1. Тыныс алу кезінде тамырдың сыртқы ортаға бөліп шығаратыны:
A) көмірқышқыл газы
B) су
C) оттек
D) органикалық заттар
E) минералды тұздар
|
2. Ағаштардың тамырларымен симбиоздық тіршілік ететін саңырауқұлақтар:
A) Қастауыш.
B) Ашытқы саңырауқұлақтар.
C) Ақ зең.
D) Қайыңқұлақ.
E) Ағашқұлақ.
|
3. Кірпікшелі кебісше-инфузория-
A) су өсімдіктеріне тыңайтқыш.
B) құстарға қорек.
C) суды оттегімен байытады.
D) су жануарлары үшін қорек.
E) шымтезек түзуге қатысады.
|
4. Тайга кенесі адамға энцефалит жұқтыруы мүмкін, себебі:
A) Жұқпа қоздырғышы.
B) Ауру қоздырғышын тасымалдаушы.
C) Адам қанында болады.
D) Адам мен жануар қанында болады.
E) Ағаштарда болады.
|
5. Дентин тістің қатты заты- жатады.
A) Тіс сауытында
B) Кіреукенің астында
C) Тіс түбірінде
D) Кіреукенің үстінде
E) Тіс мойынында
|
6. “C” дәрумені
A) балық майында, бауырда, жұмыртқаның сары уызында болады.
B) балық майында, уылдырықта, сары майда, бүйректе кездеседі.
C) бидайда, етте, сүтте, бауырда болады.
D) орамжапырақта, лимонда, апельсинде, қызанақта, пиязда болады.
E) астық дәнінде, бұршақ тұқымында болады.
|
7. Газдан улану кезіндегі қауіпті іс-әрекет:
A) жедел жәрдем шақыру
B) есік-әйнекті ашу
C) газдың иісін кетіру үшін сіріңке жағу
D) таза ауаға шығару
E) газды жабу
|
8. Май молекуласының құрамына кіретін қосылыс
A) Глюкоза.
B) Целлюлоза.
C) Аминқышқылы.
D) Нуклеотид.
E) Глицерин.
|
9. Ағзаның жаңа белгілерге ие болу қасиеті:
A) өзгергіштігі
B) көбеюі
C) дамуы
D) тітіркенгіштігі
E) тұқым қуалауы
|
10. Астық тұқымдастардың гүлшоғырлары:
A) себетгүл
B) күрделі масақ
C) шашақ гүл
D) қауашақ
E) шатырша гүл
|
11. Құстардың жүрегі:
A) Үш бөлік.
B) Бес бұрыш тәрізді.
C) Екі бөлік.
D) Төрт бөлік.
E) Түтік тәрізді.
|
12. Адам қай гормонның көп бөлінуінен ’’алып’’ ауруына ұшырайды?
A) Өсу гормоны.
B) Адреналин.
C) Қалқанша бездің гормоны.
D) Жыныс гормоны.
E) Инсулин.
|
13. Нейронның құрылысына жататын:
A) жасуша денесі мен өскіндері
B) жүйке талшықтарының шоғы
C) жүйке түйіні
D) жүйке тармақтары
E) жүйке
|
14. Оң жақ қарынша жиырылғанда қан барады:
A) өкпе көктамырына
B) күре тамырға
C) төменгі күре тамырға
D) қолқаға
E) өкпе салатамырына
|
15. Сірі қауыз бен өкпе арасында болады
A) көмірқышқыл газы
B) қан
C) серозды сұйықтық
D) су
E) ауа
|
16. Гольджи жиынтығының жасушада атқаратын қызметі:
A) Сыртқы ортамен жасуша аралық заттар арасындағы зат айналымды реттеуі.
B) Биосинтез кезінде заттарды тасымалдау, өнімдерді жасушадан шығаруы.
C) Нәруыз синтезіне қатысуы.
D) Органоидтардың дамуын қамтамасыз етуі.
E) Көмірсулар синтезіне қатысуы.
|
17. Ұрық жасушаларындағы хромосомалардың жиынтығы:
A) 3n.
B) 1n.
C) 4n.
D) 5n.
E) 2n.
|
18. Кез келген ағзаның тіршілік жағдайына өте қолайлы әсерлер жиынтығын атайды:
A) Бейбиотикалық факторлар.
B) Шектеуші факторлар.
C) Антропогендіқ факторлар.
D) Оптимум факторлар.
E) Биотикалық факторлар .
|
19. Aтмосфераның күкіртті газдармен ластануынан-
A) қорғасын жинақталады.
B) ормандар жойылады.
C) оттегі азаяды.
D) озон жұқарады.
E) мыс жинақталады.
|
20. Жидек жеміске жатады
A) Көкнар
B) Алмұрт
C) Aлма
D) Жүзім
E) Асбұршақ
|
21. Аналық аузындағы жабысқақ сұйықтықтың қажеттігі-
A) Тозаң түтігінің тез өсуіне
B) Тозаң түйіршіктерінің жылжуына
C) Тозаңдарды ұстауға
D) Тозаңдардың өнуіне
E) Ұрықтануға
|
22. Өнген тұқымның -
A) Көлемі өзгермейді
B) Тамыршасы ұзарады.
C) Сабақшасы өспейді.
D) Түсі өзгермейді.
E) Қауызы жарылады.
|
23. Нереиданың жүйке жүйесі:
A) Нашар дамыған.
B) Жинақталмаған түйіннен тұрады.
C) Жақсы дамыған.
D) Ми мен жұтқыншақты жүйке түйіннен тұрады.
E) Жинақталған түйіннен тұрады.
|
24. Тірі табиғат өлшемі «түр» - деген ағылшын ботанигі
A) Ч.Дарвин
B) Плотон
C) Джон Рей
D) Э.Дарвин
E) Ф.Энгельс
|
25. Жер бетінде органикалық зат түзеді:
A) консументтер
B) иондар
C) редуценттер
D) элементтер
E) продуценттер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1. Тамыр түкшелері:
A) минералды тұздардың ертіндісін сіңіреді (сорады).
B) клетканы ұзартады.
C) тамырды қорғайды.
D) қоректік заттарды сабаққа жылжытады.
E) клетка санын көбейтеді.
|
2. Cуды көп мөлшерде қажет ететін өсімдік:
A) Жантақ
B) Күріш
C) Сексеуіл
D) Кактус
E) Шеңгел
|
3. Қалпақшалы улы саңырауқұлақ -
A) Жалған түбіртек.
B) Ақ саңырауқұлақ.
C) Арышқұлақ.
D) Майқұлақ.
E) Түлкіжем.
|
4. Көпқылтанды құрттардың мекен ететін ортасы-
A) жануарлардың денесі.
B) топырақ.
C) шалшық су.
D) тұщы су.
E) теңіздер.
|
5. Ауылшаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіретін бунақденелілер:
A) Балара.
B) Астық қиғысы.
C) Трутень.
D) Қанқыз.
E) Құмырсқа.
|
6. Адам тыныс алуына қажетті газ:
A) оттегі
B) азот (IV) оксиді
C) азот
D) азот (II) оксиді
E) көмірқышқыл газы
|
7. Қай ғалым бірінші болып таза асқазан сөлін алды?
A) Ч.Дарвин.
B) М.И.Сеченов.
C) И.И.Мечников.
D) Л.Пастер.
E) И.П.Павлов.
|
8. Жүйке жүйесін шаршаудан қорғау
A) Дене еңбегімен ой еңбегін кезектестіру
B) Дене еңбегімен айналысу
C) Кітапты аз оқу
D) Ой еңбегімен айналаспау
E) Тек серуендеу
|
9. АТФ құрамында болатын қосылыс:
A) Аминқышқылы.
B) Н2СО3.
C) Н3РО4.
D) Крахмал.
E) Глюкоза.
|
10. Крестгүлділер гүлінің құрылысы
A) Себетгүл
B) Собық
C) Шашақгүл
D) Шоқбарбосгүл
E) Қалқаншагүл
|
11. Алғашқы аңдардың мекені
A) Үндістанда.
B) Австралияда.
C) Жапонияда.
D) Америкада.
E) Африкада.
|
12. Адреналин бөлінетін без:
A) Жыныс.
B) Гипофиз.
C) Ұйқы.
D) Қалқанша.
E) Бүйрек үсті.
|
13. Нейрон дегеніміз:
A) жүйке түйіндері
B) қимыл жүйке талшығы
C) аралас жүйке талшығы
D) жүйке жасушасы
E) сезімтал жүйке талшығы
|
14. Эритроциттердің түзілетін орны:
A) Жүрек.
B) Кемік , жілік майы.
C) Бауыр.
D) Көк бауыр.
E) Өкпе.
|
15. Қандағы глюкоза тұрақтылығын реттейді
A) қалқанша бездің гормоны
B) инсулин
C) май
D) адреналин
E) көмірсу
|
16. Жасуша ядрошығының қызметі:
A) көмірсуларды ыдыратады.
B) бөліну шүйкесінің жіпшелерінің түзілуіне қатысады.
C) жасушада органикалық заттардың жиналуын қамтамасыз етеді.
D) рибосомаларды синтездейдi.
E) жасуша қозғалысын реттейді.
|
17. Гүлді өсімдіктердің ұрықтануына қатысатын спермий (аталық гаметалар) саны:
A) Көп.
B) Үшеу.
C) Екеу.
D) Бірнешеу.
E) Біреу.
|
18. Антропогендік факторларға жататындар:
A) Батпақты құрғату.
B) Жыртқыштардың жемтігіне шабуылы.
C) Жер сілкіну.
D) Ауа температурасының қолайсыздығы.
E) Ауа массасындағы қозғалыстар.
|
19. Таскөмірді түзуші -
A) микроорганизмдер.
B) өсімдік қалдықтары.
C) алғашқы көпклеткалылар.
D) омыртқасыз жануарлар.
E) қызыл балдырлар.
|
20. Екіжылдық өсімдік:
A) Шие.
B) Үрмебұршақ.
C) Қара бидай.
D) Асбұршақ.
E) Сәбіз.
|
21. Тұқымдары жел арқылы таралатын өсімдік:
A) Емен
B) Алмұрт
C) Үйеңкі
D) Жаңғақ
E) Алма
|
22. Кірпікшелі кебісше үшін қылаулатқыштың қызметі
A) қозғалу, қорегін қармау (ұстау).
B) зиянды заттарды шығару.
C) қорытылмаған қалдықтарды шығару.
D) жарықты сезу.
E) қолайсыз жағдайдан қорғану.
|
23. Күріштің, қант қамысы, көптеген көкөніс дақылдарының отаны:
A) Шығыс Азия орталығы.
B) Абиссиния орталығы.
C) Орталық Америка орталығы.
D) Оңтүстік Азияның тропиктік орталығы.
E) Жерорта теңізі орталығы.
|
24. Жан Батист Ламарк еңбектерінің мәні
A) Тірі материяның қарапайымнан күрделене беретіндігін мазмұндау.
B) Тірі ағзалардың өзгермейтіндігін мақұлдау.
C) Түрдің пайда болуындағы табиғи сұрыптаудың ролін ашу.
D) Тірі ағзаларды жүйелеу.
E) Тіршілік үшін күресті зерттеу.
|
25. Алғашқы желілілердің (бассүйексіздер типі) пайда болған дәуірі
A) Мезозой.
B) Палеозой.
C) Протерозой.
D) Кайнозой.
E) Архей.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|