Магистрлік жоба жөніндегі ереже
1 Нұсқа
2016
Өзг. №
Тексеріс уақыты:
ҚҚЭУ-Е-101-2016
29 беттің 11 беті.
7.6.2 Кесте жобада міндетті түрде алғашқы рет айтылған мәтіннен кейін
немесе келесі бетте орналастырылады.
7.6.3 Кестені тасымалдау барысында бағанның нөмірін көрсетуімен жол
қосу қажет. Кестенің соңына бағанның атауы тасымалданбайды, бірақ
бағанның нөмірі көрсетіледі.
7.6.4 Жобадағы барлық кестелерге сілтемелер болуға тиісті. Сілтеме
барысында нөмірін көрсетуімен «кесте» деп жазу керек.
7.6.5 Көп жолдар саны бар кестені басқа бетке (параққа) тасымалдауға
жол беріледі. Кестені басқа бетке тасымалдау барысында «кесте» деген сөзді
және оның нөмірін кестенің бірінші бөлігінің үстінен оң жақта бір рет
көрсетеді, басқа бөліктердің үстінен «Жалғасы» деген сөз жазылып, кестенің
нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестені басқа параққа
(бетке) тасымалдау барысында атауын тек қана оның бірінші бөлігінің үстінен
жазады.
Көп көлемдегі бағандары бар кестені бөлшектерге бөлуге мүмкіндік
беріледі және бір бөлігін екіншісінің төмеңгі жағына бір парақта
орналастырады. Егер жолдар мен бағандар парақтың форматынан шығып
тұрған жағдайда, бірінші жағдайда кестенің әр бөлігінде басы қайталанса,
екінші жағдайда шеткі жағы қайталанады.
«№» санауы тәртіп бойынша қажет жағдайда қойылады, қалған жағдайда
белгіленбейді.
Цифрлық материал кестелер түрінде ресімделеді.Кестені ресімдеу мысалы
1 суретте келтірілген.
Кесте ______- _____________________________
номір
кестенің атауы
Бас жағы
Атаулары
Бағандар
тақырыпшалары
Жолдар (көлденең
жолдар)
Шет жағы
(бағандар орны)
Бағандар (колонкалар)
1 – сурет. Кестені ресімдеу мысалы
7.6.6 Қосымшалардың кестелерін санамағанда, басқа кестелер араб
цифрларымен толассыз нөмірленуімен нөмірленеді.
7.6.7 Кестенің бағандары мен жолдарының атауларын жекеше түрде бас
әріппен жазу керек, ал бағандардың тақырыпшаларын – кіші әріппен, егер олар
атаумен бір сөйлемді құрап тұрса, немесе бас әріппен, егер олардың өз жеке
мағынасы болса. Кестелердің атаулары мен тақырыпшаларының соңында нүкте
қойылмайды.
Магистрлік жоба жөніндегі ереже
1 Нұсқа
2016
Өзг. №
Тексеріс уақыты:
ҚҚЭУ-Е-101-2016
29 беттің 12 беті.
7.6.8 Кестелер әдетте оң жағынан, сол жағынан және астыңғы жағынан
сызықтармен шектеледі. Кестенің шрифті мәтіннің шрифтісінен кішілеу болуы
мүмкін.
7.7 Ескертулер
7.7.1 «Ескертулер» сөзін ерекше басылыммен абзацтан, астын сызбай
жазған дұрыс.
7.7.2 Ескертулерді жобада мәтін мазмұнына, кестелер мен графикалық
материалдарға анықтамалық мәліметтер немсе түсініктемелер қажет болған
жағдайда қолданылады.
Ескетулерде талаптар болмауы тиіс.
7.7.3 Ескертулерді міндетті түрде берілген ескертулерге тиісті мәтіндік,
графикалық материал немесе кестелерден кейін орналасыру қажет. Егер
ескерту біреу болған жағдайда, «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып
жазбаша әріппен басылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер
қатар бойынша нүктесіз араб сандарымен нөмірленеді. Кестеге қатысты
ескертулерді кестенің аяқталғанын білдіретін сызықтың үстіне орналастырады.
Мысалы
Ескерту - Жоласты жапсырмалар басылмайды.
Бірнеше ескертулер қатар бойынша араб сандарымен нөмірленеді.
Мысалы
Ескерту
1 Жоласты жапсырмалар басылмайды;
2 Құжаттар нотариалды куәландырылады;
3 Мекеменің басшысы бекітеді,
7.7.4 Қажет болған жағдайда жобадағы ескертулерге түсініктемелер
сілтемелер ретінде рәсімделеді. Сілтеменің белгісі міндетті түрде түсініктеме
берілген сөз, сан, белгі, сөйлемнен кейін қойылады. Сілтеменің белгісін
жолүстіне жақша арқылы араб санымен орындайды. Сандар орнына
сілтемелерді жұлдызшамен «*» белгілеуге жол беріледі.
7.8 Формулалар мен теңдеулер
7.8.1 Формулалар мен теңеулерді мәтіннен жеке жолға шығару керек. Әр
формуланың немесе теңеудің үстінде және астында бір бос жол қалдырылады.
Егер теңеу бір жолға сыймай тұрса, ол теңдік белгісінен кейін (=) немесе (+),
алу (-), көбейту (х), бөлу (:) немесе басқа математикалық белгілерден кейін
тасымалдану керек, әрі де белгі келесі жолдың алдында қайта жазылады.
Формуланы тасымалдау кезінде көбейту белгісінде «х» белгісі қойылады.
7.8.2 Жоба жұмысындағы формулаларды реттік нөмірлеу араб
цифрларымен дөңгелек жақшаларда жолдың шеткі оң жағында белгіленуі тиіс.
Мысал:
А=а:b;
(1)
В=с:е.
(2)