2. «1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи маңызы» призентация жасау
Тапсыру мерзімі: 3 аптаның соңы
№4 Тапсырма:
«Дәстүрлі рухани мәдениет және қазақ интеллигенциясы» бақылау түрі: тарихи шығарма.
Шығарма
«Дәстүрлі рухани мәдениет және қазақ интеллигенциясы» бақылау түрі
Қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы, өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата – бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, салт-дәстүрлері, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды. Соның ішінде кейбір салт-дәстүрлер, ғұрыптар жайлы айта кетсек.
Ислам дініне дейінгі,ертедегі әр түрлі ғұрыптар мен салттарға байланысты- отқа табыну салты болды. Отпен тазарту аластау түріндегі ертедегі отқа табыну қазақтар өмірінің әр түрлі қырларынан байқалады.Отқа табыну отбасы өмірінде де байқалады, мысалы адамдардың кейбір аурулары өткен кездерде отпен емделеді.Әрбір отбасында ошақты құрметтеу дәстүрі сақталды.Қазақтарда отқа түкіруге, отқа қарап дәретке отыруға, оттан аттап өтуге,тіпті бір кездері от жағылған орында басып өтуге тыйым салынған.
Жазғы көші-қон кезінде әрбір ауыл көш керуенді салтанатты түрде рәсімдеуге ерекше көңіл бөлді. Бұл үшін көш басындағы түйеге қырғауылдың ұзын қанаттарынан төрт айыр қарқара орнатты.Халықтың түсінігі бойынша,қырғауылдың әдемі қауырсындары бөгде адамдардың назарын аударып,көш керуенді көз тиюден және жол бойындағы әр түрлі қолайсыз жағдайлардан сақтайтын болған.
Қазақ халқының аспан әлеміндегі түсініктері де тұрмыста маңызды рөл атқарды.Түнгі аспанды ежелден қадағалап келген қазақтар басқаларынан ерекше белгілерімен айырықшаланатын көптеген аспан денелерін білді,олар бойынша түн кезінде уақыт жағынан да,түнгі жол бағдары жағынан да нақты дерек ала білді. Көшпелі тұрмыс ар айдың ерекшелігіне, онда туатын жұлдыздарға байланысты ауа райының құбылуына айрықша ман беріп, аспан шырақтарына көшпелі ел өміріне байланысты ат таққан. Ұлан — байтақ кең далада мал бағып, күндерін кең табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелерін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен ілімдер жинаған. Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары да көшпелі шаруашылыққа байланысты қойылған. Түнгі ашық аспанға зейін қойып қарағанда кез -келген адам — Сүмбіле (Үлкен Төбет шоқжұлдызы), Таразы — Шідер — Үшарқар (Орён), Үркер (Торпақ шоқжұлдызы), Аққу, Бүркіт, Жылан, Мерген және Бұйы шоқжұлдыздарының бойымен қоса қабаттаса ұзыннан — ұзақ түйенің ақ шудасындай созылып жатқан тұмандықты байқар еді. Бұл ақ тұмандықты халқымыз ежелден құс жолы деп атаған. Себебі, көктемде жыл құстары осы ақ тұмандық бойымен жерімізге ұшып келіп, күзде осы жолмен кері қайтады. Қазақтар үшін көк аспанның тәңірлік маңызы ерекше болатын .»Аспан өз әрекеттерінде еркін болды»,-деп жазады Ш.Уалиханов,-ол әрі жарылқады,әрі жазалады.Адамдар мен халықтардың есен-саулығы соның ықтиярына байланысты болды. Қазақтардың некелесу салт-дәстүрінің әр түрлі рәсімдерінде халықтың байырғы әдет-ғұрыптары мейілінше мол сақталған.Оларда ертедегі дәстүрлердің – топтық некенің/левират және сорорат/, рулық экзогамияның, полигамияның, үлкен патриархаттық белгілері жақсы көрініс тапқан. Екі жастың бас қосып, отбасын құруы ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша құдаласудан басталады. Қазақтар, әдетте, «тең-теңімен, тезек қабымен» деген қағида бойынша ежелден сыйласатын, аралас-біліс, әлеуметтік деңгейі өзімен шамалас адамдармен құдаласатын болған Құда түсу туралы екі жақтың келісімі антпен бекітілді.Ант беру рәсімі жасалғаннан кейін ақсақалдар құдалық бәтуаласуға қан құйылған кесеге бата оқи отырып,бата берді,бұл «Батааяқ» деп аталады. Қазақта құда болудың бірнеше түрі болған. Осындай т.б. жағдайларға байланысты құдалықтың «бел құда», «бесік құда» және «қарсы құда» деген негізгі түрлері қалыптасқан. Қанға қол матырып, ант беріскеннен кейін мәні жағынан да, ғұрыптық жағынан да ерекше саналатын — құдаларға «құйрық-бауыр» жегізу салты атқарылады. Арнайы пісіріп, әзірлеген қойдың құйрық майы мен бауыры туралған табақтан қыз жағының адамдары
Достарыңызбен бөлісу: |