1. Топырақтану-ғылым ретінде,оның мақсаты мен міндеттері, топырақ туралы түсінік


Топырақтың су қасиеттеріне жатады



жүктеу 1,1 Mb.
бет43/88
Дата25.08.2020
өлшемі1,1 Mb.
#31349
түріҚұрамы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   88
Топырақтану ответ

Топырақтың су қасиеттеріне жатады:су тұтқыш немесе су ұстау, су сиымдылығы, су өткізгіштігі, су көтеруі немесе көтергіштігі.

Су көтеруі немесе көтергіштігі – капиллярлық немесе қылтүтік күштері арқылы астыңғы қабаттардан жоғары қарай суды көтеруін сипаттайды. Суды көтеру биіктігі мен жылдамдылығы топырақтың механикалық құрамы, құрылымы, қуыстылығына байланысты болады. Капиллярлар бойымен суды көтеру биіктігі 0,5-0,8 м-ден ( құмды топырақтар) 3-6 м-ге дейін (құмбалшық және балшықты топырақтар) құбылады..

Құмды топырақтар суды биікке көтермейді, бірақ тез, ал балшықты топырақтарда баяу көтеріледі.

 Топырақтың су режимі –топыраққа ылғал түсуі, оның таралуы, әртүрлі физикалық өзгерістерге ұшырауы және ылғалдың топырақтан шығындалу құбылыстарының жиынтығы.

Топырақтағы су қорын су бағанасының мм айналдыру үшін, м3/га-ғы су мөлшерін 0,1 көбейту керек.

Г.Н.Высоцкий ылғалдану коэффицентіне қарай су режимін 4 түрге бөледі: шайылымды, мерзімді шайылымды, шайылымсыз, тершу түрі.

Бұл су режим түрлеріне Роденің ұсынысы бойынша екі түр қосылды – тоңды түрі және ирригациялық.



Шайылымды түрі – жылдық жауын-шашынның мөлшері буланушылығынаң артық болатын аудандарда (күлгіндер, шымды-күлгіндер, қызыл және сары топырақтар).

Мерзімді шайылымды түрі - жылдық жауын-шашынның және буланғыштықтың мөлшері шамамен бірдей жерлерге тән. Ылғалды және құрғақ жылдардың ауысып отыруы шайылымды және мерзімді шайылымды су режимдерін тудырады (сұр ормандық топырақтар, орманды дала аймағының күлгінденген және сілтісізденген қара топырақтар).



Шайылмайтын түрі – жылдық жауын-шашынның мөлшері топырақтың булануынан аз болатын аумақтарға тән, атмосфералық жауын-шашын грунтты суларға жетпейді (дала қара топырақтары, қара қоңыр топырақтар, шөлейттің қоңыр топырақтары, шөл топырақтары).

Тершу түрі – су режимінің шайылмайтын түрінде грунттық немесе жер асты сулары жақын орналасқанда кездеседі (гидроморфты сортаңдар).

Тоңды түрі – көпжылдар бойы (мәңгі) тоңданған аудандарда кездеседі. Жердің тоңданған қабаты әрі қарай суды жібермейді, үстінде артық ылғал байқалады, соңынан топырақ глейленеді (топырақ кескіні көкжасыл түсті, кейде қызғылт дақты шұбарлау болады), сондықтан барлық топырақтар глейлі болады.

Ирригациялық түрі суармалы топырақтарға тән.

 Су режимін реттеу тәжірибесі егіншіліктің өзіндегідей ертеден келе жатқан тарихы бар, ол аумақтардың топырақ-климаттық жағдайлары мен дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне негізделген. Сонымен бірге агротехникалық, агромелиоративтік, гидромелиоративтік, ормандымелиоративтік және басқа да шаралар қолданылады.

Құрғақ дала және шөлді аймақтарда негізі шара – суару, ал ылғалдануы тұрақсыз аймақтарда өте аса қажетті шара – ылғал жинау және сақтау. Оларға қар тоқтату және қар суларын ұстау (ықтырма себу, беткейлерге көлденең өңдеу, үзбелі қарық (борозда) жүргізу. Сонымен қатар су режимін реттеуде егін қорғау орманды жолақтары, таза парды енгізу және топырақты тығыздау және т. б. шаралар қолданылады.

Ылдалдылығы жеткілікті және шамадан тыс болатын аймақтарда негізі шара – артық суды әкету, ол үшін дренаждар құру және т.б.



жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау