Топырақтың жылу сіңіру қабілеті оның күн нұры энергиясын сіңіру қаситетінің мөлшерін сипаттайды. Оны альбедо (А)көрсеткішімен өлшейді.
Альбедо – топырақ бетіне жетіп түскен жалпы күн сәулесі радиациясының топырақ бетінен шағылысқан қысқа толқынды күн сәулесі радиациясы үлесін көрсетеді, ол пайызбен есептелінеді.
Идеалды немесе мінсіз шағылыстыратын бет 100% болады. Альбедоның мөлшері топырақтың түсі, ылғалдылығы, құрылымы, тегістігі және оның өсімдік жамылғысына байланысты.
Жылу сиымдылығы – топырақтың жылу сіңіру қасиеті, оны сыбағалық (үлестік) және көлемдік деп ажыратады. Сыбағалық жылу сиымдылығы – бұл 1 г құрғақ топырақты 10 С-қа қыздыру үшін қажетті жылу калориясы, ал көлемдік - 1 см3 құрғақ топырақты 10 С-қа қыздыру үшін қажетті жылу калориясы ( джоуль).
Жылу сиымдылығы топырақтың гранулометриялық және минаралды құармына, органикалық заттар мөлшеріне, ылғалдылығына, құрамына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |