38. Құнарлылықтың элементтері және факторлары.
Өсімдіктер өздерінің дамуы кезінде қоректік заттарды, суды, ауаны жəне жылуды керек етеді. Мəдени өсімдіктердің осы мұқтаждарын қанағаттандыруға қабілеті бар топырақты құнарлы топырақ деп атайды. Құнарлылық – топырақтың ең басты əрі ең негізгі агрохимиялық қасиеті, ол басқа да бірқатар қасиеттеріне тығыз байланысты болады. Топырақ құнарлылығын жақсартуға бағытталған шаралар үлкен комплексті келеді.
Ол көптеген жұмыстарды атқарудан тұрады, атап айтқанда:
1) Топырақты дұрыс өңдеу системасын жүзеге асырудан;
2) Дұрыс ауыспалы егіс жүйесін енгізуден;
3) Органикалық жəне минералды тыңайтқыштарды дұрыс жəне тиімді қолдану шараларынан;
4). Əртүрлі комплексті мелиорациялық жұмыстарды жүзеге асырудан тұрады.
Топырақ сапалығы, яғни бонитировкасы деген ұғым латынша bonita – сапалығы деген сөзден шыққан. Топырақтың сапалығын бағалау дегеніміз – топырақтың сапалығын потенциалды құнарлығын өнім беру қасиетін, табиғи жəне мəдениеттелген фитоценоздармен салыстыру. Топырақтың бонитировкасы іс жүзінде қолданылатын ауылшаруашылық ерекшеліктеріне қарап дəрежеленуі деп қарастыруға болады.
Бонитеттеудің:
Топырақтың табиғи қасиеттері (құнарлылығы) белгілі бір дақылдар өнімімен сəйкестелінетін.
Топырақтың агроөндірістік топтарына қарап, дақылдардың өніміне сəйкес-тендіріп, баға беру сияқты əдістері бар. Топырақ бонитетінің өлшемді бағасы болады, оны балмен көрсетеді. Топырақтар 1-ден 100 ге дейінгі балл болмаса, нашар, орташа, өте жақсы бағалар арқылы кластарға, (топтарға) бөлінеді.
Топырақ құнарлылығын реттеу. Өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін топырақ құнарлылығын міндетті түрде бағдарлау жолымен реттеу керек. Интенсивті егіншіліктің негізгі мақсаты – топырақ құнарлылығын ұлғаймалы ұдайы өндіріс арқылы арттыру. Сонымен қатар, топырақ құнарлылығын төмендетуге бағытталған қолайсыз жағдайларды, яғни эрозияны, қуаңшылықты, гумус пен қоректік заттар қорының кемуін жою, топырақты мелиорациялауды енгізу, қолайлы физикалық химиялық ортаны жасау, құнарлылықты жəне ауылшаруашылық дақылдар өнімдерін арттыруға қолда бар барлық мүмкіншіліктерді пайдалану керек.
Топырақтың агрофизикалық жəне физикалық-химиялық қасиеттері. Топырақ көп фазалы жүйе. Топырақ қатты, сұйық, газ бөліктерінен тұрады. Бұлардың арақатынасы əртүрлі топырақта ғана емес, тіпті, бір топырақ қабатының өзінде де əртүрлі болады. Топырақтың жоғарғы қабатынан бастап, төменгі қабатына қарай бірте-бірте органикалық заттар мен тірі организмдер азая береді де, оның қатты бөлігінде минералдық заттар басым келеді.
Топырақтың қатты бөлігінің құрамы – органикалық заттарда, оның негізгі бөлігі күрделі құрылымды қарашірік. Органикалық затта клетчатка, лигнин, белок, қант, шайыр, май, т.б өсімдіктер мен жануарлар, микробтектес қалдықтар қосындылары жəне солардың ыдырау процесінде пайда болған аралық заттар болады. Топырақтағы органикалық заттар ыдыраған кезінде олардағы азот өсімдікке сіңімді түрге айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |