы кезеңде үш деңгейлі несие жүйесі болды: бірінші деңгей – Мемлекеттік банк, екінші деңгей – Банк секторы, бұл көбінесе жинақ және коммерциялық банктер, үшінші деңгей – мамандандырылған несие институттары.
Ресейдің жинақ қызметінің тарихы 150 жылдан астам уақытты қамтиды. Жинақ ісі – бұл өркениеттің дамуы. Жеке ақша жинақтарының қалыптасуы экономикалық процесс, кез келген дамыған қоғамның өміріне қажетті элемент. Жинақ ісі өзінің пайда болуынан бастап мемлекеттің және еңбеккерлердің жеке мүдделерін қамтитын болды. Халықтың жинақтарын банктің пайдалануы мемлекеттің дамуына және сол мезетте халықтың тұрмысының жақсаруына алып келеді.
Қазақстан территориясында 1898 жылда 84 жинақ кассалары болды, 1897 жылдан бастап барлық уездік қазынашылықтарда көптеген банктік операциялар енгізілді: ақша айырбастау, купон бойынша проценттер төлеу және процентті қағаздар бойынша капитал төлеу, жинақ кассаларының операциялары, Мемлекеттік банк мекемелерінің ордерлары бойынша қаражаттарды қабылдау және беру, жеке қаражат сомаларын аудару, ағымдағы шоттарға мерзімді және мерзімсіз салымдарды қабылдау, процентті қағаздарды кепілге қоя отырып ссуда беру және тағы да басқа қызмет түрлері көрсетілетін болды.
Жинақ қызметінің дамуының екінші кезеңі жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысына тиеді. Ақтөбеде 1923 жылы жинақ кассасы ашылды, 1936 жылы Алматы қаласында СССР Жинақ Банкісінің филиалы ашылды. Осы жылдардан бастап жинақ жүйесінің халықтың көптеген массасына арналған жинақ жүйесінің жаңа тармағы дами бастады.
Осыдан кейін Қазақстанда 335 жинақ кассалары қалыптасқан болатын. 1929 жылы Қазақстандағы барлық жинақ кассаларының қызметін басқарумен айналысатын Республикалық жинақ кассасы құрылды. Салымшылардың көп мөлшерін тарту мақсатында жинақ кассалары тікелей зауыт-фабрикаларда, колхоздар мен совхоздарда ашылатын болған.
Мемлекеттік қарыздарды орналастыру есебінен түскен қаражаттар 1922-1925 жылдары мемлекеттік бюджеттің 7.5 пайызын құрады, ал 1925-1928 жылдары – 6.8 пайызын құрады. Бұл қаражаттар халық шаруашылығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
Жинақ қызметін дамыту мақсатында комиссиялар құрылып, заңдар, қаулылар қабылдана бастады.
Кейіннен 1988 жылы жүзеге асқан банктік реформа екі деңгейлі банк жүйесін қамтыды: орталық банк – мамандандырылған банктер.
Тәуелсіздік алғаннан кейін , 1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан нарықтық экономика талаптарына сай келетін банктік жүйені қалыптастыруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында «Қазақ ССР-ндағы банктер және банктік жүйе туралы » Заң қабылдады.
1993 жылы Жинақ Банкісі Қазақстан Республикасына тиесілі «Қазақстан жинақ банкісі» болып тәуелсіз заңды құрылым болып қайта құрылады.
Қазіргі кезеңде депозиттік операциялар екінші деңгейлі банктердің пассивтерінің негізі болып табылады. Коммерциялық банктерге халық сенімі арттып отыр, соның нәтиежсінде салымдардың мөлшері де артуда. Банктер депозиттерді әр түрлі шарттармен беруде. Бұлар баларға арналған жинақ депозиттері, зейнеткерлерге арналған депозиттер және т.б.
Қазіргі кезеңде халыққа банктік қызмет көрсету нарығында төрт негізгі жүйеқұраушы екінші деңгейлі банктерді қарастыруға болады. Олар: Қазақстанның Халық Жинақ Банкісі, Казкоммерцбанк, Банк Туран Алем және Банк ЦентрКредит, қаражат тарту және басқа да банктік қызмет көрсету аясында өзара негізгі бәсекеге түсішу банктер де осылар табылады. Аталып кеткен банктер стратегиялары бәсекелестердің қаржылық жағдайына, олардың орын алатын нарық сегменттеріне және түрлеріне байланысты ажыратылады.
Егер жеке тұлғалардың депозиттерін қарастыратын болсақ, осы аталған банктер арасында алдағы орынды Халық Жинақ Банкісі алып отыр. Халықтың теңгелік депозиттерінің 70 пайызына жуығы осы банк үлесіне тиеді.
Жалпы депозиттерге деген сенімсіздік банктердің банкрот болу қаупімен байланысты туындап отыр. Осы мәсені шешуге бағытталған салымдарды сақтандыру жүйесі құралып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру процесіне ЖАҚ «Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру (сақтандыру) қоры» жауапты болып отыр.
3.3.Депозит нарығының құралдары: түсінігі және түрлері
Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен негізгі 4 факторға тәуелді балып келеді:
1) халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
2) олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;
3) салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;
4) елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы.
Ақша қаражаттарын сақтандыру шоттарына аудару ерікті сипатта жүзеге асады. Әр бір салымшы ақша қаражатын орналастыру кезінде көптеген шарттарды ескере отырып банкті өз қалауынша таңдайды. Банк менеджері депозит мерзіміне, мөлшшеріне, оған есептелетін пайыз және тағы да басқа шарттармен салымшыны таныстырып, толық және ақысыз кеңес беруі тиіс. Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттерді топтаудың әр түрлі критерийлері қалыптасқан. Солардың ішінде ең көп тарағандары мыналар: талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады. АҚ «Қазақстан Халық Банкінде» жеке тұлғалардың салымдары бойынша операциялар жүргізу тәртібінің инструкциясына сәйкес салымшы бір немесе бірнеше салым түрлері бойынша бір немесе бірнеше бар шот ашып жинақ салымын жасай алады. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздарды төлеуінің жинақ салымдарын құнтты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланылады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен қолданады. АҚШ – та корпорациялар, фирмалар және басқа да коммерциялық ұйымдар үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларкөлемінде белгіленген.
Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға және т.б. мақсаттарға.Әдетте ол халыққа қосымша қызметтерді (пошталық, телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.
Жинақ салымдары мерзімді салымдардың маңызды бөлігін құрайды. Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі – мерзімді депозиттік сертификат болып табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшерлемемен белгілі бір мерзімге банкіге қаражаттарды енгізгендігін куаландыратын ақшалай құжат, оларды компанияларға, фирмаларға және өте бай иемденушілірге 100 мың доллардан кем өмес сомада беріліді. Олар екінші ретті нарықта сатылуы және басқа тұлғаға өтуі мүмкін – берілетін және салымшының өзінде қалатын, берілмейтін болады. Ақшаны мерзімнің аяқталуымен, тек сертификаттарды ұсыну арқылы банктен алуға болады, ал мерзімі – 14 күннен 18 айға дейін болуы мүмкін.
Сонымен жинақ салымдарына (шоттарына) мынадай сипаттама беруге болады:
ақша қаражаттарының сақталуының нақты белгіленген мерзімі болмайды:
салымды кез келген уақытта хабарламай алуға болады:
шотқа ақша қаражатын салу немесе алу кезеңінің жинақ кітапшасы депозитормен ұсынылады. Ол кітапшада ақша қаражаттарының барлық қозғалысы көрініс табады.
Жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдарының мынадай түрлері бар:
мерзімді жинақтаушы салым:
қосымша толықтырылатын салым:
ағымдағы жинақтаушы салым.
Мерзімді жинақтаушы салым бойынша нақты мерзім белгіленеді немесе осы салымды шоттан алынатын мерзімі белгіленеді. Мерзімді жинақтаушы салым бойынша төленетін сыйақы мөлшері басқа жинақтаушы салмдарымен салыстырғанда жоғары болып келеді.
Қосымша толықтырылатын жинақтаушы салымы. Бұл шотқа алдын ала келісілген ақша сомалары аударылып отырады. Жинақталған қаражат белгіленген күнде беріледі (жаңа жылда, мектеп бітірген кезде және тағы басқа).
Ағымдағы сақтандыру салымы – негізінен жалақыны аудару үшін пайдаланылады. Бұл шот бойынша ақша қаражаттарының келіп түсуі және аударылуы еркін жүзеге асады.
Америка банктерінің тәжірибесінде 1982 жылы ақша нарығының ДСДР депозиттік шоттары пайда болды және олар резервтік талаптарға жауап берген кезеңінде жинақтаушы шоттар категориясына жатқызылатын болды.
Бұл шоттардың ерекшеліктерін мыналардан байқауға болады:
ақша нарығының басқа инструменттерінің ставкалары өзгеруі нәтижесінде шот бойынша ставка мөлшері апта сайын өзгеріп отырады;
салым мерзімі алдын ала келісіледі, алайда банктер клиенттерінің қаражатты алатындығын 7 күн бұрын хабарлауын талап етеді;
салымдар салымдарды сақтандыратын федералды корпорациямен сақтандырылған;
шот иесі үшінші тұлғаларға төлемдер жүргізу үшін шот бойынша айына тек 6 аударымды жүзеге асыруға құқығы бар.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Депозит нарығы нені білдіреді?
Депозит деген не? Қазақстан нарығында қандай депозит түрлері бар?
Жедел депозиттің талап етуіне дейінгі депозиттен қандай айырмашылығы бар?
Жинақ салымдар депозитінің ерекшеліктері қандай?
Қазақстан нарығындағы депозиттің институционалды құрылымы қандай?
Қ.Р. депозитті сақтандыру жүйесі нені білдіреді? Оның механизмі қандай?
Ұсынылатын әдибиет: №№ 5-7, 27-29
4- тақырып. Несие нарығы, оның мәні және маңызы
Дәріс тапсырмасы:
Несие нарығының мәні және функциялары
Қазақстандағы несие нарығының құрылымы
Несие нарығының құралдары: түсінігі және түрлері
ҚР несие нарығының даму ерекшеліктері
Несие нарығының мәні және функциялары
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәселесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәселесі несиесі экономикалық категория ретінде өз бетінше сипатталмайды, оны мәлім негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асыру формасы мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Несие шаруашылық жүйелердің ауысуына жағдай жасап отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады: біріншіден, оның техникалық заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден, әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе өнда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер тұргысынан бұл екеуі бір-бірінен бөлінгісіз, олар өзара байланысты және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәселесінің экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастардың өзі б.т.
Несие – өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық категория. Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи категория екенін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар – жалпы тарихи категориялар. Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи негіз, тауар шаруашылығы болып табылады. Қолдан-қолға тауарлардың қозғалысы ретінде тауарлар айырбасы, қызметтер айырбасы несие жайындағы қатынастың пайда болуына негіз б.т. Ақша қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажеттілігінің де себептері б.т. Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілген сайын ол шар, субъектілердің өндірістік капиталы ақшалай , өндірістік және тауарлық формада болады. Несиенің мәнін ашу – бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану б.т. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын , қозғалысының заңдылықтарын қарастырайық. Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді.
Кәсіпорындарды, фирмаларды, мекемелер мен тұрғындарды несиемен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, несие жүйесінің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында ерекше маңызды орын алады. Несие механизмі қызмет етуінің үздіксіздігі мен тиімділігінен тек жеке шаруашылық бірліктерінен қароажатарды дер кезінде алуды ғана екмес, сонымен қатар толығы мен мемлекеттің экономикалық дмму типтері де тәуелді болады. Ең алдымен, өнім өткізумен өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуде несиенің ролі зор. Кәсіпорындар, ұйымдар және басқа да шар жүргізуші объектілердің несиеге деген қажеттілігі өнім өткізуден түскен қаражаттардың түсу уақытының материалдық құндылықтарыды сатып алу, еңбекқақы төлеу мен қызмет көрсетуге төлем жасауға кеткен шығындарды өтеу уақыты арасы сәйкес келмегендігінен туады. Бұл шығындарсыз өндіріс тоқтап қалуы мүмкін. Мұндай қаражаттың бар болуы мен олардың тұтыну арасындағы уақытша қарама-қайшылық несие көмегімен шешіледі, яғни несие арқылы өнім өткізу мен өндіріс процесінің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.
Қаражаттарда уақытша қажеттілік маусымдық өндіріс пен өнімнің жеке түрлерін тұтынумен байланысты пайда болуы мүмкін. Өндірістік шығындарда маусымдық үзіліс өндірісінің кеңеюіне несие үлкен роль ойнайды. Несие негізгі қорларды сатып алу үшін (қаражат қөзі ретінде), жетілген жаңа жабдықтарды сатып алу үшін, өндіріске жаңа технологияны енгізу үшін, тағы да басқалары үшін қаражат көзі ретінде көрініс табады. Белгілі бір бағытта несиені қолдану бөтжеттік қаржыландырумен салыстырғанда біраз артықшылығы бар. Капиталды салымдар үшін қаражаттарда қажеттілікті анықтау үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер барынша көп қаражаттарды алуға және оларды бақылаусыз тиімсіз жұмсауға ұмтылады, себебі оларды қайтаруды ешкім талап етпейді. Ал, несиені пайдаланғанда ұтылыс болмайды, өйткені қарызға алынған қаражаттар пайызбен қайтарылатындықтан.
Ақша айналымы сферасында несие маңызды роль атқарады. Қолма-қол ақшаны несиелік операцияларымен ауыстыру функциясын орындай отырып, несие айналымдығы ақша айналымын ұйымдастыруда оң әсерін тигізеді. Нарық қатынасы қалыптасуының қазіргі жағдайында несиелік қатынастар сферасы, кеңеюінде және несие салымдары көлемі ұлғайып жатыр, осылай экономикалық дамунда несиенің ролі жоғарлайды. Нарықтық экономиканың дамуымен несиелік қатынастарды кеңейту үшін басқа да мүмкіндіктер пайда болады. Көбінесе коммерциялық және ипотекалық несиелер, вексельдер. Сонымен қатар акциялар мен басқа да құнды қағазды кепілге беру арқылы несие берілетін болады.
Инфляция кезінде де несие ролі зор болады. Себебі несиелеу арқылы айналымдағы ақша массасын реттеуге мүмкіндік туады және ақша бірлігін сатып алу мүмкіндігін тұрақтауға көмектеседі. Сонымен қатар несиелік қатынастардың кеңеюіне несиелеудің жаңа әдістерін, мысалы проектті қаржыландыру сияқты, қолдану оң әсерін тигізеді. Осының бәрі экономиканы басқарудың нарықтық әдістері кезінде несиенің қажеттілігі күшейеді, оның ролі жоғарлайды және өндірістік кеңеюіне әкеледі. Несиенің мәні нақты функцияларында көрінеді. Қазіргі экономикалық әдебиеттерде несиенің 2 функциясын ажыратады. Олар құнды қайта бөлу мен нақты ақшаны несиелік операцияларымен алмастыру.
Қайта бөлу функциясы. Кредитор мен борышқор арасындағы несиелік қатынастар құн айырбасы процесінде уақытша босаған қаражатты борышқорға берумен, сосын осы құн бастапқы иесіне қайтарылу жолымен қайта бөлу стадиясында пайда болады. Шаруашылық субъектілері мен азаматтардң уақытша босаған ресурстарын басқаларға уақытша қолдануға беру, құнды қайта бөлу процесін білдіреді. Несие арқылы құндықайта бөлу микро және макроэкономикалық деңгейде жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс қайта бөлінеді. Несиенің екінші функциясы нақты ақшаларды несиелік операциялармен алмастыру болып табылады.
Біздің көзқарасымыз бойынша несие келесі қосымша 2 функция атқарады: капиталды орталықтандыру мен шоғырлануын жылдамдату және бақылау.
Капиталды орталықтандыру мен шоғырлануын жылдамдату функциясы. Несиелік механизм қосымша құнның капиталға айналу процесіне ықпал тигізеді және жеке жинақтау шекарасын кеңейтеді. Өндіріс масштабының үлкеюі үшін жеке шаруашылық субъектілерінің қаражаттары жеткіліксіз, сондықтан қосымша құнның бөліктері ағылып несиелік мекемелерде жинақталады және мәнді көлемге жетткеннен кейін ұдайы өндірісті кеңейту процесіне белсенді әсер етеді.
Несие капиталының орталықтандыру маңызды роль атқарады. Ол жеке кәсіпорындардың мешіктің ұжымдық формасына айналуына ықпал тигізеді.
Бақылау функциясы. Оның мазмұны өзіне алған міндетті уақытында орындалуды болдырмауға бағытталған борышқордың қаржылық жағдайын бақылауға сәйкестендіріледі. Сондықтан несиелік процесс уақытында несиелеудің барлық принциптерінің сақталуы бақыланады. Сол арқылы креторлға қарызды беру туралы және несиелеудің тәртібін қатаңдату туралы немесе қарызды уақытынан бұрын қайтаруды талап ету туралы шешімді қабылдай алады.
Мемлекет жоғарыда айтылған несиенің функцияларын қолдана отырып банк жүйесі арқылы бар ресурстарды үнемді қолдануға жетуге, шаруашылығы салаларын дамытуға, солай барлық қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарлата алады. Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объкетілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Экономикалық әдебиеттерде несиенің негізгі 2 формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарды несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, фирмалық және т.б жақызады.
Несие нарығының құралдары: түсінігі және түрлері
Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие оның бір түрі. Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтердің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
І. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1.Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
мақсатты қорларға;
банктерге;
қаржы-несие мекемелеріне.
2.Қаржылық емес агенттіктерге берілетін несиелер:
өнеркәсіп салаларына;
ауыл шаруашылығына;
саудаға;
дайындау ұйымдарына;
жабдықтау-сату ұйымдарына;
кооперативтерге;
жеке кәсіпкерлерге.
3.Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
ІІ. Мерзіміне қарай:
қысқа мерзімді (1жылға дейін);
орта мерзімді (1жылдан 3-5 жылға дейін);
ұзақ мерзімді (5жылдан жоғары).
ІІІ. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
негізгі қорларға жұмсалатын;
айналым қаражатына жұмсалатын.
І. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1. Қамтамасыз етілген:
кепілхатпен;
кепілдемемен;
кепілдікпен.
2. Сақтандырылған.
3. Қамтамасыз етілмеген:
. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуына ешқандай күмән жоқ несиелер;
Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
Үмітсіз несие – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен несиелер шотына жазылған несиелер.
І. Валютамен берілуіне қарай:
ұлттық валютамен;
шетел валютамен.
ІІ. Берілу шартына қарай:
Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үй, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
Овердрафт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегерту, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.
Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланатын несие.
Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
Маусымдық несие – жабдықтардың қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
Консорциалды несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктің өзара қосылып берілетін несиесі.
Достарыңызбен бөлісу: |