66
коэффициенттеріне
кӛбейтілген
компоненттердің
жиынынан
тұрады.
Ондай
компонентерге мыналар жатады:
дене бетінің арт жағынан келген жарық, яғни сынған жарық (Refracted);
дене бетіне бірқалыпты түсетін жарық (Diffuse);
жарықтыѕ айнадағы шаєылысуы (Reflected);
жарық кӛздерінің бір аумақты жарықтандыруы (блики) (Specular);
дене бетінен шығатын ӛзіндік жарығы (Self Illumination).
Келесі этап объект каркасының кейбір бӛліктеріне ӛрнекті қабат салу. Бұл жұмысты
істеу кезінде олардың қарапайым формалар шекараларына ӛзара јсерін еске алу қажет.
Объектіге материалды проекциялау ӛте қиын жұмыс, ол ґнер жұмыстарына ұқсас,
сондықтан да орындаушыдан творчестволық қабілеттілікті талап етеді.
Объектінің конструкциясын, түрін бітірген соң, оны "тірілтуге", яғни қозғалту
параметрлерін тағайындауға кірісеміз. Бірінші кадрде объект бастапқы қалпында шығады.
Белгілі бір уақыт ӛткен соң (мысалы, жетінші кадрде) объектінің басқа қимыл түрлері
беріледі, осылай соңғы қимыл түріне дейін қайталана береді. Аралық мәндерді арнайы
алгоритм бойынша бағдарлама есептейді. Бұл жұмыста тек қана сызықтық аппроксимация
жүріп болмайды, сонымен қатар объектінің тірек нүктелерінің тұрған орнын берілген
шарттарға байланысты жайлап ӛзгерту жүреді.
Бұл шарттар объектілердің шекарасымен, яғни (олардың ӛзара қозғалу
заңдылықтарымен), жазықтықтағы қозғалыс мүмкіндіктерімен, бұрылу бұрыштарының
шегімен, жылдамдықпен жылдам шамалармен анықталады. Бұл әдісті қозғалыстың кері
түрі деп атайды. Әдіс механикалық құрылғыларды модельдеуде жақсы жұмыс істейді. Тірі
объектілерді кӛрсету кезінде скелеттік моделдер қолданылады. Яғни модельдейтін
объектіге сәйкес, тірек нүктелерінде қозғалатын бір каркас құрылады. Нүктелер
қозғалысы жоғарыда айтылған әдіс бойынша есептелінеді. Содан соң каркас үстіне
модельденген денелерден тұратын жабу жабылады, яғни каркастық модель құрылады.
Каркастық модель жарықтандыру шарттарын қанағаттандыратын, дене беттерін ӛрнектеу
қабатымен кӛзге тартымды күйге келеді. Объектілерді жылжыту барысында тірі
жәндіктер қозғалысына ұқсас қимылдар алынады.
Ең жетілдірілген анимация әдісі болып физикалық объектілердің шынайы
қозєалыстарын кӛрсете білу саналады. Мысалы, адамның бақылау нүктелеріне ӛте жарық
болып жарқырайтын жарық кӛздерін бекітіп қояды да берілген қозғалысты видео немесе
кинопленкаларєа түсіріп алады. Содан соң кадрлердегі нүкте координаталарын пленкадан
компьютерге ауыстырады және каркас модельдің сәйкес тірек нүктелеріне меншіктейді.
Нәтижеде компьютерде кӛрсетіп отырєан объектілеріміз сәйкес шынайы тірі
объектілерден еш ӛзгерісі жоқ болып шығады.
Шынайы бейнелерді есептеу процесін рендеринг деп атайды. Шынайы уақыт
аралығында үшӛлшемді модельдеудің ерекше бір аумағына - жеңіл машиналар, қайықтар,
ұшақ және космос құрылғыларын жасайтын техникалық құралдардың тренажерлері
жатады.
Бұларда объектілердің техникалық параметрлерін және қоршаған физикалық ортаның
қасиеттерін ӛте дәл кӛрсете білу қажет. Қарапайым варианттарында, мысалы, жер бетінде
жеңіл машинаны жүргізіп үйренуде, тренажерлар дербес компьютерде орындай алады.
Қазіргі кезде оқыту мақсатындаєы ең жетілдірілген құрылғыларға космос
корабльдерін және соғыс ұшақтарын жүргізіп үйрететін құрылғылар жатады. Бұндай
тренажерлерде модельдеу мен объектілерді шынайы объектілерге құсатып шығару
жұмыстарымен RISC-процессорымен және жылдамдыы жоғары видеоадаптерлермен
қамтамассыз етілген арнайы графикалық станциялар айналысады. Жүйені жалпы басқару
жұмысы мен ӛзара байланыста жұмыс істеу қадамдарын есептеу ондаған жүздеген
процессорлардан тұратын суперкомпьютерге жүктелген. Бұндай компьютерлердің бағасы
ӛте қымбат, тоғыз разрядты саннан тұрады, бірақ оларды сатып алған тиімді, себебі
шынайы аппараттарда оқыту он есе қымбатқа түседі.
67
8.2.Ҥшӛлшемді графикамен жҧмыс істеуге арналған бағдарламалық қҧралдар.
Дербес компьютерде үшӛлшемді графиканы іздеуге арналған бағдарлама
құралдарының негізгі бӛлігін үш пакет алады. Бұлар әсіресе Windows NT операциялық
жүйесі басқаруымен ӛте қуатты машиналарда (екі - немесе тӛртпроцессорлы Pentium
II/III, Xeon) жетістікті жұмыс істейді.
Kinetix фирмасының үшӛлшемді графиканы құруға және іздеуге арналған 3D Studio
Max бағдарламасы басында Windows үшін құрылған болатын. Бұл пакет
"жартылаймаман" деп саналады. Дегенмен оның құралдары тірі емес табиғаттың
объектілерінің үшӛлшемді сапалы бейнесін жасауға мүмкіндіктері бар. Пакеттің
ерекшеліктеріне: ӛте кӛп санды үшӛлшемді графиканың аппараттық күшейткіштерімен
жұмыс істей алуы, кӛп жарық эффектілері, басқа фирмалар құрған кӛп қосымшалармен
жұмыс істеу мүмкіндіктері жатады. Бұл бағдарламамен орта деңгейдегі дербес
компьютерлерде жұмыс істей беруге болады.
Microsoft компаниясыныѕ Softimage 3D бағдарламасы соңғы кездерде операциялық
жүйе Windows NT үшін бапталды. Бағдарламаны модельдеудің үлкен мүмкіндіктері,
физикалық және киноматографиялық параметрлер санының ӛте кӛп болуы
ерекшелендіріледі. Рендеринг үшін сапалы және тез жұмыс істейтін модуль Mental Ray
қолданылады. Бұл бағдарлама SGI арнайы графикалық станциялары үшін ӛте жақсы деп
саналады, ал IBM PC үшін ауырлау және аппарат ресурстарының қуаттылығын талап
етеді.
Интерфейсі жағынан да, мүмкіндіктері жағынан да соңғы жылдарда ең жақсы
бағдарлама Мауа болып саналады. Ол Alias, Wavefront, TDI сияқты белгілі
компаниялардың ортақ жемісі. Пакеттің бірнеше операциялық жүйелері їшін, сонымен
бірге Windows NT їшін де бапталєан түрлері бар. Мауа құралдары тӛтр топқа бӛлінеді:
Animation (анимация), Modeling (моделдеу), Dynamic (физикалық моделдеу), Rendering
(рендеринг). Ыңғайлы, баптауға икемді интерфейс қазіргі зама талабына сәйкес жасалған.
Қазіргі күнде Мауа Үшӛлшемді графиканы дербес компьютерлер үшін құратын және
іздейтін ең алдыңғы қатардағы пакет деп саналады.
Бақылау сҧрақтары:
1. Үшӛлшемді графиканың негізгі түсініктері.
2. Объектінің формасын ӛзгерту дегенді қалай түсінуге болады?
3. Қарапайым фигуралардан объектілер құрудың қандай тәсілдерін білесіздер?
4. Үшӛлшемді графиканы ӛңдейтін программалардың ішінен қандай программа ең
жиі таралған?
5. Шынайы объектілерді құру үшін қандай геометриялық қарапайым фигуралар
қолданылады?
6. Рендеринг дегеніміз не?
7.Үшӛлшемді графиканы ӛңдейу үшін қолданылатын программаларды атаңыз.
8. 3D Studio Max пакетінің қандай ерекшеліктері бар?
9-шы лекция. CorelDRAW графикалық редакторы
1. Жҧмыс істеу ортасы және бағдарлама интерфейсі.
2. Қарапайым фигураларды қҧру.
9.1. Жҧмыс істеу ортасы және бағдарлама интерфейсі.
CorelDRAW арқылы қисықты, геометриялық фигураны немесе мәтін әрпін оңай
құруға, және ӛте жоғарғы дәлдікпен олардың формасын ӛзгертуге, мәтінді берілген қисық
сызық бойымен орналастырылуға болады. Әртүрлі құралдарды бірге қолдану арқылы
CorelDRAW-да ӛтре кӛп графикалық эффектер: мәтін қатарын немесе графикалық
объектіні изометриялық бейнеге түрлендіруге, иілдіруге, сызықпен қоршауға,
Достарыңызбен бөлісу: |